|
ШҚО мәслихатының шешімдері
«Облыстық бюджет комиссиясының дербес құрамы
туралы»
2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/134-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс
Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Облыстық бюджет комиссиясының дербес құрамы туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 наурыздағы №
10/134-ІІІ шешіміне («Облыстық бюджет комиссиясының дербес құрамы туралы»
2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/134-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы»
2006 жылғы 4 сәуірдегі № 17/243-ІІІ шешімімен енгізілген өзгерістерімен)
мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, облыстық бюджет комиссиясының құрамына
мыналар енгізілсін:
Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі, комиссия
төрағасы;
Қайрат Зияұлы Жүсіпов - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
аталған комиссия құрамынан Виктор Вячеславович
Храпунов, Абылай Қиялұлы Сабдалин шығарылсын
2. Осы шешім 2007 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. ТҮСІПОВА
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ
Өскемен қаласының бас жоспарының жобасы туралы
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және
құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабы 1
тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына
сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласы бас жоспарының қосымша жобасы мақұлдансын (1,2 қосымша).
Өскемен қаласы бас
жоспарының НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

Сессия төрағасы Н. ТҮСІПОВА
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ
Депутат Ю. И. Рябов туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 - бабы 3 – тармағы 7) тармақшасының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысынан тыс тұрақты жеріне кетуіне байланысты № 31 Зырян сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Юрий Иванович Рябовтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
Шығыс Қазақстан облысында
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің 2007-2009 жылдарға
арналған өңірлік бағдарламасы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және 2006 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі отырысының № 4 Хаттамалық шешімін орындау үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне (Б.З.Байжасаров) Бағдарламаны іске асыру жөнінде облыстық мәслихатқа жартыжылдықта бір рет ақпарат тапсыру ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (В.И.Иванов).
4. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.
|
Сессия төрағасы
А. СТЕПУРА |
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ |
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтаудың әрі қарай дамуының шаралары және жағдайы туралы
«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтаудың әрі қарай дамуының шаралары және жағдайы туралы» Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры К.Б.Андагуловтың баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты денсаулық сақтау департаменті мен емдеу-алдын алу ұйымдарының облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша маңызды жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Атқарылған жұмыстар оң нәтижелер берді: туу артты, ана өлімі азайды, бастапқы аурушаңдық, әлеуметтік маңызды аурулар төмендеді. Соңғы үш жылда облыс бойынша туу көрсеткіші 8,7 пайызға артты. Ана өлімі 2005 жылы 100 мың тірі туғанға шаққанда 49,7-ден 38,6-ға дейін 1,3 есеге төмендеді, бұл республикалық көрсеткіштен 40,9-ға төмен. 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында 100 мың тірі туғанға шаққандағы көрсеткіш 19,7 (Қазақстан Республикасында – 42,4) құрады, 2005 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1,6 есеге төмен.
Облыс бойынша жұқпалы және паразиттік аурушаңдықтар жөніндегі эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп бағаланды. Топтық және бұрқ етпе аурушаңдықтар, тифопаратифозды аурулардың, күл ауруының, қызылшаның, сіреспенің, полиомиелиттің, безгектің, кене энфефалитінің, трихинеллездің, құтырманың, күйдіргінің жағдайлары тіркелген жоқ.
2006 жылдың бірінші жартыжылдығында сарып аурушаңдығы 40 пайызға азайды (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 9,14, 2005 жылы – 15,2).
Туберкулезбен күрес бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үрдісі белгіленді, 2005 жылы аурушаңдықтар өсуі болған жоқ. 2005 жылы республикалық көрсеткіш 147,3 болғанда, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 152,3-ті құрады.
Алайда, Семей қаласында туберкулезбен аурушаңдық қауіпті проблема болып қалып отыр, бұл облыстық көрсеткіштен 1,5 есеге жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 232,0 құрады. Туберкулезбен өлім-жітім облыстық көрсеткіштен 1,6 есеге жоғары.
Соңғы үш жылда мерезбен аурушаңдық 35,3 пайызға төмендеді және 2003 жылғы 113,5 қарсы 100 мың тұрғынға шаққанда 73,4 құрады (Қазақстан Республикасы бойынша – 60,9).
Соңғы үш жылда жаңадан пайда болған қатерлі аурулармен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 2003 жылғы 295,2 бастап 2005 жылғы 275,9 дейін 6,5 пайызға төмендеді (Қазақстан Республикасында – 192,5).
Облыста онкопотологияны дер кезінде ерте анықтау үшін мынадай шаралар қабылданды: маммографиялақ орталық, 3 цитоморфологиялық зертхана ашылды, 5 компьютерлік томографтар (екі облыстық консультативтік-диагностикалық орталыққа 3 томограф, Өскемен қаласының № 1 қалалық ауруханасына 1 томограф, Семей мемлекеттік медицина академиясының медициналық орталығына 1 томограф) орнатылды. 7 маман-цитоморфологтар Жапонияда оқытылды.
Тұрғындар арасында онкоурологиялық патологиялар мен несеп-жыныстық жүйе ауруларының артуына байланысты Өскемен қаласының № 1 қалалық ауруханасының урология бөлімшесі базасында урологияның ғылыми орталығының Шығыс Қазақстан облысы филиалын ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Онкопатологиямен күрес бойынша жүргізілген іс-шаралар онкологиялық аурулардан қайтыс болуды 9,3 пайызға төмендетті.
Облыс тұрғындарына хирургиялық көмекті ұйымдастыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылды: мамандар дайындалды, қымбат тұратын медициналық жабдықтар сатып алынды және хирургия корпусының құрылысы жоспарланып отыр. Облыстық балалар ауруханасында 20 төсек-орынға арналған нейрохирургия бөлімшесі ашылды.
Ауытқуы бар балалар туылуының алдын алу мақсатында барлық жүкті әйелдерге екі реттік ультра дыбысты зерттеу, альфа-фетопротейндік скрининг, доплеров технологиясы бойынша жатырдың-бала жолдасының қанайналымын зерттеу жүргізіледі. 2003-2005 жылдардағы кезеңдерде облыста полимераздық тізбекті реакцияның 4 зертханасы ашылды және 300-ден артық жаңа технологиялар тәжірибеге енгізілді. Облыстың медициналық бірлестігінің зертхана және сәулелі диагностика бөлімдері Қазақстанда алғаш рет ИСО 9001-2001 халықаралық сапа жүйелеріне сәйкес куәлік (сертификат) алды.
Медициналық қызмет көрсету сапасына үлкен көңіл аударылуда. Облыстың денсаулық сақтау департаменті жанынан медициналық көмекті бақылау және сапасын сараптау жөнінде тұрақты қызмет ететін әрекеттегі комиссия құрылды.
Ауыл тұрғындарына, ұрпақты болу жасындағы әйелдерге (15-49 жас) және барлық бала тұрғындарға (0-18 жас) медициналық тексерулер жүргізіледі, бұл тұрғындардың дербес есепке алынуына жол береді. Алдын ала тексерулер нәтижелері бойынша тұрғындарды диспансерге жатқызу, сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі.
Барлық орталық және аудандық ауруханалар компьютерлермен 100 пайызға жабдықталған.
2005 жылы 134 медициналық ұйымдарға жалпы сомасы 650 621 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. 2006 жылы 182 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге 760 290 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың сегіз айында 149 денсаулық сақтау объектілеріне жөндеу жұмыстары басталды, бұл жөнделген объектілердің жалпы санынан 81,9 пайызды құрады. Облыстың денсаулық сақтау ісі дамуының іс-шаралар жоспарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау деңгейін 2006 жылы 77 пайызға дейін, 2007 жылы 91 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары штаттық нормативке сәйкес медициналық кадрлармен толық жабдықталмағандығын атап өту қажет. Медицина қызметкерлерінің еңбекақы деңгейі төмен қалып отыр. Ауылдарға кадрларды бекіту проблемасы шиеленісіп тұр, ауылдарда кадрларды әлеуметтік пакеттермен (тұрғын үй, коммуналдық қызметті өтеу, отын және басқалар) қамтамасыз ету шешілмеді. Соңғы үш жылда дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге бар болғаны 14 қызметтік пәтер бөлінді. Медициналық қызметкерлердің жалпы санынан 219 дәрігер және 521 орта медициналық қызметкер тұрғын үйді қажет етеді.
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қосымша қаржы жұмсауды қажет етеді. Өзіндік емдеу-алдын алу ұйымдарының жалпы санының 108-і тұрпатты ғимараттарда орналасқан, бұл 26,7 пайызды құрайды. Барлық фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пункттер ыңғайлы ғимараттарда орналасқан, 253 фельдшерлік-акушерлік пункттер мен фельдшерлік пункттер үй-жайды жалға алады, бұл 61,4 пайызды құрады. Олардың 48-і мектептердің, ауыл әкімдіктерінің және клубтардың бөлмелерін жалға алады, бұл ғимараттарды жалға алушы фельдшерлік-акушерлік пункттер мен фельдшерлік пункттер санының 19,0 пайызын құрайды.
Ауылдық денсаулық сақтау объектілердін телефондандыру мәселесі проблема болып қалып отыр. Телефонмен қамтамасыз етілу көрсеткіші фельдшерлік-акушерлік пункттерде 27,9 пайызды және фельдшерлік пункттерде 5,2 пайызды құрайды. Облыстағы денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары болып табылатындар: өңірдің экологиялық проблемасы, денсаулықты қорғау мәселеріндегі тиімділігі аз сектораралық өзара әрекеттестік және тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктің жоқтығы, онкологиялық аурушаңдықтардың, жарақат пен уланулардың, нәресте өлімінің жоғары деңгейі.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтаудың әрі қарай дамуының шаралары және жағдайы туралы» Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры К.Б.Андагуловтың баяндамасы бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директорына (К.Б.Андагулов) ұсынылсын:
1) «Қазақстан Республикасы халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысымен бекітілген ауылдық денсаулық сақтау желілерін стандартқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізсін;
2) облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жағдайын денсаулық сақтау ісінің 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкестендірсін;
3) ана, нәресте, бала өлімдері мен аурушаңдықтары көрсеткіштеріне тоқсан сайын мониторинг жүргізсін, оларды төмендету бойынша дер кезінде шаралар қабылдасын;
4) медициналық көмек көрсету сапасына, тегін медициналық көмекті кепілді көлемінің орындалуына, бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейтсін.
3. Кадрларды орындарға бекіту жөніндегі өткізілген шаралар туралы ақпаратты облыстық мәслихатқа 2006 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде тапсыру қалалар мен аудандар әкімдеріне ұсынылсын. Халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша мамандандырылған автокөліктердің жүруі үшін аула ішіндегі аумақтарды тәртіпке келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдау жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментімен және өртке қарсы қызметімен бірге Өскемен (М.Н.Сапаргалиев) және Семей (Н.С.Омаров) қалаларының әкімдеріне ұсынылсын.
4. «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресті күшейтудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысының амбулаторлық емдеу кезеңінде тұрмысы төмен туберкулез науқастарға қосымша тамақтандыру мен жолақысын қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражат төлеу; туберкулезбен науқас отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту және республиканың туберкулезге қарсы қызметінің іс-шараларын жүзеге асыруға қатыстырылған бастапқы медициналық санитарлық көмек қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету Семей қаласы әкіміне (Н.С.Омаров) ұсынылсын.
5. Облыстағы АҚТҚ/ЖҚТБ жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайына бақылауды күшейту Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директорымен (В.С.Якупов) бірге Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директорына ұсынылсын.
6. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті (К.Б.Андагулов) осы шешімнің орындалу барысы туралы жарты жылда бір рет Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына хабарласын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.П.Кравцов) жүктелсін.
Сессия төрағасы Т. ИСАБАЕВ
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы В. АХАЕВ
|