2006 жылдың 9 айындағы Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Аудан бойынша 2006 жылдың тоғыз айында тауар өнімдері 96994,0 мың теңгеге өндірілген.
2006 жылдың тоғыз айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 39,8 тонна өсімдік майы, 11,3 тонна ұн, 2,8 тонна жармақ, 82 тонна балық ұны, 15 тонна балық еті, 40 тонна кептірілген балық дайындалды. 140,1 мың дана газет, 121 шаршы метр кесілген ағаш шығарылды.
Аудан бойынша 2006 жылы 11980 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді. Астық дақылдары 2779,4 гектар, 1277,4 гектар жерге картоп, 226,2 гектар жерге жеміс-жидек отырғызылды.
2006 жылдың тоғыз айында қой, ешкі өсімі 83190 басты құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2287 басқа артық (2,8 пайыз), құлын өсімі 3614 бас, өткен жылмен салыстырғанда 288 басқа артық (8,7 пайыз), бұзау 22178 бас.
Аудан бойынша сатылған еттің көлемі 6659,3 тоннаға жетіп, 2005 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2,8 пайызға немесе 181,4 тоннаға көбейді.
Сауылған сүт 39407,3 тоннаға жетті. Жұмыртқа алу 4193,1 мың данаға жетті. 2006 жылдың 9 айында 304,6 тонна жүн қырқылып, 2005 жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға немесе 12,6 тоннаға көбейді.
Бұхтырма шабақ өсіру шаруашылығы көлдерді балықтандыруға балық құрттарын, біржастық және бағалы екіжастық балықтарды өндірумен айналысады. 2006 жылдың тоғыз айында өсіру тоғандарына 40,0 млн. дана карп құрттары, 1688 мың дана бір жастағы карп шабақтары жіберілді.
Аудандық бюджет түсімдер болжамы бойынша 2006 жылдың 9 айында 779396,8 мың теңге түсім түсті. Меншікті түсім 181894,8 мың теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлімі нақтылануымен 2006 жылдың тоғыз айында 774123,8 мың теңгені құрады.
2006 жылдың тоғыз айында даму бюджетімен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге 60827,3 мың теңге бөлінді, соның ішінде:
- білім берудің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 10667,3 мың теңге бағытталды, Күршім орта мектеп-гимназиясына тестілеу орталығы ретінде химия, ағаш өңдеу, медициналық қызмет кабинеттеріне жабдықтар, Қ.Нұрғалиев атындағы орта мектеп-гимназиясына физика, ағаш өңдеу, медициналық қызмет кабинеттері, Сарыөлең орта мектебіне автобус, №4 Күршім орта мектебіне мультимедия кабинеті, аудандық өнер мектебіне ағаш өңдеу станоктары, Қаратоғай орта мектебіне музыкалық орталық сатып алынды.
Көпсалалы Боран орта мектеп-гимназиясының төбесінің толық жөндеу жұмыстарына, Қарой, Қалжыр орта мектептерінің, Қалжыр орта мектебінің жылу жүйесін жөндеуге-10132,1 мың теңге жұмсалды.
- орта мектептерді ақпараттандыруға 18867,3 мың теңге.
- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын жарықтандыруға 5184 мың теңге жұмсалды, оның ішінде аудан әкімдігіндегі жаңадан құрылған бөлімдерге 12 компьютер, қызметтік автокөлік, принтер, жиһаздар; ауылдық әкімдікке қызметтік автокөлік, компьютер сатып алынды.
- жол жөндеу жұмыстарына 4442,8 мың теңге.
- мәдениет кеңістігінде 2305 мың теңгеге синтезатор, фотоаппарат, музыкалық қондырғылар сатып алынды.
2006 жылы ауданда 55 мектеп бар, оның ішінде 24 орта, 25 орталау және 6 бастауыш, 3 мектептен тыс мекемелер: балалардың спорт мектебі, өнер мектебі, шығармашылық мектебі: 2 балабақша, қимыл қозғалысы шектеулі 30 балаға арналған корррекциялық түзеу кабинеті бар. Мектептерде 7073 оқушы, мектепалды даярлықта 591 бала дәріс алады. 5 мектеп жанындағы интернатта 182 оқушы тәрбиеленеді.
2003 жылдан бері мектеп бітірушілердің білімі тестік сынақ арқылы тексеріледі. Тестік орталық Күршім орта мектеп-гимназиясының базасында ашылған. 2006 жылғы ортақ көрсеткіш 70,15 балл болды. Грант иегері атанып, жоғары оқу орындарына түскендер саны-183, әскери академияларға түскені-25.
Аудандық балалар спорт мектебі жоғары нәтижелерге жетуде. Қол күресі мен гір көтеру спортынан Республика чемпионатында Күршім ауданының жас спортшылары 14 медаль: оның ішінде 3 алтын, 3 күміс, 5 қола; Гір көтеруден: 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді.
Аудан мектептерінде компьютерлендіру жұмысы толығымен аяқталды. 12 мектепте «КОТЕЛКО» спутниктік антеннасы қойылған, 23 мектеп Интернет жүйесіне қосылған.
Білім саласына бюджеттік қаржының 60 пайызы бөлінеді. Игерілген қаржы көлемі 524110,0 мың теңге, 1 оқушыға кететін шығын мөлшері 61527 теңге.
Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 клуб, 8 кітапхана, тарихи-өлкетану мұражайы қызмет етеді. Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістікке 32611,0 мың теңге бағытталды. Халықтың аз қамтылған тобына әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалған қаржы 63123,4 мың теңгені құрады. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеу жұмыстарына 18436,8 мың теңге игерілді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына бағытталған қаржы көлемі 36018,2 мың теңгені құрады, оның ішінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 2939,2 мың теңге, әр түрлі санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 100,0 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына 6609,0 мың теңге, оның ішіне көшелерді жарықтандыруға 4523,8 мың теңге, тазалық жұмыстарын жүргізуге 738,2 мың теңге, көгалдандыру жұмыстарына 913,0 мың теңге, панасыздарды жерлеу рәсімдеріне 434 мың теңге жұмсалды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша Күршім аудандық орталық аурухана, Теректі аудандық ауруханасы, 11 ОДА, 5 фельдшерлік-акушерлік бөлімше, 34 фельдшерлік бөлімше қызмет етеді. Денсаулық сақтау саласында 75 жоғары білімді дәрігер, 249 арнаулы орта білімді қызметкер бар.
2006 жылдың 9 айында облыстық бюджеттен 159249,1 мың теңге бөлінді. Бір ауруды емдеуге жұмсалған қаржы көлемі 18650 теңге болды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 4582 теңгеге артық.
12 емдеу-профилактикалық мекемесін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған, 2006 жылдың 9 айында 12663,7 мың теңге игерілді.
2006 жылдың 9 айында медициналық тексеруден 8950 бала, 5523 ересек адам өткізілді.
2006 жылдың ағымдағы мерзімінде 7243,8 мың теңгеге тегін дәрі- дәрмек сатып алынды, оның ішінде жаңа туған балаларға-137,8 мың теңге, бір жасқа дейінгі балалар үшін 480,7 мың теңге, 1-5 жастағы балалар үшін-874,4 мың теңге, жүкті әйелдерге-331, 7 мың теңге, жүйке ауруына шалдыққандарға-266,2 мың теңге, эпилепсиямен ауыратындарға - 1082,4 мың теңге, қант ауруына шалдыққандарға 1948,4 мың теңге, онкологиялық ауруларға-30,4 мың теңге, жас жеткіншектер үшін 1889,7 мың теңге, басқадай жеңілдіктер пайдаланатын аурулар үшін 202,1 мың теңге жұмсалды.
2006 жылдың 9 айында 14 кәсіпкерлік объектісі, оның ішінде 9 дүкен мен дәмхана, 2 өндірістік тоңазытқыш, 3 жанар-жағар май құю станциясы салынды. 5 базар, 311 дүкен мен дүңгіршектер, 19 асхана мен дәмхана, 53 қайта өңдеу цехы, 23 жанар-жағар май құю станциясы қызмет етеді.
2006 жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық пен төлемдер 52278,9 мың теңге сомасында аударылды.
Ауданның атқарушы органдармен шағын бизнес кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру шаралары өткізілуде. Жалпы өткізілген сатып алу шараларының сомасы 244,7 млн теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 43017,2 мың теңге болды.
Бюджеттік мекемелерде еңбекақылық берешек жоқ. Зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек 9438 адамға 506,4 млн теңге көлемінде төленді. 2006 жылдың 1-қазанына дейін 203 жұмыссыз тіркелді. 584 жұмыссыз адам жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, оның 439-ы жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 75,2 пайызды құрады.
29 адам жаңа кәсіп игеруге оқытылды, жоспарлаған көрсеткіш - 25 адам. Жұмыссыздық деңгейі-4,6 пайыз.
2006 жылдың 9 айында орташа табысы күнкөрістік мөлшерден кем тұрғындар саны 400 адамға азайды, 3255 адамды құрады. Кедейшілік деңгейі 8,5 пайыз. Атаулы әлеуметтік көмек 12894 мың теңге көлемінде төленді. 2006 жылдың 9 айында 378 бала туып, 269 адам қайтыс болды. 1580 адам ауданнан көшіп кетсе, 447 адам көшіп келді; Өсу көлемі 1133 адамды құрады. 2006 жылдың 9 айында 116 қылмыс тіркеліп, 100 қылмысты іс ашылды, бұл 86,2 пайызды құрайды. 2006 жылдың 9 айында өз қаражаттарымен салынған тұрғын үй саны-30. 22327 түп көшет, 800 шаршы метрге бұталар отырғызылды.
|