| Өңiр паспорты
Демографиялық ахуал
Шығыс Қазақстан облысының фотосуреті
Көші-қон
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Облыс республиканың солтүстік шығысында орналасып, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарымен, Алтай Өлкесiмен және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседi.
Облыс 1932 жылы ұйымдастырылып, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. . Өңірдің аумағы 283,23 мың ш. км-ге тең. 2008 жылғы 1 қазанға халық саны 1419,5 мың адамды құрады, аумақтың 1 ш. км-не 5 адамнан келеді.
Өскемен қаласы әкімшілік орталық болып табылады, оның негізі 1720 жылы қаланған. 2008 жылғы 1 қазанға қалада 298,7 мың адам немесе облыстың барлық халқының 21,0%-ы тұрды.
Облыста 19 әкімшілік-аумақтық бірлік, соның ішінде 15 аудан, 10 қала, 841 кент пен ауыл, 255 ауылдық және кенттік округ есепке алынған. 2008 жылғы 1 қаңтарға облыс халқының этникалық құрамы мынадай: қазақтар – 53,2%, орыстар – 41,7%, өзге ұлттар – 5,1%.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2009 жылғы қаңтар-наурызда көші-қон алмасуы нәтижесінде облыстан 4034 адам кетіп, облысқа – 2501 адам келді. 2008 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облы-
сына келгендер саны 1,0%-ға азайып, кеткендер саны 24,5%-ға артты. Алыс шетел мемлекеттерінен 923 адам (2008 жылдың қаңтар-наурызында – 1137 адам), республиканың басқа облыстарынан 1324 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1075 адам келген болатын. Жақын шетел мемлекеттерінен келгендер саны 254 адамды құрады, бұл 2008 жылдың қаңтар-наурызының деңгейіне қатысты алғанда 19,4%-ға аз.
Облыстан көшу көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (3028 адам немесе жалпы көлемнің 75,1%-ы). 2008 жылдың қаңтар-наурызында тиісінше 2375 адам немесе 73,3%-ы кеткен болатын. Жақын шетел мемлекеттеріне 977 адам көшті (кеткендердің жалпы көлемінің 24,2%-ы), бұл 2008 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейден 16,0%-ға көп. Алыс шетел мемлекеттеріне 29 адам көшсе, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде 23 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2009 жылғы қаңтар-наурызда 1533 адамға, 2008 жылдың қаңтар-наурызында 713 адамға кему қалыптасты. Бұдан басқа, облыстың 5289 тұрғыны Шығыс Қазақстан аумағында тұратын орнын ауыстырды (2008 жылдың қаңтар- наурызында – 5001 адам).
Табиғи-ауа райы тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақстан теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейітті және тау тайгасы ландшафттары көршілес тұрады. Облыста ормандар облыс аумағының 30% алып, республика орман қорларының шамамен 70%-ын құрайды. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдіктер әлемінің 1000 артық түрі бар, әртүрлі құстардың 300-дан артық түрі, сүт қоректілердің 100-ге жуық түрі мекендейді.
Облыс аумағы су ресурстарына бай, мұнда 800 өзен ағып өтеді, олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыр өзінің көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да таулы өзендерімен Ертіс өзені (ұзындығы 4248 км, облыс аумағындағы ұзындығы – 1311 км) болып табылады. Облыста ірі Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл көлдері бар. Мұнан бөлек көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы болып табылады. Облыстың теңдесі жоқ және әр түрлі табиғи жағдайы қажетті инвестиция салған жағдайда туризмнің жанды дамуына көмектесе алады.
Шығыс Қазақстан Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi дамыған өңiрлерiнiң бiрi болып табылады. Экономиканың негiзгi саласы түстi металлургия болып табылады, сондай-ақ, машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.
2007 жылы өнеркәсіптік өнімдерді өндіру 481,1 млрд. теңгені, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейіне қатысты алғанда 107,1%-ды, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 100,1%-ды, өңдеу өнеркәсібінде – 109,7%-ды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда – 110,4%-ды құрады.
Облыста минерал-шикізат ресурстарының айтарлықтай қорлары бар және оның ең басты байлығы – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек және асыл металдары бар полиметалл кендері. Семей өңiрiнде және Зайсан ауданы аумағында тас көмір кен орындары бар. Өңiрде, сондай-ақ, алтынның, сирек және сирек топырақты металдардың, цемент өндіру үшін шикізат, шыны қождары қорлары, тақта тас пен цеолиттің айтарлықтай шоғырлары бар.
Түстi металлургия кәсіпорындары облыс өнеркәсіп өнімдері жалпы көлемінің жартысынан артығын шығарады. Шығыс Қазақстан республикадағы қорғасын, мырыш, концентрат түріндегі мыс, тазаланған алтын және күміс өндірушілердің негізгілерінің бірі және титан, магний, тантал, АЭС үшін отын өндіруде бірегейі. Сала кәсіпорындарының қатарында мынадай аса ірі акционерлік қоғамдар: «Қазмырыш», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Үлбі металлургия зауыты», «Қазақмыс» корпорациясының филиалы - «Шығысқазмыс» бірлестігі бар.
Облыста «Қаражыра LTD» ЖШС, «Сайкан» ЖШС, «Мадина» ЖШС көмір өндірумен айналысады. 2007 жыл ішінде 4,4 млн. тонна көмір өндірілді. Көмірдің баланстық қоры тұрғындарды және ірі энергия тұтынушыларды тұрғылықты жерлерінде көмірмен тұрақты түрде қамтамасыз етуге жақсы мүмкіндік береді.
Облыстың машина жасау кешеніне: «Азия-Авто» ЖАҚ, «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, "Семей машина жасау зауыты" АҚ, «Иртышцветметремонт» АҚ, «Машзавод» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Георгиевский завод насосного оборудования» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар кіреді. Олар «Нива», «Skoda» автомобильдерін, тау шахтасы, кен байыту жабдықтарын, мұнай және газ құбыры арматураларын, тұрмыстық электр қозғалтқыштарын және әртүрлі су сорғыштар, конденсаторлар мен электр техникасын және кәбіл өнімдерін шығарады.
Шығыс Қазақстан облысының ағашты қайта өңдеу саласы «Иртыштрансойл» ЖШС, «Жаңасемейшпалзауыты» АҚ, «Өскемен жиһаз комбинаты» ЖШС кәсіпорындарымен ұсынылған, сала кәсіпорындарының басым бөлігі ағаш материалдарын, үй салуға арналған дайын өнімдер, жұмыр бөренелер, терезе және ағаш блоктарын өндіруге маманданған шағын бизнес субъектілеріне жатады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қатарында «Былғары-тері комбинаты» ЖШС, «КАЗРУНО» АҚ, «СКМК» ЖШС, «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС, «ПКФ Рауан» ЖШС, «Семспецснаб» ЖШС, «Роза – киіз басу комбинаты» ЖШС бар. Тері мен былғарыдан жасалған бұйымдар, мата, тоқыма және тігін өнімдері, аяқкиім, жамылғыш-төсеніш өнімдері, жуылған жүн, киізден басылған аяқкиім, киіз және одан жасалған бұйымдар осы кәсіпорындардың өнімдері болып табылады.
Облыста құрылыс индустриясының мынадай ірі кәсіпорындары бар, олар: «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Силикат» ЖШС және «Семей цемент зауыты» ЖШС.
Облыстың тамақ өнеркәсібіне: «Әділ» АҚ, «Май» АҚ, «Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ, «Тамила плюс» ЖШС, «Семей ет консерві зауыты» ЖШС, «Швабские колбаски» ЖШС, «Эмиль» ЖШС, «Кондитер +» ЖШС кәсіпорындары жатады. Бұл кәсіпорындардың өнімдері: ет және шұжық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, өсімдік майы және сары май, ликер-арақ өнімдері, сыра өнімдердің басқа да түрлері.
Облыста электр энергиясы ірі үш су электр стансаларында: «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС, «АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС, «Казцинк» АҚ-ның Бұқтырма су электр кешенінде өндіріледі. Бұдан басқа электр энергиясын Лениногор СЭС, «Компания ЛК ГЭС» ЖШС өндіреді. Электр және жылу энергиясын өндірушілерге аралас типті: «АЭС Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС, «АЕС Согра ЖЭО» ЖШС, «Риддер ТЭЦ» ЖШС, «Теплокоммунэнерго» ЖШС жатады. Бүгінгі таңда электр энергиясын өндіру облыс бойынша 7,8 млрд. квт-сағ., жылу энергиясын өндіру - 10,8 млн. Гкал құрайды.
2007 жылдың соңына облыстың ауыл шаруашылық құрылымын 405 кәсіпорын, 17224 шаруа қожалығы мен жұртшылық шаурашылығы ұсынды, оған 230,7 үй шаруашылығы мен 76,9 мың саяжай телімі кіреді. Ауыл шаруашылық өнімі көлемінің үштен екісі жұртшылық шаруашылықтарында өндіріледі. 2007 жылы облыс шаурашылықтарымен 98,1 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлес салмағы республикалық көлемде алтыншы орынға ие болып, 8,8%-ды құрады. Сүт пен күнбағыс майын өндіру көлемі бойынша республика өңірлері арасында облыс тұрақты түрде бірінші орынды, ет, жұмыртқа және жүн өндіру көлемі бойынша – үшінші орынды иеленеді.
Мал мен құстың негізгі түрлерінен басқа агроқұрылымдар марал мен бұғы, үй қоянын және ара ұяларын ұстайды. 2007 жылы облыс шаруашылықтарымен мал шаруашылығы өнімдері, соның ішінде 186,5 мың тонна ет (тірідей салмақта), 677,2 мың тонна сүт, 308,8 млн. дана жұмыртқа, 3,9 мың тонна жүн өндірілді. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдар түсімі 711,5 тыс. тоннаны, күнбағыс – 114,7 мың тоннаны, картоп – 307,9 мың тоннаны, көкөніс – 168,9 мың тоннаны құрады.
Облыста ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерін және осы салалардың жетекші қайта өңдеу кәсіпорындарын біріктіретін қой, марал, балық өсірушілер ассоциациялары, сүт өндіретін және қайта өңдейтін «Шығыс-сүт» ААҚ, дәнді дақылдар және күнбағыс өндіретін «Жәрдем-Агро» ЖШС сияқты инвестициялық корпоративтік фирмалар құрылды, майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Май» ААҚ-ның тұрақты ұзақ мерзімді байланыстары бар.
Қайта өңдеу салалары кәсіпорындарының шикізат дайындау жүйелері дамуда. Облыста жүн дайындайтын 65, сүт қабылдайтын 37, ет дайындайтын 19 пункт ашылды. «Мал өнімдері корпорациясы» РМКК-ның өкілдігі және «Жәрдем» МКК сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу мемлекеттік кәсіпорындары ашылды. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін өнімді делдалсыз сату үшін Өскемен, Семей қалаларында муниципиалдық базарлар ашылды.
Агроөндіріс кешені (АПК) кәсіпорындарын ауылдық кредиттік серіктестіктер арқылы кредиттендіретін қаржы институты одан әрі дамуда. Қазіргі таңда облыста 8 ауылдық кредиттік серіктестіктер, олардың 4-і 2005 жылы құрылды.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде шағын, орташа бизнес кәсіпорындары және жеке кәсіпкерлер басым, олардың жалпы саны 1189 жетті, осының ішінде 124 ірі және орташа кәсіпорындар. 2005 жылы 291 диірмен, 384 наубайхана, 238 май-тоң май, 22 жарма жарғыш, макарон өндіретін 32 қондырғы, 39 ет, 24 сүтті қайта өңдейтін цех, алкогольді, алкогольсіз сусындар жєне сыра өндіретін 32, балықты қайта өңдейтін 37 , кондитер өнiмдерiн өндiретiн 32, сондай-ақ, басқа да (жүнді, теріні қайта өңдеу, күнбағыс өнімдерін, майонез және басқаларды өндіру) 58 цех жұмыс істеді.
Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде соңғы жылдары құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігінің артқандығы байқалады. Құрылысқа салынатын инвестициялардың негізгі көздері кәсіпорындардың өз қаражаттары болып табылады.
Облыста көліктің барлық түрлері: теміржол, әуе, су, автомобиль, қалалық электр көліктері бар. Теміржол көлігі облыс орталығын Риддер, Зырян, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен байланыстырады. Облыстан тыс жерлерге алып баратын негізгі теміржол тармақтары мыналар: «Защита-Локоть», «Семей-Локоть», «Семей-Алматы». Өскемен – Шар желісі салынды.
Облыста екі әуежай жұмыс істейді: Семейде және Өскеменде. Кеме жүретін жолдармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды өзен көлiгiнiң үш кәсiпорны жүзеге асырады. Екі жүк кемежайы жұмыс істейді.
2007 жылы жүк және жолаушы тасымалдау көлемінде (темір жол көлігінсіз) басым үлесті - 99,9% және 98,7%-ды - автомобиль көлігі алды.
Облыс ішіндегі байланыс Өскемен және Семей қалаларының автоматты қалааралық телефон станциялары (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады.
ШҚ облыстық телекоммуникация дирекциясы ұқсас жабдықтарды сандық жабдықтарға алмастыру жолымен сызықтық және станциялық жабдықтарды, теле коммуникациялық желіні жаңғыртуды жүзеге асырып, бұл байланыс сапасын айтарлықтай жақсартты.
Облыстың әлеуметтік саласына оқушыларының саны 200,4 мың адамды құрайтын 802 жалпы білім беретін мектеп, 9 жоғары оқу орны (соның ішінде 4 жеке меншік), 48 колледж (28 жеке меншік) жатады. Емдеу-алдын алу мекемелері жүйесінде (ведомстволықтарды есепке алғанда) 114 аурухана, 410 емхана, соның ішінде 288 ОДА және дәрігерлер саны 5462 адамды құрайтын 408 ФАП бар. Облыс аумағында 11 мұражай, 2 театр, 267 кітапхана, 178 клуб, 655 спорт залы, 20 стадион, 14 спорт кешені және Спорт сарайы жұмыс істейді.
|