Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Үржар ауданының 2008 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде АҚПАРАТ

Аудан экономикасының негізгі бөлігін құраушы сала ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы. 2008 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша барлығы 735 451,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 17 714,0 мың теңгеге немесе 2,5 пайызға артық.

2008 жылдың 1 сәуіріне 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда мал басының барлық түрі өсіп отыр, атап айтқанда: ірі қара малы  - 75136 бас (өсуі 7,7 пайыз), оның ішінде сиыр  - 25453 бас (өсуі 1,2 пайыз), қой мен ешкі – 267851 бас (өсуі 11,2 пайыз), жылқы – 15386 бас (өсуі 7,8 пайыз), шошқа – 8108 бас (өсуі 6,3 пайыз), құстар – 114336 бас (өсуі 16,2 пайыз), түйе – 91 бас (өсуі 3,4 пайыз).

2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 1 тоқсанында алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 15075 бас (өсуі 6,4 пайыз), қозы мен лақ – 7121 бас (өсуі 10,1 пайыз), құлын – 1471 бас (өсуі 14,1 пайыз), торапай – 2892 бас (өсуі 10,9 пайыз).

Мал басы, соның ішінде ірі қара малы Ақжар ауылдық округінде 22 пайыз, Бақты ауылдық округінде 20 пайыз, Қабанбай және Қарабұта ауылдық әкімшіліктерінде 16 пайызға өсіп отыр. Қой мен ешкі Шолпан ауылдық әкімшілігінде 94, Үржарда -29, Бақты -22, Ақжар -17 және Бестерек ауылдық әкімшілігінде былтырғы жылдың   тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өсіп отыр. Сол сияқты жылқы малы Егінсуда 30 пайызға, Ақжарда - 22, Науалыда - 19, Қабанбайда-25, Мақаншыда-15 пайызға өсті. Яғни аталған ауыл әкімшіліктерінің нәтижелі жұмыстары жалпы аудан бойынша мал басының өсуіне оңды ықпал етті.

Сонымен қатар кейбір ауыл әкімшіліктерінде былтырғы жылдың бірінші тоқсанмен салыстырғанда мал басының азайуы байқалады. Ірі қара малы Жоғарғы Егінсу ауылдық әкімшілігінде 9,1 пайызға, Көктерек  ауылдық әкімшілігінде 5,1 пайызға, Ново-Андреевка ауылдық әкімшілігінде 3,4 пайызға, Көктал ауылдық әкімшілігінде 2,3 пайызға және Елтай ауылдық әкімшілігінде 0,8 пайызға азайып отыр. Қой мен ешкі Елтай ауылдық әкімшілігінде 4,9 пайызға, сол сияқты жылқы малы Көктерек ауылдық әкімшілігінде 26,3 пайызға, Көкөзекте 7,3 пайызға, Көкталда 4,3 пайызға, Елтайда 2,6 және Ново-Андреевка ауылдық әкімшілігінде 0,2 пайызға азайды.  
2008 жылдың 1 сәуіріне былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 2734 тонна (өсуі 1,1 пайыз), сүт – 12123 тонна (3,9 пайыз көп), жұмыртқа – 3041 мың дана, 8,2 пайызға көп.

Жалпы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жоғарыда айтылғандай өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша орташа 2,5 пайызға көбейіп отыр. Ауыл әкімшіліктері бойынша талдау жасар болсақ, ет өндіру көрсеткіші - Бестерек, Благодарное, Елтай, Қабанбай, Көкөзек, Көктал, Көктерек, Қарабұлақ және Қарақол ауылдық әкімшіліктерінде, сүт өндіру көрсеткіші – Алтыншоқы, Благодарное, Елтай, Көкөзек, Мақаншы және Жоғарғы егінсу ауылдық әкімшіліктерінде былтырғы жылдың 1-тоқсанының деңгейінде сақталып отыр, ал қалған ауыл әкімшіліктерінде өндірілген өнім көлемі былтырғы деңгеймен салыстырғанда көбейді. Сонымен қатар, Ново-Андреевка ауылдық округінде сойылып сатылған ет өнімі 26,5 пайызға, алынған жұмыртқа 42,7 пайызға, сол сияқты Көктерек ауылдық округі бойынша  сүт өндіру 7,3 пайызға алынған жұмыртқа 1,7 пайызға азайды.

2008 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша қолданыстағы баға бойынша есептегенде барлығы 210997 мың теңге  өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді, бұл 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 16906 мың теңгеге көп. Өнеркәсіп өнімдерінің көбейуі негізінен қолданыстағы бағаның өсуіне байланысты болып отыр.
Салыстырмалы бағамен есептегенде өнеркәсіп өнімдердің табиғи өсімі былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 8,4 пайызға кеміп отыр. Оның негізгі себебі  «Швабские колбаски» серіктестігінің биылғы жылғы 1 тоқсанда өндірген өнімінің табиғи өсуі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда 56,5 пайызға, «ВК РЭК» АҚ өнімі 3,7 пайызға азайып отыр. Ал «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімінің табиғи өсімі 79,1 пайызға, құрамында 1 ден 50 ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорындардың өнімі 50,5 пайызға қосалқы кәсіпорындардың өнімі 10,5 пайызға көбейді.

Үржар ауданының 2008 жылдың 1 тоқсанындағы бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары 784 766,6 мың теңге, нақты орындалуы 648 032,5 мың теңге немесе кассалық орындалуы 83 пайыз құрады.      
2008 жылдың 1-сәуіріне бірыңғай қазынашылық есеп шоттағы қалдық 154 615,1 мың теңге құрап отыр, соның ішінде 17 880 мың теңге жергілікті кірістер бойынша жоспардан артық түскен салықтар есебінен жинақталған сома болса, 136 734,1 мың теңге бағдарламалар әкімшілерінің есеп шотында қалған игерілмеген қалдықтар боп табылады.

1 тоқсан қорытындысы бойынша игерілмеген қаржының қомақты бөлігі ауданның тұрмыстық коммуналды шаруашылық (63 пайыз) және құрылыс бөлімдерінің (19,4 пайыз) үлесіне келеді. Аталған бөлімдердің орындалатын жұмыстарға тиісті конкурстарды уақтылы өткзбеуі себебтерінен мақсатты трансферттерден  112,4 млн теңге игерілмей қалды, соның ішінде 86 млн.теңге аэропортқа күрделі жөндеу жұмыстарына,  26,4 мың теңге «Таза су» бағдарламасы бойынша Алтыншоқы ауылындағы су құбырларын  жөндеуге бөлінген қаржы. Сол сияқты, әр түрлі себептермен 24,2 млн.тенге басқадай бағдарлама әкімшілері бойынша игерілмей қалды.  

2008 жылғы 1 тоқсанның жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің ішкі табысының жоспары 97 541 мың теңге, нақты орындалғаны 115 421 мың теңге.  Ауданның ішкі табысының тоқсандық жоспары 118 пайызға орындалды. 2007 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда жергілікті бюджеттің ішкі табысы 14,2 пайызға өсті, яғни былтырғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жергілікті салықтар мен түсімдер 14 307 мың теңгеге артық жиналды.  

2008 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша жалпы көлемі 849 шаршы метр 14 сүй салынып, пайдалануға берілді. 2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда саны бойынша 3 үй артық, көлемі бойынша 264 шаршы метрге кем (2007  жылдың 1 тоқсанында 1113 шаршы метрлік 11 үй салынған). Тұрғын үйлерден тыс, есепті кезеңде көлемі 710 шаршы метрлік 7 сауда, көлемі 421 шаршы метрлік 2 тамақтандыру және 18 басқадай нысандар пайдалануға берілді.
2008 жылдың 1 тоқсанында жергілікті жолдардың ағымды ұстауына және қардан тазалауға 11 930 мың теңге қаржы жұмсалды. 2007 жылдың тиісті кезеңінде бұл мақсатқа 17 649 мың теңге жұмсалған болатын. Салыстырмалы түрде айтқанда  жолдарды қардан тазалауға жұмсалған қаржы 5 719 мың теңге немесе 32 пайызға кеміді.

Әлеуметтік сала бойынша 2008 жылдың 1 тоқсанында 385 отбасындағы 1285 адамға 9 493 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді.  2007 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда биылғы жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 52 адамға (4,2 пайызға), төленген атаулы көмектің көлемі 242 мың теңгеге немесе 2,6 пайызға көбейді.
Күн көріс деңгейі төмен 1929 отбасындағы 4664 балаға 16 000 мың теңгенің жәрдемақысы төленді.  Былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 18 жасқа дейінгі балаларға төленген жәрдемақының  8,2 пайызға көбейіп отыр.   
Бұдан тыс, аз қамтылған 140 жанұяға көмір алу үшін  2 051 мың теңгенің тұрмыстық көмегі көрсетілді. 2007 жылдың 1 тоқсанынымен салыстырғанда көрсетілген тұрмыстық көмек  36,7 пайызға өсті.

2007 жылдың 1 сәуірінде жұмыссыз ретінде 512 адам тіркелген болатын. Биылғы жылдың тиісті кезеңіне жұмыссыз ретінде тіркелгендер 422 адам, кемуі 90 адам немесе 18 пайыз.

2007 жылдың 1 тоқсанындағы аудан халқының табиғи қозғалысы төмендегідей. Есепті кезеңде 390 сәби дүниеге келді, өсуі 29 бала немесе 8 пайыз. 210 адам қайтыс болды, 11 пайызға немесе 28 адамға кем. Табиғи өсім – 180 адам, Былтырғы осы уақыттағы деңгейден 57 адамға немесе 46 пайызға көп.  
Есепті кезеңде ауданнан 606 адам көшіп, 173 адам көшіп келген. Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 433 адамға азайды.

Құқұқ бұзу.  2008 жылдың 1 тоқсанында Үржар ауданының аумағында 36 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 5 іске немесе 12 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашу 86,4 пайызды құрап 2007 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 15,8 пайызға көбейді.  

 

Үржар ауданы әкімінің есебі

2008 жылы 21 қаңтар күні  арнайы кестеге сай Үржар ауданының әкімі Б.Т.Жанақовтың аудан тұрғындары алдындағы есепті кездесулері басталды. Кездесулерде аудан әкімі өткен 2007 жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен 2008 жылға арналған міндеттер туралы әңгіме қозғады. Аудан әкімінің алғашқы есебі аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай және Қарабұлақ ауылдық округтерінде өтті. Аталған ауылдардың тұрғындары жиынға белсене қатысып, аудан басшысына өңірдегі әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты сұрақтары мен ойларын ортаға салды. Аудан әкімі ауызша, жазбаша берілген сұрақтар мен ұсыныстарға аудан мүмкіншілігіне орай нақтылы дәйектемелермен жауап қайтарды.        

 

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы