|
Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштер қаңтар-маусым 2005 жыл
2005 жылдың бірінші маусымында аудан бойынша 255 мекеме
заңды тұлға ретінде тіркелімнен өтіп отыр. Осы тіркелген мекеменің 138-і
мемлекет меншігіне жатса 117-і жеке меншік тұлғаларға жатады. Көлемдік
жағы бойынша кіші кәсіпорындарға 203 мекеме, орта кәсіпорынға 51 мекеме,үлкен
кәсіп орынға 1 мекеме жатады.Ал жұмыс атқару бағыты бойынша төмендегідей
бөліктерге бөлінеді. Ауылшаруашылық саласынан 24 мекеме,өңдеу өнеркәсібі
12 мекеме,су және газ, электроэнергиясын үлестіретін 2 мекеме, құрылыс 8
мекеме, үй жиқаздарын, автокөлік жөндеу 18 мекеме, автокөлік және байланыс
8, жылжымайтын негізгі қормен және қызмет көрсету 13 мекеме, мемлекеттік
басқарма 50 мекеме денсаулық сақтау және элеуметтік қызмет көрсету 49
мекеме, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету 9, балық аулау
және балық шаруашылығы 1 мекеме. Тіркелген кәсіпорындардың 207-і жұмыс
істеп тұрған, яғни экономикалық қызметті жүзеге асыра алады немесе
әлеуметті түрде жүзеге асыра алады. Тіркелген кәсіпорындардың 81,2 %-ды
белсенді болды. Бұдан басқа 3977 шаруа қожалығы тіркелімнен өтті,соның
ішінде 145 шаруа қожалығы малмен және жермен айналысады.
Өнеркәсіп
2005 жылға қаңтар-маусым аралығында өнеркәсіп саласымен
айналысқан барлық мекеме және ұйымдаспаған қызмет бойынша қосымша
есептеуді ескере отырып қолданыстағы бағамен 337140 мың теңгенің тауарлық
өнімдерін өндірді, бұл өндіріс 2004 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
128,9 %-ды құрады. Қаржылық емес бірлестіктер секторы 211182 мың теңгенің
өнімін шығарды, 2004 жылдың қаңтар-маусым деңгейге қатысты 147,5 % құрады.
Ауданның өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі ең жоғары үлес (56%) үлкен
кәсіпорындарға келеді, ал (40%) қосалқы шаруашылықтарға орын алады.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі аудандағы өнеркәсіп өнімін өндірумен
айналысатын барлық мекемелердің өндірген өнімнің артқаны байқалады. Ол
төмендегі кестеде көрсетіледі.
|
Мекеме аттары |
Қолданыстағы баға м.тенге |
|
2005 |
2004 |
% |
|
Үлкен мекемелер |
| Ж.Ш.С. "Мадина" |
14100 |
11172 |
126,2 |
| Ж.Ш.С. "Ет комбинаты"
|
88220 |
71582 |
123,2 |
| Ф-л Ж.Ш.С. "Шығысэнерготрейд" |
82757 |
|
|
| ВКРЭК Семей филалы |
26105 |
60407 |
43,2 |
Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 50 адамға дейін
кәсіпорындар.
|
Мекеме аттары |
2005 |
2004 |
% |
| ПК Агросервис |
328 |
226 |
145,1 |
| Редакция газеты "Уакыт
тынысы" |
502 |
376 |
133,5 |
| ГМКП Уржар ауданы
әкімшілігі |
1194 |
1136 |
105,1 |
| ЖШС "Ғани" |
7291 |
11711 |
62,2 |
| Қосалқы шаруашылықтардан |
116643 |
104831 |
111,2 |
Ауылшаруашылығы
2005 жылы яғни қаңтар - маусым айларында ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірумен 27 ауыл әкімшіліктерінде 3977 шаруа
қожалығы 6 ауыл шаруашылық серіктестіктер айналысады. Жалпы ауыл
шаруашылығынан өндірілген өнім аудан көлемінде әр жыл сайын сатылап артып
келе жатқаны байқалады. Ауыл шаруашылық саласынан өндірілген өнімді
теңгедей бағалағанда 1593681 мың теңгенің кірісін енгізіп, 2004 жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 117 %-ға артып отыр. 2005 жылдың бірінші шілдесіне
аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында мал мен құстың сойылып
сатылғаны тірі салмағы 5880,2 тонна құрап 2004 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 103%-ды құрады,яғни 182,7 тонна ет артық сатылды. Сүт өндіру
29850,8 тоннаға жетіп 2004 жылмен салыстырғанда 108% -ға жетіп , 2239,3
тонна сүт артық сауылды.жүн 437,6 тонна болып 101 %-ды құрады. Ал жұмыртқа
7313,8 мың данаға жетіп 2004 жылмен салыстырғанда 114%-ға өсті.Ауданда мал
шаруашылығынан өндірілген өнімнің түрлерін өндіру көлемі шаруа қожалығында
ет 12,6 %-ға ,сүт 11,9%-ға құраса үй шаруашылықтарында ет 102,3%-ға ,сүт
107,9%-ды құрады. Мал бастарынан өндірілген өнімнің көрсеткіші бір бас
малға бөлгенде алынған өнімнің артқаны байқалды. Жыл басынан бастап аудан
бойынша 10947 бас ірі қара малы сойылып сатылған малдың бір басының орташа
салмағы 306кг болды,3050 бас шошқа сойылып бір басының орташа салмағы 101
кг,сойылып сатылған 34042 бас қой мен ешкінің орташа салмағы 41кг,сойылып
сатылған 2627 бас жылқының орташа салмағы 314 кг болды. Ет өндіруден жақсы
көрсеткіштерге жеткен ауыл әкімшіліктері Науалы - 115%, Ақшоқы - 108%,
Алтыншоқы 108%. Салқынбел 117 %-ға, 2004 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда артып отыр. Сүт өндіруде Қарабұта 115%-ға, Ново-Андреевка
120%-ға, Қаратал 127%-ға, Ельтай132%-ға арттырды. Ет өндіруді төмендеткен
Көктал 90%-ды, Көкөзек 97%-дықұрады. Жоғарыдағы көрсетілген көрсеткіштерді
қортындылай келе маңызды орын алып отырған, яғни жоғарғы өнімділік үй
шаруашылығында байқалады. Сондықтан ет, сүт, жүн және жұмыртқа өндіру
көрсеткіші жеке от басы шаруашылығында басым орын алып отыр. 2005 жылы
бірінші шілдесіне шаруашылықтың барлық санаттарында 66751 бас ірі қара
малы соның ішінде 24486 бас сауын сиырлар бар. былтырғы 2004 жылмен
салыстырғанда ірі қара малы 6128 басқа, сауын сиырлар 6674 басқа артып
отыр. Сол сияқты қой мен ешкі 239523 басқа жетіп 29264 басқа өсті,шошқа
14268 басқа жетіп 1723 басқа өсті,жылқы 15339 басқа жетіп 1346 басқа артты
,құстар 316052 басқа жетіп 30316 басқа өсті,бұдан басқа 84 бас түйе бар.
2004 жылдың қаңтар-маусым айларында алынған төлдерге тоқталатын болсақ
бұзау 31605 бас, торай11671 бас,қозы мен лақ 107585 бас, құлын 5334 бас
болып, өткен жылдың осы мерзіміне қатысты бұзау110 %-ға,торай 114%-ға,қозы
мен лақ 110%-ға,құлын 105%-ға артып отыр. Сонымен қатар аналық мал басы
түрлерінің барлық түрлері өткен жылмен салыстырғанда бірталай өскені
байқалады. 2005 жылы Үржар ауданы бойынша негізгі ауыл шаруашылық
дақылдарының егіс көлемі 150663 га жетіп, 2004 жылдың егіс көлемімен
салыстырғанда 16555 га кеміп отыр. Еғінді жыртып себу қызыметтерінің
бағасының қымбаттауы егістіқ колемдерінің кеміуіне әсерін тигізді. Барлық
егістіқтің ішінде дәнді дақылдар көлемі 65644 га, техникалық дақылдар
73790га, картофель 1977га, көкөніс 1296 га, бақша 407 га, мал азығының
дақылдары 7548 га. егілді.
Негізгі капиталға инвестиция жұмсау
Аудан бойынша қосымша бағаларды ескере отырып негізгі
капиталға жұмсалған инвестициялардың колемі 53800 мың теңге немесе 2004
жылғы қаңтар-маусым 50658 деңгейге қатысты 6,2% артық игерілді.Инвестициялардың
басым бөлігі құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға
13950 мың теңге жұмсалды, машиналар,жабдық,құрал-саймандар мүкәммәлға
34900 мың теңге, өзге күрделі жұмыстар мен шығындарға 4950 мың теңге
жұмсалды. Инвестицияларды қаржыландыру көздері негізінен республикалық
бюджет қаржыларынан 230 мың теңге жұмсалса, жергілікті бюджет қаржысы
бойынша 7418 мың теңге, кәсіпорындардың меншікті қаржысына 29769 мың
теңгені ,облыстық 16383 мың теңгені құрады.
Демографиялық жағдай
2005 жылғы қаңтар – маусым аралығында ауданда 243
некелесу 54 ажырасу тіркелді. 2004 жылдың қаңтар- маусымымен салыстырғанда
тіркелген неке саны 22 адамға азайды ,ал ажырасулар саны 13 адамға артты.
Некелер саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қатысты алғанда 8,4%-ға
азайды ,ажырасулар 31%-ға артты.Тіркелген некелер санының азаюы ауданның 3
ауылдық округта байқалды (Мақаншы, Алтыншоқы, Некрасовка әкімшіліктерінде).
Ауданда тұтастай алғанда ажырасу саны көбейгені Үржар ауылдық округта 18
адамға көбейгені тіркелген. Қаңтар-маусым аралығында ауданда 698 сәби
дүниеге келді,бұл 2004 сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 %-ға артты.
Дүниеге келген сәбилердің санының көбеюі Қаратұма ауылдық округта 90%-ға,
Ельтайда 57%-ға, Қоныршөуліде 45%-ға.Туғандар саны екі есе артты Ақшоқыда
Қарабутада. Сонымен қатар былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда сәбидің
дүниеге аз келгені ауданның 3 ауылдық округта байқалады Қарақолда,
Көктеректе ,Некрасовкада . Қантар – маусым аралығында ауданда 407 адам
қайтыс болды немесе бұл өткен жылмен осы кезеңімен салыстырғанда 25 адамға
кобейды. Қайтыс болғандар саны өсуі екі есе Бахтыда , Аксаковкада
байкалады. Алдын ала алынған деректер бойынша 2005 жылдың қаңтар-маусым
миграциялық алмасу нәтижесінде ауданнан 789 адам кетіп, ауданға 178 адам
келді. 2004 жылдың осы мерзімінде 877 адам кетіп, 136 адам келген.
Ауданнан көшу көбінесе облыс пен облыс аралығында болды. Облыс ішене
кеткендер саны 442 адам болса, ал басқа облыстарға 262 адам кетті, жақын
шет елдерге кеткені 33 адам. Алыс шет елдерге кеткен 52 адам. 2004 жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда облыс ішіне кенкендер 3,2%-ға артық, ал басқа
облысқа кеткендер 31,9%-ға кем. Жақын шет елдерге 33 адам көшті кетудің
жалпы көлемінің 4,2%-ын құрайды.
Кәсіпорындардың өндірістік қаржылық қызметі
2005 жылдың қаңтар-маусым аралығында ауданның ірі және
орта кәсіпорындардың қаржылық жағдайы бойынша деректер алынатыны 7
кәсіпорын .Осы жеті кәсіпорын бойынша салық салынғанға дейінгі кәдімгі
қызметтен 10276 мың теңгенің кірісі алынды. Бұл көрсеткіш 2004 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсті.Жалпы өндірілген өнімнің көлемі
156834 мың теңгеге жетіп өткен жылмен салыстырғанда 120%-ды құрады.Өткізілген
өнімнің өзіндік құны 146303 мың теңгені құрады. Кіріс алған
кәсіпорындардың кіргізген кіріс мөлшеріне қарай тоқталатын болсақ
"Юбилейный "ЖШС 5927 мың тенге,"Үржар Астық" АҚ3063 мың тенге ,"Үржар ет
комбинаты"ЖШС 1110 мың тенге,"Атамекен" ЖШС 533 мың тенге, “Аймад транс”
ЖШС 414 мың тенге. Ал залал шеккені "Келді Мұрат" ЖШС 284 мың тенге,"Бақ-Тұр"
ЖШС 1047 мың тенге. 2005 жылдың бірінші маусымына ауданның ірі және орта
кәсіпорындардың дебиторлық берешегі 22530 мың тенгеі құрады. Мерзімі өткен
дебиторлық берешек жоқ. Берешектің басым көпшілігі "Юбилейный "ЖШС 11521
мың теңгені құрады, "Үржар Астық" АҚ 10626 теңге,"Үржар ет комбинаты" ЖШС
97 мың теңгені құрады. Жалпы аудан көлеміндегі берешектің 51%-ы"
Юбилейный" ЖШС үлесіне тиесілі болса, 47 %-ы"Үржар Астық" АҚ үлесіне тиеді.
2005 жылдың 1-ші маусымына ауданның және орта кәсіпорындарының
міндеттемелер бойынша берешегі 111594 мың тенге, осының ішінде мерзімі
өткені 292 мың тенге. Кредиторлық қарыздар жыл басындағы көрсеткішпен
салыстырғанда 4%-ға артып отыр. Кредиторлық қарыздардың басым салмағы
Үржар ет комбинаты ЖШС үлесіне 61402 мың тенге сомасын құрап, жалпы
ауданның кредиторлық қарызының 55%-ын алып отыр. Ауданның ірі және орта
кәсіпорындарының жалақы бойынша берешегі 1.06.2005 жылға 6100 мың тенге
соның ішінде мерзімі өткені 218 мың тенге. Жалпы аудан жалақысы
берешегінің 3%-ы мерзімі өткен жалақы үлесіне тиеді.
Шағын бизнес мониторингі
Әкімшілік тіркелімінің деректері бойынша ауданда 2005
жылғы 1-шілдеге 77 шағын бизнес кәсіпорын тіркелді, бұл өткен жылдың
тиісті күнімен салыстырғанда 4%-ға артық. Тіркелген шағын бизнес
кәсіпорындарының 46-і жұмыс істеп тұр, яғни экономикалық қызметті жүзеге
асырады немесе жүзеге асырып тұрған кәсіпорындардың 60 %-ы белсенді болды.
Қызмет атқару түрлері бойынша төмендегідей бөлікке бөлінеді. Ауыл
шаруашылығымен айналысатын 18,өнеркәсіп саласымен 11, су өндіру1, құрылыс
7,сауда16, көлік 6,жылжымайтын мүлік 5, басқа түрлері13.
Еңбек ақы
2005 жылғы қаңтар-маусым орта және ірі кәсіпорындардағы
филалдарды, сондай-ақ жұмыскерлердің санына қатыссыз барлық денсаулық
сақтау,білім беру, басқару органдары, қоғамдық, банктік сақтандыру
ұйымдарын қоспағандағы жұмыскерлер жалақысының жалпы қоры 568108 мың
теңгені құрады. 2004 жылдың сәйкес мерзіміне қатысты 5,7%-ға артты жалақы
қоры 2004 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 30500мың теңгеге өсті,
жалақы қорының өсу қарқыны мемлекеттік басқаруда 1,8 % –ға, құрылыста 16
%-ға,қаржы саласында 57,1%-ға, денсаулық сақтауда 1,0 %-,ға жылжымайтын
мүлікпен операциялар, жалгерлік пен қызмет көрсетуде 76 %-ға,басқа
коммуналдық дербес қызмет көрсетуде 2,6 %–ға өсті. Ауыл шаруашылығында 8,5
%-ға,өнеркәсіпте 17,2 %-ға артты. Сондай-ақ 2005 жылы алты ай аралгында
ірі және орта кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жұмысшы саны 50 адамнан
артық кәсіпорындар бойынша жалақы қоры 34897 мың теңгені құрап, 2004
жылдың сәйкес мерзімінен 5,0%-ға өсті.Жалақы қорының өсу қарқыны
өнеркәсіпте 34,0%–ға, байланыста 67,4%-ға, ауыл шаруашылығында 8,5%-ға
өсті. 2005 жылғы қаңтар-маусымында орта, ірі және барлық санына қатыссыз
барлық кәсіпорындардағы бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 16649
теңгені құрап, 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты,
орташа айлық жалақының өсуі мемлекеттік басқаруда 22228 теңгеге жетіп,
яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0 %–ға ,өнеркәсіпте 16442 теңге болып
15,0 %-ға, көмір өндіру саласында 22956 тенге 42,0 %-ға, өңдеуде 9811
тенге 17,3 %-ға өсті. Ауыл шаруашылығында орташа айлық жалақы 10793
тенгеге жетіп 26,2 %-ға артты,құрылыста айлық жалақы 16829 тенге яғни 28,9
%-ға, қаржы қызметінде 28903 теңге 45,0 %-ға, білім беру саласында16242
теңге 1,0 %–ға, денсаулық сақтауда 15156 теңге 5,2 %-ға, жылжымайтын мүлік
операциялар жалгерлік пен қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы
35356теңгеге жетіп 58,2%-ға,басқа коммуналдық әлеуметтік және дербес
қызмет корсетуде 11351теңгені құрап 1,0%-ға өсті. Экономикалық қызметтің
түрлері бойынша еңбек ақы әр түрлі жалақының ең жоғарғы деңгейі
жылжымайтын мүлік опреациялар жалгерлік пен қызмет көрсетуде орташа айлық
жалақы 36356 теңге ең төменгі жалақы ауылшаруашылығында 10793 теңге болып
және олардың арасындағы айырмашылық 25563 теңге , яғни 3,3 есені құрайды.
Еңбек нарығы
2005 жылдың қаңтар-маусымында ірі және орта
кәсіпорындарда филалдарда, сондай-ақ жұмыскерлердің санына байланыссыз
барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару орындары, қоғамдық, банктік
сақтандыру ұйымдарын қосқанда жұмыс істейтіндердің саны 6297адамды құрап
2004 жылдың сәйкес кезіндегі деңгейінен 2,6%-ға кеміді. Экономикалық
қызмет бойынша жұмыс істейтіндердің саны байланыста 38,8%-ға, мемлекеттік
басқаруда 12,2%-ға кеміді, денсаулық 4,3%-ға кеміді.Жылжымайтын мүлікпен
операцияларда, жалгерлік пен қызмет көрсетуде 11,7%-ға өсті. Ауыл
шаруашылығында 7,0%-ға кеміді басқа коммуналдық әлеуметтік және дербес
қызмет көрсетуде 11,7%-ға артты Экономикалық қызмет бойынша 2005 жылдың
алты айындағы 6297жұмыскерлердің санының бөлінуі, білім беру саласында
53%-ды, мемлекеттік басқаруда 14%-ы, денсаулық сақтауда 13%-ы, ауыл
шаруашылығында 10,0%-ы, өнеркәсіпте 5,0%-ы,байланыста1,3%-ы басқа
салаларда 1,8%-ды құрайды. Еңбекпен халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау басқармасының деректері бойынша 2005 жылығы алты айында 331 адам
жұмысқа орналасу мәселесі бойынша тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда
15 адамға көбейді, 231 адам жұмыспен қамту мекемесінің көмегімен жұмысқа
орналасты.
Құрылыс
2005 жылдың қаңтар-маусым аралығында аудан бойынша 4
тұрғын үй пайдалануға беріліп, жалпы көлемі 338 шаршы метр, 2900 мың
теңгенің қаржысы өз есептерінен жұмсалды. Үржар ауылында 2 үй 196 шаршы
метр, Мақаншыда ауылында 1 үй 78 щаршы метр, Каратума ауылында 1 үй 64
шаршы метр. Сонымен қатар аудан бойынша 20 сауда орны салынып 1004 шаршы
метр қызмет орны пайдалалануға берілді. Жалпы құны 9000мың теңгені құрайды.
Үржар ауылы бойынша 5 сауда орны 235 шаршы метр, Мақаншы ауылы бойынша 4
сауда орны 308 шаршы метр, Науалы ауылы бойынша 3 сауда орны 96 шаршы
метр, Ельтай ауылы 2 сауда орны 54 шаршы метр, Благодарныйда 1 сауда орны
60 шаршы метр, Қабанбай ауылы 1 сауда орны 20 шаршы метр, Алтыншөқы ауылы
1 сауда орны 25 шаршы метр, Қаратал ауылы 1 сауда орын 146 шаршы метр,
Бестерек ауылы 1 сауда орны 30 шаршы метр , Бахты ауылы 1 сауда орны 30
шаршы метр. Тамақтандыру обьектілерінен 5 обьект салынды, жалпы құны 7600
мың теңгені құрады. Үржарда 56 орынға арналған 2 кафе берілді. Таскескенде
40 орынға арналған 2 кафе, Бахтыда 30 орынға арналған 1 кафе. Басқа
объектілер де салынды . Қаратума ауылында 1 кашар 400 бас қойға арналған
410 шаршы метр, және де осы ауылда 1 қойма , 700 шаршы метр салынды. Үржар
ауылында 1 қойма 144 шаршы метр. Науалы ауылында дәрі – дәрмек сататын 1
орны 120 шаршы метр. Үржар ауылында 1 мешіт 120 шаршы метр, Егінсу
ауылында 1 мешіт 90 шаршы метр , Сегызбай ауылында 1мешіт 96 шаршы метр,
өз қаржыларына салынды.
Көлік
2005 жылдың қаңтар- маусым айында көліктің барлық
түрлерімен 60 тонна жүк тасылған, жүк тасымалдауымен айналысатын заңды
тұлға ретінде "Кұлагер” ЖШС жұмыс атқарады. Тасылған жүк айналымы 130
тонна-километр болды, жүк тасымалдаудан кірген кіріс 21 мың теңгені құраса,
ал шыққан шығын 208 мың теңге болып отыр. Аудан бойынша жүк тасымалдау
жеке кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі.Ауданда барлығы 25 автокөлік жүк
тасымалдайды. Зерттеу сауалнамасымен толық қамтылған. 106 мың тонна жүк
тасымалданды.
|