|
Аудан әкімі
Бекбосынов Арман Ілиясұлы 1973 жылдың 10 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген.
Қазақ, білімі жоғары. 1995 жылы Өскеменедегі автомобиль жолдары және аэродромдар мамандығы, автомобиль жолдарының инженер – құрылысшы біліктілігі бойынша құрылыс – жол институтын бітірді.
Өзінің еңбек жолын 01.02.1996 жылы автомобиль жолдары Қазыналық кәсіпорнының пайдалану бөлімінде бірінші дәрежелі инженер болып бастады. 01.01.1997-23.02.1999 жылдары– Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары Қазыналық кәсіпорнында пайдалану бөлімінің жетекші маманы, 23.02.1999 жылы қайта құрылуға байланысты Шығыс Қазақстан «Казахавтодор» РМҚК филиалының бас маманы болып тағайындалды. 28.03.2000 жылы қайтара құрылған «Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары» ММ-нің жол қозғалысы қауіпсіздігі бөліміне бас маман қызметіне қабылданды. 04.08.2000-02.02.2001 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің автомобиль жолдары Комитетінің жолдарды дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
02.03.2001 жылы Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің автомобиль жолдары жүйесін дамыту басқарамасы автомобиль жолдары жүйесін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздгі бөлімі бастығының міндетін атқарушысы болып ауыстырылды. 04.06.2001жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары Комитеті автомобиль жолдары жүйесін дамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бастығы, 10.09.2001-10.01.2002 ж.ж Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары Комитеті пайдалану және жол қозғалысы қауіпсізідіг бөлімі бастығы. 10.01.2002 жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің пайдалану және автомобиль жолдарын дамыту басқарамасы бастығының орынбасары, 23.12.2002 – 24.02.2003 ж.ж Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары Комитетнің ғылым және нормативтер басқармасы бастығының орынбасары. 24.02.2003 жылы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары ғылым және құқық Комитеті басқармасының бастығы. 05.01.2005 жылы құрылымының өзгеруіне байланысты көліктік инфрақұрылымды дамыту Комитетінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқарамасының бастығы. 15.09.2005 жылы Астана қаласындағы «Қазақ жол құрылысы» ЖШС-і директорының өңдіріс бойынша орынбасары. 12.06.2006 жылы көліктік инфрақұрылымды дамыту комитетінің Атырау облыстық басқарамасы бастығының орынбасары. 15.01.2007-22.07.2008 ж.ж көліктік инфрақұрылымды дамыту Комитеті Атырау облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 22.07.2008 жылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі көліктік-коммуникациялық кешен және стратегиялық жоспарлау Департаменті автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы болып тағайындалды.
14.09.2009-15.06.2010 ж.ж Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.
2010 жылдың 15 шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясына – 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. «Құрметті Жолшы» атты жоғары кәсіптік атаққа ие болды. «Нұр Отан» ХДП-нің мүшесі.
Үйленген.Үш баланың әкесі.
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау күндері:
Үлкен Нарын ауылы: сәрсенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
Катонқарағай ауылы: әр айдың екінші аптасы мен төртінші аптасының бейсенбі күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.
Лауазымдық міндеттер:
Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша мекемелер: комитеттердің, кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімдерінің іс-қызметтеріне басшылық жасау, үйлестіру.
Аудан экономикасын реформалау, іс-қимылын қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін жүзеге асырудағы перспективалық және ағымдағы міндеттерді шешу.
Аудан бюджетін түзуге басшылық және оның орындалуын бақылау, еңбекақы, ақша айналымы және несиелеу, перспективалық болжам, өндірістік күштерді, материалдық-техникалық, еңбек қорларын бөлу және тиімді пайдалану.
Прокуратурамен, аудандық сотпен, ішкі қауіпсіздік және қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелерін шешуде ұлттық қауіпсіздік департаментімен өзара қимылды және үйлесімді іс-қызметті қамтамасыз ету, құқық тәртібін, атқарушылық тәртіпті, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресті нығайту, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың ахуалы. Аудан әкімдігінің мәселелері. Мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті адамдарға құрметті немесе басқадай мәртебелі атақтар беру жөнінде облыс әкіміне ұсыныстар түсіреді.
Мынадай лауазымды адамдарды:
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, ауылдық округ әкімдерін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдарының басшыларын лауазымдық қызметке тағайындайды және босатады.
Басқару құрылымын оңтайландыру, кадрларды іріктеу және орналастыру, әкімшілік-аумақтық құрылым, жер қатынастарын реттеу.
Прокуратурамен, сотпен, әділет басқармасымен, ішкі істер бөлімімен, ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік басқармасымен ұйымдық байланыстарды жүзеге асыру.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің және құқықтық мәселелер жөніндегі бас инспекторының іс-қызметінің мәселелері.
Жеке мәселелер бойынша қабылдау уақыты: дүйсенбі күні сағат 14-00 ден 17-00-ге дейін.
Байланыс телефоны: 8 (72341) 2-11-41
|