|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет туралы үздік материалға конкурс жариялау туралы ереже
Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы
Тұған күні, тұған жері: 1965ж., 8 ақпан; ШҚО, Катонқарағай ауданы, Черновая ауылы.
Ұлты: Қазақ.
Білімі:
- Өскемен педагогиқалық институты (1985-1990) - тарихи мұғалімі, қоғамтану және совет құқығы;
- Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1996, сырттай) - Заңгер;
- Көкшетау эконимика және менеджмент институты (2008-2010) - Экономика бакалавры.
2007 жылдан Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылдың желтоқсанында адал қызмет және жемісті және қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Жұмыс тәжірибесі:
- оқытушы - стажер, оқытушы, аға оқытушы, Өскемен педагогиқалық институтының қылмыстық құқықтық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгеруші (1990-2002);
-
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, бастықтың орынбасары, басқарма бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы (2000-04.2007);
-
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы (05.2007-04.2011);
-
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы (2011 ж. 3 мамырынан).
Басқарманың заңды мекен - жайы: Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40.
Тел. (факс): 8(7232)26-30-39, 26-58-67; тел: 24-86-40, 26-49-24.
Сенім телефон 8(7232)26-43-55.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің
актілеріне, өзге де нормативтік қүқықтық актілерге, сәйкес жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін
қабылдау туралы кестесі
Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның Т.Ә.Ж. |
Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы |
Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты |
Мемлекеттік органның орналасқан жері |
Байланыс телефоны |
| Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов |
Басқарма бастығы –
Тәртіптік кеңес төрағасы |
апта сайын сейсенбі күні сағат
10.00 - ден 12.00 - ге дейін |
Өскемен қаласы М. Горький көшесі, 40
№ 120 кабинет |
26-30-39 |
| Ерлан Медеуұлы Сәрсекеев |
Басқарма
бастығының орынбасары |
апта сайын сәрсенбі күні сағат
15.00 - ден 17.00 - ге дейін |
Өскемен қаласы М. Горький көшесі, 40
№ 130 кабинет |
26-49-24 |
| Тілеуқабақ Нұрғазыұлы Құсаинов |
Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі |
апта сайын бейсенбі күні сағат
10.00 - ден 12.00 - ге дейін |
Өскемен қаласы М. Горький көшесі, 40
№ 124 кабинет |
26-34-66 |
Өскемен қаласынан тыс жерде тұратын азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдері кез келген жұмыс күні қабылданады. Тәртіптік кеңестің сенім телефондары 8 (7232) 26-34-66, 24-86-40
Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және
қүқықтары
Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып
табылады:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік қызмет міндетін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық
базаны жетілдіру жөнінде үсыныстар әзірлеу, соңдай-ақ заңдарда
белгіленген тәртіппен өз қүзыретінің шегінде нормативтік қүқықтық жөне
өзге де актілер қабылдау;
3) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық
қүрылымдары (бүдан әрі — жергілікті мемлекеттік органдар) мемлекеттік
қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг;
4) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде жергілікті мемлекеттік
органдардың қызметін үйлестіру;
5) жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы
заңдарды сақтауын бақылау.
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сөйкес
заңдарда белгіленген тәртіппен өз қүзыретінің шегінде мынандай
функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қызметтің тиімділігін жетілдіру мен көтеру саласында
мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
2) мемлекеттік қызмет қызметшілері және жергілікті мемлекеттік
органдардың мемлекеттік қызмет кадр резерві жөніндегі мәліметтен
республика базасын құрайды;
3) мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық
жүйесін әзірлеу мен қалыптастыруға қатысады;
4) жергілікті мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік
лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын
әзірлеуге қатысады;
5) мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы жүйесін жетілдіру, өлеуметтік-қүқықтық
қорғалуы жөнінде ұсынысты әзірлеуге қатысады;
6) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру мөселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар
қызметін үйлестіреді;
7) жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді қайта
даярлау мен біліктілігін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша
мемлекеттіктапсырысты қалыптастыру және орналастыруды
8) мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді сынақтан өткізеді;
9) жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңдарды
сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелері бойынша
жергілікті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеті
мен шешімдеріне мемлекеттік қызметшілердің шағымдарын қарайды;
11) олардың құзыретіне жатқызылған мөселелер жөнінде жергілікті
мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізеді;
12) мемлекеттік қызмет туралы зандарды бүза отырып қабылдаған жергілікті
мемлекеттік органдардың шешімдерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
13) мемлекеттік қызметшілерге олардың қүқықтары мен заңдық мүдделері
бұзылған жағдайларда кеңес береді;
14) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурстар өткізудің
шарты мен тәртібін айқындауға, соңдай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілуі
үшін бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
15) Қазақстан Республикасының зандарымен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Президентінің жөне Агенттіктің актілерімен өзіне жүктелген
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру
және функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы
заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
2) жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы зандарды
сақтау мәселелері жөніндегі қызметіне тексеру жүргізуге;
3) тексерулерді жүргізуге басқа да жергілікті мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тартуға;
4) жергілікті мемлекеттік органдар мен үйымдардан, лауазымды адамдардан
өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты
сұратуға және алуға;
5) мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұза отырып қабылданған шешімдерді
жою немесе өзгерту туралы жергілікті мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдарға ұсыныстар енгізуге;
6) өз қүзіретінің шегінде жергілікті мемлекеттік органдардың орындауы
үшін міндетті нормативтік қүқықтық актілерді қабылдауға;
7) Қазақстан Республикасы заңдарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Агенттіктің актілеріне сәйкес өзге де құқықты жүзеге
асыруға құқығы бар.
Басқарманың қызметін үйымдастыру
Басқарманы Агенттік Төрағасы лауазымға тағайындайтын
және лауазымнан босататын Бастық – тәртіптік кеңес төрағасы басқарады.
Басқарма бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы Агенттік Төрағасының алдында
ұдайы есеп беріп отырады.
Басқарма бастығының - тәртіптік кеңес төрағасының Агенттік Төрағасы
лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.
Басқарма бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы
заңдарға сәйкес:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) орынбасардың, сондай-ақ Басқарманың басқа жұмысшыларының
өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
3) бүйрықтар шығарады;
4) Басқарманың жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан
босатады;
5) мемлекеттік органдармен және өзге де үйымдармен қатынастарда
Басқарманы уәкілдік етеді;
6) өз құзіретіне жатқызылған басқа да мөселелер бойынша шешімдер
қабылдайды.
Басқарма бастығының орынбасары Басқарма бастығы –
тәртіптік кеңес төрағасы болмаған кезде оның орнында болады, Басқарма
бастығы - тәртіптік кеңес төрағасы өзіне жүктеген өзге де міндеттерді
орындайды.
Басқарма бастығының - тәртіптік кеңес төрағасының
консультативтік-кеңестік орган құруға құқығы бар.
Мұрағат |