|
2006 жыл бойынша Үржар ауданының
әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес,
дәстүрге айналған, кезекті жылдағы ауданның ауыл тұрғындарымен кездесу -
жиындарын өткізуді бастадық. Бұл жиындарда маған аудан басшысы ретінде
2006 жыл көлемінде аудан көлемінде атқарылған істер мен орындалған
жұмыстар туралы есеп беру міндеттелген.
2006 жыл біз үшін де, еліміз үшін де маңызды саяси
оқиғалар мен әлеуметтік өзгерістерге мол жыл болды. Негізгі қоғамдық-саяси
оқиғалардың бірі - 2006 жылдың 1-наурызында болған Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы.
Елбасымыздың Жолдауының үлкен тарихи және заманалық маңызы бар екендігін
айта кетуіміз қажет. Президент биылғы Жолдауында аса маңызды күрделі
мәселелерді Үкметтің және халықтың алдына қойып отыр. Жолдауда еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ішкі және сыртқы саясаты үндесіп
жатқан ең өзекті мәселелер жария етілді.
Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауында Қазақстанның
әлемнің бәсекеге қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан 50 елінің
қатарына кіруді айқын мақсат ретінде белгіледі.
Дүниежүзілік бәсекелестік деңгейінде 117 мемлекет бар. Мемлекеттердің
даму дәрежесін Дүниежүзілік экономикалық Форум ұсынысымен белгілі және
беделді өндірістік сарапшылар, басшылар мен бизнесімендер бағалайды.
Дүниежүзілік бәсекелестікке лайықты мемлекеттерді анықтау кезінде
мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік институттар
сапасы, банк жүйесінің тиімділігі, техника, технология және жалпы
құрылым даму дәрежесі, салық және заңдылық, еңбекпен қамту жағдайы еңбек
ақы сапасы және деңгейі, жемқорлық дәрежесі тағы басқа көрсеткіштер
қатаң салыстырылып, бағаланады.
Осындай бағалау қорытындысы бойынша біздің еліміз 61-ші орында көрініп,
бұрынғы Совет Одағы республикалары арасында бірінші орында тұр. Бұл өз
кезегінде елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың
дұрыстығын және оның нәтижелерінің жемісті екендігін дәлелдеп отыр.
Анықтама ретінде айта кететін жағдай - осы бәсекелестік көшін соңғы төрт
жылда Финляндия мемлекеті бастап келеді. Екінші орында – АҚШ, үшінші
орында Швеция мемлекеті көрінсе, Қытай-49, Индия-50, Ресей-75, Турция
66-шы орынды иеленеді.
Қазақстанның жақын жылдары дамыған елу мемлекеттің
қатарына енуі - бұл дүниежүзілік қауымдастықтың еліміздің экономикалық
дамуын және еліміздегі тұрақтылықты дүниежүзінің заңды мойындауы болып
табылады.
Еліміз өзінің Тәуелсіздігі жолында талай сындарды басынан өткерді.
Тарихымыздың парағына алтын әріптермен жазылған тәуелсіздік күні –
Қазақстан үшін ең ардақты да, ұлы мереке. Ол біздің ата-бабаларымыздың
аңсаған, армандаған қасиетті күні. 2006 жылдың ерекше есте қалатын
маңызды қоғамдық-саяси оқиғасы – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, яғни
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдық мерей тойы.
Тәуелсіздігімізге алғы шарт болып жол ашқан тарихи
оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне өткен жылы 20 жыл толды.
Желтоқсан көтерілісі - ұзақ жылдарға бірнеше ғасырларға созылған
ұлт-азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіміздің қайта жаңғырып, шешуші
кезеңде көк байрағымызды желбіретіп, дербес те, тәуелсіз мемлекет
болуымызға жол ашты, жаңа дәуірдің, демократия қоғамның бастау болды.
Есепті жылда мемлекет көлемінде ерекше мән берілген
мәселелердің бірі - еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке енуі
жөнінде орындалған жұмыстар. Елбасымыз Н.Назарбаевтың қазан айындағы
АҚШ-қа, желтоқсан айындағы Қытай Халық Республикасына барған ресми
сапарларының нәтижесінде аталған мемлекеттер тарабынан Қазақстанның
Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруі жөнінде толық қолдау тапты.
Бұл жөніндегі дағы өз кезегінде егеменді еліміздің экономикалық дамуының
халықаралық деңгейде оңды бағалануы, Елбасымыз Н.Назарбаевтың
атақ-абыройының халықаралық деңгейде жоғары екендігінің айқын дәлелі.
Үржар ауданы жер көлемі және халқының саны бойынша облыс көлеміндегі ірі
аудандардың бірі болып саналады. Осы себепті ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндірудегі біздің ауданымыздың облыс көлеміндегі үлес салмағы да жоғары.
2006 жылдың қорытындысы аудан экономикасының тұрақты түрде өсіп, дамып
келе жатқанын көрсетеді.
Бүгінгі күнге ауданымыздың агроөнеркәсіп саласында
4003 ауыл шаруашылығы құрылымдары тіркелген, олардың 11-і ірі
серіктестіктер мен акционерлік қоғам болса, қалған 3992-сі шаруа
қожалықтары. Ауданның мал шаруашылығын дамытуда аталған ауыл шаруашылығы
құрылымдарымен қатар аудан тұрғындарының 16 мыңнана астан жеке
меншіктегі қосалқы шаруашылықтары маңызды роль атқарады.
Аталған құрылымдар мал басы санын көбейтуге, өндірілетін өнім көлемін
көтеруге, олардың бәсекеге қабілеттігін күшейтуге, мал тұқымың
асылдандыруға, ауыл аймақтарын дамытуға айрықша назар аударуда.
Ауданда 61 055 бас ірі қара мал, оның ішінде 27 050 бас сиыр, 191 866
бас қой мен ешкі, 13 889 бас жылқы, 6311 бас шошқа бар. Төл саны өткен
жылдағыдан әлде қайда көп. Аудан бойынша 2006 жылы 27024 бас бұзау
алынды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1876 басқа артық, 111 330 бас қозы
алынды, 2005 жылмен салыстырғанда 3745-ке басқа артық, 5 719 бас құлын
алынды, өткен жылмен салыстырғанда 304 басқа көп.
Аудан бойынша өндірілген өнім: ет (сойылғаннан кейінгі салмақта) 14856
тонна (өсуі 9,3 пайыз), сүт 61371 тонна (өсуі 6,4 пайыз), жүн 457 тонна
(өсуі 4,3 пайыз).
Шығыс Қазақстан облыстық статистика Басқармасының деректеріне сүйенсек,
Үржар ауданының жалпы облыста өндірілген сүт өнімдеріндегі үлес салмағы
9,7 пайызды құрайды, немесе бірінші орын алады, сол сияқты ет өндірудегі
үлес салмағы 8,9 пайызды құрап, облыс бойынша екінші орын алады.
Көрсетілген мемлекеттік көмек және қолдау арқасында
мол табыстарға қол жеткізілді: аграрлық саланы дамыту мақсатында ауданға
жеңілдетілген бағамен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 1 328 тонна,
күзгі ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін 567 тонна барлығы 1895
тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Мемлекеттік көмек ретінде,
сол сияқты өте зиянды жәндіктердің өсуіне және таралуына қарсы
мониторинг жүргізу үшін 4000 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді, улы
химикаттарды алуға 6 010 мың теңге жұмсалды. Топырақты агрохимиялық
тексеруге 1 162 мың теңге бөлінді және игерілді. Сонымен қатар, «Казагрофинанс»
арқылы лизинг бойынша 146 300 мың теңгенің ауыл шаруашылық техникалары
сатылып алынды. Жалпы өндірістік өзекті мәселелерді шешу үшін шаруаларға
ұсақ тауарлы өндірістерді мамандандырылған орта және ірі өндірістерге
көшіру бойынша көмек көрсету жұмысы жүргізілуде.
Ауданның ауыл шаруашылық саласында 53 мың тонна дәнді дақылдар, 20,1 мың
тонна техникалық дақылдар өндірілді. әр гектардан алынған түсім дәнді
дақылдар үшін 9,3 центнер, техникалық дақылдар - 4,9 ц/га құрап,
былтырғы жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардың түсімділігі 8,2
центнерге кеміп отыр. Түсімділіктің төмендеудің негізгі себебі жаздың
құрғақшылық болуына байланысты. Аудан бойынша 33,6 мың тонна көкөніс
(былтырғы деңгеймен өсуі 12,3 пайыз), 45,5 мың тонна картоп (өсуі 7,2
пайыз), 9,9 мың тонна бақша өнімдері (өсуі 2 пайыз) өсірілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерді сапалы өндеуге, халық
тұтынатын және шағын кәсіпкерлер үшін тауарларды дайындайтын цехтарды
іске қосуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде, аталған бағытта бір қатар
кәсіпорындар тұрақты түрде жұмыс істеуде. Олар - тәулігіне 3 тонна 50
түрлі шұжық шығаратын Үржар ет комбинаты. Осы кәсіпорында 50 жуық адам
еңбек етуде. Осындай ірі кәсіпорындардың бірі «Атамекен» ЖШС. Қазіргі
кезде мұнда сүт цехы кеңейтіліп, қосымша қондырғылар орнатылып, сүт
сапасын арттырып игі жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. «Атамекен»
шаруашылығында қымыз сақтайтын, тасымалдап, сауда жасап, өткізу
жұмыстары жақсаруда, сондай-ақ малды асылдандыру бойынша ауқымды
мақсатты істер атқарылып жатыр. Ауданымызда жылдар бойы жинақталған
асылдан жұрнақ алып қалсақ деп жанталасқан азаматтар да бар. Ол
«Қарақол» серіктестігі, «Бәкей» және «Алғабас» шаруа қожалықтары. Есепті
жылда «Алғабас» шаруа қожалығы, жетекшісі облыстық «Жылдың үздік
кәсіпкері» байқауының лауреаты М. Қалиев Қостанай облысынан 83 бас
әулиекөл асыл тұқымды ірі қара малын сатып алып, өсіріп отыр.
Өнеркәсіп саласында да мұнан ары даму болжамдалады.
Өткен жыл ішінде 811 418 мың. теңге сомасына өнеркәсіп өндірісі
өндірілді немесе 112,6 пайыз құрады. Кеңес заманындағы кәсіпорындар
қазір де жұмыс істейді, аудан аумағында өндірілетін барлық өнімді қайта
өндейтін шағын кәсіпорындардың тиісті саны қызмет көрсетіп, аудан
тұрғындарын нан өнімдері, ет, картоп, көкөніспен толық қамтамасыз етуге
қол жеткізілді.
Ауданда кіші кәсіпкерліктің 6 280 нысаны тіркелген, бұл өткен жылдың осы
мерзімімен салыстырғанда 114 пайыз құрайды. Аудан бойынша 40 май цехы, 8
наубайхана, 4 макарон цехы, 425 дүкен, 48 дәріхана, 30-дан аса тұрмыстық
қызмет көрсету объектісі, 4 ірі базар қызмет көрсетуде, Орта және шағын
бизнес субъектілері мемлекеттік сатып алу байқауларына қатысып 243,7
млн. теңгеге бюджеттік құрылымдарға қызмет көрсетті.
Есепті жылда кіші кәсіпкерлік нысандарынан барлығы 115
598,0 мың теңгенің салық түсімдері жиналды, соның ішінде жергілікті
бюджет түсімдері 92 219 мың теңгені құрап, өткен мезгілмен салыстырғанда
103,4 пайызға өстті.
Елбасының стратегиялық міндеттері ретінде белгілеген маңызды бағдардың
бірі - тұрғын үй құрылысы. Сондықтан 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын
үй құрылысы Бағдарламасында дербес және ипотекалық несиелеу арқылы,
сондай-ақ ұйымдар мен мекемелердің өз қаражаттарына тұрғын үй
құрылысының негізгі міндеттері белгіленді.
Жыл сайын тұрғын үй құрылысы ұлғаюда. Өткен жыл ішінде
жалпы көлемі 7180 м2 79 үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда 2,5 есеге артық.
Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқының жеделдету үшін «1-ЖМК» (ПМК)
базасында жылына 10 млн. кірпіш беретін зауыттың негізі қаланды, аталған
зауыт 2007 жылы толық күшіне еніп жұмыс істейтін болады.
Ағаштан бұйымдар жасайтын 3 цех және жылына 10 мың
шаршы метр тротуар плиталарын шығаратын цехі бар. Металдан черепица -
төбе жабатын материалдарды шығаратын цех салу жоспарлануда.
Аудан басшылығы елді мекендерді көркейту мәселесіне экономикалық
проблема ретінде үлкен көңіл бөледі. Ауданның барлық елді мекендерінде
көрекейту және санитарлық жағдайды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мақсатқа есепті жылда 6102,8 мың теңге қаржы жұмсалды, соның
ішінде 2516 мың теңгесі ауыл көшелерін жарықтандыруға, 3187 мың теңгесі
елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және 400 мың теңге елді
мекендерді көғалдандыру жұмыстарына пайдаланылды.
Аудан аумағынан 965 км жол өтеді, оның 277 км асфальт
жабылған республикалық маңызы бар жол, 688 км жергілікті маңыздағы жол,
оның 263 км асфальтпен жабылған.
4 жол ұйымы - 24-ЖПБ (ДЭУ), «Үміт жолдары», «Мақаншы жолдары», «Үржар
жолдары» ЖШС-тері мен Мемлекеттік көп салалы коммуналды кәсіпорын
жолдарға қызмет көрсетеді. Республикалық маңыздағы жолдарға 34 158 мың
теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды.
2006 жылы жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуге және ұстауға 28 251 мың
теңге бөлінді. Жергілікті маңыздағы жолдардың «Үржар-Новотроицкое», «Науалы-Қаратұма»,
«Жанай-Егінсу-Сартерек», «Мақаншы-Жаланашкөл», «Бестерек-ЕрҚабанбай», «Үржар-Қызылту-Бургон»,
«Мақаншы-Көктал», «Мақаншы-Қарабұта-Ақшоқы», «Мақаншы-Благодарное»
жолдары және Қарамоил, Амангелді, Көкөзек, Елтай ауылдарына кіре беріс
жолдары жөндеуден өтті.
Аудан көлеміндегі жолдарға 86 дана жол белгілері жасалынып, орнатылды.
Елді мекендер ішіндегі жолдар жөнделді, атап айтқанда
Үржарда - Абылай хан даңғылы, Қабанбай, Калинин, Сейфуллин, Павлов,
Игембаев, Абай, Воронков, Жандосов атындағы көшелері, Мақаншы ауылында
Найманбаев көшесі ағымды жөндеуден өткізілді.
2006 жылғы ауданның нақтыланған бюджеті 1 610 261 мың теңге болды, оның
нақты кассалық шығындары 1 588 206 мың теңгегені құрады немесе орындалуы
98,6 пайыз. Бюджеттің шығыс бөлігінің толық орындалмауына жергілікті
салықтың жыл қортындысы бойынша 20 951 мың теңгеге кем жиналуы әсер
етті. Атап айтқанда, жергілікті бюджет 2006 жылы болжамдалған 407 060
мың теңгенің орнына, нақты 386 109 мың теңгеге немесе 95 пайызға
орындалды.
Аудан бойынша есепті жыл көлемінде аудан тұрғындарын әлеуметтік жағынан
қолдауға барлығы 143 985 мың теңге қаржы жұмсалды. Соның ішінде: тұрмысы
төмен 639 отбасына 62 742 мың теңгенін атаулы әлеуметтік көмегі
көрсетілді, он сегіз жасқа дейінгі 7868 балаға 48001 мың теңгенің және
тұрмысы төмен 288 отбасына 2 764 мың теңгенің мемлекеттік жәрдемақылары
төленді.
Кедейлікті азайту бағдарламасын жүзеге асыру
нәтижесінде кедейлер саны 17,5 пайызға азайды. Осы кезең ішінде 526
жұмыссыздар жұмысқа орналастырды, 93 адам кәсіби дайындақтан өтті.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың формаларының бірі оларды қоғамдық
ақылы жұмысқа тарту. Бұл мақсатта есепті жылы 783 адам қоғамдық жұмыстар
орындап, оларға 18000 мың теңге енбек ақы төленді. Атқарылған жұмыстар
нәтижесінде 2007 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың үлес салмағы 1,2
пайызды құрап 2005 жылмен салыстырғанда 126 адамға азайды.
Ауданның 61 мектебінде 16 272 бала білім алады, мектеп алды даярлық
тобында 1322 және шағын орталықтарда 847 бала тәрбиеленуде. Аудан
мектептерінде 2016 мұғалім қызмет атқарады, олардың ішінде 1696 жоғары
білімді, 317 арнаулы орта білімді. 4 мектепте Горький, Майлин,
Тұрлыханов, Игенбаев ОМ механизатор мамандағы бойынша, 6 мектепте Абай,
Крупская, Төлеубеков, Науалы, Сейфуллин ОМ «ВС» категориясы бойынша
жүргізушілер дайыдалады. Ыстық тамақпен 2401 оқушы қамтылған, оның
ішінде 251 тегін тамақпен қамтылған.
2005 – 2006 оқы жылында 1216 мектеп бітіруші Ұлттық
бір ыңғай тестілеуге қатысып, аудан бойынша орташа балл 62,5 құрады. 87
оқушы 0-39, 181 оқушы 40-49, 580 оқушы 50-70, 346 оқушы 71-100 балл және
22 оқушы 101-120 балл білім сапасын көрсетті.
Аудан мектептері 100 пайыз компьютерлік техникамен жабдықталған.
Интернет жүйесіне 97 пайыз немесе 59 мектеп қосылған. 2005-2006 оқу
жылында 4 мектепке (Ақтанберді, Горький, Крупская, Сейфуллин)
мультимедиялық кабинет алынды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту
бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда жергілікті бюджеттен
20667 мың теңгеге үш мектепке мультимедиялық кабинет, бір биология, бір
оқу шеберханасы кабинеттерін ашып материалдық базасын нығайтуға
жұмсалды. Аталған шараға республикалық бюджеттен 21 659 мың теңге
бөлінді. Ол қаржы екі мектепке (Майлин, Найманбай) мультимедиялық
кабинет, екі мектепке (Крупская, Ақшоқы) компьютерлік және үш мектепке
(Сейфуллин, Ақтанберді, Абай) физика кабинеттерін ашып, жабдықтауға
жұмсалды.
2006 жылы 14 126 мың теңге сомасына 10 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Сонымен қатар 600 мың теңгеге ауданның барлық мектептерінде
ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды.
Есепті жылы қатты соққан желдің әсерінен материалдық
шығын көрген мектептерге облыстық бюджеттен төтенше жағдайлар тарабынан
7598 мың теңге қаржы бөлініп, аталған қаржы 18 мектепке жөндеу және
қалпына келтіру жұмыстарына толық жұмсалды.
Өткен жылдың басынан Бестерек ауылында мектеп құрылысы басталды. Жоспар
бойынша бір жылға қаралған 180,0 млн. теңге есепті жылда толық игерілді.
Мектеп құрылысы 2007 жылы бітіп, пайдалануға берілуі тиіс.
2007-2009 жылдарға арналған ауданның
әлеуметтік-экономикалық орташа даму жоспарына сәйкес, Қарақол ауылында
мектеп құрылысы 2008 жылы салынуы жоспарланған. Алайда бұл мектеп
ғимаратының жер сілкінісінен кейінгі пайдалануға қауіптілігі себебінен
Облыстық төтенше жағдай комиссиясының актісімен жабылған. Сабақтарды
өткізу үшін уақытша ынғайландырылған ғимараттар, яғни бұрынғы әкімшілік
және музыкалық мектеп үйі пайдаланылуда. Аталған шараға яғни, мектеп
үшін ыңғайландырылған ғимараттарды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін
облыстық бюджеттен 1500 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта Қарақол ауылында жаңа мектептің құрылысың салу жөнінде
жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, облыстық құрылыс Департаментіне
өткізілді. Облыс Әкімдігінің көмегімен Қарақол ауылындағы мектеп
құрылысын бастау 2007 жылға қарастырылып отыр.
Ауданда ауылдардағы денсаулық сақтау желісін нығайту
және дамыту, медициналық кадрлары мен құрал-жабдықпен қамтамасыз ету
бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни, ауданның емдеу мекемелерінің
желісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі №472
қаулысымен бекітілген ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың минималды
мемлекеттік стандартына сәйкестендірілінді. Осы қаулы негізінде барлық
елді мекенде халық санына байланысты медициналық мекемелер бар. Барлығы
ауданда 1 орталық аурухана, 1 аудандық, 1 аудандық туберкулезге қарсы, 2
ауылдық учаскелік аурухана, 23 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 8
фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Мұнда
125 дәрігер, 351 орта медициналық қызметкер еңбектенуде. Ауданда емдеу
мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен назар
бөлінеді.
Ауданның бір қатар емдеу мекемелеріне, атап айтқанда
Үржар орталық ауруханасына, Мақаншы аудандық ауруханасы, Таскескен,
Қабанбай ауылдық ауруханаларына, Қарабұлақ, Егінсу отбасылық дәрігерлік
амбулаториясы, Аксаковка, Қайынды және Қызыл-бұлақ ауылдарының
фельдшерлік пунктері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге 38 273 мың теңге
қаржы жұмсалды.
Аудан емханаларына мемлекеттік бюджет есебінен 28 999,6 мың теңгенін
материалдық техникалық жабдықтары түсті, атап айтқанда Мамографиялық
аппарат, УЗИ аппараттары, Электрокардиографтар, сол сияқты Үржар
аудандық орталық ауруханасына жоғары технологиялы Л-25-221 кір жуғыш
машинасы, ЛЦ-10 центрифугасы мен жабдықталса Таскескен ауруханасы
дефибриллятор құралдарымен қамтамасыз етті.
Жас балаларға, жүкті әйелдерге және диспансерлік есепте тұратын
адамдарға арналған 20 837 мың теңгенің тегін берілетін дәрі-дәрмектері
түсіп, аудан халқына ауруы түрлері бойынша таратылып берілді.
Ауданда 11 мәдениет ошағы, үш кітапхана жұмыс істейді.
Өткен жылы Елтай ауылындағы клуб іске қосылып жергілікті бюджеттен
қаржыландырылып отыр. Осы жылы Ақжар ауылың клубын және Көкөзек ауылының
кітапханасын іске қосу жоспарланып отыр.
Телефон байланысын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Үржар ауылында 2500
нөмірге «Хуавей» фирмасының цифрлік станциясы құрылды. 2200 нөмірге
абонент желісі жасалуда, өткен жылы Үржар ауылына цифрлік станция арқылы
15 ауылдық АТС қосылды. Есепті жылда аудан бойынша телефон жүйелерінің
саны барлығы 8841-ге жетіп 2005 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейді.
Ауданның 31 елді мекенінде байланыс-пошта бөлімшелері
жұмыс істейді. Егінсу, Қарабұйрат, Теректі, Батпақты, Ер-Қабанбай,
Бургон елді мекендерінде жылжымалы пошта жұмысы қолданылады. 2006 жылдан
бастап аудандық байланыс жүйесінде «Альянс банк» филиалы арқылы халыққа
несие беру жұмыстары орындалып келеді. 2007 жылдың жоспарында Көктал
ауылында пошта бөлімшесін ашу көзделген.
Есепті кезенде аудан Әкімінің атына барлығы 484 жазбаша шағымдар мен
арыздар түсіп, тіркелді. Бекітілген кесте бойынша әкімдік аппаратында
500 адам, соның ішінде аудан Әкімінің қабылдауында 227 адам болды.
Түскен арыздар мен шағымдар негізінен еңбекке орналастыру, материалдық
және әлеуметтік көмек көрсету, несие алу, құрылыс салу үшін жер бөлу
сұрақтары бойынша түседі.
Жыл көлемінде 97 отбасына 738,2 мың теңгеге материалдық көмек
көрсетілді, төтенше жағдайлар қорынан 31 отбасына 390 мың теңгеге тұрғын
үйлерін жөндеуге қаржы бөлінді.
Барлық түскен арыздар мен шағымдарға белгіленген заң
шеңберінде толық жауап берілді.
2006 жылдың ақпан айында барлық селолық округта менің есеп беруім
тыңдалған осы тәрізді жиындар өтті. Есеп берулерде айтылған ұсыныстар
жөніндегі іс-шараларды орындау барысы әкімдік отырыстарында екі мәрте
тыңдалды, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді техниканың қосалқы бөлшектерімен
қамтамасыз ету мақсатында ауданда «Дизель», «Нива» дүкендері, «Үржар-Кең
дала» АҚ, сондай-ақ бірқатар кішірек дүкендер қызмет көрсетеді. Аталған
дүкендер ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қажетті қосалқы
бөлшектерімен толығымен қамтамасыз етеді.
Жеті ауылдық округте ауыл шаруашылық өнімдерін
өткізуге ықпал жасау жөнінде сұрақтар көтерілген еді. Бұл салада қазіргі
таңда тері және жүн қабылдайтын Семейдің жүнді алғашқы өндеу
комбинатының 11 пункті жұмыс істейді, сүт өнімдерін қабылдаумен «Шығыс-сүт»
серіктестігі айналысады.
Ауылдың денсаулық сақтау мекемелерің автотранспортпен қамтамасыз ету
жөнінде 14 ауылдық округте ұсыныс болған. 2006 жыл көлемінде санитарлық
автотранспортпен Таскескен ауылдық ауруханасы, Қарақол. Қаратұма және
Көкөзек ауылдарының отбасылық дәрігерлік амбулаториялары қамтамасыз етті.
Ауылдарда таза ауыз сумен қамтамасыз жөнінде түскен сұрақтар бойынша
2006 жылы Сағат ауылында жалпы сметалық құны 19 983 мың теңге құрайтын
су тазарту жүйесі салынды, аталған объекті 2007 жылы көктемде толық іске
қосылады. Бұдан тыс Көктерек (53 133 мың теңге), Южный (60 562 мың
теңге), Тасарық (44 725 мың теңге), Аксаковка (92 987 мың теңге)
ауылдарында су жүйесін ретке келтіру үшін республикалық «Таза су»
Бағдарламасы шенберінде жалпы құны 251 407 мың теңгенің сметалық жобасы
жасалынып, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Су ресурстары комитетіне
өткізіліп, аталған жұмыс 2007 жылға жобаланып отыр.
Ауданда қылмыстың алдын алу және қарсы күрес жүргізу,
сондай-ақ полицияның учаскелік инспекторларына материалдық-тұрмыстық
жағдай жасау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. 27 селолық округқа
полицияның учаскелік инспекторлары бекітілген. Криминогендік жағдай
қалыптасқан жерлерде жеке құрамның максималды санын іске тартумен
жылжымалы жедел-алдын-алу іс шаралары өткізіледі. Аталған іс шаралардың
барысында сотталған және АІІБ-де алдын алу есепке алынған тұлғалар
тұрғылықты жерлерінде тексеріледі.
Полицияның учаскелік инспекторларына, атап айтқанда
Ново-Андреевка ауылдық округіне 1 «Нива», Мақаншы ауылдық округіне бір
«УАЗ», екі «Нива», Қарақол ауыл округіне бір «Нива», Қоңыршәулі ауыл
округіне және Аксаковка ауылдық округіне бір-бірден «ВАЗ» маркілі қызмет
автомашиналары сатылып берілді, полицияның учаскелік пунктісіне бөлмелер
бөлінді. Қазіргі кезде аудан орталығына учаскелік пункт бөлу мәселесі
әлі шешімін тапқан жоқ. Учаскелік инспекторлардың барлығы жеке меншік
тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Халыққа қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында аудандық
әділет базасында «Бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетулерді орындайтын орталық ашылған. Бұл орталықта жылжымайтын мүлік,
төлеу орталығы, төлқұжат үстелі, жер қатынастары, әділет бөлімі, салық
комитеті мәселелерін шешу үшін қызмет көрсетіледі. Осы орталықтың
ашылуымен Мемлекеттік зейнетақы төлеу бөлімшесі бойынша әлеуметтік-жеке
кодын беру (СИК), жер комитеті бойынша - жердің құжаттарын ресімдеу,
төлқұжат үстелі бойынша - төлқұжат пен жеке куәліктерді алу мәселелеріне
байланысты шағымдар азайды. Аталған «Бір терезе» орталығында сонымен
қатар нотариат, құжаттарға сурет түсіру, оралмандарға Қытай тілінен
қазақ және орыс тілдеріне аударма жасау жұмыстары жүргізіледі.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Ауданда 2006 жылы Южный
ауылының жарықтандыру жұмысы жүргізілді. Қабанбай және Қарабұлақ
ауылдарында аталған шаралар орындалды. Қалған елді мекендерді
жарықтандыру жұмыстары жақын болашақта өз шешімін табады.
Қабанбай ауылдық округінде көтерілген Тасты өзеніндегі көпірді күрделі
жөндеуден өткізу жөніндегі ұсыныс бойынша Облыстық төтенше жағдайлар
комитеті мен аудандық әкімдік өкілдерінен құралған комиссияның Тасты
өзеніндегі көпірді зерттеу актісі жасалынып, қазіргі күнде облыстық
төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылды.
Балаларға төленетін жәрдемақыны түсіндіру жөніндегі
ұсыныс бойынша ауданның барлық 27 округінде аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының қатысуымен есепті жылдың
қаңтар-ақпан айларында толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қанғып жүрген иттерді ұстап жою жөнінде 2006 жылдың ақпан айында
аудандық бюджеттен 720 мың теңге ақша бөлініп иттер мен мысықтарды
ұстап, жою жұмыстары атқарылды.
Қаратал ауылындағы жасалынған ұсыныс бойынша Бұғыбай ауылындағы бос
тұрған сауда үйін мектепке сатып алып беру үшін 2007 жылғы аудан
бюджетіне 100,0 мың теңге қарастырылған.
Аудан экономикасын көтеру және халқының әлеуметтік
тұрмысын жақсарту үшін 2007 жылы төмендегідей жұмыстар жобаланып отыр:
1. 2006 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерінің өсуі 4,5 пайыз немесе
1068,7 млн. теңге құрау тиісті.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2006 жылмен салыстырғанда
7,1 пайызға өсіру немесе 9 864,6 млн. теңгеге жеткізу.
3. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өндіретін өнім көлемін 416,6 млн.
теңгеге жеткізу немесе 2006 жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға өсіру.
4. Салық базасын нығайту, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту,
нәтижесінде 2007 жылы салық түсімдерін 2006 жылмен салыстырғанда 18,9
пайзға көбейтіп, 459 300 мың теңгеге жеткізу.
5. Әлеуметтік сала бойынша:
- 18 жасқа дейінгі балаларға барлығы 67 000 мың теңге, соның ішінде
жергілікті бюджеттен 50 000 мың теңге әлеуметтік жәрдем ақы төлеу;
- тұрмысы төмен отбасыларына 35 700 мың теңге көлемінде атауылы
әлеуметтік көмек көрсету;
- жұмыссыздарды қоғамдық ақылы жұмыстарға тартып, оларға 19 864 мың
теңге көлемінде енбек ақы төлеу;
6. 2007 жылға арналған даму бюджеті есебінен:
- Үржар ауылы ішіндегі көпірді күрделі жөндеуден өткізу
- Таскескен ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу
7. Жергілікті маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу және қалыпты
жағдайда ұстау үшін 29 885 мың теңгенін қаржысын игеру.
8. Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту мақсатында, яғни елді
мекендерді жарықтандыру үшін 3500 мың теңге, санитарлық тазалықтан
өткізу үшін 3500 мың теңге, көгалдандыру және көркейтуге үшін 1500 млн.
теңге қаржы бөліп игеру.
Үржар ауданындағы басымды салалардың бірі ауыл
шаруашылығы. Өңіріміздің ары қарай дамуы ен алдымен ірі ауыл шаруашылық
тауар өндірушілердің тұрақтылығы мен дамуына байланысты болады.
Өнеркәсіптің дамуы да басымды бағыттардың бірі болмақ, атап айтқанда
ауыл шаруашылық өнімді өндеу, бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін
шығару, шағын кәсіпкерлікті, халықты жұмыспен қамтамасыз ететін,
сондай-ақ өндеу, қызмет көрсету салаларын дамыту базасын қамтамасыз
ететін негізгі сала ретінде дамыту.
Басымдылықтар ішінде – инфрақұрылымды дамыту, бірінші кезекте жол
құрылысы және жөндеу, су құбыры-канализациялық коммуникацияларды жаңарту
және жөндеу.
Іс-әрекеттегі өндірістердің тұрақтылығын сақтау, бірінші кезекте ауыл
шаруашылық өнімді қайта өндеу және жаңаларын ашу. Өнеркәсіп және ауыл
шаруашылық өнімі көлемін арттыру, экономика салаларының дамуы үшін
жағдай жасау, өндеу өнеркәсібінің шикізат базасын нығайту, шағын және
орта бизнесті қолдау және дамыту.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес халықтың білім алу
деңгейінің сапасы және дамуы. Негізгі міндеттер: білім жүйесінің
мүмкіндіктерін сақтау және дамыту, білім сапасын арттыру, кадрларды
даярлау.
Ауылдық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын мұнан ары жақсарту мақсатында
алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасының мониторингісін және оған
баға беру жұмысын жолға қою.
Мәдениет ұйымдарын сақтау және дамыту мақсатында материалдық-техникалық
базаларын нығайту, мәдениет объектілерін жөндеу өткізіледі. Бұл шаралар
көркем өнерпаз ұжымдарындағы адам санын кеңейтіп, балалар мен жастарды
рухани-эстетикалық тәрбиелеу жұмысының деңгейін көтереді.
Егін көлемдерінің құрылымын оңтайландыру арқылы өндірістің тиімділігін
жақсарту, асыл тұқымды мал алу арқылы мал шаруашылығы өнімінің сапасын
жақсарту, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бизнес-жоспарларын
несиелеу жоспарлануда. Еттің көлемін көбейту, негізінен, шаруа және үй
қожалықтарында мал басы саның көбейту арқылы жоспарланды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге бекітілген жерлерді толық және
тиімді пайдалануға бағытталған іс-шараларды іске асыру, дала
шаруашылығын жүргізудің қарқынды әдістерін ендіру, тауар өнімдерінің
сапасын көтеру, ауыспалы егісті жақсарту, егіс көлемдерінің құрылымын
оңтайландыру, жем және жем-шөп дақылдары егістерін көбейту.
Асыл тұқымды малдың төлін алу арқылы мал шаруашылығының салаларын ары
қарай дамыту қарастырылды. Елді мекендерде ірі қара малды жасанды
ұрықтандыруды ендіру - аналық малдың тұқымдық және өнімділігін құрамын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Осы аталған жұмыстар сіздердің тікелей қатысуларыңыз арқылы ғана іске
асатының айта келіп, биылғы жылымыз табысты болсын, аудан тұрғындарының
денсаулығы мықты болып, отбасыларыңызға қуаныш, бақ-береке, көркею
тілеймін. Ауданымыз береке-бірлікке, ырыс-құтқа кенеле берсін.
Мұрағат
|