Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Риддер қаласы

Қала әкімі

Әлеуметтік-экономикалық дамуы

 Виртуалды қабылдау

Сайт: http://ridder.gov.kz

Тарихи анықтама

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген.

ХХ ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 3387220 шаршы километрді құрайды.

Әкімшілік аумағына 19 елді мекен, бір ауылдық және бір кенттік аймақ кіреді. Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Лениногор ойпаты оңтүстік шығыста «Иванов белдеуі» жотасымен, оңтүстікте-«Проходной белдеуі» беткейлерімен, батыста және оңтүстік-батыста «Синюхин белдеуі» беткейлерімен шектелген.

Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың кен орындарымен, су және орман, құрылыс материалдарын өндіру қорларымен қамтамасыз етілген. Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. Лениногор «шұңқыры» таулы, орманды дала ландшафт өңіріне жатады: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және әртүрлі шөп түрлері көп. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді.

Негізгі өзендері Тихая, Филипповка, Быструха, Громотуха, Журавлиха, Шаравка, басқа да өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Өлкеде суық родон суы көздерінің бар екендігі анықталды, емдік мақсатта пайдалануға болады. Риддерде кен өндіру және түсті металдар өнеркәсібінің салалары дамыған.

Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары, құрылыс фирмалары, тамақ және күту саласындағы кәсіпорындар табысты қызмет атқаруда.

Риддерді қоршаған тамаша табиғат туристік саланы дамытуға, оған тек қана қала тұрғындары емес, облыс, республика, алыс және жақын шет елдердегі туристік ұйымдарды қатыстыруға алғы шарттар толығымен бар. Қала аймағында бірнеше туристік және спорттық базалар орналасқан.


Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы