Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

2005 жыл бойынша Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Жалпы ақпарат

2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың қорытындысы аудан экономикасының тұрақтылығын көрсетеді. Президентіміздің халыққа Жолдауының басым бағыттарынан туындайтын әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың аймақтық Бағдарламаға және жедел жоспарына сай ауданда экономикалық, инженерлік құрылымдардың және әлеуметтік саланың жоспарлы түрде дамуы жолға қойылған. Үржар ауданы облысымыздың оңтүстік-шығысында, Тарбағатай тауының оңтүстік беткейінде орналасқан. Ауданның алып жатқан аумағы – 23,4 мың км. кв. Нақты тұрғындар саны – 87 428 адамды құрайды, үй шарауашылығының саны – 20 952. Елді-мекендер саны – 59, ауылдық округтер – 27. Мәдени және әкімшілік басқару орталығы - Үржар ауылы. Аудан орталығынан шеткері орналасқан елді-мекендердің ара қашықтығы 5 км-ден 150 км-ге дейінгі аралықты құрайды. Облыс орталығы мен аудан орталығының ара қашықтығы 500 км-ден астам, жақын аралықтағы темір жол станциясына дейін 172 км. Ауданымызда ауылшаруашылық өндірісі дамыған, соның ішінде: егін, көкөніс және мал шаруашылығы, өндіріс өнімдерін өндіру мен өңдеу, шағын кәсіпкерлік пен құрылыс индустриясы.

Ауылшаруашылығы және өнеркәсіп

2005 жыл ішінде аграрлық секторда 7 535,6 млн. теңге сомасына өнім өндірілді. Егін алқаптарының өнімі, мал басы мен құс саны, ет, сүт, жүн, жұмыртқа өнімдерінің көлемі едәуір өсті. Төл басының саны да айтарлықтай көбейді. Көрсетілген мемлекеттік көмек және қолдау арқасында мол табыстарға қол жеткізілді: аграрлық саланы дамыту мақсатында ауданға жеңілдетілген бағамен 5000 тонна жанаржағар май бөлінді. Жалпы өндірістік өзекті мәселелерді шешу үшін шаруаларға ұсақ тауарлы өндірістерді мамандандырылған орта және ірі өндірістерге көшіру бойынша көмек көрсету жұмысы жүргізілуде. Өнеркәсіп саласында да мұнан ары даму болжамдалады. Өткен жыл ішінде 986,9 млн. теңге сомасына өнеркәсіп өндірісі өндірілді. Кеңес заманындағы кәсіпорындар қазір де жұмыс істейді, аудан аумағында өндірілетін барлық өнімді қайта өндейтін шағын кәсіпорындардың тиісті саны қызмет көрсетіп, аудан тұрғындарын нан өнімдері, ет, картоп, көкөніспен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Шаруа қожалықтарының барлығы дерлік өткен ауыл шаруашылық жылын табысты аяқтады. Сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың көктемінде жылдар бойы сақталған, «Восток-молоко» құрамында ірімшік өндіретін зауыт толық қарқынмен іске қосылмақ. Жергілікті тұрғындардың 50-ден астамы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Ауданның ауыл шаруашылық саласында 94535,2 тонна дәнді дақылдар алынды, алынған астық көлемі ауданға жеткілікті болып қана қоймай, бидайдың дайын өңделген түріндегі бір бөлігін облыстың басқа өңірлері сатып алуда. Ауыл шаруашылығында мал өсіру ісі үлкен орын алады. Мал басы санын көбейтуге, өндірілетін өнім көлемін көтеруге, олардың бәсекеге қабілеттігін күшейтуге, асыл тұқымды мал шаруашылығына, ауыл аймақтарын дамытуға айрықша назар аударылды. Бұл саланы дамыту бойынша елеулі жұмыс жүргізілді. Мал басы санын көбейту үрдісі сақталды. Ауданда 56,5 мың ірі қара мал, оның ішінде 25,8 мың бас сиыр, 181 мың бас қой мен ешкі, 13,2 мың бас жылқы, 6,5 мың бас шошқа бар. Төл саны өткен жылдағыдан әлдеқайда көп. 2005 жылы аудан бойынша өндірілген өнім: ет (сойылғаннан кейінгі салмақта) 13,6 мың тонна, сүт – 57,7 мың тонна, бір сиырдан сауып алынған сүт көлемі 2359 кг., жүн – 438 тонна.

Бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылық өнімдерді сапалы өңдеуге, халық тұтынатын және шағын кісіпкерлер үшін тауарларды дайындайтын цехтарын іске қосуға бағытталған жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда аграрлық секторда ауыл шаруашылықтың 3988 субъектісі тіркелген, оның 11-і ірі ауыл шаруашылық тауар кәсіпорындары болса, 3977-і шаруа қожалықтары. Ауданда жұмысы ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеуге, халықтың тұтынуына және шағын кісіпкерлер үшін тауарларды дайындау цехтарын пайдалануға қосуға бағытталған бірқатар кәсіпорындар тұрақты түрде жұмыс істеуде. Ауданда шұжық шығаратын Үржар ет комбинаты тәулігіне 2,5-3 тонна 30 түрлі шұжық өнімдерін шығарады. Осы кәсіпорында 70-тен астам адам еңбек етуде. Осындай ірі кәсіпорындардың бірі «Атамекен» ЖШС. Қазіргі кезде мұнда сүт цехы кеңейтіліп, қосымша қондырғылар орнатылып, сүт сапасын арттыруда игі жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. «Атамекен» шаруашылығында қымыз сақтайтын, тасымалдап, сауда жасап, өткізу жұмыстары жақсаруда, сондай-ақ малды асылдандыру бойынша ауқымды мақсатты істер атқарылып жатыр. Атап айтқанда: «Қарақол», және «Бектұр» ЖШС-ндегі асыл тұқымды биязы жүнді қой шаруашылығының жұмысы жолға қойылған. «Қарақол» және «Бектұр» ЖШС 2007 жылға дейін көлемі ақшалай 12 млн. теңгеге және 6,5 млн. теңгеге дейін жеткізілетін биязы жүнді асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытатын базаны кеңейтуді жоспарлады. «Үржар Астық» АҚ өз қаражаты есебіне өндірістің көлемі ақшалай 6,5 млн. теңгені құрайтын асыл тұқымды шошқа шаруашылығын құрмақшы. Ауданның 2005-2007 жылдарға арналған даму Бағдарламасына сәйкес «Үржар Астық» АҚ өз қаражатына тәулігіне 6 тонна макарон өнімдерін өндіретін жүйені іске қосты. «Науалы жүгері зауыты» ЖШС жүгері тұқымын өндіретін учаске құрды. «Үржар астық» ЖШС және «Ақжар» шаруа қожалығы жазғы бидайдың тұқымын өсіретін тұқым шаруашылығы бригадасын құрды. Бүгінгі таңда ауданда 5497 шаруашылық объект жұмыс істеуде, онда 30734 адам еңбекпен қамтылған. Ауданда жылда облыстық және республикалық байқауларға қатысатын 40 май цехы, 15 диірмен, 8 наубайхана, 4 макарон цехы, 391 дүкен, 48 дәріхана, 30-дан аса тұрмыстық қызмет көрсету объектісі, 4 ірі базар қызмет көрсетуде. «Қуаныш» базары 2004 жылы, «Алтыбай» базары 2005 жылы «Облыстың үздік базары» байқауында жеңімпаз атанды. Орта және шағын бизнес субъектілері мемлекеттік сатып алу байқауларына үнемі қатысады.

Құрылыс және жол

Елбасының мемлекетіміздің стратегиялық міндеттері ретінде белгілеген маңызды бағдардың бірі - тұрғын үй құрылысы. Сондықтан 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Бағдарламасында дербес және ипотекалық несиелеу арқылы, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелердің өз қаражаттарына тұрғын үй құрылысын жүргізудің негізгі міндеттері белгіленді. Жыл сайын тұрғын үй құрылысы ұлғаюда. Өткен жыл ішінде 15460 мың теңге сомасына жалпы көлемі 2955 м2 36 үй пайдалануға берілді. Ауданда тұрғын үй құрылысының қарқынын жеделдету үшін «1-ЖМК» (ПМК) базасында жылына 10 млн. кірпіш беретін зауыт салу жоспарлануда. Ауданда ағаштан бұйымдар жасайтын 3 цех және жылына 10 мың шаршы метр тротуар плиталарын шығаратын цех бар. Металдан черепица -төбе жабатын материалдарды шығаратын цех салу жоспарлануда. Тұрғын үй салу Бағдарламасын жүзеге асыру барысында жергілікті халыққа үй құрылысына ипотекалық несие алудың тиімділігі мен алу шарттарын түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Аудан аумағынан 965 км жол өтеді, оның 277 км – асфальт жабылған республикалық маңызы бар жол, 688 км – жергілікті маңыздағы жол, оның 263 км асфальтпен жабылған. 5 жол ұйымы - 24-ЖПБ (ДЭУ), «Үміт жолдары», «Мақаншы жолдары», «Үржар жолдары» ТОО, Мемлекеттік көп салалы коммуналды кәсіпорын жолдарға қызмет көрсетеді. Республикалық маңыздағы жолдарға 43 120 мың теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды.

2005 жылы жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуге және ұстауға 31 661 мың теңге бөлінді, оның 7 938 мың теңге сомасы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге. Жергілікті маңыздағы жолдардың «Үржар-Новотроицк», «Науалы-Қаратұма», «Жанай-Егінсу», «Мақаншы-Жаланашкөл», «Бестерек-Ер Қабанбай», «Үржар-Қызыл ту-Бургон», «Мақаншы-Көктал», «Мақаншы-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары және Қарамоил, Көкөзек, Сегізбай, Қаратал, Малақ ауылдарына кіре беріс жолдары жөнделді. 12447 м2 жергілікті маңыздағы жолдардың шұңқырлары бітеліп, 455 км2 жолға 15 301 мың теңге сомасына 660 тонна қиыршық тас-құм қоспасы әкелініп, жол кескінге салынды. Төтенше жағдай саласы бойынша 1 300,0 мың теңгеге «Үржар-Новотроицк» жолының жеке учаскелері қалпына келтіріліп, Қазымбет, Благодарное ауылдарындағы көпірлер 1 096,0 мың теңге сомасына жөнделді. Елді-мекендер ішіндегі жолдар жөнделді, атап айтқанда Үржарда - Абылай хан даңғылы, Қабанбай, Калинин, Сейфуллин, Чкалов, Павлов, Игембаев, Абай, Молдағұлова атындағы көшелер, Ақжар ауылында Тұрлыханов көшесі, Науалы ауылында Усатов көшесі және Мақаншы ауылында Берікболов көшесі де жөндеуден өткізілді. Барлығы аудан бойынша 17344 м2 жолдың шұңқырлары жөнделді, 19 051 теңге сомасына 2535 тонна қиыршық тас-құм қоспасы әкелініп 459 км жол кескінге салынды. Қысқы уақытта жолдарды ұстауға 4672,0 мың теңге жұмсалды. Барлығы игерілгені 23 723,0 мың теңге.

Байланыс

Телефон байланысын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Үржар ауылында 2500 нөмірге «Хуавей» фирмасының цифрлік станциясы құрылды. 2200 нөмірге абонент желісі жасалуда, өткен жылы Үржар ауылына цифрлік станция арқылы 15 ауылдық АТС қосылды. 2005 жылдың 1 қаңтарында ауданымыздағы телефон аппаратының саны 7305 телефонды құрады. Оның ішінде: 6651- і пәтерлік, 344-і бюджеттік, 107-і шаруашылық-есептік, 137-і кәсіпкерлік, 66-сы қызметтік. Аудан халқын байланыспен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында КсеLL ұялы телефон байланыс жүйесі енгізілді.

Бюджет және қаржы мәселесі

2005 жылы бюджеттің кіріс бөлігі меншікті кіріс арқылы 97 % орындалды, 347 197 мың теңгеге болжанған кіріс 337 649 мың теңгеге орындалды, соның ішінде 339 454 мың теңгеге болжанған салық 328 441 мың теңгеге нақты орындалды немесе 97 %. Аудан тұрғындары кірістерінің өсуі және іске асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар арқылы аудан экономикасының өсуі, әлеуметтік дамудың нәтижелері байқалуда. Ауданда ақшалай айналымның тиімді сальдосы орнықты, халықтың екінші дәрежедегі банктерге ақша салымдары - 272,4 млн. теңге құрады.

Несие

2005 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге несие бөлу саласында несие тек өңдеу өнеркәсібіне берілді. Бестерек селолық округінің «Ақтоған» шаруа қожалығында жеміс-көкөніс дақылдардын өндеу үшін бір жоба әзірленіп өткізілді. Осы мақсатта «Тарбағатай» ЖШС несие беру банкісі 2005 жылы жалпы сомасы 148,1 млн. теңге несие берді. Ауылшаруашылығы, шағын бизнес субъектілерін демеу мақсатында 2-і деңгейлі «Тарбағатай» ЖШС несие беру банкісі арқылы жалпы сомасы 535 683,0 мың теңге несие бөлінді.

Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту

2005-2007 жылдарға арналған еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама ауданымызда ойдағыдай жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: кедейлікті азайту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде кедейлер саны 7710 кісіден 5782-ге дейін немесе 33,3% азайды. Осы кезең ішінде 722 жұмыс орны ашылды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 11% артық. Еңбекпен қамту орталығында 751 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, 2004 жылмен салыстырғанда 266 жұмыссызға азайғандығы байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны азайды. Мысалы, 2005 жылдың 1 қаңтарына атаулы әлеуметтік көмекті 8609 кісі алған, ал 2005 жылдың ішінде алушылар саны азайып 7565 кісі немесе 13,8% құрады. Жұмыспен қамтамасыз ету қызметіне еңбекке орналасу мәселесі бойынша 664 кісі өтініш жасады, тұрақты жұмысқа 587-і орналастырылды, 652 жаңа жұмыс орны ашылды. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халық санына 1,8% құрайды немесе 2004 жылдың деңгейінен 0,5% аз. Төленетін қоғамдық жұмыстарына 782 жұмыссыз жіберлді. Үржар аудандық Әкімдігінің қаулысына сәйкес 2005 жылдың 20 сәуірінен бастап Үржар ауылында бұрыңғы «Қазинтернат» ғимаратында «Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған әлеуметтік бейімдеу Орталығы» ашылды, жөндеу жұмыстарына 3,5 млн. теңге бөлінді.

Білім беру саласы

Ауданымызда білім беру саласында 60 жалпы білім беретін орта мектеп, мектепке дейінгі мекеме «Айналайын» балабақшасы – 1, Науалы балалар үйі, саз мектебі, олимпиада резервін дайындайтын жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, № 20 кәсіптік-техникалық мектеп бар. Ауданның 6 мектебінде көлік жүргізушілерді даярлайды, жылда орташа алғанда 282 оқушы жүргізуші құқығын алады. Горький, Тұрлыханов, Майлин атындағы орта мектептерде ауыл механизаторлары кадрларын даярлайды. Мақаншы, Үржар, Южный ауылдарында механизаторлар кадрын даярлайтын 20-КТМ (ПТШ) филиалдары ашылды. Текебұлақ және Қызыл жұлдыз ауылдарынан балаларды мектепке жеткізу үшін 2 жеке меншік автобус бөлінді, жүргізушілерге жалақы төленіп, бензин беріледі. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 2005 жылы 20 млн. 187 мың теңге сомасына 13 объект жөнделді. 2006 жылы 26 млн.405 мың теңге сомасына 15 объект бойынша күрделі жөндеу жоспарланды. 2006 жылы 150 млн. теңгеге, ал 2007 жылы 200 млн. теңгеге Үржар ауылындағы 834 орындық метептің құрылысын аяқтау жоспарланды.

2007 жылы Қарақол ауылында 520 млн. теңге сомасына орындық мектеп құрылысы, Қайынды ауылында 150 млн теңге сомасына 150 орындық мектеп, Текебұлақ ауылында 30 млн теңге сомасына 30 орындық мектеп құрылысы жоспарланды. Материалдық-техникалық жағдайды нығайту Бағдарламасына сәйкес 2005 жылы жергілікті бюджеттен 595 мың теңге бөлінді: 4 мультимедиялық кабинет алуға – 12 млн. 14 мың теңге, компьютерлік техника алуға – 1 млн. 418 мың теңге, оқулықтарды алуға және әкелуге 22 млн. 871 мың теңге. Республикалық бюджеттен 16 млн. 406 мың теңге бөлінді: мультимедиялық кабинеттерге – 7 млн. 257 мың теңге, оқулықтар алуға – 6 млн. 760 мың теңге, мектептерді «Интернет» желісіне қосуға – 1 млн. 989 мың теңге, трафикті төлеу – 400 мың теңге құрайды.

Денсаулық сақтау

Ауданда ауылдардағы денсаулық сақтау желісін нығайту және дамыту, медициналық кадрлары мен құрал-жабдықпен қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни, ауданның емдеу мекемелерінің желісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі №472 қаулысымен бекітілген ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың минималды мемлекеттік стандартына сәйкестендірілінді. Осы қаулы негізінде барлық елді-мекенде халық санына байланысты медициналық мекемелер бар. Барлығы ауданда 1 орталық аурухана, 1 аудандық, 1 аудандық туберкулезге қарсы, 2 ауылдық учаскелік аурухана, 23 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Мұнда 125 дәрігер, 351 орта медициналық қызметкер еңбектенуде. Ауданда емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен назар бөлінеді. Тек 2005 жылы Благодарное ауылында фельдшерлік пункт үшін жаңа ғимарат салынды және жергілікті бюджет есебіне Барлық Арасандағы фельдшерлік пункт үшін ғимарат сатып алынды. Жылыту, сумен камтамасыз ету жүйелеріне, Үржар орталық аурухана, Мақаншы аудандық аурухана, Таскескен ауылдық аурухана, Елтай, Южный, Некрасовка отбасылық дәрігерлік амбулатория, Ново-Андреевка және Тасарық ауылдарындағы фельдшерлік пунктері шатырларына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Емдеу мекемелерін жабдық және көлікпен жабдықтау жақсаруда. Жыл басынан бастап ауданның емдеу мекемелеріне 18 млн. теңгеге құрал-жабдық әкелінді, 5 санитарлық көлік бөлінді. 2005 жылы жергілікті бюджет есебіне Үржар және Мақаншы ауылдарының жас мамандарына тұрғын үй берілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай

Үржар ауданында дифтерия, столбняк, полиомиелит, коклюша карантиндық инфекциялары тіркелген жоқ. Аудандағы туберкулезбен ауыратындарға Мақаншы ауылында орналасқан 25 орындық аурухана тұрақты жұмыс істеп, ұдайы емдеу жүргізеді. 2005 жылы туберкулезбен ауырған 129 науқас тіркелген. Туберкулезге шалдыққандар санының төмендеуі байқалады, 2004 жылмен салыстырғанда ауруға шалдыққандар 20 адамға төмендеген. 2005 жылы аурудың асқынған түріне шалдыққан 2 адам анықталған, оның біреуі 14 жасқа дейінгі бала. Ауданымызда 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру барысында адамдар арасында аурудың төмендеуі байқалады. Ауру 39 жағдайға төмендеген. Мал шаруашылығы мен мал өнімдері шикізатын өңдейтін мекемелерде бруцеллез ауруының алдын алу қатаң бақылауға алынған. Ауданымыздағы ауылдық округтардағы жеке мал шаруашылықтарында мал дәрігерлерінің қатасуымен бруцеллез ауруынан сауықтыру шараларының сапасы мен алдын алу бақылауы жолға қойылған. Сауда орындарында сүт және сүт өнімдерін сату бақылауға алынған. Мал дәрігерлерімен бірге бруцеллез ауруы шыққан жерлер тексеріледі. Ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орталықтары арасында бруцеллез ауруына шалдыққан адамдар мен мал арасында кездескен ауруға байланысты хабар алмасып, бірге жұмыс істеу жолға қойылған.

«Таза су» республикалық бағдарламасы

«2002-2008 жылдарға арналған ауданымыздың әр елді-мекенің таза сумен қаматамасыз ету, санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту» мақсатында перспективалық жоспар жасалынып, аудан Әкімімен бекітілген. Өткен жылы ауыз су мәселесі шешімін таба бастады. Аудан орталығы және Таскескен, Қарабұта, Алтыншоқы, Көктерек, Южное, Сағат, Тасарық елді-мекендері «Ауыз су» бағдарламасына енгізілді. Үржар ауылында 113 млн. теңге сомасына 1-кезектегі қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, үш ауылда басты құрылыстарды қайта қалпына келтіру өткізілді. Бес елді-мекен бойынша ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің су қорлары комитетіне Техникалық-экономикалық негіздеме және Жобалық-сметалық құжаттамалар өткізілді. «Облдоркомхоз»ЖШС күшімен облыстық бюджет қаражаты есебіне Көкөзек пен Таскескен ауылдарында су құбырларын қалпына келтіруге Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі су құбарлары желісінің жұмысын қалпына келтіру үшін ауданның елді-мекендерінде келесі жұмыстарды атқарды: әр елді-мекенді сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық техникалық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі 2002-2008 жылдарға арналған жоспар әзірленіп, аудан Әкімімен бекітілді. Ауыз су сапасын жақсарту мақсатында ҚР Президентінің қаулысы негізінде 14 елді-мекен бойынша (Үржар ауылындағы су құбыры мен канализациясы, Көктерек, Таскескен, Южный, Мақаншы, Қарабұлақ, Аксаковка, Көкөзек, Қаратұма, Благодарный, Ақшоқы, Сағат, Сегізбай ауылдарындағы су құбыры желісін қалпына келтіру, Сағат ауылында залалсыздандыру қондырғыларын қалпына келтіру және орнату) су құбыры-канализация желілерінің құрылысы және қалпына келтіру жөніндегі 2002-2010 жылдарға арналған Бағдарлама жобасы әзірленді.

2005 жылы Көктерек ауылының су құбыры бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы - бағасы 43 млн. теңге, Южный ауылының су құбыры – 57 млн. 61 мың теңгеге, Тас арық ауылының су құбыры – 42 млн. 140 мың теңгеге және Сағат ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды орнатуға – 19,6 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар дайын. Аксаковка ауылын су құбырының жобалық-сметалық құжаттамасынның тапсырыс беріліп, алдын ала 696 мың теңге төленді. 2005 жылы Үржар ауылының бірінші кезектегі су құбырын қалпына келтіруді аяқтауды игеруге 40 млн. теңге бөлінді, екінші кезектегі су құбырын қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасын «Казипроводхоз» әзірлеп жатыр. 2006 жылы Көкөзек, Благодарное, Қаратұма, Таскескен ауылдарының су құбырлары бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Таскескен ауылында төменгі су құбырында, басты құрылысын есептегенде, ұзындығы 7 км жаңа су құбырын салу жоспарлануда. 2006 жылы «Үржар су құбырын бірінші кезектегі қалпына келтіру» жұмыстары аяқталады. Аталған бағдарламада 113 млн. теңге игеріледі, қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі 2004-2006 жылдар. 2006 жылы «Үржар су құбырын екінші кезектегі қалпына келтіру» бағдарламасы бойынша және Көктерек, Южный, Тас арық, Алтыншоқы ауылдарының су құбырын қалпына келтіруге 161,4 млн. теңге сомасы бөлінеді. Облыстық бюджет қаражаты есебіне Көкөзек ауылында техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленуде, әзірлеуші «Облдоркомхоз». Аксаковка ауылында техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, әзірлеуші «Семстройпроект», Науалы ауылында тек техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленуде. Лай бұлақ ауылында 2008 жылы, ал Благодарное ауылында 2006 жылы әзірленеді. Сондай-ақ Қаратұма, Ақшоқы, Қарабұлақ және Сегізбай ауылдарының су құбырларын қалпына келтіру бойынша жобалар әзірленуде. 

Мәдениет

Үржар ауданында 3 кітапхана жұмыс істейді: Үржар ауылындағы орталық кітапхана және Мақаншы, Таскескен ауылдық кітапханалары. Ауданымыздағы кітап қоры 153777 экземпляр, соның ішінде: қазақ тілінде 45330 экземпляр. Оқырмандар саны – 6084. Кітап беру 109144 экземпляр, соның ішінде балаларға арналған 41570 экземпляр. Кітапханаларда 66 мемлекеттік тұрақты БАҚ пайдаланылады. Соның ішінде: 27 газет, 39 журнал. Ауданымыздағы кітапханалар арқылы әртүрлі өзекті тақырыптарда үгіт-насихат, ақпарат жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Үржар ауданында 3 клубтық мекеме бар: Үржар ауылында орталық Мәдениет Үйі және Таскескен, Мақаншы ауылдық клубтары. 2005 жылы Ақжар, Елтай, Благодарное, Қарабұта, Науалы, Көкөзек ауылдарындағы Мәдениет Үйлері қалпына келтіріліп, халыққа пайдалануға берілді. Аудан орталығындағы Мәдениет Үйінің ағымдағы күрделі жөндеуіне 1 млн. 248100 теңге жұмсалды. Аудан бойынша 282 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Клубтық мекемелерде 429 адамды қамтитын 28 көркем өнер үйірмесі тұрақты жұмыс істейді. Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын жетілдіру мақсатында орталық кітапхана залын компьютерлендіріп, Интернет жүйесіне қосу жоспарлануда.

Құқықбұзушылық

Ауданымыздағы 2005 жылдың 12 айының қорытынды сараптамасы бойынша жалпы тіркелген қылмыс саны 306 (2004 жылы тіркелген жалпы қылмыс саны 408 болған, қылмыстың төмендеуі 25%), жасалған қылмыстардың ашылуы 2005 жылы 66,2 % құрады (2004 жылы – 56,2%, яғни 2005 жылы қылмыстың ашылуы 10% жоғарылаған).

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы