|
Бородулиха ауданының әкімі
Акулов Григорий Иосифович - Бородулиха ауданының әкімі
Акулов Григорий Иосифович 1966 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының Медведка ауылында дүниеге келген, белорус, жоғары білімді, 1991 жылы «мал дәрігері» мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген. Институтты бітірген соң Шемонаиха ауданында «Белокаменский» совхозында аға, содан кейін бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылдың қазанында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің (басқармасы) бастығы болып тағайындалды. 1998 жылдың қаңтарында Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына, 2002 жылдың ақпанында Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды. 2008 жылдың наурызынан бастап – «Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы. 2010 жылдың сәуірінен – 2011 жылдың мамырына дейін - Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. Отбасында екі ұл тәрбиелеуде.
2011 жылдың 12 мамырында облыс әкімі Бердыбек Сапарбаевтың өкімімен Бородулиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Әкімдік мекен жайы: ШҚО Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69.
Қабылдау бөлмесі: дүйсенбі, сәрсенбі.
Қабылдау уақыты: сағат 14-00-ден 17-00 дейін.
Телефон: 8(723-51)2-10-34, қабылдау бөлімі 8(723-51)2-13-31
|