|
Қала әкімі
Тәукебаев Серік Шауенұлы
1961 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 1986 жылы Қазақ химико-технологиялық институтын бітірген, 2004 жылы Шымкент университетін, 2005 жылы Қарағанды экономикалық университетін инженер-құрылысшы, заңгер, экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы институтты аяқтағаннан кейін «Казстальконструкция» трестінің Жамбылдық басқармасында шебер болып бастады. 1984-1996 жылдары - инженер, құрылыс шебері, құрылыс жұмысының басшысы, құрылыс жұмысының бас басшысы, бас инженердің орынбасары, бас инженер, «Средазтрансстрой» СМП-194 трестінің бастығы, 1996-2001 жылдары-бірінші вице-президент, «Туркестанстроймонтаж» АҚ директоры, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, 2001-2008 жылдары – құрылыс, сәулет және аумақты салу департаментінің бастығы, жер қатынастары басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс атқарды, 2009 жылғы 19 ақпаннан – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
2009 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медальдарымен және «Құрмет» орденімен (2011 ж.) марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы атағы бар.
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру.
Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне басшылық жасау, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтары.
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар, бюджеттің орындалуына бақылау жасау.
Қалалық бюджеттік комиссиясына басшылық ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша, болашақтағы және ағымдағы шешімдерін, міндеттерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаланың дамуы мен қызмет көрсетуі, реформалау жөніндегі шешімдері мен өкімдерін шешу.
Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, қалалық ішкі істер басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, сот органдарымен, әскери прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі департаментімен, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, атқарушылық тәртіп, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес сұрақтарын шешуде келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019 Өскемен қаласы, Пермитина к-сі, 17
Қала әкімінің қабылдау телефоны: 26-35-44
Азаматтар өтініштері бөлімінің телефоны: 26-85-68
Е-mail: akim@oskemen.kz
|