|
Аягөз қаласы
Қала
әкімі
Әлеуметтік-экономикалық дамуы
Виртуалды қабылдау
Сайт: ayagos.vko.gov.kz
Аягөз ауданының төлқұжаты
Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қаласы статусын 1937 жылы алды. Жер көлемі 49558,03 шаршы километр. Аягөз ауданы облыстың оңтүстік жағында орналасқан. Батыста – Қарағанды облысымен, оңтүстікте – Алматы облысымен, солтүстікте – Абай, Жарма аудандарымен, шығыста - Үржар және Тарбағатай аудандарымен шекараласады. Ауданның халық саны 74,0 мың адам, оның 50,7%-ы қалада, қалған 49,3%-ы ауылда тұрады. Қазақтар бүкіл халықтың 98,6% құрайды. Ауданда 21 елолық және 1 кенттік округ бар. Ауданның шекарасы бірқалыпсыз қоныстанған. Халықтың ең көп қоныстанған жері солтүстік-шығыс және шығыста. Ал ең аз қоныстанған жері оңтүстік-батыс ауылдық округтер.
Аудан экономикасында алдыңғы орынды теміржол мекемелері, энергетика, жылу, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және коммуналдық шаруашылық иеленеді. Аудан орталығы Аягөз қаласы Түркістан-Сібір магистралі темір жолының ірі бөлігімен, автомобиль жолдарының маңызды қиылысқан жерлерінде орналасқан. Мұнда локомотив және вагон жөндеу деполары, байланыс, белгі беру және жол дистанциялары, азаматтық құрылыс және сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары орналасқан. Халықтың тіршілігін қамтамасыз етуде ең басты роль атқарып отырған коммуналдық шаруашылық, жылу, энергия және су–канализация мекемелері бар. Аягөз қаласын солтүстікке қарай Ресей, Семей және Өскемен қалаларымен, шығысқа Зайсан бағытына, батысқа Баршатас арқылы Қарағанды қаласына байланыстыратын автомобиль жолдары бар. Ал оңтүстікке қарай Талдықорған және Алматы қалалары, Қытай Халық Республикасына қатынасуға болады.
2011 жылы жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 65000 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 16,7%-ға өсті. Жалақының ең жоғары деңгейі көлік және байланысқа қарасты мекемелерде, ал ең төмені әлеуметтік және коммуналдық қызмет мекемелерінде.
2011 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық өнімдері 10400 млн.теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 2%-ға артты. 16015 тонна ет (тірідей салмақта), 45628 тонна сүт, 539 тонна жүн, 4028 мың дана жұмыртқа өндірілді. Алынған дәнді дақылдардың жалпы көлемі 7848 тоннаны, дәнді күнбағыс 887 тоннаны, картоп 7730 тоннаны, көкөніс 4536 тоннаны құрады.
Барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша 59600 ірі қара бас, оның ішінде аналығы 28129 бас, қой мен ешкі 270400 бас, жылқы 19505 бас, құс 30800.
2011 жылы аудан өнеркәсіптері қолданыстағы бағамен 5300,0 млн. теңгенің тауарлық өнімдерін өндірді. Заттай көрсеткіштер серпінінен есептегенде, өнеркәсіп өнімдері көлемінің нақты индексі 2010 жылға 256% құрады.
2011 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 788 азаматты жұмысқа орналастырды. Тіркелген жұмыссыздар саны 222, бұл 2010 жылғымен салыстырғанда 39 адамға аз. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі 0,6% құрайды.
Құқық қорғау органдары бойынша 2011 жылы 660 қылмыс тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 148,6% құрады. Ашылу деңгейі 70%.
Қазіргі уақытта аудандық орта білім жүйесінде 49 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі және 4 балабақша, 1 өнер мектебі бар. Оның ішінде: 35-і орта мектеп, 14-і шағын комплектілі бастауыш. Барлығы 12643 оқушы білім алады. Барлық мектептер компьютерлендірілген.
Аудан тұрғындарына әр түрлі емдеу – профилактика мекемелерінен медициналық көмек көрсетіледі. 18 жекелеген жанұялық - дәрігерлік амбулаториялар, 32 медициналық пункттер, 2 ауылдық аурухана, 1 тубдиспансер, 1 тіс емханасы, 1 қалалық, 1 аудандық аурухана бар. 2011 жылы денсаулық сақтау мекемелерінде 152 дәрігер жұмыс атқаруда.
Ауданда 46 мәдениет мекемелері бар. Оның 22-сі клуб, 23-і кітапхана және 1 мұражай. Мәдениет үйлерінің материалдық базалары жақсартылған.
|