|
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Департамент директоры – Бақытжан Шегенұл Құдаманов.
1948 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді. Білімі – жоғары. 1979 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылық институтын бітірді.
Шығармашылық қызметін (1970-1973) Мемлекеттік банктің облыстық конторында кассалық операциялар бөлімінің аға инспекторы болып бастады; 1973-1975 жылдары Мемлекеттік банкінің Торғай облыстық конторында аға кассир; 1975-1976 жылдары Мемлекеттік банкінің Торғай облыстық контор басқармасы бастығының орынбасары; 1976-1985 жылдары Мемлекеттік еңбек жинақ кассасының Торғай облыстық басқарма бастығының орынбасары; 1985-1991 жылдары Қазақстан партиясының Қызылорда облыстық комитеті партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі; 1991 жылы мамыр-қазан айлары Қазақстан компартиясы Сырдария аудандық комитетінің екіншісі хатшысы.
1991-1993 жылдары Қазақ ССР Қызылорда банкінің акционерлік-коммерциялық Сыртқы экономикалық банкінің төрағасы; 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төраға орынбасары – ақша-қаржылық саясат директоры; 1994 жылы «Әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару» мамандығы бойынша Қазақстан болжау экономикасы, менеджмент институтын сырттай оқып бітірді; 1995-1996 жылдары «Ақ жол банк» акционерлік банкін басқару төрағасы; 1996-2000 жылдары «Қазпоштабанк» АКБ басқару төрағасы; 2000-2001 жылдары «Айжас» инвестициялық қаржылық компания Президенті; 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі; 2004-2005 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау және өңірлік дамытубасқармасының бастығы; 2005 жылғы қаңтар-шілде айлары «Қызылорда ғылыми-технологиялық парк» ТОС бас директоры; 2005-2008 жылдары «Айжас» инвестициялық қаржылық компания Президенті.
2008 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмыс Департаментінде сарапшы болып істеді.
2008 жылғы 14 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры.
Басшының лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметіне жалпы басшылық ету.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімдерімен, Сотпен, Прокуратурамен, Әділет басқармасымен, сонымен қатар, мемлекеттік органдары, ұйымдары және лауазымдық тұлғаларымен қызметтес болғанда Департамент мүддесін қорғайды.
- Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы актілерінің орындалуын;
- Департаменттің Қазақстан Республикасының ұқсас мемлекеттік органдарымен қызметтес болуы;
- мемлекеттік атқару тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
- кадрларды таңдап, орналастыру;
- қаржылық және материалдық қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауды ұйымдастыру;
- Департамент құрылымдық бөлімшелерінің ағымдық жұмыстарын үйлестіру;
- нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
- заңдылық және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
- шағымдық – талап арыз және әкімшілік тәжірибе;
- Департамент құзіреті шегінде лицензиялау;
- Департаменттің конкурстық коммиссиясын басқару;
- Департаменттің аттестациялық комиссиясын басқару;
- Департаменттің тәртіптік комиссиясын басқару;
- Департамент алқасын басқару;
- Департамент жанындағы сарапшы кеңесін басқару мәселелерін реттейді.
- Сот барысына қатысу үшін Департмент сенімхатын береді, сотқа жолданған талап арызға, сот актілерінің арыздарына, өтініштерге, ұйғарымдарға қол қояды.
Басқарма, департамент қызметінің бағыттары:
Департамент өз қызметін «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырып, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жергілікті құрылымдық бөлімі ретінде, келесі міндеттерді атқарады:
1) Шығыс-Қазақстан облысы жерінде табиғи монополия субъектілерін бақылау мен реттеуді жүзеге асырады;
2) Табиғи монополия субъектілерінің жергілікті мемлекеттік тіркеу бөлімін қалыптастырып, жүргізеді;
3) белгіленген тәртіппен:
- тарифтер (баға, алым ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлерін;
- тарифтік сметаларды;
- нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материал, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормаларын, табиғи монополия субъектілерінің персонал санының нормативтерін;
- инвестициялық бағдарлама мен (немесе) инвестициялық жобаларды бекітеді.
4) – ағымдық және күрделі жөндеу және басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жылдық сметасын;
- әкімшілік персоналдың басқарушы қызметкерлер төлемақысының шекті деңгейін және штаттық кестені;
- есепке алу құралдарын сатып алып, қондыру үшін төлем алынатын механизм мен мөлшерін келіседі.
5) – Агенттіктің рұқсаты берілген теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газды тасымалджау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды;
- Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген номенклатура бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын реттейді.
6) – лицензиялауды;
- мемлекеттік органдармен ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылауды жүзеге асырады.
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі 58
Қабылдау бөлімінің телефоны: 8-723-2-553957, факс – 8-723-2-552403
Азаматтарды қабылдау уақыты: сәрсенбі сағ.16.00-ден 17.00-ге дейін, апта сайын (кесте қосымша ұсынылады)
Электронды мекен-жай: oskemen@аrem.kz
Мұрағат
|