Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
БИЛІК КҰРЫЛЫМЫ

Өскемен қаласы

   Қала әкімі

   Мемлекеттік мекемелері

   Әлеуметтік-экономикалық дамуы

  Виртуалды қабылдау

Тарихи анықтама 

  http://www.map.east.kz

Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдары) ауыр өнеркәсіп дамыды.

  Қысқаша сипаттама

Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан; көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты өткір континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер ( жалпы санының 23,9 %) құрайды, оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.

17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.

Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, темір жол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.

Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.

Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке) 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың. оқушы), 11 орта оқу орындары( 6,3 мың. оқушы), 7 Кәсіби-техникалық мектеп(3,4мың. оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.

Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік ҚР Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті  Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.


   Өскемен қаласының құрметті азаматтары

СЛАВСКИЙ Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..

ПРОТАЗАНОВ Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..

ЧИСТЯКОВ Митхаил Иванович, 1917ж.т., майдангер, ақын,Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.Жуықта ақынның жаңа жинағы жарық көрді.

КУЛЕНОВ Ахат Сәлемхатович,”УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.

ИВАНОВ Анатолий Степанович, 1928., жазушы, “ Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы.  

БАТАЛОВ Юрий Васильевич Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.

МАМБЕТКАЗИЕВ Ережеп Әлхайырұлы, 1937 ж.т., Шығыс –Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.

ШАЯХМЕТОВ Бағдат Мұхаметұлы қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90 – шы жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.

ПЛАХУТА Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.

КОРОТИНА Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары . Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан. 

   Оқиғалар хроникасы

   Бұдан да толық ақпаратты қаланың сайтынан білуге болады

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы