Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

2006 жыл бойынша Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Үржар ауданының 2007 жылғы 1 жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
А Н Ы Қ Т А М А.

Жалпы мәліметтер Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан. Ауданның жер көлемі – 23,4 мың шаршы км. Халықтың саны – 86157 адам.  27 ауыл округтеріндегі  59 елді мекенде 20838 үй бар.

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп. 2007 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша барлығы 2 146 887,0 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Бұл 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 43 970,0 мың теңгеге (102 %) артық.
2007 жылдың 1 шілдесіне 2006 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда мал басының өсімі төмендегідей: ірі қара мал - 76612 бас (өсуі 5,8 пайыз), оның ішінде сиыр - 26974 бас (өсуі 4,5 пайыз), қой мен ешкі – 268601 бас (өсуі 3,7 пайыз), жылқы – 17650 бас (өсуі 5,7 пайыз), шошқа – 14579 бас (өсуі - 1,0 пайыз), құстар – 351273 бас (өсуі 5,8 пайыз), түйе – 95 бас (өсуі 3,3 пайыз).

Ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда алынған төлдердің саны төмендегідей: бұзау – 27444 бас (өсуі 2,4 %), қозы мен лақ – 114224 бас (өсуі 2,6 %), құлын – 5880 бас (өсуі 3,1 %), торапай – 11576 бас (0,8 % кем).
2007 жылдың 1 шілдесіне 2006 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда өндірілген мал шаруашылығының өнімдері төмендегідей: сойылып сатылған ет – 6316,6 тонна (56,70 тоннаға немесе 0,9 пайызға жоғары), сүт – 33191,7 тонна (1158,3 тоннаға немесе 3,6 пайыз көп), жұмыртқа – 7846 мың дана немесе 0,4 пайызға кем, қырқылған жүн – 479,4 тонна (22,3 тоннаға немесе 4,9 пайызға көп). Бір сиырдан сауылған сүт 1231 кг немесе 0,4 пайызға кем.

2007 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша 408,3 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері (жұмыстар, қызметтер) өндірілді, бұл 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 29,4 млн. теңгеге артып, 102,7 пайызға жетті (2006 ж. 1 жарты жылдығында – 378,9 млн. теңге болған).
Өнеркәсіп өнімдерінің ішіндегі қосалқы шаруашылықтардың өндірген өнімдері 223,1 млн.теңге, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 103,2 пайыз және жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлес салмағы 54,6 пайызды құрап отыр. Таукен өнеркәсібінде «Мадина» серіктестігінің өндірген өнімі 15,2 млн.теңге (2006 ж. 1 жарты жылдығында – 14,1 млн.теңге болған).
2007 жылдың 1 жарты жылдығында «Швабские колбаски» серіктестігі 126,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда өнім өндіруі 18,6 пайызға көбейді. Жұмысшылар саны 1-50 адам аралығында істейтін кәсіпорындардың өндірген өнімі барлығы 9,2 млн. теңге, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,8 пайыз құрады.

Бюджет және қаржы. 2007 жылдың 6 айының  жергілікті кірістер түсімдерінің аудан бойынша жоспары 226 099,0 мың тенге, орындалғаны 244 352,0 мың тенге, (108%) немесе 18 253,0 мың теңгенің салығы артық жиналды. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жергілікті түсімдер 48 122,0 мың тенгеге немесе 125% артық. Алты айдың нәтижесі бойынша жалпы 2007 жылға жоспарланған аудан бюджетінің ішкі табысы 53% орындалды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылғы 1 жарты жылдықта салықтың жылдық жоспарының 48,2 пайызы орындалған болатын.  
Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің  39 түрінің 36 түрі орындалды. Салықтың 3 түрі, жеке тұлғаларға салынатын көлік салығының болжамы 11 695,0 мың тенге орындалғаны 10 936,0 мың тенге немесе 94 %, азаматтық хал актілерін тіркеудің (ЗАГС) мемлекеттік баж салығы 88 пайыз, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым 85 пайызға орындалды.

Жоспарланған трансферттер 1 023 982,0 мың тенге толық түсті.
Есепті кезеңде бюджеттік бағдарламалар жалпы қаржыландыру жоспарын (1 251 486,6 мың теңге) 93,9 пайызға немесе 1 174 682,6 мың теңгеге орындады. Игерілмеген қаржы 76 803,4 мың теңге. Барлық игерілмеген қаржының қомақты бөлігі 66,5 пайызы немесе 51 069,2 мың теңгесі төмендегі бөлімдерге келіп отыр:

  1. Құрылыс бөлімі бойынша игерілмеген қаржы 40,8 пайыз немесе 31 325,9 мың теңге, соның ішінде 19 489,2 мың теңге су құбырлары нысандарын реконструкциялау жұмыстары бойынша, 3 503 мың теңге көл жиегінде демалыс үйлерін салу және 8 000,0 мың теңге әуежай бойынша игерілмей қалды.
  2. ТКШ, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі бойынша барлық игерілмеген қаржы 25,7 пайыз немесе 19 743,3 мың теңге, соның ішінде 16 551,0 мың теңге көпірді күрделі жөндеу, 1 872,8 мың теңге жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша, 560,2 мың теңге елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, 307,5 мың теңге елді мекендерді жарықтандыру жұмыстары бойынша игерілмеді.

2007 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан бойынша орта айлық еңбек ақы - 29 534 теңге болып, 2006 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 133,8 пайыз құрады.

Несиелендіру. Аудан көлемінде екінші деңгейдегі банктердің 8 филиалы жұмыс істейді. Үржар ауылында Темірбанкі, Халық банкі, ТұранӘлем, АТФбанкі, Қазпошта арқылы Альянсбанкі және Мақаншы ауылында ТұранӘлем және Темірбанкілері орналасқан, 2007 жылы Үржар ауылында Казкоммерцбанкінің бөлімшесі ашылды. Алдағы жарты жылдықта Мақаншы ауылында Халық банкісінің бөлімшесін ашу жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге, шағын бизнес субъектілеріне және халыққа тұтыну мақсатында 2007 жылдың 1 жарты жылдығында 2-ші деңгейдегі банктер және «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы барлығы 1 195,96 млн. теңгенің несиесі берілді. Бұл 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен (418 млн. теңге) салыстырғанда 189,1 пайызға көп. Соның ішінде «Тарбағатай» несие серіктестігі арқылы 2006 жылы 1 жарты жылдығында 67,54 млн. теңге несие берілсе, биылғы жылдың 1 жарты жылдығында 86,74 млн. теңге немесе 28,4 пайызға артық берілді.   

Байланыс. 2007 жылдың 1 жарты жылдығының нәтижесі бойынша 705 телефон орнатылды, 698 телефон жоспарланған, орындалуы – 101 %. Негізгі телефон аппараттарының таза өсімі 647 бірлік, жоспар бойынша 607 телефон, орындалуы - 106,5 %. Қарақол, Жанай ауылдарында байланыс стансалары 50-ге, ал Аксаковка ауылында 26 нөмірге кеңейтілді. Бестерек АТС СРРЖ (сандық радио релейлік жүйесі) стансааралық байланыс үшін орнатылды. Мақаншы ауылының 200 аналогтық абоненттері және Мақаншы аймағының 9 төменгі АТС-і сандық стансаға ауыстырылды. Нәтижесінде қалааралық және жергілікті байланыс сапасы жақсарды. Южное, Үржар ,Жарбұлақ ауылдарының аудандық телекоммуникация торабының СРРЖ құрылғылары арқылы Beeline компаниясының ұялы байланысын орнатуы аяқтады. ADSL технологиясы бойынша Интернет жүйесіне қосымдық Мегалайн жоғары жылдамдықтағы жаңа қызметі көрсетіледі.  

    
Инженерлік инфрақұрылым. 2007 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша жалпы көлемі 5272 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 3,5 есе артық.
Есепті кезенде 16 тұрғын үй, 10 дүкен, 1 мал қорасы, 1 дәріхана, 1 кафе, 1 мейрамхана, 1 әдемілік салоны барлық құны 116,0 млн. теңге тұратын 31 нысан салынып, пайдалануға берілді.
Аудан бойынша ұзақтығы 688 шақырым жергілікті маңызыдағы жол бар, оның 263 шақырымы асфальт, 349 шақырымы қиыршық тас жолы және 76 шақырымы қара  жол. Осы жолдарды күтіп ұстауда бес жол мекемесі қызмет атқарады: №24-ЖПУ (жол пайдалану участігі), «Үміт-Жолдары», «Мақаншы-Жолдары», «Үржар-Жолдары» ЖШС-тері және Үржар мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорыны.

2007 жылға жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға аудан бюджетінен 29 885,0 мың теңге бөлінген. Жергілікті маңызы бар жолдарда осы жылдың төрт (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір) айларында жолдарды қыс мерзімінде ұстауға 13 875,0 мың теңге жұмсалды.
Жергілікті маңызы бар жолдардың ағымды жөндеуден өткендері «Мақаншы-Көктал» ұзақтығы 50 шақырым құны 1 558,0 мың теңге, «Мақаншы-Жалаңашкөл» 81 шақырымдық жолдың шұңқырлары қиыршық тас төгіліп 2 461,0 мың теңгеге және «Барлық-Арасан – Алакөл» ұзақтығы 16 шақырым 461,4 мың теңгеге жөнделсе, «Мақаншы-Жалаңашкөл» 81-ден - 133-ші шақырымға дейінгі жол 285,3 мың теңгеге кескінделіп тегістелді. «Науалы-Ақсаковка-Қаратұма» автомобиль жолындағы 2 шақырым қауіпті участігі жөндеуден өтіп 111,4 мың теңге игерілді.
Сол сияқты Сегізбай ауылына баратын ұзақтығы 18 шақырым жол кескінделіп қиыршық тас тасылып, құны 1 611,0 мың теңге құрайтын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта «Мақаншы-Ақшоқы» ұзақтығы 44 шақырым, «Науалы-Елтай» ұзақтығы 17 шақырым және Үржар ауылындағы Абылайхан даңғылы, Қабанбай, Калинин, Сейфуллин көшелерін жөндеу жоспарда бар.

Әлеуметтік қорғау. 2007 жылдың 1 жарты жылдығында аудан бойынша 458 отбасындағы 1483 адамға 16 351,5 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. (2006 жылдың 1 жарты жылдығында 1607 отбасындағы 5511 адамға 43 793,4 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген). 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 2007 жылдың 1 жарты жылдығында атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 1149 отбасына (71,5 пайызға) немесе 4028 адамға азайды.
Күн көріс деңгейі (4711 теңге) төмен 2379 аз қамтылған отбасындағы 5669 балаға 29892,8 мың теңгенің жәрдемақысы төленді. 2006 жылдың 1 жарты жылдығында аталмыш жәрдем ақы 4778 балаға 17017,8 мың теңге төленген. Яғни, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылардың саны 891-ге және төленген жәрдемақының көлемі 12 875,0 мың теңгеге көбейіп отыр.   

Жұмыспен қамту және еңбек ресурстары. 2007 жылдың 1 қаңтарына 526 жұмыссыз ретінде тіркелген, бұл 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 225 адамға аз. 2007 жылдың 1 жарты жылдығында 227 адам жұмыспен қамтылған. Жұмысқа қамту нәтижесі және жұмыссыз ретінде жаңадан тіркелгендерді есептегенде 01.07.2007 жылға жұмыссыздар саны 507 адамды құрап, жыл басымен салыстырғанда 19 адамға азайып отыр.
Экономиканың әр саласында 465 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 31,4 пайызы  ауыл шаруашылығы; 24,1 пайыз сауда; 10,5 пайызы құрылыс және 31,3 пайыз басқа салаларда ашылған.
Халықтың экономикалық белсенді тобындағы жұмыссыздардың үлес салмағы 2007 жылдың 1 шілдесіне – 1,1 пайызды құрап, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен  (1,4 пайыз) салыстырғанда 0,3 пайызға азайды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 507 адам тартылды немесе 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда (508 адам) 99,8 пайыз құрады. 2007 жылға жұмыссыздарды кәсіби дайындақтан өткізу үшін аудандық бюджеттен 2521,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Жыл басынан бері 91 жұмыссыз кәсіби дайындықтан өтті.

Денсаулық сақтау. Аудан халқына 58 емдеу мекемесі медициналық қызмет, соның ішінде 265 төсек орны бар бес аурухана қызмет көрсетеді. 10 000 адамға шаққанда төсек орынмен қамтамасыз ету – 31,0. 2007 жылдың 6 айында аудан бойынша ауруханада 9208 адам емделді. Күндізгі стационарда 35 төсек орны бар, онда 1140 адам емделіп шықты.  Халыққа 124 дәрігер, 379 медициналық қызметкерлер қызмет көрсетуде. 5 дәрігер жоғарғы санатты, 45 бірінші санатты, 4 дәрігерде екінші санатты біліктілігі бар. 10 000 халыққа шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету - 15,3; орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету - 69,9.

Ағымдағы жылда Үржар аудандық орталық ауруханасына жаңа стоматологиялық қондырғы орнатылды, компьютерлік флюоаппарат іске қосылды. Сол сияқты туберкулезге қарсы аурухана да фотоэлектроколориметр, дезинфекциялық камера, екі бинокулярлы микроскоп және тағы басқа медициналық жабдықтар алынды. Осы жылдың бюджетінде аудан медицина ұйымдарына 17 488,0 мың теңгенің медициналық қондырғысын алу қарастырылған. 2007 жылдың 1 жартыжылдығында Көктерек отбасылық дәрігерлік амбулаториясында – 5 төсектік, Бақтыда – 3 төсектік күндізгі стационар ашылды. Мақаншы аудандық, Таскескен ауылдық учаскелік ауруханаларында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2007 жылы Үржар ауданының емдеу мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 42 800,0 мың теңгенің жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында жүкті әйелдерге – 871,3 мың теңгенің, 5 жасқа дейінгі балаларға – 1 560,4 мың теңгенің, диспансерлік есепте тұратын балалар мен жасөспірімдерге – 185,2 мың теңгенің дәрі-дәрмектері түсіп, таратылып берілді. Жыл аяғына дейін ауданға 26 304,0 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмектері түсуі күтілуде.     

  
Білім саласы. 2007 жылдың 1 жарты жылдығында ауданның мектептерінде 15924 бала оқиды, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда оқушылар саны 1048 балаға азайып отыр. (01.07.2006 ж. – оқушылар саны 16972 бала). 01.07.2007 жылға ауданда 2 мен 6 жас аралығында 5944 бала бар, оның 1333 мектеп алды даярлықпен қамтылған, 128 бала балабақшада тәрбиеленеді. 01.01.2006 жылға ауданды 2 миницентр 50 баламен қамтылған. Биылғы жылы 1 жарты жылдықта миницентр саны 53-ке жетіп, оның 10 толық, 43 орта мерзімді уақытпен жұмыс істеп, 874 бала тәрбиеленді. 84 оқушы денсаулығына байланысты үйде дәріс алады, 61 бала оқуға жарамсыз. Ауданның 4 мектебінде оқушылар механизатор және 6 мектепте «ВС» категориялы жүргізушілер мамандығын алады. 2 962 оқушы ыстық тамақпен, соның ішінде 515 тегін, 5 345-сі қоғамдық, соның ішінде 70-і тегін тамакпен қамтылған. Бір балаға шаққандағы шығын 38,3 мың теңгені құрап, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда (33,9 мың теңге) 13 пайызға артты.  Ауданның барлық мектептері компьютерлендірілген, орташа бір мектепке 10 компьютер келеді. 2007 жылдың 1 шілдесіне 55 мектеп 2 000,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден, 7 мектеп 4 250,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті. 

Мәдениет және тілдерді дамыту саласы. Аудан бойынша Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында 3 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 4 кітапхана және 1 кинотеатр халыққа қызмет көрсетіп жұмыс атқарады. Аудан жұртшылығының ұлттық кескін-келбетін сақтап, мәдениетін дамыту мақсатында мемлекеттік, кәсіби және халықтық мерекелерді жоғары деңгейде, аудан бойынша өткізу дәстүрі жолға қойылған. Атап айтқанда: «Жаңа жыл», «Масленица», «22 Наурыз», «8 Наурыз», «Жауқазын», «Қарттарым -асыл қазынам», «1 мамыр - халықтар бірлігі күні», Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Республика күні, оралмандар күні және тағы басқалар.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында және аудандық мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізу үшің 2007 жылдың 1 жарты жылдығында 2 407,3 мың теңге жұмсалды.  Ауданда өткізілетін аудандық мәдени-көпшілік іс-шаралар, ақпараттық-насихат топтарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын басшылыққа алып, оның жүзеге асырылып, орындалуына бағытталған.

Көші-қон және демографиялық жағдай. 2007 жылдың 1 шілдесіне 766 сәби дүниеге келіп (01.07.06 ж. - 635), 411 адам қайтыс болды (01.07.06 ж - 419), табиғи өсімі – 355 адам (01.07.06 ж. - 216).
Есепті кезеңде ауданнан 1015 адам көшіп кетіп (1 жарты жылдық 2006ж. - 776), 219 адам көшіп келген (1 жарты жылдық 2006 ж. - 131). Көші-қон есебінен аудан тұрғындары 796 адамға азайды.

Құқық бұзу.  2007 жылдың 1 жарты жылдығында Үржар ауданының аумағында 93 жалпы қылмыстық іс тіркеліп, 2006 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда (102 қылмыстық іс) 8,83 пайызға азайған. Қылмыстық істі ашу 73,5 пайызды құрап 2006 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға төмендеген.

 

Ескертпе: Анықтаманың дайындық барысында аудандық статистика және аудан бөлімдері мен мекемелері берген материалдары қолданылды.

 

2006 ж.

 

2005 ж.

 
 

қаңтар-маусым 2005 жыл

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы