|
Үржар ауданының 2009 жылғы 1 тоқсандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Жалпы мәліметтер. Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан. Ауданның жер көлемі мен халқының саны жағынан облыс көлеміндегі ірі ауыл шаруашылығы ауданы. Облыс орталығынан 510 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданның барлық жер көлемі – 2 млн. 340 мың га. Оның ішінде егістік жер – 145 622 га, шабындық - 83 888 га және жайылымдық жер – 1 676 902 га. Халықтың саны – 84 394 адам. 27 ауыл округтеріндегі 55 елді мекені бар.
Ауыл шаруашылығы. Аудан экономикасының негізгі бөлігін құраушы сала ауыл шаруашылығы құрайды, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша 2009 жылдың 1 сәуіріне өнім өндірумен 6 кәсіпорын, 175 шаруа қожалығы, 14494 жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтары айналысады. 2009 жылдың қаңтар-наурыздағы ауданның шаруашылықтарының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 2691,0 тоннаны (2008 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 98,4 пайыз), сүт өндіру 12345,9 тоннаны (101,8 пайыз), тауық жұмырқасын алу-3165 мың дананы (104,1 пайызды) құрады. Аудан халқының орташа жан басына шаққанда 32 кг ет, 146 кг сүт, 37 дана жұмыртқа келеді.
Ет, сүт, жұмыртқа өндіруде негізгі өндірушілер жұртшылық шаруашылықтары болып қалуда, олармен аталған өнімнің аудан көлемінің тиісінше 88 пайыз ет, 91,9 пайыз сүт, 100 пайыз жұмыртқа өндірілді. Ет өндіруде шаруа қожалықтарының үлес салмағы 11,9 пайыз, сүт өндіруде 8,1 пайызын құрайды.
Шаруашылықтың барлық санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 432 кг –ды құрады, 2008 жылдың 1 тоқсанында 435 кг-ды құраған болатын немесе 0,6 пайызға азайды. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларының ішінде шаруашылықтардың барлық санаттарында 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда мал басының барлық түрі өсіп отыр, атап айтқанда: ірі қара малы - 4422 басқа немесе 5,9 пайызға, қой мен ешкі 19086 басқа немесе 7,1 пайызға, жылқы малы 1691 басқа немесе 11 пайызға, құс 12735 немесе 11,1 пайызға, шошқа 76 басқа немесе 0,9 пайызға көбейіп отыр. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2008 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 15415 басты (өсуі 2,3 пайыз), қозы мен лақ – 73990 бас (өсуі 3,9 пайыз), құлын – 1551 бас (өсуі 5,4 пайыз), торапай – 2790 басты (3,5 пайызға кем) құрады.
Ауданымызда жерді өңдеудің жаңа технологиясын, яғни нолдік технологияны енгізуге көп көңіл бөлінуде. 2008 жылы аудан бойынша топырақтың ылғалын және құнарлығын сақтау технологиясымен 5,0 мың га өнделсе, 2009 жылы 10,0 мың гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр.
2009 жылы егістіктерді және қоршаған ортаны әртүрлі зиянкестерден қорғау мақсатында республикалық бюджеттен шегірткеге қарсы 43500 гектар жерге, астықтың зиянды бақашығына қарсы 2000 гектар жерге химиялық жолмен күрес жүргізілмекші.
Аудан бойынша барлығы 2332 әр түрлі маркалы тракторлар бар. Оның ішінде донғалақты тракторлар 1792, шынжыр табандылары 540. Бүгінгі күнге тракторлар дайындығы 95 пайыз, ал ауыл шаруашылық тіркемелерінің дайындығы 100 пайыз. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Аудан әкімінің басшылығымен әр ауылдық округінің әкімідерімен және нақты егін егетін шаруа қожалықтарыдың басшыларымен жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі күнге, кестеге сәйкес ауыл шарушылығы бөлімінің мамандары әр ауылдық округтерге шығып көктемгі дала жұмыстары, субсидия беру тәртібі, ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіру, тұқыммен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылықты несиелендіру, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту және оның дайындығы, жеңілдетілген жанар-жағар май отынымен қамтамасыз ету және әр-түрлі жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу жөнінде мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстар жүргізіліп, жиындар өткізуде.
Өнеркәсіп. 2009 жылдың 1 тоқсанында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағалармен (шағын, қосалқы кәсіпорындары) барлығы 249 830 мың теңге өнеркәсіп өнімдерін өндірді. 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 12,7 пайызға артты. Соның ішінде: кен өндіру өнеркәсібінде «Мадина» ЖШС-гі 16 185 мың теңгенің өнімін өндірді, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірдей қалыпта қалды.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2009 жылдың 1 тоқсанында 186 105 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден өндірістің нақты көлемі 6,1 пайызға артты. Ет және ет өнімдерін өндіру -133,6 пайызды құрады. Өсімдік майы мен тоң май өндіру 100 пайызға ауыл шаруашылық малдарына арналған дайын азық өндіру 107 пайызды, сүт өнімдерін өндіру 100 пайызды құрады, басқа да тамақ өнімдерін өндіру 101,5 пайызды құрады.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 47 540 млн теңгеге өнім өндірілді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетілді, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қатысты алғанда 2,4 пайызға артты.
Инвестиция. Аудан бойынша қосымша бағалауды ескере отырып, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 102 824 мың теңгені құрады және 2008 жылдың қаңтар-наурыздағы деңгейге қатысты алғанда 41,7 пайызға кеміді. Соның ішінде : өңдеуші өнеркәсібі – 6 792 мың теңге (6,6 пайыз); қонақ үйлер мен мейрамханалар – 22 608 мың теңге (22 пайыз), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалгерлік тұтынушыларға қызмет көрсету – 58 130 мың теңге (56,6 пайыз), мемлекеттік басқару – 616 мың теңге (0,6 пайыз), білім – 14 678 мың теңге (14,2 пайыз) құрады.
Бюджет және қаржы. 2009 жылдың 1-сәуіріне бірыңғай қазынашылық шоттағы барлық қалдық қаржы 80 955,2 мың теңге. Соның ішінде 39 278,6 мың теңге мақсатты трансферттерден үнемделген қаржы, 17 836,5 мың теңге ішкі табыстардың артық орындалуы және бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің есеп шоттарындағы қалдық 17 402,5 мың теңге.
Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің жоспарланған сомасы 6 324,0 мың теңге, кассалық орындалуы 4 291,0 мың теңге, немесе 67,8%. 2 033,0 мың теңге Қарақол ауылындағы мектеп құрылысының толықтай салынып бітпеуіне байланысты қалдық қалып отыр.
Несиелендіру. Аудан көлемінде екінші деңгейдегі банктердің 6 филиалы жұмыс істейді. Үржар ауылында Темірбанкісі, Халық банкісі, БТА банкісі, АТФ банкісі, және Казкоммерцбанкісі орналасқан.
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге, шағын бизнес субъектілеріне және халыққа тұтыну мақсатында 2009 жылдың 1 тоқсанында 2 деңгейдегі банкілер және «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы барлығы 68,7 млн. теңгенің несиесі берілді. Бұл 2008 жылдың 1 тоқсанымен (42,9 млн. теңге) салыстырғанда 60 пайызға көбейген.
Инженерлік инфрақұрылым. 2009 жылдың 1-тоқсанында жалпы алаңы 1522 шаршы метр 14 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 182,8 пайызды құрады. (2008 жылдың 1 тоқсанында 669,5 шаршы метрлік 14 үй салынған). Ауылды мекендер бойынша салынған үйлер : Үржар ауылында 11 үй 1312 шаршы метр, Мақаншы ауылында 1 үй 42 шаршы метр, Қаратал ауылында 1 үй 119 шаршы метр, Бестерек ауылында 1 үй 79 шаршы метр құрады. Орта және шағын бизнес нысандары бойынша: Ақжар ауылында 1 қонақ үй салынып, жалпы көлемі 436 шаршы метр, 20 орынға арналған, жалпы құны 22500 мың теңгені құрайды. Үржар, Мақаншы, Қабанбай, Бақты елді мекендерінде жеке тұрғын-үй құрылысын салу үшін, жер телімдеріне сұраныс жоғары. Тұрғын-үй құрылысын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша Үржар ауданында жыл сайын тұрғын-үйлерді пайдалануға беру кестесі жасалған. Жеке тұрғын-үй құрылысын салу, негізінен тұрғындардың өз қаражаты есебінен іске асырылуда. Үржар ауданы аумағындағы құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау жөнінде тұрақты мемлекеттік комиссия құрылған.
Биылғы жылы Үржар ауылының бас жоспарлары бекітіліп, құрылыстар бас жоспарға сәйкес жүргізілуде.
2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында жеке тұрғын-үй құрылысына жер телімдері кедергісіз беріледі. Аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы Үржар ауылында бір шаршы метр құны 56 515 теңге, 1,15 сейсмикалық коэффициентімен 64 992 теңгені құрауда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бір пәтердің орташа ауданы 70 шаршы метрден аспауы міндетті.
2009 жылдың 1 тоқсанында жергілікті маңыздылығы бар автокөлік жолдарын қамтамасыз ету мақсатында (қардан тазалауға) 13 890 мың теңге бюджет қаржы бөлініп, игерілген. Салыстырмалы түрде айтқанда 2008 жылдың 1 тоқсанына қарағанда бюджет қаржысы 2009 жылдың 1 тоқсанында 2 050 мың теңгеге артық бөлінген немесе бюджет қаржысы 17,1 пайызға көбейді.
Пошта. Уржар аудандық пошта торабында 101 жұмыскер жұмыс атқарады. Аудан бойынша 32 пошта байланыс бөлімшелері және 1 жылжымалы пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан орталығы Үржар ауылында 3 пошта бөлімшесі және 1 орталық учаскесі бар. Үржар аудандық пошта торабында электрлік жарыққа, салыққа, несиеге төлем ақыларын қабылдайды және пошталық қызмет көрсету бойынша хат, қаржы аударымдары, мобильдік байланысқа төлем құйылады, газет-журналдарға жазылым ұйымдастырылып халыққа таратылады.
Байланыс. Аудандық байланыс торабы бойынша 2009 жылдың 1 тоқсанында барлығы 459 телефон нүктелері орнатылды, есептік кезеңге 428 телефон нүктелері орнатылуы жоспарланған, немесе жоспар 107,2 пайызға орындалған. 2009 жылдың 1 сәуіріне негізгі телефон аппараттарының бірлігі 11 392 телефонды құрады, соның ішінде:
- Пәтерлік – 10 532 бірлік.
- Бюджеттік – 409 бірлік.
- Кәсіпкерлік – 233 бірлік.
- Жұмыс бапты – 52 бірлік.
- Есеп шаруашылық – 166 бірлік.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2009 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 310 отбасы немесе 1067 адамға 8391,4 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. Әлеуметтік көмектің орта мөлшері әрбір отбасына шаққанда 9,0 мың теңгені құрады. 2009 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны аудан көлеміндегі жалпы халықтың 1,5 пайызын қамтып отыр. Бұл 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайызға яғни 75 отбасыға азайды.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында күн көріс дейгейі төмен 1990 отбасындағы 4944 балаға 18467,7 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалды.
Бұдан тыс, аз қамтылған 523 жанұяға көмір алу үшін 2009 жылдың 1 тоқсанында 3 млн. 386 мың теңге тұрмыстық көмек көрсетілді.
Үржар ауданы әкімдігінің 25.07.2007 жылғы № 207 қаулысымен қабылданған «Үржар ауданында жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес 2009 жылдың 1 тоқсанында материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен 18 адамға 150 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
Аудан әкімінің 2007 жылғы 06 тамыздағы № 227 «Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 18 мектеп бітірушілерге көмек көрсетіліп, 2009 жылдың 1 тоқсанында 2 531, 4 мың теңге мөлшерінде оқу ақысы төленді.
Оқу орынын бітіргеннен кейін, ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандарға (мұғалімдер, медицина қызметкерлері) материалдық көмек көрсету туралы» қаулыға сәйкес 3 жас маманға 360 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық- педагогтік оңалту туралы» Заңына сәйкес ауданда «Шапағат» аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықта 40 мүгедек балаларға қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған қоса құрамында 27 әлеуметтік қызметкерлері бар мүмкіндері шектеулі балаларға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы 139 балаға қызмет көрсетеді. «Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» Ережесіне сәйкес мүгедек балаларға жергілікті бюджеттің есебінен материалдық көмек көрсетіледі, 2009 жылдың 3 айында 96 балаға 2 175 мың теңге көмек тағайындалып, төленді. Төлемдер ай сайын жүргізіліп отырады.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қаулысына сәйкес 2009 жылдың 1 тоқсанында аудандық арнайы комиссияның отырысында барлығы 160 жеке іс жобасы қаралып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық департаментіне бекітуге жіберілді. 2009 жылы 1 090 адамға 12 764, 1 мың теңге өтемақы төленді.
2009 жылдың 1 сәуіріне аудандағы мүгедектер саны – 2 657 адам. >«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 22 бабына сәйкес бөлім мүгедектерді көмекші құралдармен компенсаторлық) және арнайы жүріп тұру құралдарымен қамтамасыз ету жеке оңалту бағдарламасының (ЖОБ) негізінде жүргізіледі. Есепті кезеңде ЖОБ сәйкес 10 мүгедекке Семей протездік орталығына жолдама берілді. «Уба» санаторийіне 8 адамға жолдама беріліп емделуге жіберілді.>
2009 жылдың 01 сәуірінде аудан бойынша тіркелген жұмыссыздардың саны 451 адам, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 29 адамға артық. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді тұрғындарға шаққандағы үлесі 1, 0 % құрайды.
Тұрақты жұмыс орындарына 93 адам орналастырылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтардың жалпы санындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі 64, 1 % құрайды.
Денсаулық сақтау. Аудан халқына 58 емдеу мекемелері, соның ішінде 5 аурухана, 23 ауылдық амбулаториялар және 30 медициналық пунктер қызмет көрсетеді. Оларда 136 дәрігер, 392 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Ауруханалардың төсек қоры 265 бірлікті құрайтын, 5 аурухана қызмет көрсетеді. Олар: Үржар аудандық орталық ауруханасы -120, Мақаншы аудандық ауруханасы - 75, туберкулезге қарсы аурухана - 25, Таскескен ауылдық ауруханасы - 25, Қабанбай ауылдық ауруханасында -20 төсек бірлік орны бар. 10 000 адамға шаққанда төсек орнымен қамтамассыз ету -31,7 пайыз; 2008 жылы аудан ауруханаларда 8516 адам емделді. Аудан бойынша күндізгі стационарда 43 төсек орны бар, оларда 1667 адам емделді.
2009 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 7 дәрігер және 19 орта буынды медицина қызметкерлері кәсіптік қызметін жетілдіру курстарына жіберілді.
Аудан көлемінде 2009 жылы 0 жастан 17 жасқа дейінгі 25106 жасөспірімдер дәрігерлік байқаудан өтуі жоспарланған, 2009 жылдың 1 тоқсанда дәрігерлік байқаудан өткені 2397, денсаулықтарында ақау бар деп анықталғаны 980 бала немесе барлық дәрігерлік байқаудан өткен жасөспірімдердің санының - 40,8 пайызын құрап отыр.
Туберкулез ауруын алдын ала анықтау барысында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 2008 жылы Манту пробасымен – 204 бала тексерілді. 4722 адам флюорографиялық тексеруден өтті. Тексеруден өткен адамдар арасында 2009 жылы 8 адамның туберкулезбен ауыратындығы анықталды.
Білім саласы. 2009 жылдың 1 сәуіріне ауданның мектептерінде 14282 бала оқиды, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда оқушылар саны 734 балаға азайып отыр. (01.04.2008 ж. – оқушылар саны 15016 бала).
Барлығы аудан көлеміндегі мектептерде 1938 ұстаз мұғалімдер қызмет атқарады.
01.04.2009 жылға ауданда 2 мен 6 жас аралығында 6254 бала бар, оның 1143 мектеп алды даярлықпен қамтылған, 206 бала балабақшада тәрбиеленеді.
01.01.2009 жылға ауданда 59 миницентр 1145 баламен қамтылған. Биылғы жылы 1 тоқсанда миницентр саны 68-ке жетіп, оның 13 толық, 55 қысқа мерзімді уақытпен жұмыс істеп, 1614 бала тәрбиеленіп отыр.
01.04.2009 жылға класс саны – 829, 2008 жылмен салыстырғанда (837) 8-ге азайып отыр. 764 класс комплект, 2008 жылдың 1 тоқсанымен (777) салыстырғанда 13-ге кеміп отыр.
78 оқушы денсаулығына байланысты үйде дәріс алады, 34 бала оқуға жарамсыз. Ауданның 4 мектебінде оқушылар механизатор және 6 мектепте «В,С» категориялы жүргізушілер мамандығың алады.
6866 оқушы ыстық тамақпен, соның ішінде 2363 тегін, 5385-і қоғамдық, соның ішінде 270-і тегін тамакпен қамтылған.
Бастауыш сынып оқушыларының 3847-сі ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде : 2252-сі тегін, жергілікті бюджеттен бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 14428,0 мың теңге жалпылай оқуға қамту қорынан 7392,0 мың теңге бөлінді.
Ауданның білім саласының 2009 жылғы 1 тоқсандағы бюджеті 1971,729 мың теңге, соның ішінде мектептердің бюджеті 1 850 975 мың теңге. 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2009 жылдың 1 тоқсанында білім саласының бюджеті 25 пайызға көбейді. Бір балаға шаққандағы шығын 127,7 мың теңгені құрап, 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (107,7 мың теңге) 20 пайызға артты.
Ауданның барлық мектептері компьютерілген, орташа бір мектепке 16 компьютерден келеді.
2009 жылдың қантар-ақпан айында аудандық білім бөлімінде жоспарланған іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылуда. Ғылым негіздерінен оқушылардың пәндік олимпиадалары ұйымдастырылды. Оған 511 оқушы қатысып, 14 оқушының жұмыстары облыстық олимпиаданың сырттай турына жіберілді. Облыстық білім ағарту институтымен Үржар ауылында 40 қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне, 30 сынып жетекшілеріне білім көтеру курстары ұйымдастырылды. Ауданының 453 ұстаздары аттестаталуына байланысты тестілеуден өтті.
Мектептердің өзін-өзі қаржыландыру, оқушылардың ыстық тамағын арзандату, оқушылардың еңбек тәрбиесін дамыту мақсатында 49 мектепке 562,5 га жерлері бар. Аудан мектептері берілген жерді толық және тиімді игеру мақсатында биылғы жылы 20 мектепке жаңа тракторлар, қосалқы техникаларымен бірге алып беруді жоспарлап, оған жергілікті бюджеттен 22 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні техникаларды алу үшін қаржының 30 пайызы игеріліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мәдениет және тілдерді дамыту саласы. Аудан көлемінде 3 мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 4 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Жалпы 2009 жылдың 1 тоқсанында аудандық мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу үшін 1 млн. 464 мың теңге теңге қаржы жұмсалды.
2009 жылы Бахты және Ақжар ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жүргізуге барлығы 40 млн. 569 мың теңге бюджет қаржысы қаралды. Оның ішінде : Ақжар ауылдық клуб ғимаратына – 33 млн. 644 мың теңге, Бақты ауылдық клуб ғимаратына 6 млн. 925 мың теңге.
«Батырлар аллеясына» 2009 жылы 3 млн. теңге бюджет қаржысы қаралды. Оның ішінде : «Батырлар аллеясына» 1 тоқсанда жасалынған жұмыстарға сәйкес 900 мың теңге бюджет қаржысы игерілді.
ШҚО Үржар ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту саласы 2009 жылғы атқарған жұмыстарының негізгі міндеті мен мақсаты көркемөнерпаздар шығармашылығын дамытуға жағдай жасай отырып, ауданымыздың мәдени-рухани деңгейін көтеру жолында мемлекеттік тілімізді, ұлттық өнер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді насихаттау бағытындағы мемлекеттік саясатты жан-жақты жүргізуге негізделді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» тікелей қатысуымен аудандық деңгейде бірнеше мәдени-көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Үржар аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2009 жылға арналған жұмыс жоспарында Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «ҚР тілдер туралы» Заңдарының, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» талаптарын басшылыққа ала отырып, ауданымыздағы мәдениетті қайта түлету, сақтау, уақыт талабына сай дамыту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттей отырып, мемлекеттік мәдени-рухани саясаттың негіздерін мәдени бұқаралық іс-шаралар арқылы аудан жұртшылығына насихаттау бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруда.
Көші-қон және демографиялық жағдай.
2009 жылдың 1 сәуіріне 376 сәби дүниеге келіп (01.04.08 ж. – 361), 161 адам қайтыс болды (01.04. 2008 ж. - 238), табиғи өсім – 215 адам (01.04.2008 ж. - 123).
Есепті кезеңде ауданнан 481 адам көшіп (1 тоқсан 2008 ж. - 512), 244 адам көшіп келген (1 тоқсан 2008 ж. - 173). Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 237 адамға азайған.
Құқық бұзу. 2009 жылдың 1 тоқсанында Үржар ауданының аумағында 38 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2008 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда қылмыс жасау (36) 5,5 пайызға көбейген. Қылмыстық істі ашу 87,2 пайызды құрап, 2008 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға көбейді, 2008 жылдың 1 тоқсанында 86,4 пайызды құраған.
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы Б. Ғалиев
|