Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

ҚР АШМ БШК "Зайсан-Ертіс балық шаруашылығының облысаралық бассейндік инспекциясы" ММ

  Мекен-жайы:
Өскемен қаласы, Головков көшесі, 52

 Заңнама

 Виртуалды қабылдау

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы саласында рұқсат беру жүйесі реформасын іске асыру туралы интернет-конференция

Басқарма басшысы жөнінде мәлімет:

Қанатбаев Маулен Серікұлы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Зайсан-Ертіс балық шаруашылығының облысаралық бассейндік инспекциясы» ММ бастығы.

Туған жері: Алматы облысы, 1977 жылы 07 шілде айында туған, ұлты қазақ,
Білімі жоғары: 1994-1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетің оқып бітірген,
Мамандығы: «Академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалған биология мұғалімі».

Еңбек жолы:

26.08.2003-20.11.2003жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекеменің бас маманы,
21.11.2003-29.07.2004жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекеменің балық аулауды реттеу бөлімінің бастығы,
30.07.2004-29.11.2004жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы» мемлекеттік мекеменің бөлім бастығының міндетін атқарушы,
30.11.2004-24.01.2007жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы» мемлекеттік мекеменің бөлім бастығы,
24.01.2007-09.04.2008жыл, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы» мемлекеттік мекеменің бас маманы,
09.04.2009-10.05.2010жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекеменің бастығы орынбасарының міндеттерін атқарушы,
11.05.2010-23.05.2010жыл, АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекеменің бастығының орынбасары,
24.05.2010жылдан осы уақытқа дейін АШМ, Балық шаруашылығы комитеті «Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекеменің бастығы.

Мемлекеттік мекеменің мекенжайы: Өскемен қаласы, Мызы көшесі, 2/1
Телефон/факс 8 (7232) -24-84-70.
Қабылдау сағаты: сәрсенбі, сағат 9-00-13-00

Лауазымдық міндеттері: Инспекция жұмысын ұйымдастыру және басқару,  Инспекцияға берілген тапсырмаларды орындауға және онымен өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілік жүргізеді. Инспекция қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың қызметіне бақылау жасайды. Міндеттер мен өкілеттілікті анықтайды, заңнамада бекітілген тәртіппен Инспекция қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және  мадақтайды. Балық шаруашылығы комитетінің (бұдан әкі - Комитет) келісуімен Инспекцияның құрылымдық бөлімдер туралы ережесін, штаттық кестесін бекітеді. Балық қорлары мен басқа да су жануарларын қорғау, ұдағай өндірісі және қолдануда және балық шаруашылығын өсіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, НҚА өңдеулеріне қатысады, сондай-ақ заңнаманы сақтауға бақылау жүргізеді, қорғау мәселелері бойынша ғылым зерттеу және жобалық-іздеушілік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады, бақылау аумағындағы балық қорлары және басқа да су жануарларын ұдағай өндіру мен реттеу. Балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік саясаттың, стратегиялық жобалардың, мемлекеттік және басқада бағдарламалар мен жобалардың іске асуын қамтамасыз етеді. Бақылау аумағындағы балықтар қоры мен басқа да су жануарларының сирек мен жойылып кету қаупі бар түрлерін жасанды жолмен көбейту қызметін ұйымдастырады, балық қорларын балықшаруашылық су қоймаларының (телімдер) резервтік қорда қорғау, ұдағай өндірісі және мемлекеттік есепке алу облысында бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, балық шаруашылығын жүргізу ережесін және балық аулау ережелерін сақтауға бақылау жүргізеді. Қоршауда өсірілген жоғалып кету қаупі бар, жабайы фауна түрлерін халықаралық сату туралы Конвенцияның I және II қосымшасына қосылған балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерін тіркеуді, балық қорлары мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Балықшаруашылық су қоймаларын (телімдерін) бекіту туралы облыстық атқарушы органдарынң шешімішен келіседі. Инспекцияны мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда таныстырады.

 

Қызмет бағыты:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Зайсан – Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құзіреті шегінде балық шаруашылығын мемлекеттік басқаруды, арнайы атқарушылық және бақылау – қадағалау фукцияларын және балық шарушылығы саласында Зайсан – Ертіс бассейнінде, сондай-ақ басқа да су айдындарында Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік шекарасында суқорғау мен жағалау санитарлық – қорғау аймағын қосқанда, салааралық үйлестіруші, алакөл көлдер жүйесін қоспағанда, аймақтық орган болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсімін молайту мен пайдалануға және балық шарушылығын жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) балық аулауды реттеу және суға балық жіберу, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіру, балық шарушылығы саласындағы мелиоративтік – техникалық және басқа да іс – шараларды ұйымдастыру.

Басқарма өз құзіреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) балық шарушылығы мәселері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеуге қатысады;
2) мемлекеттік экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады, балық шаруашылығына инвестицияларды тартуға және пайдалануға мүмкіндік жасайды;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) Балық шаруашылығы саласына, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалануға ғылыми зеттеулерге жәрдем етеді;
5) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ балық ресурстарының және басқа да су жануарларының, оның ішінде балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
6) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаудың, өсімін молайту мен ұтымды пайдаланудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
7) Көлді таурлы балық шарушылығын, тоған және басқа да тауарлы нысандарын, балық аулау туризмін дамытуды ұйымдастырады;
8) Суға балық жіберу, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіру жөніндегі балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтік – техникалық және басқа да іс – шараларды ұйымдастыруға бақылау жасайды;
9) Балық өнімдерін қайта өндеу жөніндегі қазіргі заманғы технологияларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
10) Балық шаруашылығы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту мен ұтымды пайдалану, биологиялық алуан түрлілігін сақтау саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
11) Балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық процедураларын іске асыруға қатысады;
12) Балықтың уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған аралығында, сондай – ақ тыйым салынған су айдынында (учаскесінде) су көлік құралдарының жылжу тәртібін белгілейді;

Басқарма негізгі міндеттерді іске асыру және фунцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзіреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен құқылы:

1) Басқарма бақылауының аумағында міндетті күші бар балық шаруашылығы саласындағы нормативтік құжаттарды шығаруға;
2) Балықты және басқада су жануарларын аулауға рұқсаттарды беруге және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шарттар жасауға;
3) Басқарма бақылауының аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі жұмыстар мен іс – шаралардың барлық түрлерін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң кесімдеріне сәйкес оның құзіретіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
5) Заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы жасауға;
6) Балық аулау мен басқа да су жануарларын және балық шаруашылығы су қоймаларын бекіту, пайдалаун және қорғау ережелерін бұзуды жою туралы міндетті түрде орындалуға тиіс нұсқаулар беруге;
7) Балық ресурстарын және басқа да су жанурларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану ережелері бұзылғанда балық шаруашылығына бекітілген су қоймаларын пайдалану құқығын тоқтату және өзгерту туралы тыйым салуға және ұсыныстар енгізуге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келуші азаматтардан, лауазымды тұлғалардан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануда белгіленген ережелер мен нормалардың, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын талап етеуге, заң бұзушылықтарды тоқтату туралы міндетті түрде орындалуға тиіс нұсқаулар беруге;
9) Табиғатты пайдаланушылардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз пайдалануын тоқтатуға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өндіру және пайдалану жөніндегі ережелер, нормалар мен өзге де талаптарды бұзатын жұмыстарды тоқтата тұруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп бойынша талаптармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға;
11) өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан сұрауға және алуға;
12) қойылған міндеттерді шұғыл түрде шешу радиобайланыстарды падаланады;
13) Комитетке мына ұсыныстарды енгізуге:

  • балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану тәртібін анықтау;
  • балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар.
  • балық түрлерін сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлер, сондай-ақ балық аулау объектілері болып табылатын түрлер
  • cанаттарына жатқызу;
  • балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алу тәртібін белгілеу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мемлекеттік кадастрын жүргізу;

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

- балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемдердің ставкалары;
- балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өндіру және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру;

14) тиісті мемлекеттік органдарға балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекіту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
15) айырмашылық таңбасымен белгіленген тәртіппен формалы жабдықтар, біркелкі үлгідегі қызметтік куәлікті, сонай-ақ қызметтік – табельдік қаруды алып жүруге;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2009
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 2008
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы