Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФОТОСУРЕТЫ 

ШҚО бойынша көші-қон Комитеті басқармасының

Көші-қон

Қазақстан Республика Президентінің 2004 жылғы 27-желтоқсандағы №1508-і «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығына сәйкес 2006 жылға Шығыс Қазақстан облысына 875 отбасы белгіленген.

Оралмандарды қабылдау және жайластыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Шығыс Қазақст ан облысының әкімдігінің «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» қаулысы қабылданған.

Оралмандардың көшіп келу квотасына ену туралы өтініштерін қарау мақсатында облысымызда комиссия құрылған, оның ішіне облыстық әкімдігінің, облыстық Енбек министрлігінің Департаментінін, көші-қон полициясынын қызметкерлері және қоғамдық мекемелердің өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көші-қоны туралы» Занының негізінде Басқармамен оралмандарды көшіп-келу квотасына енгізу жұмыстары жүргізіп және осыларға бір жолғы жәрдемақы, көлік шығындары және тұрғын үй сатып алуға қаражат төленіп жатыр.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көші-қоны туралы» Занының және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 қантардағы №15 Үкіметтің Қаулысына сәйкес көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға көші-қон Комитетінің басқармасымен республикалық бюджеттен келесі жеңілдіктер мен өтемақылар төленеді:

1.Бір жолғы жәрдемақы:
1)отбасы басшысына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2)отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2.Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көреткіш мөлшерінде бөлінеді

3.Тұрақты тұратын жеріне бару мен мүлкін (соның ішінде малын) апару жөнінде:
1)оралман отбасына әрбір мүшесінің жолына ақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
2)жеке мүлкін апаруға ақы төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

Аудан және қала әкімдерімен көшіп келіп жатқан оралмандарды мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру мақсатында қазіргі уақытта облыстық көші-қон Комитеті Басқармасымен кәсіптік құрамын білу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2006 жылғы көшіп келу квотасын орындау жұмыстары 2006 жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады.

Оралмандар

Оралмандар деген кімдер?

ҚР “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 1 бап 11 тармақшасына сәйкес  “Оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар”.

Қазақстан Республикасында оралман мәртебесін алған азаматтарға төмендегідей жеңілдіктер
көрсетілетін болады:

  1. жұмысқа орналыстыруда, біліктілікті арттырып, жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;
  2. мемлекеттік тілді және ниет білдірген жағдайда орыс тілін оқып-үйренуге шарт жасау;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Қарулы күштер қатарындағы қызметтен уақытша босату;
  4. ҚР Үкіметі белгілеген  мөлшерде  жоғары және орта оқу орындарының мекемелеріне түсу үшін  квота бөлу;
  5. мұқтаж азаматтарға мектептерден, мектепке дейінгі және әлеуметтік қорғау мекемелерінен орын бөлу;
  6. ҚР заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеу;
  7. мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша  жәрдемақылар төлеу;
  8. ҚР “Арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы” Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төлеу;
  9. ҚР кіргенде берілетін визалардың  консулдық төлемдерінен босату;
  10. ҚР заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді толық көлемін алу;
  11. ҚР “Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы” Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік көмекті ұсыну. 

Көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға  көрсетілетін қосымша жеңілдіктер

  1. кеден төлемдерін өтеусіз шекарадан мүлік тасу;
  2. мүлкін (соның ішінде малын) тұрғылықты тұратын жеріне апару шығындарын өтеу;
  3. тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу;
  4. біржолғы  жәрдемақылар төлеу.

Оралман мәртебесін қалай алуға болады?

Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі ШҚО бойынша көші-қон Комитетінің департаментіне әкеліп тапсырады. Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Мызы 5/1, тел 26-07-30.

1.  Өтініш иесі төмендегі құжаттарды тапсырады:

1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш (1-ші қосымша )
2) өмірбаян;
3) өтініш иесінің және онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі (паспорттары,  кәмелетке толмаған балаларының  туу туралы куәліктері);
4) келесі құжаттардың біреуінің көшірмесі: неке немесе айырылысу туралы куәлік; еңбек кітапшасы, аттестат немесе  диплом, әскери билет немесе еңбек кітапшасы (оралман мәртебесі туралы тармақтың  талаптарына өтініш иесінің  сәйкес болмауы  жағдайларында ұсынылады);

2. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу өтініш иесі мен отбасы мүшелері туралы деректерді «Оралман» электронды базасына енгізгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
3. Оралман мәртебесін беру не бермеу туралы шешім өтініш аумақтық органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органның аумақтық органымен қабылданады.
4. Оралман деп танылған азаматтарға белгіленген үлгідегі оралман куәлігі беріледі.
5. Оралман куәлігі кәмелетке толған әр отбасы мүшесіне беріледі. Кәмелетке толмаған отбасы мүшелері өтініш иесінің оралман куәлігіне жазылады.
6. Оралман куәлігі қатаң есептің құжаты болып табылады және оралман мәртебесін растауға негіз бола алады.
7. Оралман куәлігін жоғалтып алған жағдайда оның иесі ШҚО бойынша көші-қон Комитетінің департаментіне куәлігін жоғалтып алғандығына байланысты қосалқы дана беру туралы өтінішті әкеліп тапсырады. ШҚО бойынша көші-қон Комитетінің департаменті бес жұмыс күн ішінде оралман куәлігінің қосалқы данасын беруі тиіс.
8. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті қарап, осы сұрақтар бойынша шешім қабылдауды уәкілетті органның аумақтық органында өтініштің тіркелген күнінен бастап  екі ай ішінде ШҚО бойынша көші-қон Комитетінің департаменті жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап оралман мәртебесі тоқтатылады.
10. “Халықтың  көші-қоны туралы”  Заңының 29-4  бабында қарастырылған  оралмандарға берілетін жеңілдіктер, өтемақылар және атаулы көмектің басқа да түрлерінен өзге жәрдемақылар мен өтемақыларды алу құқығы оралман мәртебесін алған күннен бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алған алмағандығына қарамастан сақталатын болады.

Оралмандардың көшіп келу квотасын қалай алуға болады?

Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуі уәкілетті органның аумақтық органына өзі әкеліп береді. ШҚО бойынша көші-қон Комитеті департаментінің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Мызы к-сі 5/1, тел 260730. 

Көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші оралмандар төмендегі  құжаттарды ұсынады:

1) көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш;
2) өмірбаян, өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударушылардың  жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, дипломның, еңбек кітапшасының, сондай-ақ қажет болған кезде неке немесе ажырасу туралы куәліктің көшірмелері оралман мәртебесін алған уақытта тапсырылған болатын.
3) біліктілігі туралы куәлік пен жұмыс орнынан анықтама;
4) ШҚО аумағында тұрып жатқандығы туралы және отбасы құрамы туралы анықтама;
5) Азаматтарды  тіркеу кітабының көшірмесі;
6) ұлты қазақ емес отбасы мүшелерінен басқаларының атына ҚР азаматтығына құжаттарын тапсырғандары туралы ішкі істер органдарынан анықтама.

Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте және өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізудің тәртібі:

1. Қажетті  мамандық пен біліктіліктің бар болуы:

10 балл қажетті  мамандық пен біліктіліктің бар болуына байланысты - әр отбасы мүшесіне;

2.Білім деңгейі: білім деңгейі бойынша төмендегі тәртіпте есептелінеді:

2 балл орта техникалық, арнаулы орта және орта білімнен кейінгі жалғастырған білімі бар әр отбасы мүшесіне;
3 балл бір жоғары білімі бар әр отбасы мүшесіне;
5 балл бір емес бірнеше жоғары білімі бар болса ;  

3. Кәмелетке толмаған балалардың саны:

10 балл  бес және одан да көп бала
5 балл үш немесе төрт бала
3 балл бір не екі бала

Оралмандардың көшіп келу квотасына Қазақстан Республикасының азаматтығын алған отбасы мүшелері енгізілмейді.
ШҚО бойынша көші-қон Комитетінің департаменті жоғарыда аталған  тапсыруға міндетті барлық құжаттардың бар болған жағдайында өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн  ішінде қосымша  үстемақының төленуі не төленбеуі туралы шешім шығарады.

Аймақтық орган қосымша  үстемақының төленбеуі жайлы шығарылған шешім туралы өтініш иесіне бір ай көлемінде себептері көрсетілген хат жолдауы тиіс.

Өмірбаян

Қалалар мен аудандағы  оралмандармен жұмыс істейтін өкілеттердің ТІЗІМІ

Қасенова Асель Солтангазиевна           тел. 42-49-84
Семей
Құндақов Қанатқали Құндақұлы            тел. 87222562314
Риддер
Сабиев Хабыралы Касенұлын                тел. 87233624829
Абай
Татиева Сағидат Әбікенқызы                 тел. 87225291505
Аягөз
Мухаметкалиев Улан Мажитович           тел. 87223732093
Бородулиха
Байжуманова Айгерім Нуроллаевна       тел. 87235132756
Бесқарағай
Омаров Болат Уалиевич                       тел. 87223691500
Глубокое
Нуртазина Жанар Ерболатовна              тел. 87233121535
Зайсан
Қиямазанов Муратхан Чайзатович          тел. 87773248356
Зырян
Ибрагимова Қаншайым Зияшевна           тел. 87233561527
Күршім
Мазаков Еділ Нурланұлы                       тел. 87233921191
Тарбағатай
Сабырбаев Ержан Советбекұлы             тел. 87234621600
Ұлан
Оксумбаев Медігат Бейсенгалиевич       тел. 87233827424
Шемонайха
Манапова Ардақ Манапқызы                  тел. 87233230127
Көкпекті
Омарова Айнұр Набенқызы                   тел. 87233325582
Катон-Қарағай
Карашинова Райгүл Закеевна                 тел. 87234129399
Жарма
Азизова Эльмира Рахметовна                тел. 87234765398
Үржар Тлеубаев Далий Алдонгорович  тел. 87223035168

Босқындар

-Босқындар мәртебесі

1997 жылдын 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтын көші-қоны туралы” занының 1 бабына сәйкес босқындар дегеңіміз - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;

1997 жылдын 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтын көші-қоны туралы” занына сәйкес босқындар мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі.

-Саяси баспана беру

Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы