Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты
Aйдарларының тiзбесi
Жаналықтарға жазылу
 
RSS форматындағы жаңалықтар
Іздеу  
Kazakhstan Financial Market
 
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

ШҚО мәслихатының шешімдері

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылының атын өзгерту туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 13 ақпандағы № 01-02/32-12 бірлескен шешімі мен әкімдіктің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 628 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:
1) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Сергиополь ауылы Мамырсу ауылы болып;
2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылдық округі Мамырсу ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы М.Лабуков
Облыс әкімі Ж.Кәрібжанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы В.Ахаев

 

2007 жылғы 3 ақпанда сағат 15.00-де облыстық мәслихаттың XXІ сессиясы болып өтті

Сессия мәжілісіне 41 депутаттың 30 қатысты.
Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ж. С. Кәрібжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімінің аппарат жетекшісі, департаменттердің, басқармалардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында мынадай мәселелер қарастырылды:

1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Анатолий Григорьевич Цыганков – Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

2. «Шығыс Қазақстан облысының басқару сұлбасы туралы» 2004 жылғы 23 қарашадағы № 8/101-ІІІ шешімге толықтыру енгізу туралы.
Анатолий Григорьевич Цыганков – Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

3. «Облыстық бюджет комиссиясының дербес құрамы туралы» 2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/134-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы.

4. Шығыс Қазақстан облысының Әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы 2006 жылғы 6 қазандағы № 19/285-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы.
Анатолий Григорьевич Цыганков – Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.

5. Өскемен қаласының бас жоспары туралы.
Аркинжан Ахметжанович Маметов - Алматы қаласының «Градо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

6. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясының төрағасы туралы.

 

Тақырып бойынша ақпараттық мәліметтер:


 
Өскемен қ.
Семей қ.
Риддер қ.
Курчатов қ.
Абай ауданы
Аягөз ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы
Көкпекті ауданы
Күршім ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
 

ШҚО әкімі сайтындағы барлық анықтама ақпараттар сіздің ұялы телефоныңызда - wap.akimvko.gov.kz

 
Copyright © 2005-2010

Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

070019, Қазақстан, Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 40
Телефоны: 8 (7232)  24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Call - центр тел. 8 (7232) 203-300