| Абай ауданының Әкімі
Мүсәпірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы - Абай ауданының әкімі
Тұрсынғазы Мүсәпірбеков 1953 жылдың 8 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар, экономист, политолог, ұлты – қазақ.
Еңбек жолын Торғай облыстық статистика басқармасының бас экономисі қызметінен бастады. Кейін Таскескен аудандық партия қатарында еңбек етті.
Сонымен қатар, бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданының әкімі лауазымында болды. Семей қалалық ауылшаруашылығы Департаментінің, кейін ауылшаруашылығы басқармасының бастығы болды.
2002 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
12 мамыр 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Абай ауданының әкімі болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері:
азақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс Әкімінің аудан экономикасын реформалау, жүргізу және дамытуға бағытталған нормативтік актілерін, қаулыларын, шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттерді шешу. Аудан Әкімі аппаратының қызметіне, әкімдік отырысының жұмысына, ауданның бюджетін әзірлеуге басшылық жасау, жергілікті атқарушы органдар, аудандық прокуратура, сот, ішкі істер, қорғаныс бөлімдерімен қоғамдық саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерін шешуде өзара түсіністікпен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
Ауданның экономикалық, әлеуметтік салаларын реформалауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жүзеге асыруға басшылық жасау. Жергілікті Әкімдерді, аудан Әкімі аппараты қызметкерлерін, жергілікті мекемелердің, ұйымдардың басшыларын тиісті тәртіпке орай іріктеу, тағайындау және қызметтен босату. Кадрларды марапаттау мен Үкімет наградаларына ұсынумен шұғылдану. Аудандағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс мәселелеріне басшылық жасау.
Қызметтік телефоны (872252) 9-16-00.
E-mail: akim@abay.vko.gov.kz
|