Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
IШКI САЯСАТ

Жастар және жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты туралы

Назар аударыңыз конкурс!
Шығыс Қазақстан облысы жастары үкіметтік емес ұйымдарының тiзiмi
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үлесі үшін берілетін жыл сайынғы сыйлықтар туралы ереже

 

Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс

01.01. 2011 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 14 жастан 29 жас аралығындағы жастар саны 380 мың адамды құрайды, соның ішінде қалада – 201 797 адам, ауылдық жерлерде – 178 904 адам тұрады.
Облыста 120 жастар бірлестігі тіркелген, оның 84-і белсенді жұмыстар жүргізеді. Облыста саясиланған жастар бірлестігі жоқ.
Жастар арасындағы жағдайға болжау және талдау жасауды дамыту мақсатында ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының жастары» атты әлеуметтік зерттеулер өткізіледі.
2010 жылы зерттеу қорытындысы бойынша жастарға қатысты келесі құндылықтар анықталды: білім алу - бірінші орында, денсаулық сақтау - екінші орында, материалдық жағдай - үшінші орында. Зерттеуге қатысқан жастардың 80% өзін патриотпын деп санайды.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында есепті кезең аралығында жастарға арналған 887 іс-шара, соның ішіндегі жастар саясатының түрлі бағыттары бойынша 7 форум, қатысушалар саны 2 мың адам, 25 семинар-тренинг, 3 конференция, 3 әлеуметтік маңызды жобалар көрмесі, 25 «дөңгелек үстел отырысы» өткізілді.
Патриоттық тәрбие мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың серіктестері мыналар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, студенттік құрылыс және еңбек жасақтары мен «Жасыл Ел» жасақтары. ҰОС Жеңісінің 65-жылдығы қарсаңында құрылыс және «Жасыл Ел» жасақтары «Өткенді болашақ үшін сақтаймыз» атты патриоттық акцияны қолдады. Ол 2010 жылдың 3 мамырында облыстың барлық қалалары мен аудандарында бір уақытта басталды. Акцияға 15 мыңнан астам жастар қатысты.
20 шілде күні Өскемен қаласында «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен Республикалық жұмысшы жастар форумы барлық облыстардың өкілдерінің және ШҚО қалалары мен аудандары жастарының қатысуымен өткізілді.
«Жасыл Ел» республикалық штабының бастамасымен 11-19 тамыз күндері «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен республикалық экологиялық акция болып өтті, оған Қазақстанның барлық облыстарынан және Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан жастар қатысты.
24 тамызда жастар ісі жөніндегі облыстық кеңестің 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру және тілдерді дамыту жобасын талқылау бойынша отырысы болып өтті. Отырыс аясында «ШҚО-дағы тілдік жағдай» әлеуметтік зерттеудің тұсауы кесері ұйымдастырылып, облыс жастары арасында сауалнама жүргізілді, бағдарламаға толықтырулар енгізуге арналған ұсыныстар өңделді. Осындай отырыс облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.
30 тамыз күні облыс орталығының Республика алаңында «Менің елім, менің Конституциям!» - «Моя страна, моя Конституция!» жастардың патриоттық акциясы өтті. Оған студенттік жастар, жастар ұйымы, «Жас Отан» жастар қанаты қатарынан 500-ден астам адам қатысты. Акция аясында Қазақстан Республикасы Ата-заңының негізін білу бойынша сауалнама алынып, Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні таратылды.
10 қыркүйекте «Ұлағат» қоғамдық бірлестігі ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестігі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Этномәдени орталықтар жанындағы жастар ұйымын дамытудың мәселелері және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.
21-22 қыркүйекте Шемонаиха ауданында «Жастар ауылға!» атты ауыл жастарының Республикалық слеті болып өтті. Оған 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының Қазақстандағы ауыл жастары одағының өңірлік өкілдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру министрліктерінің өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан жастарының конгресі, ШҚО қалалары мен аудандарынан келген делегаттар, жастар ұйымының көшбасшылары, облыстық басқарма, БАҚ басшылары қатысты.
Слет аясында «Жас мамандарды ауылға бекіту: мәселелері мен болашағы» семинар-талқылау, «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламаны талқылау бойынша «дөңгелек үстел отырысы», облыс әкімінің қатысуымен пленарлық отырыс болып өтті.
27 желтоқсанда облыс әкімі Б.Сапарбаев, «Нұр Отан» ХДП хатшысы К.Сатыбалды, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Төлеухан, Еңбек және тқрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Г.Н.Әдіхалықованың қатысуымен ШҚО-ның дәстүрлі жастар форумы өткізілді.
Форум аясында 2010 жылы жастар ұйымдарымен жүзеге асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалардың көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ 7 номинация бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді. Облыс қалалары мен аудандарының жастары, жастар ұйымы өкілдерінен барлығы 600 адам қатысты.
2011 жылдың 5 ай ішінде 862жастардың іс-шаралары өткізілді, соның ішінде 18 акция, 3 форум, жастар саясатының әртүрлі бағыты бойынша 40 дөңгелек үстел отырысы, патриоттық сипаттағы 70 іс-шара, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлыққа қарсы ой қалыптастыруға бағытталған 76 іс-шара бар.
Келесі акциялар мен іс-шаралар ауқымды қоғамдық резонансқа ие болды:
22 қаңтар – референдум өткізу бастамасын қолдаудағы облыстық жастар слеті (500 адам);
29 қаңтар – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тікелей көрсетілімін ұжымдық тыңдау және талқылау (500-ден астам студент);
1 ақпан – Жолдауды қолдау бағытындағы жастар акциясы, Өскемен қаласы, Республика алаңы (5 мыңнан астам адам);
7 ақпан – «Азиада» ойындарының чемпиондары, шығысқазақстандық спортшыларды салтанатты қарсы алу, Республика алаңы (10 мыңнан астам адам);
7 ақпан – «Сайлаудағы менің жеңісім» акциясы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы;
25 ақпан – «Қазақстан ядросыз әлем үшін» жастар форумы, Курчатов қаласы;
4 наурыз – Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ –де «Қазақстан – 2020» демократиялық күшінің жалпыұлттық коалиция өкілдерінің облыс жастарымен кездесуі (450 адам);
1 сәуір – «Біз – Тәуелсіздіктің құрдастары» жастар форумы, Семей қаласы;
23 сәуір – «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» экологиялық акциясы (70 мыңнан астам адам);
23 сәуір – көгалдандыру бойынша «Өзің үшін» акциясы 40 мектепте (485 көшет, 540 бұтақотырғызу, 4600 адам);
23 сәуір – 14 мамыр – жастар сенбілігі;
27 сәуір – Абай ауданының жастар форумы.
29 сәуір – Семей қаласында Достық саяжолының іргесін қалау
11 мамыр – КТК қазақ лигасының облыстық турнирі
25 мамыр – Жарма ауданының жастар форумы
26 мамыр – облыс әкімінің «Назарбаев университет» студенттерімен кездесуі
28 мамыр – қалалар мен аудандарда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасының басталуы
4 маусым – «Менің Қазақстаным!» патриоттар форумы, Өскемен қаласы

Лоттың атауы Жобаны іске асырушы ұйымдар атауы Құны (тенге)
Облыстық бюджет
Оралмандарға қолдау көрсету және оларды қоғамға бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызмет «Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан жастар қоғамдық бірлестігі 1 600 000
Жастардың қоғамдық-саяси білім беру әлеуметтік қызметі «Жас Отан» жастар қанаты ҚБ ШҚФ 1 500 000
Жастар санасына неке және отбасы құндылығын қалыптастыру жөніндегі әлеуметтік қызметі «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі 1 500 000
Ауыл жастарының құқықтық сауатын арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Семейлік жас ғалымдар қауымдастығы» Жастар қоғамдық бірлестігі 1 600 000
Ауылды жерде өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызмет «Матросово» инструкторлық орталығы қоғамдық бірлестігі 1 500 000
Жастар мен жасөспірімдерге қоршаған орта және орман шаруашылығы саласында экологиялық ойлау, кәсіби бағытты таңдау бойынша тәрбие беру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Исток» балалар мен жастардың шығармашылық орталығы» ҚБ 1 500 000
Зайсан ауданы жастарының белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Бастау-Зайсан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі 1 000 000
Жарма ауданы жастарының белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі 557 000
Қалалар мен аудандар бюджеті
Семей қаласындағы ауыл жастарының бастамасын қолдау жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Семей қаласындағы жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Семей қаласындағы жастардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Семей қаласындағы жастардың азаматтық және патриоттық сезімін дамыту жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Семей қаласы жастары арасында еріктілікті дамыту және қолдау жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Семей қаласындағы жастардың салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі әлеуметтік қызмет 500 000
Зырян ауданында жастардың бос уақытын өткізудің мәселесін шешу, салауатты өмір салтын насихаттау 200 000
Зырян ауданының тарихи-мәдени жәдігерлерін қорғау 419 000
Риддер қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық және шылым шегудің алдын алу 400 000
Риддер қаласы жастарының бос уақытын ұйымдастыру 400 000
Шемонаиха ауданында қазақстандық патриотизімді насихаттау 800 000
Шемонаиха ауданында салауатты өмір салтын насихаттау 746 000

Жастар саясатын өңірлік деңгейде іске асыру және қаржыландыруды қамтамасыз ету ішкі саясат басқармасының стратегиялық жоспары аясында жүргізіледі. 2010 жылы облыстық бюджеттен осы мақсатқа 27,9 млн.теңге, қалалық және аудандық бюджеттен – 32,5 млн. теңге бөлінді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында облысымызда 6 әлеуметтік маңызды жобалар мен 14 әлеуметтік қызмет іске асрылды, бұл облыстық, қалалық және аудандық бюджет арқылы жалпы құны 16,9 млн. теңгеге қаржыланды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мөлшері облыстық деңгейде 10,7 млн.теңгені құрады, қалалар мен аудандарда – 6,2 млн. теңге болды.
Ішкі саясат басқармасының байқауына қатысуға жастар ұйымынан 18 өтініш тапсырылды, байқау қорытындысы бойынша мемлекеттік тапсырысты 8 ұйым келесі лот бойынша атқарды:
Өскемен және Семей қалаларында «ШҚО жастар және балалар ұйымының қауымдастығы» ЗТБ және «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі негізінде жастар мен жастар ұйымына арналған ресурстық орталықтар жұмыс істеді.

2011 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 80,5 млн.теңге бөлінді, бұл өткен жылға қарағанда 2,8 есе көп. Жастар бастамасын қолдауға 11,5 млн.теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 8 жоба іске асырылатын болады.

Лоттың атауы Жастар ұйымының атауы Құны
Жастар санасына неке және отбасы құндылықтарын қалыптастыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Парасатты жастар лигасы» ҚБ 1 200 000
Жастардың электоральді және құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Жас заңгерлер қауымдастығы» ҚБ 1 000 000
Оралмандарға қолдау көрсету және оларды қоғамға бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызмет «Қазақстан жастарын қолдау» ҚБ 1 500 000
Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті аудандарында жастардың белсенділігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Зайсан – Бастаужастары» ҚБ 1 700 000
Жасөспірімдер мен жастарға экологиялық ойлау бағытында тәрбиелеу беру жөніндегі әлеуметтік қызмет «Исток» ҚБ 1 300 000
Жастардың олқы қылықтарын ескерту жөніндегі әлеуметтік қызмет «Всплеск» ҚБ 1 000 000
Жастарға қоғамдық-саяси білім беружөніндегі әлеуметтік қызметі «ЖасОтан»ЖҚ 1 500 000
Ауыл өңірлерінде жастар бастамасын қолдау жөніндегі әлеуметтік қызмет ШҚО «Ауыл жастары одағы» КҚ 1 410 000

Мемлекеттік органдар тарапынан жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесіне баса назар аударылады.
«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 2010 жылы 2732 адам іс-тәжірибеден өтті, олардың 1120-ы жұмысқа орналастырылды.
«Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында 343 жас маман жұмысқа орналасты.
Семей мен Өскемен қалаларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде 150-ден астам бос орын жәрмеңкесі өткізілді.
Жастарды жұмыспен қамтудың негізгі түрі студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл ел» қозғалысы болып табылады.
Студенттік құрылыс жасағы құрамында еңбек еткен жастар саны 2010 жылы 2540 адамды құрады. «Жасыл ел» қатарында 1200 адам жұмыс істеді. Атқарылған жұмыс көлемі 83,3 млн.теңгеден асты.
2010 жылы жастар саясаты және халықаралық ынтымақтастықты іске асыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
12 шілде 24 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Могилев облыстық атқарушы комитеті және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім аясында Республикамызда тұңғыш рет студенттік құрылыс жасақтарымен алмасу жобасы іске асырылды.
2011 жылы студенттік жасақ қозғалысын дамыту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. 20 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысына Беларусь Республикасынан 10 адамнан тұратын халықаралық жасақтың келуі жоспарланған, олар Глубокое ауданының Бобровка ауылындағы жалпы білім беретін мектеп құрылысында жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар аймақты көркейту мақсатында ағымдағы жылы облысымызда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы өз жұмысын бастады, оған облыстық бюджеттен 50,0млн теңге бөлінді.
Жастар бірлестігін қолдау және ары қарай дамыту мақсатында Өскемен және Семей қалаларында жастар мен жастар ұйымына арналған ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Олардың қызметін қолдауға облыстық бюджеттен 5,0млн. теңге бөлініп отыр. Орталықтар жастарға әдістемелік кеңес беруге, заңды, материалдық-техникалық көмек көрсетуге жұмылдырылған.
Жастар саясатының өзекті мәселелерін жариялау «Жастар клубы» (4 мың дана тиражымен айына 2 рет) және «Жаңа әлем жастары» (1500 дана тиражымен айына 2 рет), «Жастар форматы» (500 дана тиражымен айына 1 рет), «Жас журналистер лигасы» (2 мың дана тиражымен айына 1 рет) облыстық жастар газеттері арқылы жарыққа шығады.

Мемлекеттің гендерлік және отбасы-демографиялық саясатын іске асыру

Облысымыздың гендерлік саясатын жүзеге асыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. 2010 жылдың 15 ақпанында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында Шығыс Қазақстан әйелдерінің ролін арттыру» тақырыбында облстық конференция, ағымдағы жылдың 6 ақпанында «Әйелдер төрағалығын шешім қабылдау деңгейінде арттыру бойынша Қазақстанның міндетін іске асыру» тақырыбында республикалық «дөңгелек үстел отырысы; 25 ақпанда – «Гендерлік тепе-теңдік стратегиясы: заманауи аспектілер» тақырыбында республикалық семинар, 12 мамырда – «Отан отбасынан басталады» облыстық отбасылар форумы өткізілді.
Облысымызда Саяси әйелдер клубы құрылып, жұмыс істейді. Облысымыздың қалалары мен аудандарында әйелдік көшбасшы мектебінің желісін құру жобасы енгізілуде.

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы