Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ШҚО бойынша Қаржыны қадағалау комитетінің Қаржыны қадағалау инспекциясы

Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 65.

 Заңнама

 Виртуалды қабылдау

Басшы туралы мәліметтер:

  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы – Қалиев Ғанижан Піртазаұлы

1970 жылы 27 қазанда туған.

1987 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы халық шаруашылығы институтына «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау» мамандығы, «Тексеру және бақылауға» мамандандыру бойынша оқуға түсті. 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандығын меңгеріп шықты.
1991 жылы Институттың толық курсын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасында бақылаушы-тексеруші болып еңбек жолын бастады.
1992-1998 жылдары Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында аға бақылаушы-тексеруші, бас бақылаушы-тексеруші лауазымдарында қызмет етті.
1998-1999 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің сектор меңгерушісі, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
1999-2000 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі болып жұмыс атқарды.
2000 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетіне жұмысқа қабылданып, бас бақылаушы –тексеруші, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қаржы департаменті бастығының орынбасары, департамент бастығы болып жұмыс атқарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ауыстырылып, аппарат басшысының орынбасары- қаржы- бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымында жұмыс атқарды.
2010 жылдың 15 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы болып табылады.

Отбасын құрған, үш бала тәрбиелеуде.

  Лауазымдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің ШҚО бойынша басқармасының жұмысына жалпы басшылық жасайды, ҚР Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылау жұмыстары жоспарында көзделген іс-шаралардың, Президент Жарлықтарының, Заңдардың, Үкімет қаулыларының, облыс әкімі және оның аппаратының тапсырмаларының орындалуын бақылайды.
-жоғарғы ұйымдарға ақпараттарды ұсынады;
- бақылау жұмысын жетілдіру, нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, жоғарғы ұйымның әдістемелік нұсқаулары бойынша ұсыныстар енгізеді;
- мемлекеттік қызмет заңына сәйкес кадр саясатын жүргізеді, бөлім бастықтарын, бас және жетекші мамандарды қызметке тағайындайды және босатады, мемлекеттік тілдің даму тұжырымдамасы саясатын жүзеге асырады;
- жоғарғы ұйымдардың тапсырмаларын дайындайды;
- бақылау қызметі бойынша орталықтандырылған тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпараттарды қарайды, жоспар қалыптастыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді;
- жергілікті атқару, өкілетті және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді;
- бақылау обьектілерінің басшыларына әкімшілік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды;
- тәртіптік жазалар қолдану және оларды мерзімінен бұрын алып тастау жөнінде шешім қабылдайды;
- қызметтік корреспонденцияларды қарайды;
- өндірістік кеңестер өткізеді;
- бастапқы сараптама нәтижелері бойынша тұжырымдамаларды қарайды және бекітеді;
- басқарманың қаржылық, экономикалық және шаруашылық жұмыстары бойынша шешімдер қабылдайды;
- құпиялық тәртіптің сақталуын бақылайды;
- қызмет және еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жүргізеді;
- жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды іске асырады;
- қызметтік этика ережелерінің нормаларының сақталуын бақылайды;
- ұйымдастыру және кадр жұмысы, талдау және есеп беру бөлімдерінің қызметіне жетекшілік жасайды.

  Азаматтарды қабылдау сағаттары әр айдың бірінші бейсенбісінде сағат 10-нан 12-ге дейін.
   Қабылдау бөлімінің телефоны (факс): 8(7232)24-82-18

қызмет бағыты

Басқарма өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласында жүзеге асыру және бақылау-қадағалау қызметін атқаратын Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитетінің аумақтың бөлімшесі болып есептеледі.


Мұрағат

+ 2011
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2010
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2009
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2008
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2007
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2006
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
+ 2005
1-ші тоқсан 1-ші жартыжыл 9 ай 1 жыл
Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы