Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ПРАВО

Право

15 жылдық құрылу белестері

«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының сегізінші тармағы қарастырған  «Әдiлет министрлiгi жанынан Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құрылсын және оның негiзiнде тұтынушыларға құқықтық-ақпараттық қызмет көрсету, автоматты жүйелердi пайдалана отырып, оларды анықтамалық-әдiстемелiк материалмен, заң құжаттарының үлгiлерiмен жабдықтау ұйымдастырылсын» 2008 жылдың 16 маусымында басылып шыққан күнінен бастап 15 жыл толды. Бірақ РҚАО тарихы ертеден басталды.

1985 жыл. Жалпы халықаралық құқықтық ақпарат жүйесін құру бағдарламасын жүзеге асырғанда, ССР Кеңес министрлерінің бекіткен қаулысына байланысты барлық одақ министрлерінің басқармасында - Республикалық автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесі бөлімшелері құрылды. Ең негізгі тапсырмасы- іздеу тәртібінде жұмыс істейтін және өзіне республикамыздың барлық нормативтік материалдарын енгізетін автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесін құру. Бұны заңнамалар бойынша компьютерлік база деп атау әлі алда, ал қазірше  Мемстатком-де орнатылған үлкен ЭЕМ-де өңдеп, материалдарды жинау керек.

Әділет министрлігінің жас, сауатты бас маманына Степанова Валентина Алексеевнаға Республикалық автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесін  басқаруды тапсырды. Тапсырманың күрделілігі ұқсас жүйелерді құру тәжірбиесінің, ешкіммен ақылдасып, ештеңемен салыстыру мүмкіндігінің болмауымен қорытындыланды.

Ең бірінші нәтиже белесі – микроЭЕМ «ДИАЛОГ-М» үшін жинау және ақпаратты іздеу жүйесін құру, екінші- Халықаралық ғылыми және техникалық ақпарат орталық ұйымы Москва қ. Республикалық автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесімен бірге авторы болды.

Магнитті дискілерге деректер базасын ұйымдастыру және ақпаратты енгізу, сұрату бойынша іздеу және ақпаратты құжат немесе кесте  түрінде шығару құралдарын жүйе іске қосты. «ДИАЛОГ-М» 8-битті микроЭЕМ (микроДОС басқаруымен), 16-битті  микроЭЕМ (АльфаДос басқаруымен) және СМ ЭЕМ ( ОС РВ басқаруымен)  жұмыс істейді. «ДИАЛОГ-М» пайдаланушы үшін диалогтік жинақтаушы жүйесі және микроЭЕМ-де ақпарат іздеу болып табылады. Ең бірінші болып Қазақстанда заңнамалар бойынша, іздеу тәртібінде жұмыс істейтін база құрылды және бұл жеңіс еді.

«Windows» операциялық жүйесінің пайда болуына байланысты жиналған нормативті материалдар үшін іздеу бағдарламасының жаңа версиясын құру қажеттілігі туындады. Білім мен тәжірбиеге ие болған, іздеу бағдарламасын өз бетімен жазуға қабілетті, ұжымға сауатты инженер-программисттердің келу есебімен, тек өз күшімізге сенуге тура келді. Сонымен, 1995 жылы «Бағдарламалық-технологиялық кешен «Заңнамалар» дүниеге келді және мемлекеттік тіркеуден «Зияткерлік меншік обьектісі» ретінде өтті (04.02.2000 ж. № 017 куәлігі). Авторлар ұжымы: В.А. Степанова – директор (заңгер); А.И. Гончаренко, А.Н. Кузнецов, А.В. Козлов – инженер-программисттер; Н.Н. Богдашкина, И.А. Бухарова, В.В. Горяева және Д.К. Орынбекова – заңгерлер.

Республикалық автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесі алдына үлкен тапсырмалар қойылды және соның ішіндегі ең маңыздысы –компьютерлік деректер базасының НҚА мемлекеттік тілде құру болып табылды. Бұл тапсырманы жүзеге асыру алдымен бас маманға, сосын директордың орынбасары Орынбекова Дина Кайрхановнаға көзделді. Бірақ қиындықтарға қарамастан (орыс және қазақ тілдеріндегі белгілі бір ұғымның ұйқаспаушылығы, қазақша шрифтінің біртұтас стандартының болмауы және т.б.) берілген істі аяғына дейін тындырды. 1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда ең бірінші болып заңнамалар бойынша мемлекеттік тілдегі «Заң» деректер базасының құрылуы сәтті аяқталды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының он жылдығына қарсы, РҚАО Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша екі тілдегі және екі терезе режимінде жұмыс істейтін базаның тұсаукесері өтті.

РҚАО-ның құрылу тарихын айтқанда 1993 жыл еске түседі. Орталықты құру рухын ірі оқымысты-құқықтанушы, белгілі мемлекеттік және саяси қызметкер, заң ғылыми докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Шайкенов Нагашбай Амангалеевич жарыққа шығарды. Осы адамның арқасындаҚазақстанның даму перспективі Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығында дүниеге келді.

1996 жылы көптеген аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарының тарихы басталады. Филиал желілерінің ашылу және кеңею орындарына байланысты мемлекеттің ақпараттық-құқықтық жолсеріктік саясаты болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан аймағында  РМК РҚАО-ның 16 филиалы бар.
Шығыс Қазақстан  филиалы 1996 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында құрылды. Филиалға алғаш даму  кезеңінде әділет басқармасының бастығы Тлеубергенев Марат Брашевич қол үшін берді.

Орталықтың бірінші құрылған күнінен бастап филиал меңгерушісі-А.А. Ислямова., ал 1996 жылдың қараша айынан бастап – бас маман Н.А. Кузьмич жұмыс істейді. Наталья Алексеевна – ұқыпты тамаша адам, жоғары дәрежелі маман, әрдайым көмегін аямайтын тұлға. Біздің жастардың тәлімгері.
12 жылдың ішінде орталықта бірнеше жетекші маман ауысты. 1998-2002 жылдары жұмыс істеген Савельева Ларисаның табандылығын, қуаттылығын, Маштаков Вадимнің (2002-2005) парасаттылығын, сауаттылығын, кішіпейілділігін айта кеткім келеді. Белсенді, табысқа ғана бағытталған, өте коммуникабельді Лобах Наташа және Аринов Далель  өздеріне жақсы ұсыныс жасады.

Қазіргі уақытта филиалда 6 адамнан тұратын өте біртұтас ұжым еңбектенуде. Төртеуі- бұлар жас мамандар Степанов Александр, Муратов Руслан, Печенкин Руслан және Саканова Аймара. Олар- біздің филиалдың үміті, тірегі. Шығыс Қазақстан РҚАО филиалы басқа ұжымдар сияқты өзіндік тұлғасы, сипаты бар. Біз үшін негізгі болып пайдаланушыларымыздың барлық ниеттеріне зейінділікпен, жедел қарап өз жұмысымызды ақ ниетпен атқару болып табылады.
Жеке әңгіме біздің пайдаланушылар туралы. РҚАО құрылуы егеменді Қазақстанның құрылуымен дәл келді. 1996 жылы «Заң» деректер базасын ол кезде «Dialog» деп атаған, көсетуге аудандарға барғанда біздің қазіргі пайдаланушылардың көбінде  сәйкес компьютерлік техника болмады. Қазір әрбір мекеменің мамандарында өздерінің дербес компьютерлері бар.

ШҚ АҚАО бірінші пайдаланушылары болып 1996 жылы Лениногорск қаласының әкімдігі, бертінгі Риддер қаласы және Зырян ТБК болды. Қазір барлық аудандық және қалалық әкімдіктер және мәслихаттар «Заң» деректер базасының пайдаланушылары болып табылады. Күнделікті жұмыстағы таптырмайтын көмекші және ақылшы болып табылады. 2007 жылдан бастап ауылдар және кенттер әкімдіктері «Заң» деректер базасын пайдалану қажеттілігін түсініп, өздеріне орната бастады.

Әр жыл, ай сайын «Заң» деректер базасының достар шеңбері, пайдаланушылар шеңбері кеңеюде. Базаны Жоғарғы оқу орындары және колледж студенттері, сонымен қатар бизнесмендер, кәсіпорын бастықтары, мемлекеттік мекеме заңгерлері,  шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар пайдаланады.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы
Барлық құқығы қорғалған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің www.akimvko.gov.kz
сайтынан материалдарды толық немесе жартылай пайдалану тек сайттың
ресми иесінің келісімімен ғана рұқсат етіледі.
070019, Казахстан, г. Усть-Каменогорск, ул. М.Горького, 40
Телефон администратора сайта: 8(7232) 24-45-61
E-mail: portal@akimvko.gov.kz
Copyright © 2005-2012