| «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ
Виртуалды қабылдау
Төлегенұлы Мұқтар 27.03.1977 жылы Семей облысы Қарауыл аулында тұған, қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы «Агроөнеркәсіп комплексі салаларындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша «Семей» мемлекеттік университетін бітіріп, экономист-бухгалтер мамандығына ие болды.
Еңбек жолын Абай ауданы бойынша салық комитетінде бастаған. 1999-2003 жылдары Абай ауданы бойынша салық комитеті аудит бөлімінің инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.
Қазынашылық жүйесінде 2003 жылдан бастап істейді. 2003-2006 жылдар аралығында ШҚО қазынашылық басқармасының Семей қалалық қазынашылық бөлімі республикалық бюджет бойынша есепке алу және есептілік секторының бас маманы-бас қазынашысы, төлем құжаттарын қабылдау секторының меңгерушісі, төлеуге берілетін шоттарды енгізу секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2006 жылы ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті Абай аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы, 2008 жылы ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті Абай аудандық қазынашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2008 жылдың 23 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2011 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
2007 жылы М.Төлегенұлына ШҚО бойынша қазынашылық департаменті бастығының алғысы жарияланды. Мінсіз мемлекеттік қызметі, адал еңбегі үшін 2009 жылы ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
М.Төлегенұлы үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.
Басшы туралы
Бастықтың лауазымдық міндеттері:
Департаменттің бастығы Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
Департамент бастығы:
- өз орынбасарларының, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
- заңнамаға сәйкес Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- заңнамада белгiленген тәртіппен тәртiптiк жаза қолданады;
- Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітетін облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттері туралы ережеге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітетін Құрылымның негізінде Департамент туралы ережені, Департаменттің құрылымын және штат кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасына бекітуге ұсынады;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, сондай-ақ Департаменттің аудандық, қалалық қазынашылық басқармалары туралы Ереженің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітетін Құрылымның негізінде аудандық, қалалық қазынашылық басқармалар туралы Ережені, олардың құрылымын және штат кестесін бекітеді;
- заңнамада белгiленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
- Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
- заңнамаға сәйкес Департаментті мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
Департаменттің қызметтік бағыттары:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметiнде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды жергілікті бюджеттер бойынша үйлестіру, жергілікті бюджеттердің шоттарын, республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің шоттарын, аударым операцияларын жүргізу және оларды есепке алуын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен өзара қарым-қатынас жасайды.
Департаменттің негізгі міндеттері:
республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргізуді және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетуді ұйымдастыруын жақсартуды жүзеге асыру;
бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын атқару бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бірлік принциптерін сақтауын, бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара әрекетіне негізделген және бірыңғай нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз етілген барлық деңгейдегі бюджеттердің толықтығын, нақтылығын, транспаренттілігін, жауапкершілігі мен дербестігін қамтамасыз ету;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету мәселелері бойынша алдын-ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету;
бюджет жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есептілікті және қазынашылық органдары жүйесінде ішкі бақылауды дамытуға және жетілдіруге қатысу;
ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау болып табылады.
Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттi атқару және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету, валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікті қалыптастыру функцияларын орындайды.
Департаменттің заңды мекенжайы: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, № 87/2 үй.
Қабылдау бөлмесінің телефоны:8 (7232) 26-27-40.
Азаматтарды қабылдау уақыты: бейсенбі сағат 16.00. – 17.00.
Электрондық мекенжайы:kazna_ustk@at.minfin.kz
Мұрағат
|