|
ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жарма ауданының әкімі - Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы
1957 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылында тұған, ұлты – қазақ.
1981 жылы Томск инженер-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 1998 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер-экономист-менеджер квалификациясын иемденумен бітірген.
Еңбек жолын 1974 жылы «Қарабулақ» совхозында жұмысшы болып бастады.
Институтты аяқтағаннан кейін 1981 жылы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының инженері, содан кейін ұқсас қалалық құрылымдарда бас инженер болып жұмыс істеді.
1986 жылдан – қоғамдық жұмыста қалалық коммуналдық шаруашылықтың бірлескен кәсіподақтың төрағасы лауазымында, 1989 жылдан – ШҚО ТҮКШ өндірістік бірлестігінде жетекші инженер. Келесі жеті жылда - Өскемен қаласы Октябрьское аудандық әкімшілігінде басқарушы лауазымдарында қызмет атқарды.
1996 жылдан бастап – сектор меңгерушісі, бөлім бастығынан ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі кезеңдердің барлығынан өтті. 2007 жылы облыстың Құрылыс басқармасының бастығы болды.
2008 жылғы тамыз айынан бастап – облыс орталығының әкімі.
Қызметтік міндеттері
Ауданға жалпы басшылық жасау, ауданның атқарушы билік органдарының іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына, ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардың және т.б. жүзеге асуына бақылау жасау.
Қабылдау күндері: әр дүйсенбіде 14-00-ден 18-00-ге дейін
Телефон: 8-(73247)-47-6-17-32
|