Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Күршім ауданында әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы ақпарат

Аудан бойынша 2007 жылдың 1 тоқсанында тауар өнімдері 78386 мың теңгеге өндіріліп, өткен жылдың 1 тоқсанынмен салыстырғанда 13596 мың теңгеге немесе 21 пайызға артты.

2007 жылдың 1 тоқсанына шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 15,8 тонна өсімдік майы, 2,4 тонна ұн, , 0,6 тонна жармақ, 14 тонна балық еті, 50 тонна балық дайындалып40,1 тонна нан пісірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4 тоннаға артық, 43,5 мың дана газет шығарылды.

2007 жылдың 1 тоқсанына мүйізді ірі қара саны 59857 басқа жетіп, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 387 басқа немесе 0,7 пайызға артты, жылқы 13597 басқа жетіп, 724 басқа немесе 5,6 пайызға артты, құс саны 38042 басқа жетті, қой мен ешкі саны 188803 басқа жетіп 5916 басқа немесе 3,2 пайызға артты.

Аудан бойынша сатылған еттің көлемі 783,4 тоннаға жетіп, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 29,1 тоннаға немесе 3,9 пайызға көбейді, сауылған сүт 7008,6 тоннаға жетті. Жұмыртқа алу 383мың данаға жетіп, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 26,6 мың данаға немесе 7,4 пайызға артты.

2007 жылдың 1 тоқсанында ауылшаруашылығының жалпы өнімі алдын ала берілген мәліметтер бойынша 335,1 млн.теңгені құрады, 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3,3 пайызға немесе 10,9 млн теңгеге артты.

Аудандық бюджеттің түсімдер 323344 мың теңге болжамы бойынша 2006 жылы 327024,8 мың теңге түсім түсті. Меншікті түсімдер 71362 мың теңге болжамның орнына 75042,8 мың теңге түсті, яғни болжам 3680,8 мың теңге немесе 5,2 пайызға артық түсті.

2007 жылдың 1 тоқсанында 251982 мың теңге ресми трасферттер түсіп, болжам 100 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2007 жылдың 1 тоқсанына 324087,2 мың теңге болжам орнына, 307984,4 мың теңгеге немесе 95,0 пайызға орындалды.

2007 жылдың 1 тоқсанына даму бюджетімен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге 23739 мың теңге бөлініп, 14076,7 мың теңгеге немесе 59,3 пайызға игерілді, соның ішінде:

- Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3412,8 мың теңге бағытталды. Күршім орта мектеп-гимназиясына музыкалық аппаратура, Күршім №4 орта мектебіне шеберхана, методикалық кабинетке микроавтобус, Күршім №5, Бурабай орта мектептеріне, Жиделі негізгі мектебіне насостар сатып алынды;
-трафикке төлеу 2190 мың теңге;
- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 4910,8 мың теңге, соның ішінде аудан Әкімінің аппаратына және жаңадан ашылған мемлекеттік мекемелерге 18 компьютер, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына 1 қызмет автокөлігі, 2 компьютер сатып алынды;
- Мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйесін құруға 1373,1 мың теңге;
- Күршім ауылында су және канализация құбырларын күрделі жөндеу жұмыстарына 2000 мың теңгесі игерілді;
- мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 190 мың теңгеге 1 компьютер сатып алынды.

2006-2007 оку жылдарында ауданда 55 мектеп бар, оның ішінде 23 орта, 25 орталау және 7 бастауыш мектептері, 3 мектеп жанындағы мекемелер: жастар-балалар спорт мектебі, балалар музыка мектебі, балалар шығырмалық мектебі, мөлшері 100 баладан тұратын 2 бала бақша. Мектептерде 7073 оқушы және мектеп алды даярлықта 591 бала дәріс алады. 13 шағын орталықта 180 бала дәріс алады. Бір оқушыға кететін шығын 27029 теңгені құрады.

Аудандағы барлық мектептерді компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Интернет желісіне 46, «Котелко» спутниктік антеннасына 12 мектеп қосылған.

2007 жылдың 1 тоқсанында бюджеттік қаржының 70,3 пайызы басымдылық саласы болып саналатын білім беру саласына бөлінді. Білім беру ұйымдарын ұстауға 227979 мың теңге бөлініп, 218975,1 мың теңгесі игерілді.

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 ауылдық клуб, 8 кітапхана, 1 тарихи өлкетану мұражайы жұмыс істейді.
Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңестікке 13829 мың теңге бөлініп, 13516,5 мың теңгесі немесе 97,7 пайызы игерілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке 3927 мың теңге бағытталып, 3426,4 мың теңгесі немесе 87,3 пайызы игерілді. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және тұрғын үй көмегі 100 пайызға игерілді.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға 6660 мың теңге бөлініп, 6103 теңгесі немесе 91,6 пайызы игерілді.
Коммуналды тұрмыстық шаруашылығына 4750 мың теңге жұмсалыды, оның ішінде; Ауылдық мекендерді сумен қамтамасыз етуге 2800 мың теңге, ауылдық жерлерді абаттандыруға 1681,4 жұмсалды, оның ішінде ауылдарды жарықтандыруға 1540,4 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 131 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 10 мың теңге.

Ауданда 56 денсаулық сақтау нысандары жұмыс істейді, оның ішінде Күршім аудандық орталық аурухана, Теректі №1 аудандық аурухана, 11 жанұялық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 34 фельдшерлік бөлімше (оның екеуі жеке меншік) және 11 жанұялық амбулатория қызметін көрсетеді.
56 емдеу-профилактикалық мекемесінде 70 дәрігерлер, 270 орта дәрігерлік қызметкерлер қызмет етеді.

Аудандағы 125 орындық екі аурухана халыққа білікті мамандандырылған медициналық кепілді ақысыз және ақылы қызмет көрсетеді. Күршім орталық аудандық ауруханасында 75 орын, Теректі аудандық ауруханасында 50 орын бар.

Күршім орталық аудандық ауруханасы мен Теректі аудандық ауруханаларда сменасына жоспарлы қуаты 367 адам қабылданатын екі консультативтік-диагностикалық емханалар жұмыс істейді, оларда негізгі әдістемелік тексеруден басқа флюрографиялық, лабораториялық, рентген, ЭКГ, ФГС, УЗИ тексерулері жүргізіледі, барокамера жұмыс істейді, рефлекстік ине терапия, физиолық емдеулер жасалады. Денсаулық сақтау саласы 2007 жылдың 1 тоқсанында 62737,8 мың теңгеге қаржыландырылды.
2007 жылдың 1 тоқсанында 705,5 мың теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмек берілді. Оның ішінде жаңа туған балаларға 86,4 мың теңге, жүкті әйелдерге 312,5 мың теңге, спихикасы бұзылған ауруларға 34,7 мың теңге, эпилепсия ауруымен ауратын ауруларға 263,4 мың теңге, қант диабетіне 7 мың теңге, онко ауыруларымен ауыратындаға 1,5 мың теңге көлемінде берілді.
Ауданда осы уақытқа 325 дүкен және дүңгіршектер, 19 асхана және дәмхана, 5 сауда базары, 53 шикізатты өңдеу цехтары жұмыс істеуде, 24 жанар-жағар май құятын станциялары жұмыс істейді, шағын және орта бизнес субъектілері ауданды жанар-жағар маймен, газбен толық қамтамасыз етеді, авто және жүк тасылмалдау қызметін көрсетеді.

2007 жылдың 1 сәуіріне шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық пен төлемдер 19378,1 мың теңге сомасында, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4741,1 мың теңгеге артық, оның ішінде аудандық бюджетке 14540,1 мың теңге, 3268,0 мың теңгеге артық аударылды.

Ауданның атқарушы органдарымен шағын бизнес кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру шаралары өткізіліп жатыр. Жалпы өткізілген сатып алу шараларының сомасы 68,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлер субъектілерінен тауар, еңбек және қызмет сатып алуға 60,4 млн.теңге жұмсалды.

2007 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік берешек 4838 мың теңгені құрады. Бюджеттік мекемелердің еңбекақысы толық төленген. Аудан бойынша 9363 адамға 186,2 млн.теңге зейнетақы мен арнаулы және мемлекеттік жәрдемақылар төленген.

2007 жылдың 1 сәуіріне 232 жұмыссыз адам тіркелген.
2007 жылдың 1 сәуіріне 167 жұмыссыз адам жұмыспен қамту орнына келіп, оның 79 жұмыспен қамтамасыз етілді.
Аудан бойынша 2007 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту көрсеткіші 47,3 пайызды құрады.
Экономикалық белсенді халықтар санына жұмыссыздық үлесі орташа аудандық көрсеткіші 1,1 пайызды.
2007 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 497 адамның жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына, 128 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қоғамдық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 500 адам жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына 206 адам жұмыспен қамтамасыздандырылды. Жаңа мамандық 25 адам оқу тапсырмасы орнына 16 адам дәріс алды.

2007 жылдың 1 қаңтарына кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар саны 2,7 пайызға немесе 75 адамға азайып 2730 адамды құрады.

2007 жылдың 1 сәуіріне 2866 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек және 250 мың теңге тұрғын үй көмегі, 6799 мың теңге балаларға арналған көмек төленді.

2007 жылдың 1 сәуіріне ауданда 113 бала дүниеге келді, 84 адам қайтыс болды, бұл 12 адамға азайды. Табиғи өсім 29 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 адамға артты. 398 адам қоныс аударып, 132 адам көшіп келді.

2007 жылдың 1 сәуіріне 29 қылмыс тіркеліп, 26 қылмыс ашылды немесе тіркелген қылмыстың 89,7 пайызы.

2007 жылдың бірінші тоқсанында аудан халқының өз қаражатымен көлемі 58,6 шаршы метр құрайтын 1 меншік үй салынды.

 

2007 жылдың 1 жартыжылдығында Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

Аудан бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында тауар өнімдері 148570 мың теңгеге өндірілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 85,4 пайызға немесе 64418 мың теңге артық.

Фото 1 2007 жылдың 1 жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 28,4 тонна өсімдік майы шығарылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5 тоннаға көп, 2,4 тонна ұн, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9 тоннаға аз, 0,6 тонна жармақ, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 аз, 18 тонна балық еті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 тоннаға көп, 65 тонна балық дайындалды, 83,1 тонна нан пісірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9 тоннаға көп,  79,8 мың дана газет, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,6 мың данаға аз шығарылды.

Аудан бойынша алдын ала берілген мәліметтер бойынша 2007 жылы 7592,5 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде астық дақылдары  2733,3 гектар, техникалық дақылдары 1650,9 гектар жерге егілді, 628,8 гектар жерге картоп, 144,5 гектар жерге жеміс, 393 гектар жерге  бақша өнімдері, биылғы егілген көп жылдық шөпа 1812 гектар, біржылдық  шөптер 230 гектар.

2007 жылдың 6 айында   мүйізді ірі қара саны 68018 басқа жетіп, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1375 басқа артты немесе 2,1 пайызға, жылқы 15076 басқа жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінің мөлшерінде қалды,  құс саны 38883 басқа жетіп, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  1589 басқа немесе 4,3 пайызға артты,   қой мен ешкі саны 226058 басқа жетіп,  2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9085 басқа немесе 4,2 пайызға өсті.

Аудан бойынша бұзау  алу 21613 басқа жетіп, 2006 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 1155 басқа  немесе 5,6 пайызға артты.
Қой мен ешкі төлін алу 85447 басқа жетіп, 2006 жыл 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2,6 пайызға немесе 2173 басқа артты.
Құлын алу 3511 басқа жетіп, 2006 жылдың 1 жартыжылдығымен  салыстырғанда 7 басқа немесе 0,2 пайызға өскен.

Аудан бойынша  сатылған еттің көлемі 3117,5 тоннаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 63,3 тоннаға немесе 2,1 пайызға  көбейді, сауылған сүт 23155,2 тоннаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда  364,6  тоннаға немесе 1,6 пайызға артты. Жұмыртқа алу 2603,5 мың данаға жетіп, 2006 жылмен салыстырғанда 33,5 мың данаға немесе 1,3 пайызға артты,  309,7 тонна жүн қырқылып, 2006 жылмен  салыстырғанда 5,1 тоннаға немесе 1,7 пайызға көбейді.

Малды ірілендіру негізінде  асыл тұқымды шаруашылықтар құру жұмысы басталды. Қазіргі кезде «Қайнар-Айдос» Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік негізінде симментал тұқымды сиырлар  өсіретін шаруашылық құрылды. Бүгінгі күні асыл тұқымды  60 бас құнажын сауылып , жаңадан құрылған  сүт- товарлы фермасы жұмысқа кірісті. Қазақтың қылшық жүнді етті-майлы асыл тұқымды қойларын өсіру үшін 19 кіші шаруашылықтар бірігіп, жай серіктестік құрылды. Қазіргі кезде осы серіктестіктің малдарына асылдық есеп журналдары толтырылуда. Малдарға бониторовка жасау жұмысы  осы жылдың тамыз айында  өткізіледі.

Қазіргі уақытта сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын 2  жобаға, ет өнімдерін өңдейтін 1 жобаға  қаржыландыру көздерін ашылып, бизнес жобалары бекітілді.
Бірінші  жоба Теректібұлақ ауылындағы «Өтей ВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауысымына 1 тонна сүт өңдейтін шағын зауыты. Жобаның сомасы 9,5 млн. теңге құрайтын   пастерленген сүт, өңделген кілегей, дайын ірімшік шығаратын технология игеріледі
Фото 4 Екінші жоба сүт дайындау , өңдеу және сатумен айналысатын «Ақ өзен» ауылдық тұтыну кооперативтінің жобасы 11 млн. тенге тұратын сүт зауыты Күршімде салынады.

Үшінші жоба  «Бастау»  ауылдық тұтыну кооперативінің мал сою цехы. Жалпы құны 22 млн. тенге құрайтын қасапқана Қалғұты  ауылында салынады. 
Алдын ала берілген мәліметтер бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1242,9 млн.теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға немесе 22 млн теңгеге  артты.

Көктемгі егіс жұмыстарына 4,3 млн.теңге көлемінде тауарлы материалдық құндықтар алуға субсидия берілді. «Сартау несиелік  серіктестігі» 24,7 млн. теңге көлемінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге несие берілді.

Сонымен қатар 44 отбасына Шығыс Қазақстан  облыстық ауылшаруашылығын  қолдау қорынан 7 млн. 280 мың тенгенің шағын  несиесі негізінен мал сатып алуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға,егін шаруашылығын  дамытуға, су кооперативтерін   құруға берілді.
Аудандық бюджет түсімдер болжамы бойынша 2007 жылдың 1 жартыжылдығында 665444,4 мың теңге түсім түсті. Меншікті түсімдер 104 пайызға орындалып, 146407 мың теңге болжамның орнына 152258,4 мың теңге түсті, яғни болжам 5851,4 мың теңге артық түсті.
2007жылдың алты айында ресми трансферттер 99,8  пайыз түсіп, 513186 мың теңгені құрады.
Фото 5 Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2007 жылдың алты айында 661278,2 мың теңге болжам орнына, 641321,5 мың теңгеге немесе 97 пайызға  орындалды.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында даму бюджетімен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге 67936 мың теңге бөлініп, 52366,1 мың теңгеге немесе 76,9 пайызға игерілді, соның ішінде:
- Білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13221,7 мың теңге мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарына 2367,7 мың теңге, оқулық сатып алу үшін 8159,3 мың теңге, трафиктерге төлеу үшін 4,060 млн. теңге, Топтерек клубын мектеп етіп қайта жаңғыртуға 2,940 млн. теңге бағытталды.
- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 4910,8 мың теңге, соның ішінде аудан Әкімінің аппаратына және жаңадан ашылған мемлекеттік мекемелерге, 18 компьютер, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына 1 қызмет автокөлік, 2 компьютер сатып алынды, ауыл арасы жолдарын курделі жөндеуге 1296 теңге бағытталды.
-мемлекеттік мекемелердің информациялық жүйесін  құруға 2593,8 мың теңге;
-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет  ошақтарының информациялық жүйесін  құруға 190,0 мың теңге игерілді.

Республикалық бюджет қаражатынан Аманат ауылында 80 орындық орта мектеп салу жұмыстары жалғастырылуда. 
Аудандағы барлық мектептерді компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Интернет желісіне 46, «Котелко» спутниктік антеннасына 12 мектеп қосылған. 

Жыл сайын бюджеттік қаржының 71,1 пайызынан көбі басымдылық саласы болып саналатын білім беру саласына бөлінеді. Білім беру ұйымдарын ұстауға 457927,8 мың теңге игеріліді.
Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 16 кітапхана.
Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңестікке 32474 мың теңге бөлініп, 32057,9 мың теңгесі немесе 98,7 пайызы игерілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке 42261 мың теңге бағытталып, 41455 мың теңгесі немесе 98,1 пайызы игерілді. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және тұрғын үй көмегі 100 пайызға игерілді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және күрделі жөндеу жүргізуге 11681 мың теңге бөлініп, 10856,4 мың теңгесі немесе 92,9 пайызы игерілді.

Ауылдық жерлерді абаттандыруға 20774 мың теңге бағытталып, 18671,7 мың теңге жұмсалды, оның ішінде ауылдарды жарықтандыруға 3902,8 мың теңге, ауылдарды абаттандыруға 5494,9 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 992,9 мың теңге, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 250,0 мың теңге, абаттандырумен көгалдандыруға 529,0 теңге жұмсалды.  Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 13176,8 мың теңге жұмсалды. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен камтамасыз етуге 250 мың теңге жұмсалды.

– Күршім – Өскемен бағытына жолаушы тасымалдайтын  маршруттар ашылды.  Күршім ауылында жеке кәсіпкер Шмаков А.С. автобекет құрылысын салуды бастамақшы. Бұл бағытта тиесілі жұмыстар атқарылып жатыр.

Ауданда  56 денсаулық сақтау нысандары жұмыс істейді, оның ішінде Күршім аудандық орталық аурухана, Теректі №1 аудандық аурухана, 11 жанұялық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 34 фельдшерлік бөлімше (оның екеуі жеке меншік) және 11 жанұялық амбулатория қызметін көрсетеді.

56 емдеу-профилактикалық мекемесінде 70 дәрігерлер  қызмет етеді.
Аудандағы 125 орындық екі аурухана халыққа білікті мамандандырылған медициналық кепілді ақысыз және ақылы қызмет көрсетеді. Күршім орталық аудандық ауруханасында 75 орын, Теректі аудандық ауруханасында 50 орын бар.

Күршім орталық аудандық ауруханасы мен Теректі аудандық ауруханаларда екі консультативтік-диагностикалық емханалар жұмыс істейді, оларда негізгі әдістемелік тексеруден басқа флюрографиялық, лабораториялық, рентген, ЭКГ, ФГС, УЗИ тексерулері жүргізіледі, барокамера жұмыс істейді, рефлекстік ине терапия, массаж және физиолық емдеулер жасалады. Қабылдау 18 мамандық бойынша жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласы 2007 жылдың 1 жартыжылдығында  172536 мың теңгеге қаржыландырылды. 2007 жылы 6 денсаулық сақтау нысандырына күрделі жөндеу жұмыстарына 26 млн 700 мың теңге жоспарланып,  3млн. 716 мың теңгесі артығымен  игерілді.

2007 жылдың  алты айында 1801,1 мың теңге көлемінде тегін дәрі-дәрмек, соның ішінде: жаңа туған балаларға 151,5 мың теңге көлемінде, 331,4 мың теңге жүкті әйелдерге арналған дәрі-дәрмек, 165,1 мың теңге көлемінде спихикасы бұзылған ауруларға, 878,5 мың теңге көлемінде эпилепсия ауруымен ауратын ауруларға, қант диабетіне 263,4 мың теңге, онко ауыруларына 11,5 мың теңге  түсті.

Ауданда осы уақытқа 325 дүкен және дүңгіршектер, 19 асхана және дәмхана, 5 сауда базары, 53 шикізатты өңдеу цехтары жұмыс істеуде, 24 жанар-жағар май құятын станциялары ашылған, шағын және орта бизнес субъектілері ауданды жанар-жағар маймен, газбен толық қамтамасыз етеді, авто және жүк тасылмалдау қызметін көрсетеді.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық пен төлемдер 36074,9 мың теңге сомасында, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 646,5 мың теңгеге артық, оның ішінде аудандық бюджетке 27201,6 мың теңге аударылды.
Бюджеттік мекемелердің еңбекақысы толық төленген. Аудан бойынша 9339 адамға 373 млн.теңге зейнетақы мен арнаулы және мемлекеттік жәрдемақылар төленген.

2007 жылдың 1 шілдесіне  198 жұмыссыз адам тіркелген, ол 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2 адамға кем.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында 376 жұмыссыз адам жұмыспен қамту орнына келіп, оның  290  жұмыспен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша жұмыспен қамту  көрсеткіші 77,1  пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9  пайызға артты.
Экономикалық белсенді халықтар санына жұмыссыздық үлесі орташа аудандық көрсеткіші 0,9  пайызды құрайды. 

2007 жылдың 1 жартыжылдығында жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 497 адамның жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына, 306 жаңа жұмыс орны ашыды.

Қоғамдық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 500 адам жұмысқа орналасу тапсырмасының орнына 429 адам жұмыспен қамтамасыздандырылды. Жаңа мандық 25 адам  оқу тапсырмасы орнына 16 адам дәріс алды.

2007  жылдың  алты айында  кедейшілік деңгейінен төмен тұратын адамдар саны  3,6 пайызға немесе 100 адамға азайып, 2705 адамды құрады.
2007  жылдың 1 шілдесіне  6332,2 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік көмек және 250 мың теңге  тұрғын үй көмегі, 13796 мың теңге балаларға арналған көмек төленді.

2007 жылдың 1 шілдесіне ауданда 277 бала дүниеге келіп, бұл өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 40 балаға аз, 156 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 19 адамға азайды. Табиғи өсім 61  адамды құрап, өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 21 адамға азайды.

2007 жылдың 1 шілдесіне 899 адам қоныс аударып, 260 адам көшіп келді.

2007 жылдың 1 шілдесіне 68 қылмыс тіркеліп, 62–і ашылған немесе барлық қылмыстың  91,2  пайызы.

2007 жылдың 1 жартыжылдығында аудан халқының өз қаражатымен көлемі 102  шаршы метр құрайтын  меншік үйлер, ал мүлікті жария ет е келе 2182 шаршы метр 33 меншік үйлер салынды. 

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы