Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛДАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстанның индустриялдандырылу бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XII съезіндегі сөзі
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Индустриаландыру картасын әзірлеу жөніндегі ақпарат
Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы съезіндегі өз сөзінде елді жылдам индустрияландырылудың жеті басым бағытын анықтады.

Мемлекеттік органдарынан келіп жатқан ұсыныстардың негізінде осы бағыттағы іске асырылып жатқан және болашақты инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру және бағалау бойынша жұмыс жүргізілді.
Индустрияландырылудың қартасы жобасының ақпараттық базасына бүгінгі күні әр қайсысы 5.млн АҚШ доллары, жалпы сомасы 8 триллион тенге болатын алдын ала сыналған 150 жоба болатын мәліметтер орналасты.
Барлық бағыттар бойынша әр жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтылғандықтың матрицалары әзірленген, жобаларды қолдау бойынша қабылданған шаралар талданды, бар проблемалар анықталды, оларды шешу үшін не істеліп жатыр және тағы не істеу керек екені шешілді.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында жобалардың қалыптасқан жинағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия қарастырып, жобаларды іске асырудың экономикалық мақсатқа сәйкестігін, олардың ресурстық және инфрақұрылымдық қамтылғандығына соңғы баға беру үшін  салалық министрліктерге және холдингтерге жіберілді.
Толықтай, мемлекеттік органдарымен жөнделгеннен кейін қалыптасқан тізім және Карта екі бір-бірімен байланысқан бағыт бойынша ары қарай жұмыс істеу үшін негізге алынды:

Бірінші. Мемлекет басшысымен анықталған басым бағыттардың аясында салалық және секторлық мастер-жоспарларды бизнестермен бірлесіп дайындау. Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен ары қарай жинақтау үшін үйлестіруді және фильтрлеуді қамтамасыз етуі қажет.
Бұл тәжірибелі жұмыстың басты мақсаты  - бәсекеге қабілетті өнімдердің және жобалардың, компаниялардың, кіші салалардың дамуы бойынша шаралар кешенін өңдіру. Осы жұмыстың аясында жобалардың инфрақұрылымдық және ресурстық қамту бойынша мемлекеттік шаралар жинағы анықталатын болады, сондай-ақ келісілген салалық және макроэкономикалық қолдау қамтамасыз етіледі.
Ол үшін мемлекеттік органдармен мастер-жоспарды әзірлеу бойынша әдістік қолдау қамтамасыз етіледі және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп дамудың аса басым бағыттарында мемлекеттік күштерін шоғырлау және ресурстарды ықшамдау мақсатында осы жұмысты үйлестіретін болады.

Екінші. Жобалардың ресурстық және инфрақұрылымдық қамтылуын үнемі теңгеріп отыратын өндіріс күштерін орналастыру Схемасы қатар жөнделетін болады. Оған тек негізгі ресурстар мен инфрақұрылымдардың қамтылуы ғана емес, сондай-ақ келісілген жобалардың іске асуы жатады.
Толықтай осы жұмыстың нәтижесі Қазақстанның өңделудегі 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясының жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық дамуы бірінші бесжылдықтың негізгі бөлігі болады.
Жаңа тапсырмаларға сәйкес Индустрия және сауда министрлігінің және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің орны елеулі өзгеретін болады. 

Бүгінгі күні қалыптастырылған Тізім ашық және салалық мастер-жоспарларды әзірлеу аясында перспективалық жобаларды талқылау мөлшеріне қарай ол толықтырылып және өзектелетін болады.
«Атамекен» ӨЭП арқылы мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден, ұлттық компаниялар және бизнестерден перспективалы жобалар жөнінде ұсыныстар түсуі жалғасуда. Алайда көптеген бизнес-бастамалар назарсыз қалып отыр. Сондықтан бизнеспен инвестициялық паспорттарды ынталы толтыру үшін арнайы веб-ресурс ашылатын болады, яғни мемлекеттік органдарының бизнес-бірлестіктерімен кері байланысының «толассыз» вертикалін қалыптастыру.  

Картаға нақты қаржыланған сыналған жобалар түседі, алайда потенциалды серіктестер үшін, соның ішінде шетел және ішкі  инвесторлар үшін қолжетімді сыналған инвестициялық ұсыныстар жинағын қалыптастыру да қажет.

Бесжылдық индустриалдық-инновациялық «серпіннің» мақсаттары мен тапсырмалары

Процесстің үйлесуі
7 басым салалар бойынша істер алгоритмі

Жобалар және Компаниялар  

 
Жобалар және Компаниялар бойынша істер алгоритмі
 
Ыңғайын табу: саладан жоба және компанияға
 
Функцияларды мемлекеттік органдар арасында бөлу
 

 

Тақырып бойынша ақпараттық хабарлама:


Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы