| Шемонаиха ауданы Аудан әкімі Мемлекеттік мекемелері Әлеуметтік-экономикалық дамуы Виртуалды қабылдау Сайт: shemonaiha.vko.gov.kz АУДАН ТУРАЛЫ 1928 жылы құрылған Шемонаиха ауданы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Глубокии және Бородулиха аудандарымен және Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен шекаралас. Аудан аумағы 4 мың кв. км құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда елу бір мың жеті жүз адам тұрады, халықтың тығыздығы бір шаршы километрге - 13 адамнан келеді. 17 мыңнан астам тұрғыны бар Шемонаиха қаласы әкімшілік орталығы болып табылады. Елді мекендер келесі түрде көрсетілген: бір қала, екі поселке, 37 село. Ауданда 11 әкімшілік-аумақтық бірліктер, соның ішінде 8 ауылдық, 2 поселкелік және 1 қалалық округ. Аудан халқының этникалық құрамы жылдың басында келесі ара қатынаста көрсетілген: 9,6%- қазақтар, 82,8 % - орыстар, 7,6 % - басқа ұлттар. Аудан минералды-шикізат қорларына, ал дәлірек айтқанда құрамында мыс, мырыш, алтын, қорғасыны бар полиметаллды кендерге бай. Ауданның негізгі салалары- ауыл шаруашылығы және тау-кен саласы. 2004 жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 4 миллиард 815 миллион тенгені құрады. Ауданның негізгі өнеркәсіп кәсіпорны болып Мыс-химия комбинаты табылады. Ауданда бұдан басқа өнеркәсіптің салалары айтарлықтай жақсы дамыған. Қайта өңдеу өнеркәсібі ұннан пісірілетін тағамдар, ет және сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындардан тұрады. 24 наубайхана, макарон цехы, 3 пельмен цехы, 3 кондитерлік цех, 46 диірмен және екі жарма тартатын машина өнімдер шығарады. 15-тен астам өнімдер шығаратын екі сүт өнімдер цехы, 20 шақты өнім түрлерін шығаратын үш соғым сою цехы, екі колбаса цехы жұмыс істейді. Соның ішінде олардың бесеуі соңғы екі жылда ашылған. Иртыш жер компаниясы және Казниобий ИХМЗ секілді ауданның екі кәсіпорны - сирек металл және сирек жер өнімдерін өндірумен айналысады. Первомайский механика зауытында ауыл шаруашылық техникасына арналған жабдықтар және металлчерепицалар мен профлисттар даярлайтын өндіріс дамыған. Ауданның агроөнеркәсіптік кешені төрт жүз жетпіс төрт, соның ішінде төрт жүз он алты шаруа қожалығынан, 42 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен, 2 өндіріс кооперативінен, 14 жай серіктестіктерден тұрады. Өткен жылы ауданда 45 мың тонна сүт, 7 мың тонна ет өндірілген, яғни бұл бұдан бұрынғы кезеңнің 102 және 103 %-ын құрайды. 15,9 ц/гек орта астық өнімділігінде, дақылдардың жалпы түсімі 131 мың тоннаны құрады. Күнбағыс 28 мың гек ауданнан жиналды, жалпы түсімі - 31 мың тонна, орта өнімділігі -12,8 ц/гек. Облыс көлемінде бидай және күнбағыс өндіру бойынша үлес салмағы, өткен жылы 20 пайыздан артық болды. Өткен жылда ауыл шаруашылығы тауар өнімдері өндірісі бес миллиард екі жүз жиырма бес миллион тенгені құрады. Ауданның негізгі көлік түрі автомобиль болып табылады. Аудан арқылы негізгі теміржол тармағы өтеді: Защита-Локоть, Семей-Алматы. Аудан қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс желілеріне ие. Ауданның білім беру саласында жалпы білім беретін 35 мектеп, екі колледж, кәсіптік техникалық мектеп бар. Ауданның емдік-профилактикалық мекемелерінің саны 36, соның ішінде 3 аурухана, 2 жанұялық амбулатория, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшер-акушерлік бөлім және 5 стамотологиялық кабинет бар. Мәдениет мекемелері желісі келесі түрде көрсетілген: 1 тарих өлке тану музейі, 1 мәдениет үйі, 15 клуб, 19 кітапхана, 2 стадион, 3 спорт кешені. Біздің ауданымызда тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі және мәдениетінің ары қарайғы дамуы және оны тереңірек зерттеу мақсатында аудандық Достық үйі жұмыс істеп тұр. Шемонаиха ауданының танымал жерлестері - Александр Гаврилович Попов – суретші. 1926 жылы Шемонаиха ауданының Выдриха селосында туған. 1935 жылы жанұясымен Алматыға көшті. 1946-1951 жж Гоголь атындағы көркемөнер училищесінде білім алды. Сурет және сызу мұғалімі және суретші орындаушы мамандығын алды. 1951 жылы Шемонаиха с. № 1 орта мектебінде сурет және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады. Ағартушылық ісіне 24 жылын арнады. 10 жыл көлемінде балалар изостудиясына басқарды. Бірнеше рет республика, облыс, аудан деңгейіндегі көрмелерге қатысты. Попов А.Г.-тің соңғы жеке көрмесі 2001 жылы Шығыс-Қазақстан облыстық өнер музейінде өтті.
- Борис Филиппович Морозов – суретші. 1944 ж Песчанка селосында туған. Мәскеу қ. Н. Крупский атындағы Бүкілодақтық ұлттық университет түлегі, сурет және кескіндеме факультетінде оқыған. 1969 жылы Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі атағына лайық деп танылды. Болгария, Венгрия, Чехославакия, Германияда көрмеге қойылған бір халықаралық және облыстық, республикалық көрменің қатысушысы. 30 жылдан астам «Ласточка» өнертапқыштар өнері балалар студиясын басқарады. Гуманитарлық колледж шығыс филиалының ұстазы. 2005 жылы «Сурет өнері» номинациясы бойынша мәдениетке қосқан үлесі үшін Шығыс-Қазақстан облысы әкімі жүлдесінің иегері.
- Анатолий Степанович Иванов (1928-1999 жж) – жазушы. Шемонаиха селосында шаруа отбасында дүниеге келді. 1950 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Журналист болғаннан кейін «Прииртышская правда» газетінде, «Сибирские огни» журналы редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. 1972 ж. бастап «Молодая гвардия» журналының редакторы. « Алканың өлеңдері», кейінірек шыққан «Мәңгі дауыс», « Тал түсте көлеңкелер жоғалады», «Повитель» шығармалары жазушыны жазушы ретінде танытты. «Мәңгі дауыс» фильміне жазған сценарийы үшін, А. Иванов СССР Мемлекеттік жүлдесі «Социалистік еңбек ері» атағын иеленді.
- Георгий Дмитриевич Гребенщиков ( 1882- 1964 жж.) - жазушы. Көрнекті қоғам қайраткері, АҚШ Оксфорд университетінің философия докторы. Николаевка село кенішінің тумасы ( бүгінгі таңда Шемонаиха ауданы). XX ғасырдың басында Ресейдің үздік беллетристері қатарына кірді. В. Шишков, М. Горький, И. Бунин, Н. Рерих сынды жазушылармен дос болды. 1920 жылы Америкаға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды. 1933 жылы Нобель жүлдесіне ұсынылып, одан И. Буниннің пайдасы үшін бас тартты. Оның шығармалары қатарында «Чураевтар», «Гонец», «Помперагтан келген хат», «Менің Сібірім», «Егордың өмірі» және т.б.
|