|
Ұлан ауданының әкімі
Төленбергенов Серік Төлеуғалиұлы
Төленбергенов С.Т. 1974 жылы 13 желтоқсанда Семей облысының Шар қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
Орта мектепті бітірген соң Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсті. 2002 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша аяқтады – экономист
2006 жылы Қазақстан-Американдық Еркін Университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады - заңгер
Еңбек жолын 1995 жылғы мамыр айында Семей қаласында «АРЖ» ЖШС есепшісі болып бастады
23.01.1997 - 01.07.1997 жылдары – ҚР ҚМ қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасында бақылаушы-ревизор болып жұмыс істеген
1997 жылдың 13 казанынан бастап – ҚР ҚМ қаржылық бақылау комитетінің ШҚО бойынша басқармасында, ҚР ҚМ қаржылық бақылау комитетінің Өскемен қаласы бойынша бөлімшесінде мемлекеттік кәсіпорындар бақылаушы-ревизоры
28.08.2000 – 04.09.2002 жылдары – «АСТ-Пром» ЖШС директоры, Өскемен қаласы
2002 жылғы қыркүйек айынан 2005 жылғы қаңтар айына дейін – «Құрмыш ЛТД» ЖШС директоры
2005 ж. ақпан – 2006 ж. шілде арасында – «Каз-Тюмень» АҚ атқарушы директорының орынбасары
2006 жылғы шілдеден 2008 жылғы тамызға дейін - «ВостокХолдинг LTD» ЖШС директоры
2008 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ теміржол, әуе және су көлігі бөлімінің маманы
2008 жылғы желтоқсаннан 2009 жылғы мамырға дейін – «Құрмыш ЛТД» ЖШС бас директоры
2009 жылғы маусымнан тамызға дейін – «ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ инвестиция тарту бөлімінің бас маманы
2009 тамыздан 2010 жылғы мамырға дейін – «Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бастығы
2010 жылғы мамырдан 2011 жылғы маусымға дейін – Риддер қаласы әкімінің орынбасары
2011 жылғы 1 шілдеден бастап - «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы
2012 жылғы 25 қаңтарда Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсіруде
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша болашақ және ағымды сұрақтарды шешу, аудан экономикасының реформасы, іс-қимыл жасауы мен дамуы туралы міндеттер. Ауданның атқарушы билігінің қызметін басқару, аудандық бюджетің әзірленуі мен оның орындалуын бақылау. Жергілікті атқарушы органдардың прокуратурамен, ішкі істер бөлімі және әділет басқармасымен ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық бойынша сұрақтарын шешу, құқықтық және атқарушы тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес бойынша келісілген жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз ету.
Аудан әкімдігінің, әкім аппаратының, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар бойынша, ауыл шаруашылық, ішкі саясат, кәсіпкерлік, жер қатынастарын реттеу бөлімдерінің, әкімшілік-аумақтық құрылғының мемлекеттік-құқықтық сұрақтары. Басқару құрылымды оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру.
Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Молодежный кенті, №1 үй.
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8-72338-38-27-368.
Азаматтардың өтініштері бойынша бөлімнің телефоны: 8-72338-38-27-617.
|