|
Зырян қаласының әкімі
Ермак Бидахметұлы Сәлімов - Зырян ауданының әкімі
1957 жылы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Шірікаяқ ауданында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.
Өз еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинатының Березовский кен орнында шахтының жер асты тау мастері болып бастады. 1985 жылдан 1987 жылға дейін қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы болып жұмыс атқарды. 1987 - 1989 жылдары – Ертіс кен орныны партиялық бюросының хатшысы. 1989 - 1994 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинаты Ертіс кен орнының № 3 жер асты тау учаскесінің бастығы. 1994 - 1996 жылдары – ШҚО Глубокое әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 - 1997 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының сенімді басқарушысы. 1997 - 1999 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999 - 2000 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» ЖШС конкурстық басқарушысы. 2001 – 2008 жылдары – ШҚО Глубокое ауданы әкімінің орынбасары.
2008 – 2009 жылдары – ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қарашасына дейін ШҚО Риддер қ. әкімі.
2009 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдың шілдесінен бастап Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды.
- Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым қатынастағы ауданның мүддесін қорғайды;
- Селолық округтер, кенттер, Зырян қ., Серебрянск қ., әкім аппараттарының, бөлімдерінің қызметі туралы, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталу туралы, құрмет және басқа да атақтармен тұлғаларды марапаттау туралы облыс әкіміне тапсырады;
- Аудан бюджетімен қаржыландырылатын аудан әкімінің орынбасарларын, әкім аппаратының басшысын және әкім аппараты бөлімдерінің бастықтарын, жергілікті атқарушы органдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
- Азаматтардың құқығын және бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
- Жергілікті өзін- өзі басқару органдарымен өзара іс- әрекетті жүзеге асырады;
- Көпшілік пайдаланатын орындардағы аумақтарды ұстау және көркейту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- Мектепке дейінгі, жалпы орта, бастауыш және кәсіби білім мекемелеріне, әлеуметтік- мәдени саласының мекемелеріне материалдық- техникалық қамтамасыз етуде қолдау мен көмек көрсетеді;
- Тиісті аумақтарда мал- дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- Бюджетке салық және өзге де міндетті төлемдерді жинауға көмектеседі, әкімшілік- аумақтық бірліктерін басқару сызбасын мәслихатқа бекітуге енгізеді;
- Мәслихатқа бекітуге ведомствоаралық сипаты мәселелері бойынша кеңестік- отырыстық органдардың персоналды құрамын тапсырады;
- Жалпы әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығын және жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Жеке мәселелер бойынша қабылдау айдың соңғы дүйсенбесiнде сағат
14-тен 18-ге дейiн жүргiзiледi.
Телефон:
8(72335) 6-18-44, 6-29-72
|