|
Үржар ауданының 2008 жылғы 1 жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы АНЫҚТАМА
Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде мал шаруашылығы құрайды. 2008 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша барлығы 2 423 393,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 60 594,0 мың теңгеге немесе 2,5 пайызға артық.
2008 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша 2007 жылдың тисті кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрі өсіп отыр. Атап айтсақ, ірі қара малы 82323 бас (өсуі 7,5 пайыз), оның ішінде сауын сиыр - 27879 бас (өсуі 3,5 пайыз), қой мен ешкі - 299872 бас (өсуі 11,6 пайыз), жылқы - 18673 бас (өсуі 5,8 пайыз), құстар - 381140 бас (өсуі 8,5 пайыз), түйе - 100 бас ( өсуі 5,2 пайыз).
Ағымдағы жылы 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны: бұзау – 29204 бас (өсуі 6,0 %), қозы мен лақ – 124911 бас (өсуі 9,4 %), құлын – 6044 бас (өсуі 2,8 %), торапай – 11598 бас (өсуі 0,3 % ).
Мал басын аудан бойынша халық санына шаққанда бір тұрғынға орташа 1 бас (0,96) ірі қара және 3,5 бас қой малынан келеді.
2008 жылдың 1 шілдесіне 2007 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 6413,5 тонна (96,9 тоннаға немесе 1,5 пайызға көп), сүт – 34011,6 тонна (819,9 тоннаға немесе 2,5 пайыз көп), жұмыртқа – 8954 мың дана немесе 14,1 пайызға көп, қырқылған жүн – 524,3 тонна (44,8 тоннаға немесе 9,4 пайызға көп). Өсімдік шаруашылығында көктемгі егіс жұмыстары негізінде орындалған жұмыстың нәтижесі төмендегідей:
Егіс көлемі |
2007 ж.
нақты егілген, га |
2008 ж.
егілген
жер, га |
Өсуі |
% |
± га |
Барлық егілген жер |
101200 |
96438 |
95 |
- 4762 |
Соның ішінде: |
- дәнді дақылдар |
57305 |
43589 |
76 |
-13716 |
- бір жылдық шөп |
8974 |
6920 |
77 |
-2054 |
- көп жылдық шөп |
3721 |
4184 |
112 |
+463 |
- күнбағыс |
26989 |
37295 |
138 |
+10306 |
- көкөніс |
1400 |
1533 |
110 |
+133 |
- бақша |
516 |
552 |
107 |
+36 |
- картоп |
2295 |
2365 |
103 |
+70 |
Мал азығын дайындау, соның ішінде шөп дайындаудың жоспары 180000 тн, есепті кезеңде орындалған 56275 тн немесе 31 пайыз.
2008 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша 420,9 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өндірілген өнім 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 20,4 млн. теңгеге артып, табиғи өсім 104,5 пайыз құрады.
Өнеркәсіп өнімдерінің ішіндегі қосалқы шаруашылықтардың өндірген өнімдері (238,2 млн.теңге), былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 9,6 пайызға, «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімі (25,2 млн.теңге), 65,6 пайызға, «ВК РЭК» АҚ Семей филиалының өндірген өнімі (38,6 млн. теңге), 8,7 пайызға өсті.
Өкінішке орай «Швабские колбаски» серіктестігі 105,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда өнім өндіруді 21,2 млн. теңгеге немесе 16 пайызға азайтып отыр.
Аудан бюджетінің 2008 жылдың 1 жарты жылдығының нақтыланған жоспары 1 515 865,6 мың теңге, кассалық орындалуы 1 479 552,9 мың теңге, яғни аудан бюджеті 97,6 пайызға орындалды.
Біртекті қазыналық есептегі бюджет қаржысының қалдық мөлшері 39029,5 мың теңге, оның ішінде: бюджеттің кіріс бөлігінің артық орындалуы 2716,8 мың теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есеп шоттарында қалған қалдықтары 36 312,7 мың теңгені құрап отыр.
Нақтыланған даму бюджетіне қаралған жылдық қаржы 372077,0 мың теңге, соның ішінде есепті кезеңге республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер 88 пайызға игерілді, есептік кезеңге жоспарланғаны 178195,0 мың теңге болған, кассалық орындалуы 156972,1 мың теңге, осыған сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімгерінің есеп шотында 21222,9 мың теңге қалдық қалып отыр, оның ішінде 19706,0 мың теңгесі Алтыншоқы, Көктерек ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстарын бастауға оң шешімнің кешіктіріліп берілуі, сол сияқты, аталған жұмыстардың белгіленген кестеден кешіктіріліп орындалуы бюджет қаржысының толықтай игерілмеуіне басты себеп болуда.
Облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер бойынша бөлінген қаржы есептік кезеңге игерілуі 10,4 пайыз. Есепті кезеңге бөлінген қаржының толықтай игерілмеуіне басты себеп, тұрғын үй құрлысын бастау үшін жария етілген конкурсқа ешқандай әлеуетті орындаушылардың тапсырыс бермеуі болып отыр.
2008 жылдың 6 айының аудан бюджетінің ішкі табысының жоспары 243171 мың теңге, орындалғаны 245887,8 мың теңге. Жоспар 101 пайыз орындалып, 2717 мың теңгенің салығы артық жиналды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жиналған салық 1536 мың теңге көбейді. Алты айдың нәтижесі бойынша жалпы 2008 жылға жоспарланған аудан бюджетінің ішкі табысы 53% орындалды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылғы 1 жарты жылдықта салықтың жылдық жоспарының 49 пайызы орындалған болатын.
Жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдердің 39 түрінің 37 түрі орындалды. Орындалмаған салықтар - төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы 92 пайыз және әлуметтік салық 90 пайызға орындалып отыр. Орындалмаудың негезгі себебі, ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік тіркеуден қайта өтуіне байланысты мамыр, маусым айларында салықтар түсімі кейінге жылжытылған,осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелерінен түсуі тиіс 3000 мың теңге жеке табыс салығы және 9000 мың теңге әлеуметтік салық бірінші жарты жылдықта түспей отыр.
Кіші кәсіпкерлік нысандарынан түскен барлық салық түсімдері 89557 мың теңгені құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37,6 пайызға өсті. Кіші кәсіпкерлік нысандарынан түскен салықтың жалпы ауданның ішкі табысындағы үлес салмағы 36,4 пайыз құрап отыр, анықтама ретінде - 2007 жылдың 1 жарты жылдығында аталған көрсеткіш 26,6 пайыз болған.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда. 2008 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша 457 отбасындағы 1574 адамға 19 078,06 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 2008 жылдың 1 жарты жылдығында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 0,2 пайызға азайғанымен, төленген көмек 16,7 пайызға өсіп отыр.
Күн көріс деңгейі төмен 2266 отбасындағы 5487 балаға 33001,5 мың теңгенің жәрдемақысы төленді. Тұрмысы нашар 251 отбасына 3666,1 мың теңгенің тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың 11 баласы бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарында оқуларын тегін жалғастыруда. Аталған шараға аудан бюджетінде 3005,4 мың теңге қарастырылған.
2008 жылдың 1 қаңтарына 436 жұмыссыз ретінде тіркелген, 2007 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 90 адамға немесе 14 пайызға азайды. Жұмыссыз ретінде тіркелгендердің халықтың экономикалық белсенді тобына шаққандағы үлес салмағы 1 пайыз құрайды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 345 адам тартылып, 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында оларға 8760,0 мың теңге қаржы төленді. Жыл басынан бері 81 жұмыссыз кәсіби дайындықтан өтті.
Денсаулық сақтау саласында аудан халқына 2 медициналық бірлестіктің 58 емдеу мекемелерінде 134 дәрігер, 379 орта медициналық қызметкерлер медициналық қызмет көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласындағы басты көрсеткіштердің бірі ана мен бала өлімі. 2008 жылдың 6 айында аудан бойынша 21 бала шетінеді. 1000 тірі туылған балаға шаққанда көрсеткіш – 26,9. 2007 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш – 16,8 болған. 2007 жылы және 2008 жылдың 6 айында ана өлімі болған жоқ.
2008 жылдың 6 айында 17 жасқа дейінгі 25154 баланың 13929- сі (68,2 пайыз) профилактикалық тексеруден өтті.
Туберкулез ауруын алдын ала анықтау барысында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша Манту пробасына 4258 бала тексерілді, 18000 адам флюорографикалық тексеруден өтті.
Үстіміздегі жылдың 6 айында жүкті әйелдерге- 2 800 000 теңгенің, 18 жасқа дейінгі балаларға – 6 900 000 теңгенің дәрі-дермектері түсіп, таратылуда.
Білім саласы. 2007-2008 оқу жылына ауданда 964 оқушы мектеп бітірді, оның 958 оқушысы, яғни 99,4 пайыз. Ұлттық бірыңғай тестіге қатысып, орта балл 60,17 болса, 4 пәннен орта балл 49,63 құрады.
Инфрақұрылым 2008 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша жалпы көлемі 2315,2 шаршы метр көлемінде 35 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 16 үй артық салынды.
Есепті кезенде 13 дүкен, 3 СТО және доңғалақ желімдеу цехі, 2 кафе, 2 демалыс үй, 2 монша, 2 мешіт, 1 дәріхана, 3 гараж, 2 қашар тұрғын үйімен және 1 өндірістік базасы барлық құны 75,0 млн. теңге тұратын 31 нысан салынып, пайдалануға берілді.
2008 жылға жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға барлығы 91 504,0 мың теңге бөлініп, оның есепті кезеңде 65,7 пайызы немесе 60 110,0 мың теңгесі игерілді.
2008 жылдың 1 жарты жылдығының нәтижесі бойынша 92 байланыс телефоны орнатылып, нәтижесінде 2008 жылдың 1 шілдесінде аудандағы негізгі телефондық аппараттың саны 10023 телефонға жетті.
Көші-қон және демографиялық жағдай. 2008 жылдың 1 шілдесіне 769 сәби дүниеге келіп, 397 адам қайтыс болды, табиғи өсімі – 372 адам.
Есепті кезеңде ауданнан 1165 адам көшіп кетіп, 946 адам көшіп келген. Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 219 адамға азайды.
Құқық бұзу. 2008 жылдың 1 жарты жылдығында Үржар ауданының аумағында 98 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2007 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда (130 қылмыстық іс) 24,6 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашу 83,3 пайызды құрап 2007 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға көбейген.
Қорытындылай келе ауданның әлеуметтік экономикалық ахуалының жоспарланған деңгейде қалыптасып келеді деуге негіз бар. Әлі де болса жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің көбейіп, толыға түсуіне, атап айтқанда бюджеттік жіктеменің барлық көздері бойынша жергілікті бюджетке түсімдер болжамын толық қамтамасыз етіп, сол сияқты республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің уақытылы игерілуінің қамтамыз етілуіне назар аударылса деген тілек бар.
Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
|