Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Үржар ауданның 2008 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Тарбағатай тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан. 2008 жылдың 1 қаңтарына аудандық статистика бөлімінің алдын ала мәліметтері бойынша халықтың саны – 86 267 адам. Елді мекендердің саны – 55. ауыл округтері – 27. Әкімшілік және мәдениет орталығы - Үржар ауылы. Облыс орталығына дейін 510 шақырым, темір жол стансасына дейінгі аралық 172 шақырым.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылдың 9 айында аудан бойынша барлығы 3 707 848,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда 104 109,0 мың теңгеге немесе 2,9 пайызға артық.
2008 жылдың 1 қазанына өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мал басының саны төмендегідей: ірі қара мал – 78 248 бас (өсуі 7,0%), оның ішінде сиыр – 27 879 бас (өсуі 3,5 %), қой мен ешкі – 275947 бас (өсуі 12,5%), жылқы – 17 743 бас (өсуі 5,4%), шошқа – 13 143 бас (азаюы – 0,4%), құстар – 290 798 бас (өсуі 7,4%), түйе – 100 бас (өсуі 5,3%).
Ағымдағы жылдың 9 айында 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 29245 бас (өсуі 5,4%), қозы мен лақ – 124911 бас (өсуі 9,4%), құлын – 6045 бас (өсуі 2,8%), торапай – 11967 бас (өсуі 2,7%).
Аудан бойынша әр жан басына шаққанда ірі қара малы 0,9 бас, қой мен ешкі – 3,4 бас, жылқы – 0,2 бастан айланады.
2008 жылдың 9 айында 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 9287,8 тонна (154,3 тоннаға немесе 1,7 пайызға өскен), сауылған сүт – 56098,8 тонна (1719,5 тоннаға немесе 3,2 % жоғары), жұмыртқа – 13152,0 мың дана немесе 12,7 %-ға өскен, қырқылған жүн – 524,3 тонна (45 тоннаға немесе 9,47%-ға көбейген). Бір сиырдан сауылған сүт 2016 кг немесе 2007 жылдың сәйкес мерізімдегі көлемде.
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы мал тұқымын асылдандыру мақсатында 22 ауылдық округтерде малды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеуде.
Биылғы жылы 3 мал бордақтау алаңдары «Алғабас», «Жас-Қайрат», «Бәкей» шаруа қожалықтарының негізінде ашылып өндірілген 35 тонна сиыр етіне мемлекет тарапынан 4 045,0 мың теңге субсидия төленді. Оның ішінде «Алғабас» шаруа қожалығы 2 915,0 мың теңге, «Жас-Қайрат» 1130,0 мың теңге алды. «Бәкей» шаруа қожалығы 22 тонна сиыр етіне, 8 тонна қой етіне, «Жас-Қайрат» шаруа қожалығы 25 тонна сиыр етіне құжаттарын дайындауда.
2008 жылы облыстық бюджеттен Ақшоқы ауылдық округіндегі «Бәкей» шаруа қожалығы 20,0 млн.теңге қаражат алып, бүгінгі күннің талабына сай мал соятын пунктпен мал бордақтау алаңын салуда.
Алтыншоқы ауылында «Шығыс-Ет» ауыл шаруашылық кооперативін ашу мақсатында 80,5 млн. теңге несие алып мал соятын пунктке қажетті құрал-саймандар, тоңазытқыш агрегаттары мен рефретжаторлар, КАМАЗ автокөлігі алынды. Аталған кәсіпорын үстіміздегі қараша айында толық жұмысқа қосу жоспарлануда.
Бәсекеге лайықты өнім шығару мақсатында аудан көлемінде «Швабские колбаски» ЖШС және «Восток-молоко» серіктестіктері кластерлік бағытта жұмыс істеуде.
Үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Швабские колбаски» ЖШС-гі 83,8 тонна сиыр етін, 45 тонна шошқа еттерін қайта өңдеп 393 тонна шұжық өнімдерінің 30-дан астам түрлерін шығаруда.
«Восток-молоко» ЖШС ағымдағы жылда аудан халқынан 796,5 тонна сүт дайындап одан сары май, ірімшік өнімдерімен аудан халқын қамтамасыз етуде.
Аудандағы шаруа қожалықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы Ново-Андреевка ауылдық округінде «Некрасовка и К» шаруа қожалығы тұқым шаруашылығы статусын алды. Жаңа-Тілек ауылдық округінде «Ынтымақ» ауылдық су тұтынушылар кооперативі құрылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.
Көктемгі егіс жұмыстарына кеткен шығындардың қайтарымы ретінде ауданға мемлекет тарапынан 185,0 млн. теңге субсидия, сол сияқты 2600 тонна жеңілдетілген жанар жағар май бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда субсидия 2,2 есе көп бөлінді.
2008 жылы Үржар ауданы бойынша көктемгі егілген егіс көлемі төмендегідей: барлық жаздық егістік 110277 га, оның ішінде дәнді дақыл 59431 га күнбағыс 39383 га, сафлор 92 га, соя 158 га, картоп 2241 га, көкеніс 1491 га, бақша 598 га, бір жылдық шөп 6420 га, көп жылдық шөп 2665 га.
Биылғы жылғы ауа райының құрғақшылығына байланысты егін алқабына үлкен зиян келтірілді. Осыған байланысты 25994 га дәнді дақылдар және 19490 га майлы дақылдар есептен шығарылды.
Орылған дәнді дақыл көлемі: бидай 27383 га орылып, 1 гектардан алынған өнім 2,9 ц, барлық жиналған өнім мөлшері 7893 тонна, арпа 5409 га орылып, 1 гектардан алынған өнім 3,6 ц, барлық жиналған өнім мөлшері 1924 тонна, сұлы 620 га орылып, 1 гектардан алынған өнім 4,5 ц, барлық жиналған өнім мөлшері 282 тонна. 2008 жылы 20400 га сүрі жер өңделіп, 1466 га күздік бидай егілді. Биылғы жылғы қыстамаға аудан бойынша 172900 тонна шөп дайындалып, берілген тапсырма 102 пайызға орындалды. Бұған қосымша 3000 тонна сабан дайындалды.

Өнеркәсіп 2008 жылдың 9 айында аудан бойынша 644 811,0 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда 4894 мың теңгеге кем өндірілді (2007 ж. 9 айында – 649 705,0 мың теңге болған). Өнімнің нақты көлемінің индексі салыстырмалы түрдегі бағамен есептегенде өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім 2,5 пайызға кеміді немесе 97,5 пайыз құрады.
«Швабские колбаски» ЖШ серіктестігі 158 536,0 мың теңгенің өнімін өндіріп, 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 15,2 пайызға азайды. «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімі 60 704,0 мың теңге немесе 50,7 пайызға өскен (2007 ж. 9 айында – 40 286,0 мың теңге болған).

Бюджет және салық Аудан бойынша 2008 жылдың 9 айына жобаланған бюджеттік шығындары 2 353 995,3 мың теңге, кассалық шығыс – 2 258 697,1 мың теңге немесе игерілуі 96 пайызды құрады. Игерімеген қаржы – 95 298,2 мың теңге. 2007 жылдың сәйкес мезгілінде 92,2 пайызға игерілген.
Аудан бойынша 2008 жылғы 9 айдың жергілікті бюджеттің кірістер түсімдерінің нақтыланған жоспары 348 384 мың тенге, орындалғаны 369 590 мың тенге, немесе 106%, оның ішінде салықтық түсімдердің болжамы 336 828 мың тенге, орындалғаны 359 799 мың тенге немесе 107%; салықтық емес түсімдердің болжамы 2 237 мың тенге, орындалғаны 2 091 мың тенге немесе 93%; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің болжамы 9 319 мың тенге, орындалуы 7 680 мың тенге немесе 82%.
Бекітіп берілген салықтар мен алымдардың жоспары 112 261 мың тенге, орындалуы 127 687 мың тенге немесе 114%. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда бекітіліп берілген түсімдер 29 282 мың тенгеге артты немесе 135 %.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығының, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердін мүлкіне салынатын мүлік салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын көлік салығының жоспардан артық орындалуына, аудан кәсіпкерлері мен басқа да салық төлеушілердің өндірістегі негізгі құралдары мен автокөліктерінің көбеюі, салықтық әкімшіліктендіруді жақсарту және қадағалау жұмыстарын күшейту оңды ықпал етті. Бюджетке артық төленген немесе негізсіз түскен түсімдер жоқ.

Несиелендіру. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге және шағын бизнес субъектілеріне 2008 жылдың 9 айында 2-ші деңгейдегі банктер және «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы барлығы 704 390,0 мың теңгенің несиесі берілді. Бұл 2007 жылдың 9 айымен (648 747,0 мың теңге) салыстырғанда 108,6 пайызды құрады. Соның ішінде «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 2007 жылдың 9 айында 87 440,0 мың теңге несие берілсе, биылғы жылдың 9 айында 92 790,0 мың теңге немесе 6,1 пайызға несие артық берілді.

Инвестициялар 2008 жылдың 9 айында жаңадан іске қосылған негізгі қорлардың сомасы 272 139,0 мың теңге құрап 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 128 261,0 мың теңге немесе екі есеге өсті. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі - 2 880 622,0 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен - 2 421 916,0 мың тенге (барлық көлеміндегі үлесі – 84,1 %), жергілікті бюджеттен - 190 417,0 мың тенге (6,6%), мекемелердің жеке қорларынан - 267 811,0 мың тенге (9,3%). 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда құйылған инвестициялардың көлемі 18,6 пайызға артты.
2007-2009 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «Таза су» Бағдарламасы бойынша Үржар (2 кезек), Көктерек, Жаңа Тілек, Тас-Арык, Алтыншоқы, Көлденен және Науалы ауылдарында су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылға осы су құбырларын қайта жөндеуден өткізуге – 313 514,0 мың теңге жоспарланған. Ағымдағы жылдың 9 айында 265 566 мың теңге жоспарланған, 2008 жылдың 1 қазанына 202 049,9 мың теңге игерілген немесе 64,4 пайызды құрады.

Инженерлік инфрақұрылым. 2008 жылдың 9 айында жалпы алаңы 4476 шаршы метрлі 58 тұрғын үй пайдануға берілді, бұл 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда 191,8 пайызды құрады.
2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру мақсатында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері кедергісіз беріледі. Осы бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы Үржар ауылында Жамбыл көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы салынуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен есебінен 9009,0 мың теңге бөлінген.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 2 асхана, 1 базалық стансасы, 2 гараж, 2 демалыс үйі, 3 дәріхана, 3 доңғалақ желімдеу цехы, 15 дүкен, 1 дүкен қоймасы, 4 кафе, 2 мал қашары, 2 мешіт, 2 монша, 1 МТМ, 1 өндірістік база, 1 СТО барлық құны 111,4 млн. теңге тұратын 42 нысан салынып пайдалануға берілді.
Бүгінгі күнге ауданда 61 қоғамдық тамақтандыру орындары, 473 дүкен, 80-нен аса тұрмыс қажетін өтеу орындары, 38 май тартатын цехтар, 9 диірмен, 12 наубайхана, 27 дәріханалар жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде. Азық-түлік сату дүкендердің саны жылдан жылға артуда. Егер, 2000 жылы 161 дүкен болса, бүгінгі күні олардың саны 470-тен асып отыр.

Жергілікті маңызы бар жолдар 2008 жылы аудан бюджетінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 92 004,0 мың теңге қарастырылған. Жергілікті маңызы бар жолдарды осы жылдың қыс мерзімінде ұстауға 15000,0 мың теңге қарастырылып, оның 12376,0 мың теңгесі игерілді. Ағымды жөндеу жұмыстарына 76 504,0 мың теңге қарастырылған.
2008 жылдың 16 қазанына жергілікті маңызы бар жолдарда және елді мекендердің ішіндегі көшелерінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген: «Мақаншы-Жалаңашкөл» қашықтығы 81 шақырым автожолға 62 373,0 мың теңге бөлініп, оның 59 997,0 мың теңгесі игерілген. Елді мекендер ішіндегі көшелерді ағымды жөндеуге 14 131,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге Үржар ауылындағы Абылайхан даңғылы, Сейфуллин, Қабанбай, Игембаев, Жамбыл, Семушкина, Павлов, Панкратов, Старокожев және Воронков көшелерінің 7218 м2 шұңқырларына 847 тонна асфальт жабылып және жөндеуден өтіп, қарастырылған қаржы толығымен игерілді.
«Үржар-Новотроицкое» жолының Қарабұйрат ауылындағы көпірді ағымды жөндеуден өткізуге 500,0 мың теңге қарастырылп толық игерілді.
Үржар ауылының ішінде жол тәртібін сақтау мақсатында Абылайхан даңғылындағы Гагарин, Воронков және Игембаев көшесінің қиылысында бағдаршамдар орнатылып, 5 800,0 мың теңге игерілді.
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін бюджеттен 3 780,0 мың теңге бөлінген, бүгінгі күнге 3 285,0 мың теңгесі игерілді. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге және тазалықты ұстауға бюджеттен 4 987,0 мың теңге бөлінген, оның 4 125,0 мың теңгесі игерілді.
Ауданның елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 2 912,0 мың теңге қарастырылып, оның 2 472,0 мың теңгесі игерілген.

Байланыс. 2008 жылдың 1 қазанына аудандық телекоммуникация торабы стансасының пайдаланымдағы сыйымдылығы 10080 нөмірді құраған. 2008 жылдың 9 айының телефон орнату жоспары 141,5 пайызға орындалған немесе 126 негізгі телефон аппараты құрылды. Негізгі телефон аппараттарының өсімінің жоспары 121,2 пайызға орындалды. Мақсатты жұмыс жүргізу нәтижесінде барлық жоспарлы көрсеткіштер орындалды; кіріс жоспары – 100 пайызға, кассалық жоспар – 102 пайызға, смарт-карта жоспары 143,7 пайызға орындалды. 25 елді мекендерде жеке тұлғалармен байланыс қызметін көрсететін келісім-шарт жасалынды.
2007 жылдың сәуір айынан бастап ауданымызда ADSL технологиясы арқылы Интернетке жоғарғы жылдамдықпен қол жеткізетін Мегалайн қызметі көрсетілуде. 2008 жылдың 9 айында Мегалайн қызметіне 81 орнатуға өсіп жоспар 100 пайызға орындалды. Ауданда 28 сервистік қызмет көрсету пунктері бар. Мақаншы, Қабанбай ауылдарына байланыс сапасын жоғарту мақсатында сандық стансасы орнатылды. Қабанбай ауылына 30 метрлік биіктікте РРЛ мачта орнатылды. Қазіргі уақытта радио-релейлік жүйесінің аппараттарын орнатуы жалғасуда. 2008 жылдың қазан-қараша айларында кезекте тұрған абоненттердің санын азайту үшін сымсыз WLL жабдығын енгізу жоспарланған. Осы арқылы сыйымдылығы 855 телефон нүктесі, яғни 641 телефон: Мақаншы, Қабанбай, Қарабұлақ, Барлық-Арасан, Алакөл демалыс аймағында және 214 телефон нүктесі: Айтбай, Теке бұлақ, Лай бұлақ ауылдарында орнатылды.

Әлеуметтік қорғау. Күн көрісі кедейлік шегінен төмен отбасылар мемлекеттік атаулы көмек түрінде көрсетілетін әлеуметтік жәрдем алады.
2008 жылдың 1 қазанына аудан бойынша аталған көмекті 487 отбасындағы 1645 алушыға 28 857,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 2007 жылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмектің көлемі 24010,3 мың теңге болған. Халықты әлеуметтік көмекпен қамту 20,2 пайызға өсіп отыр.
2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейінгі балалары аз қамтылған отбасылар балалар жәрдемақысын алуда. Ағымдағы жылдың 9 айында 2 409 отбасындағы 5 877 балаға 49 315,8 мың теңге жәрдемақы тағайындалған. 2007 жылдың 9 айында 2589 отбасындағы 6178 балаға 44433,1 мың теңге жәрдемақы төленген. Өсуі – 10,9 пайыз.
Аз қамтылған отбасылар бұдан басқа тұрғын үй көмегін алады, аталған есепті мерзімде 751 адамға 7736 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалған, ал 2007 жылдың 9 айында 1016 адамға 2040 мың теңге төленген. 2008 жылдың 1 қазанына 39 адамға 438 мың теңге материалдық көмек бөлінген.
Аудан әкімінің 2007 жылғы 6 тамыздағы №227 «Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 19 мектеп бітірушіге көмек көрсетілген.
Оқу орынын жаңадан бітіріп, ауылда жұмыс істеуге тілек білдірген 3 жас маманға 360 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық- педагогтік оңалту туралы» Заңына сәйкес ауданда «Шапағат» аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықта 40 бала қызмет түрлерін алады. Сонымен қатар 27 әлеуметтік жұмыскері бар мүмкіндері шектеулі балаларға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік көмек бөлімшесі 150 балаға қызмет көрсетеді. «Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» Ережесіне сәйкес мүгедек балаларға жергілікті бюджеттің есебінен материалдық көмек көрсетіледі, 2008 жылдың 9 айында 98 балаға 6 338,0 мың теңгеге көмек көрсетілген.
2008 жылдың 15 қазанынына Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың 36 478 жеке іс макеті түскен, оның ішінде 17 117 жеке іс макеті 2008 жылы өткізілді. Ағымдағы жылы 14 797 азаматқа 180 072,6 мың теңге өтемақы төленген.
2008 жылдың 1 қазанына ауданда 2824 мүгедек адам бар. Жеке оңалту бағдарламасының (ЖОБ) негізінде есепті кезеңде сәйкес 14 мүгедек адамға жолдама берілген. 23 мүгедекке кресло-арба бөлініп, 46 мүгедек ортопедиялық аяқ киім алу үшін жолдама алған.
Халықты тұрақты жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың жаңа формалары жетілдірілуде. Аудан бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 5,0% құрайды. Жыл басынан бері жұмысқа орналасу мәселесімен 350 адам келді, олардан басқа жұмыспен қамту және еңбек қатынастары мәселелері бойынша 309 адам кеңес берілді. 2008 жылдың 1 қазанына аудан бойынша тіркелген жұмыссыздардың саны 435 адам, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 22 адамға кем. Тіркелген жұмыссыздардың экономикалық белсенді тұрғындарға шаққандағы үлесі 1,0% құраған, немесе бұл 2007 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 0,1% кем.
Тұрақты жұмыс орындарына 296 адам орналастырылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша келген азаматтардың жалпы санындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі 84,6 % құраған немесе бұл орташа облыстық көрсеткіштен 0,9 % артық.
Төлемді қоғамдық жұмыстарға 451 адам жіберіліп, ауылды көгалдандыру, ауру және қарт адамдарға күтім жасау, құқық тәртібін сақтау, ғимараттарды күзету, маусымдық жылыту және басқа жұмыстармен шұғылдануда. Жыл басынан бері 82 адам «ВС» категориялы жүргізуші, сервистік қызмет көрсету шебері, хатшы-референт, аспазшы, тігінші, газбен электрмен дәнекерлеуші, тракторшы-машинист мамандықтары бойынша кәсіби дайындыққа жіберілді. Олардың барлығы да аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққандар, 43 –і әйелдер, 23-і 24 жасқа дейінгі жастар.

Денсаулық сақтау. Аудан халқына 2 медициналық бірлестіктің 58 емдеу мекемелерінде 134 дәрігер, 379 орта медициналық қызметкерлер медициналық қызмет көрсетеді.

Білім саласы. Ауданында жалпы орта білім беретін 59 мектеп бар, олардың 47 орта, 6 негізгі, 6 бастауыш, 42 шағын комплектілі, 47 таза қазақ тіліндегі, 12 қазақ және орыс тіліндегі мектептер және 4 балабақша, «Айналайын» (Үржарда), «Күншуақ» (Мақаншы), Науалы ауылында және Бестерек ауылындағы мектеп-бақша, бір мектеп жанындағы Интернат, Науалы балалар үйі, балалар музыка мектебі, спорт мектебі, №20 кәсіптік-техникалық мектебі.
Биылғы оқу жылында 15645 бала (2007ж. - 16367) оқуға қамтылды, оның 14496-сы (2007ж. - 15190) 1-11 сыныпта, 1149-ы (2007ж. - 1177) мектепалды даярлық тобында. 12 толық мерзімді шағын орталықтарда - 343 бала (2007 ж. - 275) (Ақтанберді ОМ, Игенбай ОМ, Жүзағаш ОМ, Қарақол ОМ, Крупская ОМ, Майлин ОМ, Мақаншы ОМ, Науалы ОМ, Төлеубеков ОМ, Тұрлыханов ОМ, Көлденең ОМ, Қарабұлақ ОМ), 52 қысқа мерзімді шағын орталықтарда 908 бала (2007 ж. - 870) тәрбиеленуде.
Биылғы жылы Бірыңғай Ұлттық Тестің 4 пән қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші – 49,63 балл, 5 пән қорытындысы бойынша – 60,17 балл құрады.
Бастауыш буында 1-4 сыныптарда 5132 оқушы, орта буында 5-9 сыныптарда 7375 оқушы, жоғарғы буында 10-11 сыныптарда 1989 оқушы, бала бақшада 206 бала. Денсаулық жағдайына байланысты 78 бала үйде оқытылады, денсаулық кемістігіне байланысты 34 оқушы оқуға жарамайды, жергілікті жерлер бойынша 428 оралман бала оқуға қамтылды, 21 оқу-консултациялық пунктінде 75 бала кешкі мектепте оқиды. Аудан бойынша 829 класс, 764 класс комплекті бар. Аудан мектептерінде 1932 мұғалім қызмет атқарады, олардың ішінде 1617 жоғары білімді, 315 арнаулы орта білімді. Квалификациялық санаты бойынша: жоғарғы санатты 111, бірінші санатты 609, екінші санатты 658, санаты жоқ 554 мұғалім бар.
4 мектепте Горький ОМ, Майлин ОМ, Тұрлыханов ОМ, Игенбай ОМ ауыл механизаторы мамандығы бойынша оқытады, 6 мектепте Абай ОМ, Крупская ОМ, Төлеубеков ОМ, Науалы ОМ, Сейфуллин ОМ, Найманбай ОМ «ВС» категориясы бойынша жүргізушілер дайындайды.
Ыстық тамақпен 3700 оқушы қамтылған, оның ішінде 417 жалпы оқуға қамту қорынан, 74 демеуші тарапынан тегін, қоғамдық тамақпен 6130, оның ішінде 119 тегін тамақпен қамтылған.
Барлық мектептердің 1-11 сыныптары жаңа буын оқулықтарын пайдаланады, Абай орта мектебінде лицей сыныбы жұмыс атқарады. 15 мектепте Абай ОМ, Мақаншы ОМ, Найманбай ОМ, Сейфуллин ОМ, Қарақол ОМ, Ақтанберді ОМ, Тұрлыханов ОМ, Төлеубеков ОМ, Алтынсарин ОМ, Игенбаев ОМ, Қарабұта ОМ, Егінсу ОМ, Қарабұлақ ОМ, Горький ОМ, Крупская ОМ пәндерді тереңдетіп оқыту жүргізіледі.
Жаңа буын оқулықтары мен қөркем әдебиеттерді сатып алумен оны жеткізуге жергілікті бюджеттен 30 099,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Биылғы жылы «100 мектеп, 100 аурухана» салу бағдарламасы аясында білім саласында 2007 жылдың желтоқсан айында Бестерек ауылында 420 орындық мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылды. Жалпы сметалық құны 711,3 млн. теңгелік Қарақол ауылындағы 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы биылғы жылы желтоқсан айында іске қосылуы жоспарда. Сметалық құны 775 млн. теңгелік Благодарное ауылындағы 320 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталды.
Мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға 2008 жылы жергілікті бюджеттен мультимедиалық-лингофон кабинеті 3 мектепке (Игенбай ОМ, Хасенов ОМ, Қаратал ОМ) 16 743,0 мың.теңгеге, физика кабинеті 1 мектепке (Крупская ОМ) 4 423,0 мың.теңгеге, химия кабинеті 1 мектепке (Жүзағаш ОМ) 3 267,0 мың.теңгеге, биология кабинеті 1 мектепке (Егенбаева ОМ,) 3 706,0 мың.теңгеге, еңбек шеберхана 2 мектепке (Крупская ОМ, Ақтанберді ОМ) 3 346,0 мың теңгеге, медициналық кабинеті 6 мектепке (Сейфуллин ОМ, Науалы ОМ, Төлеубеков ОМ, Көкөзек ОМ, Тұрлыханов ОМ, Бахты ОМ) 1 200,0 мың.теңгеге, білім бөліміне 1 УАЗ-22069 авто көлігі 1 560,0 мың теңгеге, 2 мектепке (Науалы ОМ, Ауезов ОМ) 2 516,0 мың теңгеге, 16 мектеп бухгалтерлеріне компьютер 2 373,0 мың теңгеге, Білім бөліміне 3 компьютер 340,0 мың теңгеге сатып алынды. Республикалық бюджеттен мультимедиалық-лингофон кабинеті 2 мектепке (Егінсу ОМ, Жарбулақ ОМ) 11 083,0 мың теңгеге, ал 13 мектепке (Алтыншоқы ОМ, Майлин ОМ, Мақаншы ОМ, Некрасовка ОМ, Жарбулақ ОМ, Алтынсарин ОМ, Ауезова ОМ, Ақшоқы ОМ, Қазымбет ОМ, Барқытбел ОМ, Бахты ОМ, Кішкенетау ОМ, Жанай ОМ) физика кабинетері 45 642,0 мың теңгеге, интерактивті тақта 4 мектепке (Абай ОМ, Горький ОМ, Жансүгіров ОМ, Крупская ОМ) 4 800,0 мың.теңгеге сатып алынды.
Күрделі жөндеу жұмыстарына 5 объектке 19 383,00 мың.теңге жұмсалды. Ал ағымды жөндеу жұмыстарына 18 027,7 мың теңгеге қаржы бөлінді.
Аудан мектептері 98% компьютерлік техникамен жабдықталған. Интернет желісіне 57 мектеп қосылған, яғни 97% құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда Қазымбет ОМ Интернет желісіне қосылу үшін спутник арқылы құрылғысы алынған. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 13 қазандағы №995 Қаулысымен бекітілген «ҚР 2007-2009 жылдары ақпараттық теңсіздікті төмендету» Бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 4 мектепке (Бахты, Алтыншоқы, Ақтанберді, Сейфуллин ОМ) 10 данадан жаңа компьютерлік техникалар алынды. Осы бағдарлама негізінде биылғы жылы 1878 адам компьютерлік сауаттылық курсынан өтті.
Жергілікті бюджеттен 55 мектепке көмір алуға 50725,0 мың теңге, 3 мектепке сұйық отын алуға 10657,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні мектептерге 7050,3 тонна көмір, 41982,0 литр сұйық отын жеткізілді.
Биылғы жылы 49 мектепке 533,5 га жер берілді, оның 145 га игеріліп, одан 74,1 тонна картоп, 1,8 тонна бидай, 1,425 тонна сәбіз, 85 кг қызылша, 0,5 тонна пияз, 0,140 тона қияр, 0,125 тонна қызанақ, 20 тонна қарбыз, 5,5 тонна қауын (діңке), 4,7 тонна асқабақ, 2,7 тонна орам жапырақ өнімдері өндірілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы. 2008 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жұмыстардың негізгі міндеті мен мақсаты көркемөнерпаздар шығармашылығын дамытуға жағдайжасай отырып, ауданымыздың мәдени-рухани деңгейін көтеру жолында мемлекеттік тілімізді, ұлттық өнер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлі насихаттау бағытындағы мемлекеттік саясатты жан-жақты жүргізуге негізделген.
Аудан жұртшылығының ұлттық кескін-келбетін сақтап, мәдениетін дамыту мақсатында мемлекеттік, кәсіби және халықтық мерекелерді жоғары деңгейде, аудан бойынша өткізу дәстүрі жолға қойылған. Атап айтқанда: Жаңа жыл, 22 Наурыз, 8 Наурыз, «Жауқазын», Қарттарым -асыл қазынам, 1 мамыр - халықтар бірлігі күні, Конституция күні, Үржар ауданының 80 жылдығы, Тәуелсіздік күні, Республика күні, оралмандар күні және тағы басқалар.
2008 жылға мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу өткізуге 96827,0 мың теңге қарастырылған. Атап айтқанда: Үржар аудандық мәдениет үйіне – 31 354,0 мың теңге, Мақаншы ауылдық мәдениет үйіне – 46863,0 мың теңге, Науалы ауылдық клубына – 14217,0 мың теңге, Көкөзек ауылдық клубына – 3088,0 мың теңге, «Батырлар аллеясына» - 7000,0 мың теңге.
Материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2758,9 мың теңгеге музыкалық қондырғылар және компьютер сатып алынды. Бұдан басқа ағымды шығындарға тиісті қаражат жұмсалды.
Сонымен қатар, ауданда 3 Мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, барлығы 4 кітапхана барлығы 13 әлеуметтік маңызы бар нысандар халық игілігіне пайдалануда.
Ауданымыздағы мәдениетті қайта түлету, сақтау, уақыт талабына сай дамыту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттей отырып, мемлекеттік мәдени-рухани саясаттың негіздерін мәдени-бұқаралық іс-шаралар арқылы аудан жұртшылығына насихаттау бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруда.

Көші-қон және демографиялық жағдай. 2008 жылдың 01 қазанына ауданда 1275 сәби дүниеге келіп (01.10.07 ж. – 1066 сәби), 568 адам қайтыс болды (01.10.07ж - 607), табиғи өсімі – 707 адам (01.10.07 ж. – 459 адам).
Есепті кезеңде ауданнан 2061 адам көшіп кетіп (2007 ж. 9 айында – 1853 адам), 1313 адам көшіп келген (2006 ж. 9 айында - 377 адам). Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 748 адамға азайды (2007 ж. 9 айында – 1476 адамға азайған).

Құқық бұзу. 2008 жылдың 9 айында жедел-қызметтік әрекетінің нәтижесінде Үржар ауданының аумағында 158 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2007 жылдың 9 айымен салыстырғанда (194 қылмыстық іс) 18,5 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашу 79,8 пайызды құрап, яғни 1,5 пайызға жоғарлаған.


Қылмыс түрі

2007 ж.
9 айы

2008 ж.
9 айы

+,-

 

Тіркелген қылмыстық іс - барлығы

194

158

-36

 

соның ішінде:

 

 

 

1

Адам өлтіру

5

1

-4

2

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

8

5

-3

3

Зорлау

5

6

+1

4

Қарақшылық

5

2

-3

5

Тонау

6

12

+6

6

Бөтен затын ұрлау

46

59

-13

7

Пәтер ұрлығы

23

16

-7

8

Мал ұрлығы

4

11

+7

9

Бопсалау

1

1

0

10

Бұзақылық

41

24

-17

11

Есірткі

1

3

+2

12

Көлік оқиғасы

28

26

-2

 

Үржар ауданының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы