Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

2006 жыл бойынша Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Үржар ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Жалпы мәліметтер Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан. Ауданның жер көлемі – 23,4 мың шаршы км. Халықтың саны – 86157 адам. 27 ауыл округтеріндегі 59 елді мекенде 20838 үй бар.

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп 2007 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша барлығы 823 196,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 7 097,0 мың теңгеге (101 пайыз) артық.
2007 жылдың 1 сәуіріне 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда мал басының өсімі төмендегідей: ірі қара мал - 69776 бас (өсуі 7,9 пайыз), оның ішінде сиыр - 26978 бас (өсуі 4,5 пайыз), қой мен ешкі – 240818 бас (өсуі 4,8 пайыз), жылқы – 14274 бас (өсуі 8,0 пайыз), шошқа – 7628 бас (1,4 пайыз кем), құстар – 97805 бас (өсуі 2,8 пайыз), түйе – 88 бас (өсуі 10 пайыз).
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 14174 бас (өсуі 5,6 пайыз), қозы мен лақ – 64663 бас (өсуі 2,1 пайыз), құлын – 1289 бас (өсуі 27,4 пайыз), торапай – 2608 бас (2,4 пайызға кем).
2007 жылдың 1 сәуіріне 2006 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 2703,5 тонна (38,10 тоннаға немесе 1,4 пайызға кем), сүт – 11672,3 тонна (472,5 тоннаға немесе 4,2 пайыз көп), жұмыртқа – 2810,1 мың дана немесе 2,6 пайызға көп. Бір сиырдан сауылған сүт 432 кг, немесе 0,5 пайзға кем.
2007 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 202,040 млн. теңге өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді, бұл 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 23,556 млн, теңгеге артып, 108,2 пайызға жетті (2006 ж. 1 тоқсанында – 178,484 млн. теңге құраған).
Өнеркәсіп өнімдерінің ішіндегі қосалқы шаруашылықтардың өндірген өнімдері 107,529 млн.теңге, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 105,8 пайыз және жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлес салмағы 53,2 пайызды құрап отыр. Таукен өнеркәсібінде «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімі 7,447 млн.теңге (2006 ж. 1 тоқсанында – 7,271 млн.теңге болған).
2007 жылдың 1 тоқсанында «Швабские колбаски» серіктестігі 65,833 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда өнім өндіруі 18,3 пайызға көбейді. Жұмысшылар саны 1 – 50 адам аралығында істейтін кәсіпорындардың өндірген өнімі барлығы 3,318 млн. теңге, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда нақты көлем индексі 175 пайыз құрады.

Бюджет және қаржы.
2007 жылға арналған ауданның нақтыланған бюджетінің шығыс бөлігі 2 155,6 млн. теңге.
2007 жылдың 1 тоқсанындағы жоспарланған аудан бюджетінің шығыс бөлігі 528,6 млн. теңге, кассалық орындалуы 478,8 млн. теңге (91,0 пайыз). Игерілмеген қаржы 49,8 млн. теңге.
1 тоқсан қорытындысы бойынша аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалмауының негізгі себептерінің бірі республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 11,5 млн. теңге трансферттердің, атап айтқанда:
• Білім саласындағы химия, физика, биология кабинеттерін жабдықтауға арналған 7,9 млн. теңгенің облыстық деңгейде мемлекеттік сатып алу конкурстардың өткізілмеуі;
• Елді мекендердің бас жоспарын әзірлеуге арналған 3,6 млн. теңгенің облыстық деңгейде мемлекеттік сатып алу конкурстардың өткізілмеуі себепті игерілмеді.

Сол сияқты жергілікті бюджеттің 38,3 млн. теңгегесі:
• Қаржы бөлімі – 8,7 млн. теңге (жергілікті атқару ұйымының резерві - 5,7 млн. теңге, салықтандыру мақсатындағы мүлікті қайта бағалау үшін 0,5 млн.теңге, біржолғы талондар үшін – 0,4 млн. теңге және т.б.)
• Ауыл әкімдерінің аппараты - 7,9 млн. теңге (МТБ нығайту үшін 3,8 млн. теңге; еңбек ақы төлеуге және әлеуметтік салықтарға – 0,6 млн. теңге)
• Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық бөлімі – 9,4 млн. теңге (Сухой лог өзеніндегі көпірді жөндеу үшін – 5,6 млн.теңге, тұрғын үй сатып алуға – 2,0 млн. теңге)
2007 жылдың 1 сәуіріне жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі (трансферттер мен субвенцияны қоса есептегенде) жоспарланған 527,2 млн. теңгенің орнына нақты орындалуы 545,4 млн. теңге немесе 103,4 пайыз.

Несиелендіру
Аудан көлемінде екінші деңгейдегі банктердің 7 филиалы жұмыс істейді. Үржар ауылында Темірбанкісі, Халық банкісі, ТұранӘлем, АТФбанкісі, Қазпошта арқылы Альянсбанкісі және Мақаншы ауылында ТұранӘлем және Темірбанксі орналасқан.
2007 жылы Үржар ауылында Казкоммерцбанкісі және Мақаншы ауылында Халық банкісінің бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге, шағын бизнес субъектілеріне және халыққа тұтыну мақсатында 2007 жылдың 1 тоқсанында 2 деңгейдегі банкілер және «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы барлығы 601,3 млн. теңгенің несиесі берілді. Бұл 2006 жылдың 1 тоқсанымен (400,9 млн. теңге) салыстырғанда 50 пайызға көп. Соның ішінде «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы 2006 жылы 1 тоқсанында 15,2 млн. теңге несие берілсе, биылғы жылдың 1 тоқсанында 17,9 млн. теңге немесе 18 пайыз артық берілді.

Инженерлік инфрақұрылым
2007 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша жалпы көлемі 1113 шаршы метр 11 сүй салынып, пайдалануға берілді. Бұл 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2,2 есеге көп. (2006 жылдың 1 тоқсанында 506 шаршы метрлік 5 үй салынған.
Есепті кезенде үй салу үшін - 40, дүкендер – 15, демалыс үйі – 4, жағар май стансасы – 4, пошта ғимараты – 1, мал қорасы – 3, адвокаттық кеңсе – 1, барлығы 65 нысанға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер актілері берілді.
Есепті кезенде 11 тұрғын үй, 6 дүкен, 1 мал қорасы және 1 дәріхана, барлық құны 103,0 млн. теңге тұратын 19 нысан салынып, пайдалануға берілді.
2007 жылға аудан бойынша жергілікті маңызы бар жолдардың ұсталымына және ағымдағы жөндеуіне 29 885,0 мың теңге қаржы қарастырылған. 2007 жылдың 1 сәуіріне аталған қаржының 17 649,0 мың теңге игерілді. 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (12 669,0 мың теңге) есепті кезеңдегі игерілген қаржы 4980,0 мың теңге немесе 39,0 пайызға артық.

Байланыс
Аудандық байланыс торабы Таскескен-Южное-Үржар-Мақаншы радиорелелік желісі бойынша «ВОЛС» магистралдық желісіне қосылу арқылы, әлемнің кез келген нүктесімен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ауданда барлығы 27 соның ішінде 3 орталықтандырылған АТС тораптары бар. 2007 жылдың 1 наурызына телефон орнатуға 2496 арыз тіркелген. 100 халыққа шаққанда аудан бойынша 10,6 телефон аппараты келеді. Үржар ауылында 2500 номерлік цифрлық станция орнатылып, оның 1900 іске қосылған. Таскескен ауылында 512 номерлік цифрлық стансасы орнатылып, 269 іске қосылған. Мақаншы ауылында 2110 номерлік цифрлік стансасы орнатылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған телефон абоненттарың жаңа цифрлік стансасына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл көлемінде 440 телефон орнатылу тиіс.
2007 жылдың 1 тоқсанында жоспарлаған жоспарланған 333 телефон номерлары толық (100 пайыз) орнатылды. Жоспарланған 288 телефон орнына нақты негізігі телефон аппараттарының өсуі 298 бірлікті құрап, жоспар 103,4 пайызға орындалды. 2007 жылдың 1 сәуіріне негізгі телефон аппараттардың саны 9119, соның ішінде пәтерлерде – 8351, бюджеттік ұйымдарда – 393, шаруашылық есептегі ұйымдарда – 141, кәсіпкерлерде – 164 және қызмет бабында 70 дана. (01.04.2006 жылы – 7483 телефон болған, өсуі 1636 немесе 21,8 пайыз).
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына бәсекелес (алтернативті) операторлар: K-Cell (701) ұялы телефон компаниясы арқылы Үржар ауылында 43 метрлік биіктегі телебағанада, Таскескен ауылында РРЛ-65 метрлік және Мақаншы аулында РРЛ-183 метрлік бағанада ұялы байланыс қондырғылары құрастырылған.
Beeline (777-333) ұялы байланыс жүйесінің қондырғылары Таскескен, Южное, Үржар және Мақаншы ауылдарында құрастырылған.
Жақын болашақта «Қазақтелеком» АҚ-ның НЭО (707) ұялы байланыс терминалын құрастыруы жоспарланып отыр.
Beeline (777-333) байланыс жүйесін толық іске қосқан сон, Бақты ауылы мен Аякөз қаласы аралығындағы және одан арғы республикалық маңызы бар жолдар бойында ұялы байланыс толық қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік қорғау
2007 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 387 отбасы немесе 1233 адамға 9251,37 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. (2006 жылдың 1 тоқсанында 1430 отбасындағы 4888 адамға 21323,6 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген). 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 1043 отбасына (73 пайызға) немесе 3655 адамға азайды.
Күн көріс деңгейі төмен (4711 теңге) 2196 аз қамтылған отбасындағы 5249 балаға 14784,7 мың теңгенің жәрдемақысы төленді. 2006 жылдың 1 тоқсанында аталмыш жәрдем ақы 2220 балаға 4707,7 мың теңге төленген. Яғни, 2007 жылдың 1 тоқсанында 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылардың саны 2,1 есеге және төленген жәрдемақының көлемі 3,1 есеге көбейіп отыр.
Бұдан тыс, аз қамтылған 167 жанұяға көмір алу үшін 2007 жылдың 1 тоқсанында 1500,0 мың теңге тұрмыстық көмек көрсетілді. 2006 жылдың 1 тоқсанында тұрмыстық көмек 98 жанұяның 266 адамына 1136,4 мың теңге төленген.
2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың 1 тоқсанында тұрмыстық жәрдемақы алушылардың саны 70 пайызға және төленген жәрдемақының көлемі 32 пайызға көбейді.
2007 жылдың 1 тоқсанында аудандық зейнетақы төлеу орталығы арқылы дүниеге жаңа келген 288 сәбиге 4611,0 мың теңгенің біржолғы жәрдем ақысы төленді. 2006 жылдың 1 тоқсанында аталмыш жәрдемақы 315 сәбиге 4777,4 мың теңге көлемінде төленген.

Жұмыспен қамту және еңбек ресурстары
2007 жылдың 1 қаңтарына 526 жұмыссыз ретінде тіркелген, бұл 2006 жылдың 1 қантарымен салыстырғанда 225 адамға аз. 2007 жылдың 1 тоқсанында 106 адам жұмыспен қамтылған. Жұмысқа қамтылғандардың үлес салмағы жұмыс сұраушылардың 71,2 пайызын құрайды.
Жұмысқа қамту нәтижесі және жұмыссыз ретінде жаңадан тіркелгендерді есептегенде 01.04.2007 жылға жұмыссыздар саны 512 адамды құрап, жыл басымен салыстырғанда 2,7 пайызға азайып отыр. 2006 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыссыздардың саны 246 адамға азайды.
Экономиканың әр саласында 234 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 52,1 пайызы ауыл шаруашылығы; 26,5 пайыз сауда; 9,8 пайызы құрылыс және 11,6 пайыз басқа салаларды құрайды.
Халықтың экономикалық белсенді тобындағы жұмыссыздардың үлес салмағы 2007 жылдың 1 сәуіріне – 1,1 пайызды құрап, 2006 жылдың 1 тоқсанымен (1,6 пайыз) салыстырғанда 0,5 пайызға азайды.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстарды істеуге 49 келісім шартпен 6585 мың теңге төленді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 313 адам тартылды немесе 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (300 адам) 104 пайыз құрады.
2007 жылға жұмыссыздарды кәсіби дайындақтан өткізу үшін аудандық бюджеттен 2521,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Жыл басынан бері 55 жұмыссыз кәсіби дайындыққа жіберілді. Олардың 42-сі аз қамтылған отбасынан, 41-і үйде ешкім жұмыс істемейтін отбасынан, кәсіби дайындықтан өтушілердің 38-і әйел адам және 16-ы 24 жасқа дейінгі жастар. Кәсіби дайындықтан өтудің бір адамға шаққандағы шығыны 7267 теңге.

Денсаулық сақтау
Аудан халқына 58 емдеу мекемесі медициналық қызмет көрсетеді. 130 дәрігер, 395 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Ауруханалардың төсек қоры 265 бірлікті құрайды.
2007 жылғы 1 тоқсанда 121419 адам дәрігерлерге көрініп, 2362 ауру стационарлық ем қабылдады.
2 дәрігер және 5 орта буынды медицина қызметкерлері кәсіптік қызметін жетілдірілді.
Биылғы жылдың 1 тоқсанында денсаулық саласында барлығы 106 796,0 мың теңгенің қаржысы, соның ішінде 3948 мың теңге тамақтануға, 20839,0 мың теңге дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды. 2007 жылға емдеу мекемелерің күрделі жөндеуден өткізу үшін 42800 мың теңге бөлініп, оның 106,0 мың теңгесі 1 тоқсанда игерілді.

Білім саласы
2007 жылдың 1 сәуіріне ауданның мектептерінде 15921 бала оқиды, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда оқушылар саны 1053 балаға азайып отыр. (01.04.2006 ж. – оқушылар саны 16974 бала)
01.04.2007 жылға ауданда 2 мен 6 жас аралығында 5944 бала бар, оның 1333 мектеп алды даярлықпен қамтылған, 128 бала балабақшада тәрбиеленеді.
01.01.2006 жылға ауданды 2 миницентр 50 баламен қамтылған. Биылғы жылы 1 тоқсанда миницентр саны 53-ке жетіп, оның 10 толық, 43 орта мерзімді уақытпен жұмыс істеп, 874 бала тәрбиеленіп отыр.
01.04.2007 жылға класс саны – 904, 2006 жылмен салыстырғанда (948) 44-ке азайып отыр. 824 класс комплект, 2006 жылдың 1 тоқсанымен (865) салыстырғанда 41-ге кеміп отыр.
85 оқушы денсаулығына байланысты үйде дәріс алады, 61 бала оқуға жарамсыз. Ауданның 4 мектебінде оқушылар механизатор және 6 мектепте «В,С» категориялы жүргізушілер мамандығың алады.
2962 оқушы ыстық тамақпен, соның ішінде 515 тегін, 5385-сі қоғамдық, соның ішінде 74-і тегін тамакпен қамтылған.
Ауданның білім саласының 2007 жылғы 1 тоқсандағы бюджеті 324 989,0 мың теңге, соның ішінде мектептердің бюджеті 317 986,0 мың теңге. 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2007 жылдың 1 тоқсанында білім саласының бюджеті 35 пайызға көбейді. Бір балаға шаққандағы шығын 78,7 мың теңгені құрап, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (42,3 мың теңге) 86 пайызға артты.
Ауданның барлық мектептері компьютерілген, орташа бір мектепке10 компьютер келеді.

Көші-қон және демографиялық жағдай
2007 жылдың 1 сәуіріне 361 сәби дүниеге келіп (01.04.06 ж. – 331), 238 адам қайтыс болды (01.04. 2006 ж. - 209), табиғи өсім – 123 адам (01.04.2006 ж. - 122).
Есепті кезеңде ауданнан 512 адам көшіп (1 тоқсан 2006 ж. - 384), 119 адам көшіп келген (1 тоқсан 2006 ж. - 91). Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 393 адамға азайды.

Құқық бұзу
2007 жылдың 1 тоқсанында Үржар ауданының аумағында 41 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда (54) 24,07 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашу 70,6 пайызды құрап 2006 жылдың есепті кезеңімен саллыстырғанда 3,3 пайызға көбейді. Қылмыстық істің саны және қылмыстың ашылуы төмендегідей:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы