Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Күршім ауданында әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы ақпарат

2009 жылдың І тоқсанына Күршім ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуы

Ауыл шаруашылығы
2009 жылдың І тоқсанына 992,8 тонна ет өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға көп, 6787 тонна сүт өндірілді, 0,2 пайызға көп, 334,1 мың дана жұмыртқа алынды.
2009 жылдың 1 сәуіріне ірі қара мал басы 62079, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 % өсті, оның ішінде сиыр басы 26645, былтырғы жылмен салыстырғанда 1% өсті; жылқы 15188 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,5% өсті; қой мен ешкі 200069 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өсті.
2009 жылдың І тоқсанына ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 521,2 млн. теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,1 % өсті.
ЖШС «Сартау» несие серіктестігі 3 ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге 3,1 млн. теңгенің несиесі берілді.

Өнеркәсіп
2009 жылдың І тоқсанына 116 млн. 692 мың теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51 млн. 387 мың теңгеге көп тауардың табиғи индексінің көлемі 294,5% құрады.

Инвестиция
Аудан экономикасына негізгі қорға 44 млн. 535 мың теңге инвестиция тартылды. Ауданда 49 шағын бизнес кәсіпкерлігі тіркелді, оның ішінде жұмыс есебінен істеп тұрғандар 31, белсенді жұмыс істеп тұрғандар 21, 869 шаруа қожалығы, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 825.

Бюджет
Бюджеттің кіріс бөлігі 111,8 пайызға орындалды, оның ішінде меншікті түсім 61990,6 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері 111,5 пайыз, салық емес түсімдер 146 пайыз, негізгі капиталдың сатудан түскен түсімдері 100,3 пайыз.
Трансферттердің түсуі 100 пайызға орындалды.
2009 жылдың І тоқсанына шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жергілікті бюджетке 18,4 млн. теңге, 7,4 пайызға көп түсім түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 98,8 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттен түскен трансферттер 100 пайызға орындалды, облыстық бюджеттен 94,6 пайызға орындалды.

Білім саласы
Ауданда 53 мектеп, жас өспірімдер спорт мектебі, балалар музыка мектебі, балалар өнер үйі, 290 балаға арналған 3 балабақша бар.
2009 жылдың І тоқсанында білім саласы бойынша 284 млн. 82 мың теңге игерілді, оның ішінде материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 3832 мың теңге, күрделі жұмыстарға – 119,2 мың теңге.

Денсаулық сақтау саласы
Ауданда екі медициналық бірлестігі, оның ішінде 2 аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 1 алғашқы дәрігерлік көмек көрсету орталығы, 40 медициналық пункттері бар.

Мәдениет саласы
Аудан бойынша 2 мәдениет үйі, 26 ауылдық клубтар және 21 кітапхана аудан халқына мәдени қызмет көрсетіп отыр.

Әлеуметтік сала
2009 жылдың 1 қаңтарына 229 жұмыссыз жұмыспен қамту орталығына тіркелді, 2009 жылдың 1 сәуіріне 8 адамға азайды , яғни 221 адам тіркелген.
Жұмыс сұрап келген 153 жұмыссыз, 121-і жұмысқа орналастырылып, жұмысқа орналастыру деңгейі 79,1 пайызды құрады.
2009 жылы 500 жұмыс орны ашылуға жоспарланса бүгінгі күнге 144 жаңа жұмыс орны ашылды, 219 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспар 540 адам.  
Ағымдағы жылы 5 млн. теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі 4 млн. 500 мың теңге, 18 жасқа дейін балаларға төленетін жәрдемақы 9 млн. 697 мың теңге төленді.

Демография
2009 жылдың І тоқсанына 110 адам туып, 85 адам өлді, табиғи өсім 25 адамды құрады.
2008 жылда 321 адам көшіп кетсе, 202 адам көшіп келді, миграциялық өсім ( -119) адамды құрады.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы