|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы
Заңнама
Виртуалды қабылдау
Басшы туралы мәліметтер:
ШҚО аумақтық ҚР АШМ басқармасының бастығы - Құндызбаев Жанымхан Қаюұлы
Құндызбаев Жанымхан Қаюұлы, 1947 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ленинка ауылында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ ауылшаруашылығы институтына түсіп, инженер-механик мамандығын алдым. 1971 – 1973 жылдары Совет Армиясы қатарында болдым.
Еңбек жолымды 1973 жылы Үлкен Нарын ауданындағы Калинин атындағы колхозда бастап 1980 жылға дейін колхоздың бас инженері болып істедім. 1980 – 1984 жылдары Катонқарағай ауданындағы «Алтай» совхозында директор болдым. Содан кейін осы ауданда 1984 – 1987 жылдары аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы болдым.
1987 жылы Глубокое аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайландым, содан соң 1989 жылдан бастап қайтадан Катонқарағай ауданында, алғашында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан соң халық депутаттары аудандық Советінің төрағасы одан кейін 1992 жылы Катонқарағай аудандық әкімшілігінің басшысы, содан соң аудан әкімі болдым.
1996 жылы Өскемен қаласына келіп, 1999 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы басқармасы техникалық саясат бөлімінің бастығы болып істедім.
Мемлекеттік басқару органдарын қайта құрудан соң 1994 жылдан бастықтың орынбасары, ал 2002 жылдан қазіргі күнге дейін ҚР АШМ ШҚО аумақтық басқармасының бастығы болып еңбек етудемін.
Әйелім, екі балам бар.
Кабылдау
кyндері: апта сайын жyмада14:00 до 18:00 саѓат аралыѓында,
Телефон: 8(7232)26-69-94, 25-43-90
Факс: 254008
Мекен- жайы: Өскемен қаласы,
Крылов көшесі, 40
Мұрағат
|