| Өкiлдi билiк Шығыс-Қазақстан облыстық мәслихаты үшінші шақырылым депутаттарының тізімі ШҚО мәслихатының шешімдері ШҚО мәслихатының
Заңңама Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының 2005 жылда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының eceбi Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты Мекеменің мінездемесі: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 үй Облыстың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.Облыстық мәслихат құрамында 43 депутат. Басшысы туралы мәліметтер - АХАЕВ Василий Иванович Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, 1947 жылы 9 мамырда туған, 1971 жылы Өскемен педагогикалық институтын дене шынықтыру мұғалімі маманы бойынша бітірген.Еңбек жолы қызметі:1966-1967 жж. – Прапорщиково ауылының Киров орта мектебінің мұғалімі1967-1971 жж. - Өскемен педагогикалық институтының студенті1971-1972 жж. – Совет Әскері қатарындағы қызмет1973-1978 жж. - Прапорщиково ауылының Киров орта мектебінің мұғалімі1978-1997 жж. - Прапорщиково ауылының Киров орта мектебінің директоры1997-1999 жж. – І шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы1999-2003 жж. - ІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы2003 жылы 24 қазанда ІІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.Үйленген, 2 баласы бар. Спортпен шұғылданады, волейболдық команданың капитаны. Лауазымдық нұсқалары: өкілдігі шегінде ұсынылған, аумақтың комплекстік әлеуметтік-экономикалық дамуына қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды қызығушылығын қанағаттандыруына жауап береді. Облыс әкімдігімен және облыс әкімімен бірлісіп экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың аумақтық дамуының жобасын, санитарлық және жабдықтаушылық ережелерін, облысты басқару және басқа мәселелер жөніндегі схемасын өңдейді. Облыстық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларымен жергілікті бюджет туралы шешімдердің орындалуын қадағалайды. Тұрақты, тексеру комиссияларымен бірлесіп өңдеп, сессияның қарауына енгізіп бекіткен соң, мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мәслихат сессиясы төрағасының жұмысына ұйымдастыру-техникалық жағдай жасайды. Депутаттарға, облыс әкіміне және тұрғындарына мәслихат сессиясының болатын уақыты және орны, күн тәртібінің жобасын мәлімдейді.Мәслихат сессиясының дайындығын және сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді қамтамасыз етеді, сессияның хаттамасын жасау, сессияның төрағасымен бірлесіп мәслихат шешімдеріне және сессияның хаттамасына қол қояды. Депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруда жәрдем жасайды, керекті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың органдарында, сайлау округтарында мәслихатта жұмыс істеу үшін қызмет борышынан босатылуына байланысты мәселелерді қарастырады.Тұрақты, тексеру комиссияларының және басқа мәслихат органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді. Облыстық мәслихат шешімдерін жариялауды қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау шараларын анықтайды. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысын басшылыққа алады, олардың қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады. Мәслихаттың атынан тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындарымен, мекемелерімен, жеке меншік формасына байланысты емес ұйымдарымен байланыс жасайды.Сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстарды, тілектерді, хаттарды мәслихатқа ұсынады. Мәслихат шешімдеріне сәйкес мәслихат шешімдерінің маңызды жобаларын жергілікті және республикалық маңызы бар мәселелерді азаматтармен талқылауды қамтамасыз етеді.Аппаратта азаматтарды қабылдау, арыз, өтініштерін, қарастыруды ұйымдастырады.Өз құзыры шегінде өкім шығарады. Қабылдау уақыты: сәрсенбі – сағат 11.00 ден сағат 13.00-ге дейін Жұма - сағат 15.00 ден сағат 17.00-ге дейін Телефон: 8 (7232) 263040 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының 2005 жылда атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ Облыстық мәслихат қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және облыстық мәслихаттың Регламенті негізінде жүзеге асырады. 2003 жылғы сайлау кезінде 43 депутат сайланды. Екінші шақырылған депутаттық корпусының құрамынан үшінші шақырылған облыстық мәслихат құрамына 10 депутат сайланды, олар Б. Т. Адианов, В. В. Аксенов, В. И. Ахаев, Л. П. Блок, Ж. Р. Жотабаев, В. И. Иванов, В. П. Кравцов, Ю. Б. Приходько, М.Тұмабаев, А. А. Шушков. Жалпы депутаттар санынан өзін-өзі ұсыну арқылы 25 депутат сайланды, саяси партиялардан, бірлестіктерден – 18. Сайланған депутаттар санында акционерлік қоғамының жетекшілері, әртүрлі нысандағы меншік кәсіпорны -29, ұйымдардың, мекемелердің, білім беру және денсаулық сақтау салаларының жетекшілері - 7, ғылым және жоғары мектеп өкілдері – 3, шаруа қожалығы – 4. 2005 жылғы 18 қазанда облыстық мәслихаттың он үшінші сессиясының шешімімен № 35 Көкпекті сайлау округінен депутат А. Абжаппаровтың өкілеттігі Шығыс Қазақстан облысы шегіне кетуіне байланысты тоқтатылды. Облыстық мәслихаттың негізгі қызмет саласы - сессия. Сессияға дайындық барысында сессияның шешім жобалары, сессия төрағаларының кандидатуралары жөнінде ұсыныстары, редакциялық, есептеу және хатшылар тобының құрамы және қосымша мәселелер енгізіліп, тұрақты комиссияларда талқыланады. Әр сессияларға дайындық және өткізуді ұйымдастыру шаралары облыстық мәслихаттың Регламенті негізінде, облыс әкімімен келісілген жоспар шараларымен жүзеге асырылады. Осы жылы 6 сессия өткізілді, оның үшеуі кезектен тыс. Сессияларда 88 мәселе қарасытырылды, соның ішінде негізгі 25 мәселе. Бұл мәселелер: - облыстың 2004-2005 жылдарға арналған даму облыстық бағдарламасының орындалуы туралы есеп. - Облыстың мынадай салаларын бекіту туралы: «2005-2007 жылдарға Шығыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамту Бағдарламасы туралы» - «2005–2010 жылдарға Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасы туралы». - «Қазақстан Республикасы мен облыстың құрама командаларына спорт резервтерін дайындау бойынша балалар - жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы және балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыруға тәрбиелеудің жағдайы туралы» және басқа мәселелер. Сонымен қатар сессияларда 2005 жылға арналған облыстық бюджет, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы, облыстың жер беті су көздерінің су ресурстарымен пайдаланғаны үшін төлем ставкалары, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі бағдарламалары, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі облыс әкімдігіндегі кеңесші – мәслихат органдарының дербес құрамдары қарасытырылды және бекітілді. Одан басқа 2005 жылы облыстық мәслихатпен 10 өңірлік бағдарламалар қарастырылып бекітілді, соның ішінде халықты жұмыспен қамту Бағдарламасы, білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы, тілдердің қызметі және даму бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, «Жасыл ел» бағдарламасы және басқалар. Қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың тұрақты және тексеру комиссияларына жүктелген. «Нормативтік-құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Зыңына сәйкес сессияның шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нормативтік - құқықтық актілер реестріне мемлекеттік нөмірі беріліп енгізіледі. 2005 жылы облыстық мәслихаттың 13 нормативтік құқықтық актілері тіркелді. Баспахана әдісімен жинақ түрінде басылып шығатын сессияның шешімдері облыс әкіміне, облыстық, қалалық, аудандық әкімияттарға, қалааудан мәслихаттарының және орындаушыларға уақытында таратылады. Тиісті шешімдер бақылауға алынады. Бақылауда барлығы 48 сессия шешімдері, 2005 жылы 5 шешім бақылаудан алынды. Қазақстан Республикасының әрекеттегі Заңдарына сәйкес, 2005 жылғы 26 тамыздағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясының шешімімен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа депутаттарды сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдары және Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары бойынша «Аумақтық, округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» 2004 жылғы 3 маусымдағы №5/62-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізілген. Тұрақты және тексеру комиссияларының жұмысы барлық салалар бағытында жүргізіледі. 2005 жылы 15 отырыс өткізіліп, 62 мәселелер қарастырылды. Облыстық мәслихатта облыстық мәслихат хатшысымен қабылдау жұмысы жүзеге асырылады. Жеке қабылдауларда облыстық мәслихат хатшысымен 335 сайлаушылар қабылданды. Сайлаушылардың көпшілік жүгінулері әлеуметтік мәселелерді шешу. Облыстық мәслихат депутаттарымен облыстың басқармалар, департаменттер, бөлімдердің жетекшілеріне 126 хаттар дайындалып жіберілді. 2005 жылы облыстық мәслихат атына облыс тұрғындарынан 902 жазбаша жүгінулер келіп түсті. Негізінде олар уақытында қарастырылып шешілді. Өзінің күнделікті жұмысында облыстық мәслихат аппараты Республиканың облыстық өкілді органдарымен іскерлік қатынасын жалғастыруда. Облыстық мәслихаттың және оның органдарының қызметін ұйымдастыру, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыруда облыстық мәслихат аппараты жәрдем жасайды. Өкілді органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияларға, облыстың қала-аудан мәслихаттарына бекітілген. Аппараттың жұмыс қызметкерлерінің әрқайсысы жұмыс жоспарларын әзірлеуде практикалық және тұрақты комиссиялардың отырыстарында мәселелерді дайындауда, сессияға және комиссиялардың отырыстарына шақырылғандардың қатысуын, оларға қажетті құжаттарды ұсынуға, депутаттардың сайлау округтарындағы жұмысына, облыстық мәслихатта мәслихат хатшысымен және тұрақты комиссиялардың төрағаларымен азаматтарды қабылдауларда қатысып көмек жасайды. Аппарат қызметкерлері қабылданған шешімдердің және қаулылардың, депутаттық сауалдардың және мемлекеттік органдардың жетекшілерінің атына жүгінулердің орындалуына бақылау жасайды. Облыстық мәслихат аппараты қажетті компьютерлік техникасымен және тұрақты жаңартылып отыратын заңдардың базасымен, анықтамалар және методикалық материалдарымен депутаттарға көмек жасайды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының ЕСЕБІ Құрметті депутаттар! Шығыс Қазақстан облысының депутаттық корпустың үшінші шақырымының жұмысы аяқталып келе жатыр. Үшінші шақырымның басынан бастап мен екі мәрте Сіздердің алдарыңызда 2004, 2005 жылдардағы атқарылған жұмыстар туралы есеп бердім, бүгін, құрметті әріптестер, үшінші шақырымның соңғы сессиясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бізге жүктелген міндеттерді орындау бойынша, бізбен атқарылған жұмыстар туралы қысқаша Сіздерді хабардар етуіме рұқсат етіңіздер. 2003 жылғы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат құрамының үшінші сайланымы кезіндегі сайлауда 43 депутат сайланды. Шақырым кезінде А.А. Абжаппаров, М.А. Түлеубаев, М.М. Оспанов, Ю.И. Рябов, Л.П. Блок сияқты депутаттардың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сайлау кезінде шығып кеткен депутаттардың орнына № 19 сайлау округі бойынша Түлеубаев Мейірхан Ақпанбекұлы және № 35 Көкпекті сайлау округі бойынша Түсіпова Нұржан Құрмантайқызы сайланды. Бүгінде облыстық депутаттық корпусы 40 депутатты ұсынады. Олардың ішінде – 28-і әр-түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшылары, 6-ы білім беру және денсаулық сақтау саласының басшылары, 3-уі ғылым және жоғары мектеп өкілдері, 3-уі шаруашылық қожалықтар басшылары. Облыстық мәслихат өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, облыстық мәслихаттың Регламенті және басқа да нормативтік актілердің негізінде жүзеге асырады. Облыстық мәслихат қызметінің негізгі нысаны облыс аумағында міндетті түрде орындалу үшін нақты шешімдер қабылданатын сессиялар болып табылады. Үшінші шақырымда облыстық мәслихатпен барлығы 23 сессия өткізілді, соның ішінде – 6-уы кезектен тыс. Онда 372 мәселелер қаралды, бұл екінші шақырымнан 126-ға артық. (№ 1 слайд) Шақырым кезінде депутаттармен «Семей реликті орманының жағдайы мен сақтаудың шаралары туралы», «Шығыс Қазақстан облысындағы балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жағдайы туралы», «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының жағдайы және ұстау мен жөндеу бойынша шаралары туралы» және т.б. көкейтесті мәселелер көтерілді және қаралды. Сессияларда көкейтесті мәселелерді қарау сессия шешімін қабылдау және іске асыруда депутаттардың белсенділігін, шығармашылық қарым-қатынасын көтеруге себепкер болды. Мәселелерді даярлау үшін уақытша комиссиялар құрылды, олардың мүшелері аймақтарға шығып, әр жерлерде істің жағдайымен танысты, бар мәселелерді жан-жақты зерделеді, одан әрі қарай тұрақты комиссия отырыстарында, сессияларда осы мәселелерді қарау кезінде белесене қатысты, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Өмірде аса маңызды, дереу араласуды талап ететін мәселелерді қарау депутаттармен бірнеше рет көтерілді. Әрине, күрделі мәселелер қабатын бірден шешу әрқашан да мүмкін болмады. Алайда, мәселенің көтерілуі, талдануы, құжаттарда нақты міндет ретінде айтылуы және құрастырылуы аса маңызды. Осы не басқа мәселелердің жағдайына қатысы бар қызметтер мен мекемелер олардың қызметіне сұранымның, бақылаудың барын сезінді. Облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс кезінде, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде елеулі білім және жергілікті өкілді органда біршама жұмыс тәжірибесіне иеленгенін айта кету қажет. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2004 жылдың сәурінде мәслихатқа аумақтық, округтік сайлау комиссия құрамдарын сайлау бойынша қосымша өкілеттік ұсынылды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатпен 51 сайлау комиссия құрамы құрылды, олармен үстіміздегі жылы алда тұрған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің, жергілікті өкілетті органдардың депутаттарын сайлауды өткізу қажет. Үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында комиссияға шығып кеткен мүшелерді сайлау қатаң түрде заңмен сәйкестікте, ұйымдасқан түрде өтті. Сайлауды өткізу бойынша қоғамдық бірлестіктер тарапынан наразылықтар болған жоқ. Облыстық мәслихат сессияларында депутаттармен 33 Өңірлік бағдарлама қабылданды. Өңірлік бағдарламаларды талқылау кезінде депутаттар оның экономикалық негізділігі және іс-шаралар жоспарын қаржыландыру мәселелеріне аса мән береді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстық мәслихат өзінің қызметін тұрақты және тексеру комиссиялар арқылы жүзеге асырады. Өзінің депутаттық өкілеттігін орындай отыра, әрбір депутат өзінің қызметінің бағытын айқындады, облыстық өкілді орган алдында тұрған міндеттерді шешуге өзінің үлесін қосады. Тұрақты және тексеру комиссияларының жұмысы перспективті және ағымдағы жұмыс жоспары бойынша, салалы бағыттар бойынша жүргізіледі. Шақырым кезінде барлығы 60-тан астам тұрақты комиссиялардың отырыстары өткізілді, онда 400 жуық мәселелер қаралды. Депутаттар В. В. Аксенов, Н. А. Кузьмин, Н. Р. Мусин, Г. М. Мутанов, К. А. Мухамадиев, Т. А. Оралбаев, Т. М. Рахманов, Е. Б. Сыдықов, М. А. Штейн жұмыстарын облыстық бюджеттің әлеуметтік бағытын өндіру, қаражатты бағыты бойынша пайдаланумен Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін қатаң сақтауды қамтамасыз ету бойынша атқарады. (№ 2 слайд) Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы мәселелері жергілікті өкілді органдары қызметінің басы болып табылады. Олар әлеуметтік даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның назарында болады, мүшелері Н. И. Войтов, Ж. Р. Жотабаев, Б. К. Кошпанов, В. П. Кравцов, Р. Ж. Рахимова, Ю. Б. Приходько, М. Н. Сандыбаев болып табылады. (№ 3 слайд). Депутаттық өкілдігі, этикасы және заңдылық мәселелері бойынша комиссия, құрамында В.И. Иванов, Б.Т. Адианов, К.С. Исембаев, Н.К. Жилжаксынов, М.С. Лабуков, А.В. Степура депутаттар арасында олардың мәртебесі және саяси бағдарына қарамастан өзара қарым-қатынасына, қабылданатын шешімнің заңлыдығына жауапты. (№ 4 слайд) Агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелеріне К.М. Амурзаков, М.К. Телеуов, В.П. Колганов, М.К. Кабдуллин, Н.К. Есенгарин, Н.К. Сапарбеков өз күштерін жұмсауда. (№ 5 слайд) Бюджеттік заңнаманы орындау, облыстық бюджеттің құрылуы және орындалуы, бюджеттік құралдарды нысаналы және үнемді шығындау, кәсіпорындар, мекемелер, барлық нысанадағы меншік ұйымдарына тексерулер жүргізу – депутаттардың жұмысының негізгі бағыты – тексеру комиссиясының мүшелері А.Г. Шмурыгин, К.М. Мусин, К.К. Баяхметов, А.А. Шушков. (№ 6 слайд) Сайланушылар туралы облыс халқына ақпарат беру және олармен байланысты қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихат баспасөздің мүмкіндігін белсенді пайдаланады. Сессиялар материалдары, ақпаратты сипаттағы хабарламалар «Рудный Алтай», «Дидар» облыстық газеттерінің беттерінде үнемі жарияланады, теледидар арқылы да беріледі. Облыстық теледидарда «Депутат» айдары ашылды. Осы айдармен әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша тұрақты комиссияның, тексеру комиссиясының жұмыстары туралы хабар шықты, депутаттар Р.Ж. Рахимова, А.А. Шушков, А.Г. Шмурыгин, В.П. Кравцов және т.б. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жоғары технологияларды енгізу және инновацияны көтермелеуге бағыттаған бірыңғай мемлекеттік стратегияны жүргізу бойынша жыл сайынғы Жолдауында қойылған мәселелерді іске асыруда, облыстық мәслихаттың депутаттары 2007 жылдың сәуір айында өткен мәслихат депутаттарының Интернет – диалогына белсене қатысты. Күн сайын жоғары ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге енуде, және де олар әрине, депутаттардың электоратормен өзара әрекеттестігі туралы маңызды мәселені қозғағаны хақ. Осындай диалогтарды өткізу ақпараттық дамыған мемлекетке айналуға жақындатары сөзсіз, және де күтудегі сайлау алдындағы кампания кезеңінде демеуін көрсетеді деп үміттенеміз. Көптеген депутаттар – комиссия мүшелері өзінің өкілдігін жүзеге асыру барысында азаматтармен жұмысқа көңіл аударады. Олармен азаматтарды жекелеп қабылдау, кездесулер, өзінің округімен сайлаушыларымен, ұйымдармен жиналыс өткізу өткізіледі, сайлаушылардан келіп түскен хаттары қарастырылады. Келіп түскен хаттардың сипаты негізінен клубтар, мектептер, жолдар, медициналық қызмет көрсету, ішетін су, ақпараттық қамтамасыз ету, аула аумақтары мен елді мекендерді жөндеу мәселелері болып табылады. Сайлаушылардың хаттары негізінен депутаттармен жедел шешіледі, тұрақты комиссиялар отырыстарында, сессияларда, не сайлаушылардың хаттары бойынша депутаттық сұраулар әр түрлі инстанцияларға шешу үшін жолданады. Мысалы, депутат Шушковтың қолдауы бойынша, округ аумағында тұратын тұрғындардың жайлылығы үшін, № 15, 23 маршруттерінің кестесі өзгертілді, Владивостокский көшесіндегі жол жөнделді. Депутат М.К. Телеуовпен Семей қаласындағы әр түрлі нысандағы ауруы бар бала-мүгедектер аналарының хаты бойынша мәселе оң шешілді. Депутат В.П. Колгановпен «Өскемен-Зырян» қала айналасындағы маршрутын жаңарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Орталық аудандық аурухананы қайта жаңартуда практикалық көмек ұсынылды, Шемонаиха қаласындағы Островский атындағы мектебінің жылу трассасы жөнделді, бұл К.М. Амурзаковтың белсенді қатысуымен біткен жұмыстар. Депутат К.К. Баяхметовпен Аягөз ауданындағы кенттерде су ішуге арналған саңылауларды бұрғылау мәселесі шешілді, депутат Р.Ж. Рахимованың жігерлі еңбегінің арқасында «Облыстық балалар ауруханасы» ҚМКМ консультативті-диагностикалық емхананың жаңа ғимаратының құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Депутат Ю.Б. Приходьконың талабы бойынша 2008 жылы облыстық аурухананың хирургиялық корпусының құрылысы басталады. (№ 7 слайд) Облыстық мәслихат депутаттарына материалдық көмек ұсыну, әлеуметтік-мәнді іс-шараларды демеу мәселелері бойынша өте көп хаттар келіп түсіп жатады. Депутат Т.А. Оралбаев Семей қаласындағы спортшылар - әйелдер баскетбол командасын, қоян-қолтық күрес және грек-рим күрес бойынша федерациясын үнемі демеумен айналысады, депутат Г.Т. Ибраев Үндістанда болған Азия чемпионатына таэквандо бойынша Семей қаласының жинақ командасын баруына көмек ұсынды. Н. А. Кузьмин жыл сайынғы еске алу марафоны өткізу үшін жауынгер-афганшылардың ұйымына, дауылдан зардап шеккен Согра кентінің тұрғындарына демеушілік көмек ұсынды. В. В. Аксенов «Иван да Марья» көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымының жетекшісіне еңбекақы негізінде үнемі қаржы төлеуді өз жауапкершілігіне алды, «Эллада» жасөспірімдер клубының, Меновное орта мектебінің мәдени және спорт шараларына баруы үшін көлік береді және т.б. Депутат Сыдыковпен Комсомол кентіндегі Қайрат Рысқұлбеков мұражайының ғимаратын жөндеуге көмек ұсынылды. Депутаттар К.А. Мухамадиев, М.А. Штейн, Р.Ж. Рахимова, Н.К. Есенгарин, М.Н. Сандыбаев және т.б. үнемі қайырымдылық және демеушілік қызметпен айналысады. (№8 слайд) Облыстық мәслихатқа үшінші шақырымның басынан бастап барлығы екі мыңнан астам хаттар мен арыздар келіп түсті. Негізінен азаматтардың хаттары уақытында қаралды, оларға толық жауаптар берілді. Депутаттық қызметтің тиімді әдісі ретінде депутаттық сұраным әдісі К.М. Мусин, А.А. Шушков, К.К. Баяхметов, К.М. Жараспаев, К.М. Амурзаков, Б.Т. Адианов, А.В. Степура сынды депутаттармен белсенді түрде қолданылады. Депутаттардың жұмыс нысандарының бірі сайлаушыларды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Халыққа мәлімет үшін «Рудный Алтай», «Дидар» облыстық газеттерінде мәслихат депутаттарымен қабылдау кестесі қабылдау орны мен уақытын көрсету арқылы жарияланды. Өткен жылы депутат Р.Ж. Рахимованың жеке қабылдауында 135 адам болды, депутат Ю.Б. Приходьконың жеке қабылдауында 18 адам болды, депутат К.С. Исембаевпен 19 адам қабылданды. М.К. Телеуов, К.М. Мусин, К.М. Амурзаков және т.б. депутаттардың өздерінде қарым-қатынас телефонымен қоғамдық қабылдау бөлмелері бар, бұл депутаттық өкілеттілігін атқаруда жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Өкінішке орай, сайлаушылардың хаттарына тиісті инстанциялармен үнемі шешімін тауып отырмайды, бұндай жағдайда оларды шешуге басқа жолдар қарастырылады. Көптеген депутаттар өздерінің проблемалары және ұсыныстарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламенті деңгейіне шығады. Есеп беру кезеңінде ғана ҚР Үкіметіне халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселесі бойынша 4 ұсыныс, әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелерімен зейнетақыны төлеу бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік орталығының кейінге қалдырылмайтын проблемалары туралы сұраным, Ертіс өзенімен көпір арқылы өтетін жер учаскесін бөлу мәселесі бойынша депутат К.С. Исембаев шықты, полигондарды төлеу мәселесі бойынша депутаттар М.К. Телеуов, Б.Т. Адианов, орман кенттерінің айналасына өртке қарсы аймақтар құру және елді мекендер орталықтарына өрт сөндіру бекеттерін қалпына келтіру мәселесі бойынша Н.К. Сапарбеков, ауыл тауар өндіру мәселесі бойынша В.П. Колганов шықты. Осы жағдайды пайдаланып, Қазақстан Республикасының Парламентінде біздің облысты көрсететін депутатық корпусқа: сенаторлар Т. Ж. Абайдильдинге, А. В. Гусинскийге, үшінші шақырымның депутаттары-мәжілісмендер: В. Н. Егоровқа, А. А. Милютинге, Е.О. Рахметовке, В. Н.Сухоруковаға, Н. С. Сабильяновқа, В. А. Досқаловқа, Т.Н. Нұрахметовке, олардың аумақтық пробеламаларды шешуге елеулі үлес қосқандары үшін алғыс айтқым келеді. Сессиядағы есепке даярлана, өзіміздің қызметімізді талдай отыра, біз әлі де толықтай жұмысты бітірген жоқтығымызды, болашақта қандай мәселелерге көңіл бөлу қажеттігін түсінеміз. Бұл жұмысқа басқа да жұмыстарға сияқты үйрену, оқу-тоқу қажет. Және тек өзінің қатесінен ғана емес, басқа да мәслихаттардың қателігінен сабақ алу керек. Облыстық мәслихаттың аппараты қалалық және аудандық мәслихаттармен (4 қалалық және 15 аудандық мәслихаттар), олардың аппараттарымен байланысты жүзеге асырады, консультативті-әдістемелік көмек ұсынады, негізгі міндеттерді орындауда көмектеседі. Ағымдағы шақырымда қала аудан маслихаттарының хатшыларын, олардың аппаратарын, сондай-ақ депутаттарды оқытуға үлкен мән беріле бастады. Мысалы, қала аудан мәслихаттарының барлық хатшылары, аппараттарының жұмыскерлері, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін көтеру Аймақтық орталығында оқыды, мәслихат аппараттарының жекелеген хатшылары мен мән жұмыскерлері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында, Алматы қаласындағы «Көмек» компаниясының оқу орталығында оқыды. Облыстық мәслихаттың қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларымен көшпелі семинарлар өткізу жұмыс тәжірибесіне енді. Мұндай семинарлар қалай өзіміздің жұмысымызды жақсы және тиімді етуге болатыны туралы ойландырары және ортақ шешім ойлап табуға әкелері сөзсіз. Мысалы, өткен жылдың шілде айында Катон-Қарағай аудандық мәслихат базасында аудандық қалалық мәслихаттар хатшыларының, облыстық мәслихаттар депутаттарының қатысымен, өкілді органның одан әрі дамуы, біздің аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға бағытталған атқарушы органдармен бірлескен жұмыс мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді. (№ 9 слайд) 2005 жылы бірқатар облыстар депутаттарының бастамасы бойынша Қазақстан мәслихаттары депутаттарының Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды, ол «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» деп аталды. Біздің мәслихаттың барлық 40 депутаты Қазақстан мәслихаттар депутаттары қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылады. Бұл бірлестік барлық деңгейдегі мәслихат депуттатарының өзара әрекеттестігін жақсарту, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дамуда олардың рөлін көтеру, жергілікті биліктің құзырына жатқызылған мәселелерді республикалық билік органдарында мүдделік қорғау үшін құрылды. Өткізілген конституциялық реформалар шеңберінде біз мәслихат рөлінің елеулі күшейгенін айтамыз. Мәслихаттар біздің елімізде жергілікті міндеттерді шешу үшін жергілікті халықпен сайланған жергілікті басқарудың негізі болады. Мәслихаттың өкілеттілігінің мерзімі 4 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды, бұл жергілікті жерлерде биліктің тұрақтылығына себепкер болады. Осылайша, осындай шешімдерге байланысты мәслихаттарға атқарушы органдардың есептілігі күшейтілуде, мәслихаттың саяси рөлі көтерілуде. Бұл орайда біздің қоғамдық бірлестігіміздің, әсіресе, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Республикалық Кеңесінің төрағасы К. М. Медиевтың еңбегі зор. Облыстық мәслихаттың депутаттары жалпысаяси міндеттерінен шет жақта тұрған жоқ, олар Қазақстан Республикасының Жолдауының ережелерін, сайлаушылар арасындағы Конституциялық реформаны насихаттау және түсіндіру бойынша жұмысқа қатысады. Облыстық мәслихаттың тапсырмасы бойынша комиссия мүшелері облыста, сонымен қатар Республикада өткізілетін конференциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, форумдарға қатысады. Депутаттық корпустың белсенділігі, бірлігі, азаматтық кемелділігі Бесқарай ауданының Беген ауылында 2006 жылы күзде болған өрттен зардап шеккендерге көмек ұсыну бойынша акцияға қатысуды бірауыздан қолдағанымен көрінді. Облыстық мәслихаттың депутаттарымен ғана 1273400 тенге көлемінде өрттен зардап шеккендерге көмек ұсынылды. Осыған ұқсас көмек облыстың қалалық және аудандық мәслихаттарының депутаттары және жұмыскерлерімен ұсынылды. Облыстық мәслихат және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттық өкілеттілігін жүзеге асыруда депутаттарға көмек беруді облыстық мәслихат аппараты жүзеге асырады. Аппарат жұмыскерлері тұрақты комиссияға оларға консультативті-әдістемелік көмек ұсыну үшін бекітілген. Әрбір қызметкер жұмыс жоспарларын құрастыруда және комиссия отырыстарына мәселелерді даярлау, сессиялар және комиссия отырыстарына депутаттар мен шақырылғандардың келуін қамтамасыз ету, оларға қажетті материалдарды ұсыну мәселелеріне қатысады. Аппарат жұмыскерлері қабылданған шешімдер және қаулылардың, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің басшыларының мекен-жайына жіберілген депутаттық сұраулар және үндеулердің орындалуына бақылау жасайды. Облыстық мәслихат аппаратында депутаттарға көмек ретінде заңнама бойынша, анықтамалық және әдістемелік материалдармен үнемі ауысып отыратын қажетті компьютерлі техника бар. Атқарушы органдармен іскерлік қызметтестік қалыптасты, бұл депутаттық корпус және облыс алдында тұрған мәселелерді ешқандай қарсылықсыз және қауырт жұмыссыз шешуге мүмкіндік береді. Мәслихат облыс әкімімен, оның орынбасарларымен, облыстық қызметтер басшыларымен, қала және аудан әкімдерімен тығыз қарым-қатынасты реттеді. Әкімдіктің отырыстарында қалааудан мәслихаттар хатшыларының қатысуы өзара ақпарат алмасуды жақсартуға, туындаған мәселерді шешудің жолын табуға көмектеседі. Өзімнің есебімді аяқтай келе, мен барлық депутаттарға, облыс әкімі Карибжанов Жәнібек Сәлімұлына, оның орынбасарларына, департаменттер, басқармалар басшыларына, қалааудан мәслихаттар хатшыларына бірлескен жұмыстарына, біздің алдымызда тұрған проблемалар мен міндеттерді шешуде өзара түсіністік үшін құрмет-алғысымды білдіремін. (№ 10 слайд) Құрметті депутаттар! Сіздер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жауапты кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының үшінші шақырымында депутат болып сайландыңыздар. Сіздер елімізде өткізілген елеулі конституциялық қайта құрылудың тікелей қатысушылары болдыңыздар, ол Қазақстанға демократизация бойынша әрі қарай жылжуға мүмкіндік берді. Облыстың гүлденуіне Сіздерге тән депутаттық қызметтің тәжірибесі, азаматтық жауапкершілік, негізділік, іскери және адамдық сапалар Сіздердің болашақтағы жетістіктеріңіз ықпал етеді деп сенеміз. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік және ырыс-береке тілейміз. Назарларыңызға рахмет! |