|
Зырян қаласы
Аудан әкімі
Әлеуметтік-экономикалық
дамуы
Виртуалды қабылдау
Сайт: akimzyrian.gov.kz
Тарихи анықтама

akimat_zyr@mail.kz Зырян ауданы- Зырян қаласы әкімі аппаратының электрондық мекен- жайы
1747 жылы Елизавета императрицасының Жарлығымен барлық демидов кендерi мен зауыттары оның жеке меншiгiне тартылып алынды. Змеиногорск кенi байлығы бойынша бiрiншi болып саналған, бiрақ бұл кен орны өндiрiле бастады. Зерттелмеген болып Бұқтырма даласы ғана жатты.
1791 жылы Өскемен қамалынан Бұқтырма кенiне кезектi бергайерлер жасағы жөнелдi. Олардың арасында Зырянов Григорий Григорьевичте болды, Зырян кен орнын тұңғыш-ашушысы.
Зырян кен орнынан кейiн тағы көп ашулар болды.1801 жылы бұрынғы қашқын Мамонтов Хаир-Кумин өзенiнiң оң жақ жағалауында Зырян кенiнен 20 шақырым жерде қорғасын кен орнын тапты. 1810 жылы кендi ашқан Малеев Зырян маркшейдерiнiң атымен осы күнге дейiн Малеевка селосы атанып жүр. 1818 жылы Иван Заводин Кондратьево селосының маңында тағы бiр кен орнын тапты. Бұл кен орны -бұрынғы ҚСРО-ның теллурист күмiсi мен қорғасыны бар кендердiң жалғызы.
ХIХ ғасырдың басында Зырян кенi күмiс кенiн өндiрудiң iрi орталығына айналды және жалғыз Ресейде емес белес те де белгiлi болды.
Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстiк -шығысында орналасқан, солтүстiк пен солтүстiк-батыста Риддер қаласының аумағымен, солтүстiк -шығыста және шығыста Ресей федерациясымен (Алтай өлкесi), оңтүстiк-шығыста Катон-Қарағай ауданымен, солтүстiк-батыс шекарасы Ұлан ауданымен, батыста -Глубокий ауданымен шектеседi. Аудан аумағы 10,5 мың шаршы км тең. Климаты шұғыл континенттiк, ортажылдық температурасы 0,3 Цельсии градусы, абсолюттiк максимумы:+40 С, абсолюттiк минимумы-51 С.
Зырян қаласы аудан орталығы болып табылады, ол 1791 жылы орнатылған. Қазiргi шекарасында Зырян қаласы 1941 жылғы 17 қаңтардағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде 1941 жылы орнатылған. Ауданның құрылу уақыты- 1977 жылдың 23 мамыры. Зырян ауданы 1988 жылдың шілдесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының негiзiнде Зырян қаласымен бірлесті. 1997 жылы Зырян ауданының құрамына Серебрянка ауданы кiрдi.
Зырян кен ауданы- Рудный Алтайдың тау-кен аудандарының негiзгi және көнелерiнiң бiрi, Лениногорск-Зырян тәуелдi аймақтың солтүстiк-шығыс жағында, Ревнюшенск горстантиклинальмен аймақтық түйiседi. Ауданда жүз елуден астам полиметалдық, колчедандық-полиметалдық, мыс-колчедандық орындар, кенкөрiнiстерi мен минералдау нүктелерi белгiлi.
Қорғаныс, мырыш, мыс, алтын, күмiс және басқа да құнды құрамдас бөлiктерi бар кен орындарымен ғана бай емес, аудан табиғи құрылыс материалдарымен- құм-iрi құм қоспасымен, құқрылыс құмдарымен, кiрпiш саздақтарымен де бай.
Өнеркәсiп -өңiр экономикасының негiзi болып табылады. Пайдалы қазбалардың барлығы өнеркәсiптiң салалық бағытын белгiлейдi. Базалық сала- тау-кен өндiру саласы. Осы саланың бас кәсiпорны - "Қазмырыш" ААҚ Зырян тау-кен байыту кешенi -Зырян қаласында орналасқан.
Ауданда цемент өндiру бойынша Қазақстанның iрi кәсiпорны жұмыс iстейдi- "Бухтарминская цементная компания" ААҚ (Октябрьск кентi).
Жеңiл өнеркәсiптi "Зыряновская швейная фабрика" ЖШС, "Рассвет" ЖШС, "Универсал Вектор" ЖШС ұсынады. Тiгiн бұйымдар-арнаулы киiм, әйелдер және балалар ассортиментi бұйымдары осы кәсiпорындардың өнiмi болып табылады.
"СЗНП" ЖАҚ бума-сүзгiш материал, кәсiпорындар мен халыққа арналған демалу органдарын қорғау құралдары, ассортименте пластмастан жасалған бұйымдар өндiрiледi.
Электр энергиясының өндiрiмi Серебрянка қаласының маңында орналасқан "Қазмырыш" ААҚ Бұқтырма Гидроэнергетикалық кешенiнде өндiрiледi. Кешенмен бiр жылда сағатына 2,5 млрд. квТ астам өндiрiледi.
Аудан көлiгiнiң негiзгi түрлерi: темiр жолы және автомобиль жолы. Қатты жабуымен жалпы пайдалану автомобиль жолдарының ұзындығы 387,5 км ( 2003 жылы 143,5 км иесiз санынан тапсырылды). Бұдан басқа аудан аумағында 191 км ұзындығымен Өскемен-Зырян автожолы, тұйықтама болып саналатын Защита ст. Зырян ст. дейiнгi темiр жол учаскесi өтедi.Бұқтырма су қоймасында Бұқтырма шлюзы, Бұқтырма кемежайы жұмыс iстейдi.
Аудан ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру саласында, оның iшiнде басқа өңiрлермен салыстырғанда, өнiмдiлiгi едәуiр жоғары дәндi дақылдарымен негiзгiлердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылық мекендердiң, табиғи жағдайларының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының кең спектрiн, оның экономикалық жоспарында дәндi, майлыларды артық көретiнi, өсiруге мүмкiндiк бередi. Жетекшi сала-өсiмдiк шаруашылығы-(өндiрiс құрылымында 66%). Ауданда мал мел құстың дәстүрлi түрлерiнен басқа "Марал-сервис" ЖШС марал өсiрумен шұғылданады.
Тамақ және өңдеушi өнеркәсiпте ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi шағын, орта бизнес кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлер басым. Кәсiпорындардың өз қаражаттары және халықтың қаржысы құрылысқа қаржы салымының негiзгi көзi болып қалды. Негiзiнде аудан бюджетiнен әлеуметтiк сала объектiлерi мен жолдардың күрделi жөндеуi қаржыландырылады.
Ауданда әлеуметтiк сала жеткiлiктi дамыған- жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерiнiң торабы.
Емдеу -профилактикалық мекемелер жүйесi 13 емхана-поликлиникалық ұйымдарды, оның iшiнде 12 мемлекеттiк отбасылық дәрiгерлiк емханаларды, оның 7 селолық, енгiзедi. Бұдан басқа 9 ауруханалық ұйымдар (оның 7 мемлекеттiк, оның iшiнде 1 селолық), 6 фельдшерлiк-акушерлiк пунктер және 31 фельдшерлiк пункт.
Аудан аумағында 12 мәдениет үйi және клубтар, оның 11 мемлекеттiк, 24 мемлекеттiк кiтапхана, бұдан басқа соқырлар мен саңырауларға арналған 2 мамандырылған кiтапхана. 50-жылдары салынған "Горняк" МҮ сәулет ескерткiштерiне жатады.123 спорт құрылысы, 3 балалар- жастар спорт мектебi жұмыс iстейдi.
Негiзгi республикалық және облыстық өкiмет құрылымы - құқық қорғау және фискальдық органдары ұсынылған. "Қазақстанның халық банкi" ААҚ, "Наурыз Банк Қазақстан" ААҚ филиалдары, "Валют- Транзит Банкi" ААҚ, "Тұран Әлем банкi" ААҚ, "Центркредит банкi" ААҚ, "Алматы Сауда-Қаржы банкi" ААҚ , Альянс Банкi" ААҚ филиалдарының бөлiмдерi, сақтандыру компаниялары жұмыс iстейдi.
|