|
ШЕМОНАИХА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Тоқтаров Амангелді Жәмелұлы
1955 жылы мамырдың 24 күні Семей облысы Жарма ауданы Жанғызтөбе кентінде дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1981 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 1972 және 1974 жылдары Алматы қаласының Алматы ағаш өңдеу комбинатында жұмысшы болды. 1974 және 1976 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1976 жыллдан 1981 жылға дейін Алматы халық шаруашылық институтының студенті, 1981 және 1985 жылдары Жанғызтөбе кентіндегі «Қазсельхозтехника» бірлестігінің бас инженері, 1986 жылдан 1988 жылға дейін Жанғызтөбе «Госкомсельхозтехника» базасының инженері. 1988 жылдан 1994 жылға дейін Жанғызтөбе кентіндегі «Госкомсельхозтехника» базасының директоры, 1994 және 1996 жылдары аралығында Алматы қаласының «Казпромэкспорт» сыртқы экономикалық кәсіпорнының бас маманы, 1996 және 1997 жылдары Алматы қаласының «Қазақтемірконтракт» ЖШС директорының орынбасары, 1997 және 1998 жылдары Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының «Майкубен - Вест» ЖАҚ–ның президенті, 1998 жылдан 2000 жылға дейін «Майкубен - Вест» ЖАҚ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры, 2000-2001 жылдары Қарағанды қаласындағы Сәтпаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» каналының бас инженері, 2001 жылдан 2006 жылға дейін Жарма ауданының Жаңаөзен ауылындағы «Арго» шаруа қожалығының басшысы, 2006 жылдан 2010 жылға дейін Қалбатау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарды.
2010 жылдың ақпан айынан бастап Жарма ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдың 12 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.
Лауазымдық міндеттері:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес өкілеттікті жүзеге асыру. Ауданның атқарушы органдары қызметіне басшылық. Ауданның экономикасын реформалау, қызмет аясы және дамуы бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің нормативтік актілерін орындау жөніндегі келешектік және ағымдық міндеттерін шешу. Аудан бюджетін әзірлеуге басшылықты жүзеге асыру мәселесі және оның орындалуын бақылау. Еңбекақы, ақша айналысы және несие беру, келешектік болжамдау, өндірістік күштерді, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері. Ішкі қауіпсіздік пен қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті нығайту мәселелерін шешуде прокуратурамен, сотпен, ішкі істер бөлімімен, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, қаржы полициясымен қарым-қатынас және келісілген жұмысты қамтамасыз ету. Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Аудандық Азаматтық қорғаныс штабының бастығы.
Қабылдау уақыты: айдың әрбір бірінші дүйсенбісі сағат 10-00
Телефон: 8(72332)3-23-00, қабылдау бөлімі 8(72332)3-24-01
|