Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Құрметті пайдаланушылар!

Бұл бөлімде Сіз Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының кеңес беру орталығына электрондық үкіметтің дамуы және өңірдегі электрондық қызметтер мәселелсі жөнінде сұрақ қоя аласыз.

Тіркеліңіз!

Сұрақты енгізу үлгісі
*
*
*
e-mail (бар болса):
телефон:
*
(оң жақтағы бейнеде көрініп тұрған латын әріптерін теріңіз)
 
* - жұлдызшамен белгіленген тармақтар, толтыруға міндеттілер
САУАЛ
Сіз электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне ризасыз ба?
Риза емеспін
Жартылай ризамын
ризамын
Электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы ақпараттың сапасына ризасыз ба?
Риза емеспін
Жартылай ризамын
ризамын

ҮЛГІ СҰРАҚТАР

  Сұрақ   Жауап
29.12.11.Сәлеметсіз бе! Мен Ұлан ауданының Тарғын ауылының тұрғынымын. Мен Тайынты ауылының жанынан жер алғанмын. Қазір сол жерге баз салып менің жерімді сол баздың иесі қолданып отыр. Менің сол жерімді сол кісіге беріп, маған Тарғын ауылының жанынан жер беруін сұрап Ұлан ауданының жер бөлімінің бастығы Төкежановқа барып жүргеніме 3 жыл уақыт болды. Әне-міне деп, қайтара береді. Менің осы мәселемді шешіп берсеңіз екен. Рахмет!  

Құрметті Касенова Кульжиян! Сіздің мәселеңіз «электрондық үкіметтің» құзырына жатпайды. Сізге облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөліміне 24-24-24 телефоны бойынша хабарласу керек немесе http://www.e-vko.gov.kz/process.aspx?ID=138 сілтемесі бойынша орналасқан облыс әкімінің виртуалдық қабылауына жазу қажет.

     
28.03.11. Облыс әкіміне қалай сұрақ қоюға болады?   28.03.11. Облыс әкімінің www.akimvko.gov.kz ресми сайтында орналасқан Шығыс Қазақстан облысының виртуалдық қабылдауына («Виртуалды қабылдау» баттері) жүгінуге болады.
Немесе облыс әкімінің болгына жүгінуге болады, оның мекенжайы http://akim.blog.vko.gov.kz
Осы жерде тіркелгеннен кейін кез-келген азамат өз сұрағын қоя алады.
     
21.03.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайтының вап-нұсқасы бар ма айтыңызшы?   21.03.11. Әрине, бар. Оның мекенжайы –wap.akimvko.gov.kz.
     
14.03.11. Облыс әкімінің аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты қайдан табуға болады?   14.03.11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында www.goszakyp.kz/
ШҚО Электрондық қызметтер орталығы сайтында http://www.e-vko.gov.kz. «Бизнес» - «Мемлекеттік сатып алулар» айдары.
     
18.02.11. Облыс мемлекеттік органдары веб-сайттарының мекенжайын қайдан білуге болады?   19.02.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің http://www.akimvko.gov.kz ресми сайтында, аппарат құрылымында облыстың барлық мемлекеттік органдар жіктелген, кез-келген сілтемеге басып, сіз мекеме туралы және де веб-сайттардың мекенжайы туралы қажетті ақпаратты табасыз.
     
03.02.11. Сіздердің қызметтерініңзден мен қандай сипаттағы сұрақтарға жауап ала аламын?   03.02.11. Оператор абонентке Шығыс Қазақстан облысы «электрондық үкіметінің» жұмысына, Шығыс-Қазақстан облысы «электрондық әкімдігін» құрудың 2006-2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында, осы Бағдарламаға сәйкес іс-шараларды жүргізуді реттейтін заңнамаларға, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып «электрондық әкімдікті» құруға қатысты ақпараттар ұсынады. «Электрондық әкімдікпен ұсынылатын қызметтерге қатысты сұрақтар, ЭҚО жұмысы туралы ақпарат, облыстық департаменттер мен басқармалардың жұмысы туралы ақпараттар ұсынады.
     
27.01.11. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің блогы бар ма, оған сұрақ қояйын деп едім?   28.01.11. 2009 жылдан ШҚО әкімінің блогы жұмыс істейді, оның интернеттегі мекенжайы http://akim.blog.vko.gov.kz
Осы жерде тіркелгеннен кейін кез-келген азамат өз сұрағын қоя алады.
     
19.01.11. Орталықтың нақты электрондық мекенжайы?   19.01.11. http://www.e-vko.gov.kz
     
13.01.11. Электрондық сандық қолтаңбаны қай жерден және қалай алуға болады?   13.01.11. Электрондық сандық қолтаңбаны Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының өкіліктеріндеалуға болады, олар келесі мекенжайларда орналасқан: Өскемен қ-сы. Сәтпаев даңғылы, 20/1, Белинский көшесі, 35а, Семей қ-сы, 408 квартал, 21 үй. Сондай-ақ ЭСҚ алуға өтінімді www.pki.gov.kz сайтында толтыруға болады.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы