Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Бесқарағай ауданының әкімі

Байғонусов Қаликан Байғозыұлы

Қ.Б. Байғонусов 1959 жылғы 2 ақпанда дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, Катонқарағай ауданының Коробиха ауылындағы «Коробиха» кеңшарында тракторшы, 1984 жылы жоғары білім алған соң еңбек жолын автомеханик, МТШ меңгерушісі және 1985 жылдан 1986 жылға дейін Катонқарағай ауданынның Коробиха ауылындағы «Коробиха» кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1986-1988 жылдары «Черняховский» атындағы совхоздың бас инженері, одан әрі өндірістік мәселелері бойынша директорының орынбасары, 1988 жылдан бастап «Черняховский» атындағы совхозының партия ұйымының хатшысы, 1994 жылы Катонқарағай ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994 жылдан 1996 жылға дейін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылындағы «Коробиха» кеңшарының директоры, қызметтерін атқарып, 1998 жылы Катонқарағай ауданының Ақсу ауылдық округінің әкімі лауазымына  тағайындалды. 2001 жылдың қаңтар айынан бастап «Үш бұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2004 жылы облыстық «Мал өндіріс корпорациясы» АҚ-ның өкілі, 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. 2011 жылғы 12 мамырдан бастап
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №70-к өкіміне сәйкес Бесқарағай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Үйленген, екі қыз, екі ұл тәрбиелеуде. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.  

Лауазымдық мiндеттерi: 

Ауданның атқарушы билiгiнiң iс-қимылдарын басқару. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң аудан экономикасын реформалау, қалыптастыру және дамыту жөнiндегi нормативтiк актiлерiнiң орындалуы бойынша келешектегi және ағымды тапсырмаларды шешу.
Қазақстан Республикасы Қазынашылығының аудандық филиалымен өзара iс-қимыл жасау, аудан бюджетiнiң әзiрленуiне басшылық жасау және оның орындалуын бақылау, еңбек ақы, ақша айналымы және несиелеу, келешектегi болжамдау, өндiру күштерiн, материалды -техникалық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану және бөлу мәселелерi. Аудандық прокуратурамен, сотпен және ҰҚК-нiң бөлiмшесiмен iшкi қауiпсiздiк және қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқық тәртiбiн, атқару тәртiбiн нығайту, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстармен күрес мәселелерiн шешуде келiсiлген жұмысты қамтамасыз ету және өзара iс-қимыл жасау. Аудан әкiмдiгiнiң, аудандық экономика және қаржы бөлiмiнiң, төтен-ше жағдайлар жөнiндегi комиссияның, салық комитетiнiң мәселелерi.  Басқару құрылымын, оптилизациялау кадрларды iрiктеу және орналастыру, жер қатынастарын реттеу және әкiмшiлiктiк-аумақтық құрылымын.

Қабылдау сағаты: дүйсенбi 11-00 -ден 13-00-ге дейiн.
Қабылдау бөлiмiнiң телефоны: 9-14-00.
Электронный адрес: kancelyariyarayakimat@rambler.ru

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы