|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің халықты бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша департаменті
Виртуалды қабылдау
Басшы туралы
Департамент директоры: Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы
1962 жылы 16 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
1980-1985жж. В.П.Горячкин атындағы ауылшаруашылық өндірісі инженерлерінің институтын бітірген. Мамандығы инженер-механик.
1985 жылы Мәскеу институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтаудың мемлекеттік комитеті жүйесінде бастаған.
1988-1990жж. әскер қатарында борышын өтеген.
1990-1996жж. ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтаудың ШҚО базасының аға инженері қызметін атқарған.
1999 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қаржы және несие мамандығын сырттай бітірген.
2001 жылы наурыз айында конкурстық негізде Департаменттің директоры лауазымына тағайындалған.
Отбасылы, екі баласы бар.
Қабылдау күндері: әр айдың екінші және төртінші бейсенбі күндері сағат 14.00-16.00.
Телефон: 8(7232) 75-15-33
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32 үй
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау жэне әлеуметтік корғау
департаменті (бүдан эрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек жэне
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бакылау және элеуметтік қорғау
комитетінің (бұдан эрі - Комитет) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қоргау,
жұмыспен қамту, халықты элеуметтік қорғау, зейнетақымен және элеуметтік
қамсыздандыру, міндетті элеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Департаменттің міндеттері
- еңбек, еңбек қауіпсіздігі жэне еңбекті кррғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік корғау, зейнетақымен және элеуметтік қамсыздандыру, міндетті элеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманың орындалуын мемлекеттік бақылау;
- зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жэне оларды төлеу;
- оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасылары мүшелеріне біржолғы жэрдемақылар мен өтемақыларды төлеу;
- мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айрылу дэрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын эзірлеу жэне мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
- өндірістегі жазатайым окиғаларды зерттеу жэне өз күзыреті шегінде азаматтар қүкықтарының сақталуын және корғалуын қамтамасыз ету;
- ұжымдық шарттардың жасалуына мониторинг жүргізу;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің кызметіне басшылык жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
- Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау, өз қүзыреті шегінде жеке жэне заңды түлғалардың өтініштеріне жауап дайындау;
- Министрліктің Стратегиялык және Операциялық жоспарларын іске асыруға қатысу;
- Департаментке заңнамада және Министрлік пен Комитет басшылығы
жүктеген өзге де міндеттер.
Департамент қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген
міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- еңбек, еңбек кауіпсіздігі жэне еңбекті қорғау, жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың сақталуын тексерулер, мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары, орындалуы міндетті ұйғарымдар беру, экімшілік заң бүзушылық істері бойынша хаттамалар мен қаулы қабылдау, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге материалдарды дайындау арқылы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылау;
- зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру
жэне халықты элеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын заңнама
талаптарына сэйкес бақылау;
- республикалык бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
- оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасылары мүшелеріне біржолғы жәрдемакылар мен өтемақыларды төлеуді қамтамасыз ету;
- республикалык бюджеттен жэне мемлекеттік элеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің тагайындалуын бақылау;
- медициналық-әлеуметтік мекемелердің кызметін арнаулы элеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде бакылау;
- мүгедектік топтары мен себептерін, мүгедектіктің туындау мерзімін, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу, көмектің қосымша түрлері мен күтімге мүқтаждығын айқындау бойынша медициналық-элеуметтік сараптама жүргізу;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу жэне
мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
- мүгедектерді есепке алудың, мүгедектіктің себептеріне, қүрылымы мен
жай-күйіне мониторинг жүргізудің орталықтандырылған дерекқорын
қалыптастыру;
- өндірістегі адам өлімімен аяқталған және ауыр жазатайым оқиғаларды тексеру бойынша комиссия қүру жэне оған қатысу;
- жүмыс берушілердің өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақтылы жэне толық тексеруін бақылау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау және мемлекеттік қызмет инспекциясы қызметінің мәселелері бойынша орталықтандырылған деректер базасын қалыптастыру;
- жүмыс берушілер мен қызметкерлер арасында жасалған үжымдық шарттарды есепке алу жэне олардың мемлекеттік бакылауды жүзеге асыру процессінде қолданылуына мониторинг жүргізу;
- басшы қызметкерлердің және жүмыс берушідегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті корғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліміне тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
- жүргізген қызметінің, жұмыс жоспарларын жэне Министрлік пен Комитеттің тапсырмаларын орындауының негізінде Департаменттің кызметін ұйымдастыру, үйлестіру жэне талдау;
- Департамент қызметкерлерін заңнамада белгіленген тэртіппен ынталандыру, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану;
- Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жэне қайта
даярлауды ұйымдастыру;
- Министрлік пен Комитет басшылыгы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жургізу, Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша жеке жэне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- құқык қолдану практикасын ескере отырып, мемлекеттік бақылау
жүйесі құжаттарын әзірлеуге, іске асыруға, мониторинг жүргізуге жэне
бағалауға катысу;
- Департаментке заңнамада және Министрлік пен Комитет басшылығы
жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Департаменттің құрылымы
- Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы
- Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы
- Семей өңірлік еңбек заңнамасын бақылау және халықтың көші-қоны саласындағы әлеуметтік төлемдерді бақылау басқармасы
- Ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен қамтамасыз ету бөлімі
- Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімі
Мемлекеттік еңбек инспекторлары: Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Катонқарағай аудандарында орналасқан.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қызметкерлері: Өскемен, Семей қалаларында орналасқан.
Мұрағат |