Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Глубокое ауданы

Шерубаев Нұрлыбек Әділғазыұлы

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Донское ауылында 1958 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары.

Білімі:
1983 жыл - зооинженер мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты
2008 жыл - құқықтану бакалавры мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
2010 жыл – Халықаралық бизнес университеті. Мемлекеттік және жергілікті басқару дәрежесін иеленді. 
Еңбек жолын 1975 жылдан бастады.
1975-1976 жылдары – әскери қызмет.
12.1978-09.1980 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданындағы Өскемендік шошқа өсіру шаруашылығында оператор, слесарь.
10.1980-11.1980 жылдары – Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы – техникумының комсомол комитетінің хатшысы, Таврия ауданы Саратовка ауылы.
11.1980-02.1984 Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудан комитеті комсомолының комсомолдық ұйым бөлімінің меңгерушісі. Таврия ауылы.
03.1984-01.1988  Шығыс Қазақстан облысы Таврия аудан комитеті комсомолының екінші хатшысы
01.1988-10.1988 Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Компартиясының Таврия аудан комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы
10.1988-04.1991 Таврия ауылы, содан кейін Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Меновное ауыл кеңесінің төрағасы, Меновное ауылы.
04.1991-04.1996 «РУАЛ АГРО» шағын ауыл шаруашылық кәсіпорнының  директоры, Өскемен қаласы.  
04.1996-07.2004 Өскемен қаласы әкімдігінің № 9 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы
07.2004-01.2006 «Асар Республикалық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚ облыстық филиалының хатшысы.
01.2006-03.200 Аягөз ауданының әкімі, Аягөз қ.
03.2007-03.2008 ШҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің табиғатты қоғау бағдарламалары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы директорының орынбасары -  бастық, Өскемен қ.  
04.2008-08.2008 ШҚО әкімінің хатшылығында облыс әкімінің бас инспекторы.
08.2008-04.2009 ШҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөліміне облыс әкімінің бас инспекторы.
04.2009-10.2010 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қ. әкімі аппаратының басшысы, Өскемен қ.
10.2010-01.2012  Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2012 жылғы 25 қаңтарда Глубоке ауданының әкімі болып тағайындалды.

Қызметтік міндеттер:

Ауданның мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен арақатынасындағы мүддесін ұсынады. Облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдарының өңірлік бөлімшелерінің заңдарды, Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындау бөлігіндегі іс-әрекеттері туралы ұсыныс енгізу. Сәйкес тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау,  құрметті және басқа атақтарды беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді. Аудандық мәслихатқа «Глубокое ауданының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді.

Мына лауазымды тұлғаларды лауазымдарға тағайындайды және лауазымынан босатады: аудан әкімінің орынбасарын, аудан әкімі аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әкімдерін.

Аудан әкімінің орынбасарына, аппарат басшысына және құрылымдық бөлімшелер басшыларына, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, сонымен қатар ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді. Ауданның кенттері мен ауылдық округтері әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді. Азаматтардың құқығын қорғау және еркіндігі жөніндегі шаралар қабылдайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қатынасады. Әлеуметтік-мәдени бағыттағы мекемелерге мектепке дейінгі, орта, бастауыш кәсіби білім беру мекемелеріне материалдық – техникалық көмек көрсетеді және демейді.

Бюджетке салық жинауға және басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді. Аудандық мәслихатта бекітуге Республика Үкіметімен бекітілетін, жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымының негізінде ауданды басқару сызбасын ұсынады.

Өзінің құзыры шеңберінде жалпы әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы мәселелер жөніндегі заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

Мәслихатта бекіту үшін ведомствоаралық маңыздағы мәселелер бойынша кеңес беру және кеңесудің дербес құрамын ұсынады. Ауданның прокуратурасымен, аудандық сотпен, ішкі істер бөлімімен, ауданның әділет басқармасымен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, өңіраралық қаржы полициясы бөлімімен қарым қатынасады.

Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің іс-әрекетіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

  Аудандық әкімдікте қабылдау уақыттары: әр дүйсенбі 10-12 сағ..
  Телефоны: 8(72331)2-28-08
  Е-mail: аkim@glubokoe.ukg.kz

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы