Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын 2006-2011 жылдар аралығында іске асыру туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысында 569 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 30 %-ға көп (400 ҮЕҰ).
Экологиялық және туристік ұйымдар, әйелдер бірлестіктері, ресурстық орталықтар, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетіп жүрген ҮЕҰ қатары көп, жастар ұйымдары және басқалар күш жинауда. Көптеген ұйымдар өздерінің өмірге қабілеттілігін, жұмыс істеу білігі мен ынтасын, әлеуметтік мәселелерді кәсіби жолмен шеше алатындықтарын дәлелдеді.
Жалпы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың әлеуметтік серіктестігі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік тіл саясаты, азаматтарды әлеуметтік қорғау және көптеген басқа бағыттарда табысты көрініс тауып келеді.
Экология мәселелері бойынша «Кругозор» жастардың мәдениет және туризм орталығы» ҚБ, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ, «Экология-молодежь-инициатива-развитие» ҚҚ, «Бумеранг» мәдени-экологиялық бірлестігі» ҚБ, «Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» ҚБ, «Надежда» балалар қоры» ҚҚ, «Барс» қоғамдық даму орталығы» ҚБ, «Мектеп және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық «Жастолкын» ассоциациясы» ҚБ сияқты ұйымдармен өзара әрекеттестік жүзеге асырылып келеді.
Серіктестік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жүзеге асырылады. Олардың тұрақты серіктестерінің қатарында 30-дан астам қоғамдық бірлестік бар. Олар: «Өркен», «Особый ребенок», «Фэйт», «Шығыс», «Бибі-Ана», «Алтынай», «Изумрудный город», «Федераций женщин «Status», «Забота», «Надежда», «Незабудка», «Комитет солдатских матерей», «Сұлужан» психологиялық-соматикалық орталығы», «Хоспис», «Эхо полигона» әйелдер федерациясы», «Фатима» кризистік орталығы», «Жастар және балалар ұйымдарының Шемонаиха қауымдастығы», «Первомай оқу-өндірістік комбинаты» және басқалар.
Статистикалық деректерге сай жастар, экологиялық, әйелдер ұйымдары барынша дамыған ұйымдар болып табылады. 90-жылдардың басында Өскемен және Риддер қалаларында құрылған экологиялық ҮЕҰ негізінен бүгінгі сектордың «бет пердесін» анықтап берді. Олар қоғамдық маңызы бар әрекет қана емес, сондай-ақ өлке экономикасы дамуының келешектегі бағыты болып табылатын экотуризмді белсенді дамытып келеді. Семейлік ҮЕҰ ядролық полигон зардаптарын жоюға белсенді қатысып жүр.
Облыста тұрғындардың әлжуаз және әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсететін ҮЕҰ кеңінен ұсынылған, ҮЕҰ-ның мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы әрекеттер саласы кеңейіп келеді.
Әлеуметтік саланың дамуына әйелдер бірлестіктері үлкен үлес қосып отыр. Олар маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті мықты күш болып табылады. Мұндай бірлестіктердің қатарында: «Центр поддержки женщин «Незабудка» (Риддер қаласы), «Федерация женщин «Status», «Федерация женщин «Эхо полигона» (Семей қаласы), «Феникс» және басқалар бар.
Облыста жаңадан және жуықта тіркелген ҮЕҰ-ның «тобы» қалыптасып келеді, оны құрушылар алдын ала дайындықтан өтті, коммерциялық емес саладағы жұмыс қағидаларымен және негіздерімен таныс. Бұл – Шемонаиха, Көкпекті, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және басқа аудандардағы жастар ұйымдары.
Үкіметтік емес сектор саласындағы жұмыстың негізгі басымдықтары мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестік қарым-қатынасты әзірлеу және енгізу, облыстың үкіметтік емес секторын одан әрі дамыту үшін, өңірдегі азаматтық бастаманың өсуі үшін методологиялық жағдайларды жасау болып қала бермек.
2003 жылдан бастап облыста бірінші рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі енгізілді, ол 2,0 млн. теңгені құрады.
2006 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 15,45 млн. теңгені құрады. Студент жастарды дамыту және қолдау, жұмыспен қамтуға ықпал жасау, СӨС-ті насихаттау, жастарға арналған ресурстық орталықты құру жөніндегі 8 әлеуметтік қызмет қаржыландырылды. ҮЕҰ-ның экология, демография, гендерлік саясат, тұрғындардың құқықтық сауаттылығы, мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі 7 әлеуметтік жобасы іске асырылды.
2007 жылы облыста ҮЕҰ-ны қолдауға және мүгедектердің, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғау, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау, гендерлік саясат, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын қорғау, қоғамдық келісімді нығайту, жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсету бағыттары бойынша, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында жастарға арналған әлеуметтік қызметтер құруға бағытталған жалпы сомасы 17,2 млн. теңгені құрайтын 24 жоба қолдауға ие болды.
2008 жылы облыстық бюджеттен 28,0 млн теңге бөлінді, ҮЕҰ мен ауылдық ҮЕҰ үшін ресурстық орталықтарды құру, ұлтаралық келісімді нығайту, гендерлік саясат, азаматтық бастамаларды дамыту, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 12 әлеуметтік жоба іске асырылды. Азаматтық бастамаларды дамыту, жас отбасыларға көмек көрсету, СӨС-ті насихаттау бойынша жастарға арналған 8 әлеуметтік қызмет, жастардың ҮЕҰ қолдау жөніндегі ресурстық орталық құрылды.
2009 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 26,2 млн. теңгені құрады, жастар бастамасын қолдау жөніндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік қызмет құрылды, ҮЕҰ-ның діни ағымдардың мәні туралы ақпараттандыру орталығын құру, еңбек саласындағы әлеуметтік серіктестік, этномәдени диалог мектебінің қызмет етуі, отбасы институтын насихаттау және жастар бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды, сыбайлас жемқорлыққа төзбестікті қалыптастыру, СӨС-ті насихаттау бойынша 7 әлеуметтік жобасы іске асырылды.
2010 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасы 27,7 млн. теңгені құрады, 18 жоба қолдауға ие болды. Жастарға арналған 8 әлеуметтік қызмет құрылып, ҮЕҰ-ның 10 әлеуметтік маңызы бар жобасы іске асырылды.
2011 жылы – 24,8 млн. теңге бөлінді, 17 жоба іске асырылды, оның ішінде жастарға арналған 8 әлеуметтік қызмет құрылды, ҮЕҰ-ның 9 әлеуметтік маңызы бар жобасы іске асырылды.
Жалпы ҮЕҰ-ны қолдауға Ішкі саясат департаменті бойынша 32,65 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2006 жылы - 15,45 млн. теңге, 2007 жылы – 17,2 млн. теңге; Білім департаменті бойынша – 16,0 млн. теңге: 2006 - 8,0 млн. теңге, 2007 – 8,0 млн. теңге, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті бойынша – 8,9 млн. теңге: 2006 - 4,4 млн. теңге, 2007 – 4.5 млн. теңге, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті бойынша – 40,0 млн. теңге: 2006-20,0 млн. теңге, 2007 – 20,0 млн. теңге.
Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2007 жылы 1,6 млн. теңге сомасындағы әлеуметтік маңызы бар 4 жоба; 2008 жылы 1,8 млн. теңге сомасындағы 4 жоба; 2009 жылы 1,9 млн. теңге сомасындағы ВИЧ/СПИД-тің алдын алу бойынша 2 жоба; 2010 жылы 2,1 млн. теңге сомасындағы ВИЧ/СПИД-тің алдын алу бойынша 2 жоба; 2011 жылы 2,3 млн. теңге сомасындағы ВИЧ/СПИД-тің алдын алу бойынша 2 жоба қолдауға ие болды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2009 жылы бірінші рет тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына көмек көрсету саласында ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыруға қатысты мемлекеттік тапсырысты орналастырды. Бұл мақсаттарға 64 млн. теңге бөлінді.
Балаларының психологиялық және неврологиялық ауытқушылықтары бар отбасыларды қолдауға бағытталған 5 жоба іске асырылды, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету жөніндегі ресурстық орталық және басқалар құрылды.
Лоттардың тақырыбы ҮЕҰ өкілдерінің тікелей қатысуымен әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтары және бағыттары ескеріліп әзірленеді.
Облыстың үкіметтік емес ұйымдарын қолдау және үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық әкімдіктің жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, Жастар ісі жөніндегі кеңес, Қоғамдық кеңес құрылған, олардың қызметін ішкі саясат басқармасы үйлестіріп отырады.
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес әкімдіктің 2004 жылғы 9 қаң-тардағы № 310 қаулысымен құрылды. Кеңес құрамы мәслихаттың 2004 жылғы 30 науыздағы шешімімен бекітілді. Кеңес 16 адамнан тұрады, оның 11-і ҮЕҰ-ның өкілдері, 5-еуі мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Осыған ұқсас Кеңестер облыстың 7 қалалары мен аудандарында құрылды.
Жастар ісі жөніндегі кеңес әкімдіктің 2005 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен құрылды, оның құрамы мәслихаттың 2005 жылғы 26 тамыздағы шешімімен бекітілді. Кеңес құрамына 16 адам кіреді, оның ішінде 8 адам ҮЕҰ-ның, 8-і мемлекеттік органдардың өкілдері. Кеңес отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өтеді.
Қоғамдық кеңес Шығыс Қазақстан облысында 2006 жылдың 1 наурызында құрылды. Кеңес қызметінің аясында «саяси клуб», сараптамалық жұмыс топтары қызмет етеді. Кеңес құрамына облыстың барлық азаматтық қоғам институттарының өкілдері кірді, барлығы – 29 адам.
Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы сенімнің нығаюы өңірде аталмыш құрылымдармен сындарлы диалогтың жаңа түрлерінің туындауының нәтижесі болды. Анағұрлым табысты диалогтық алаңдардың қатарына жастар мен ҮЕҰ-ның облыстық Форумдарын, Шығыс Қазақстан облысындағы жастар Конгресінің және ШҚО Студенттері альянсының күндерін, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесті, Жастар ісі жөніндегі кеңесті, «Сұхбат-Диалог» «дөңгелек үстелін», Қоғамдық кеңесті, медиа-клубты жатқызуға болады.
ҮЕҰ-ны тіркеуден жобаны жазуға дейінгі әртүрлі тақырыптық бағыттағы көшпелі оқыту семинар-тренингтері дәстүрге айналды.
ҮЕҰ-ның жетекшілеріне арналған жазғы мектептер жетекшілердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ұйым мүшелерінің жалпы белсенділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ мектептердің міндеті көшбасшыларды Қазақстан дамуының бағдарламалық құжаттарымен таныстыру, олардың іске асыруға тарту болып табылады.
Ішкі саясат басқармасының жұмыс тәжірибесіне азаматтық қоғамды дамыту, саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің қатысуымен көшпелі оқыту семинар-кеңестерін өткізу енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жерлердегі үкіметтік емес секторды дамытуға, тұрғындардың саяси, құқықтық сауатын арттыруға, жергілікті іс-шараларға азаматтық қатысуды арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.
Осыған байланысты Азаматтық Альянс базасында үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталық құрылып, жұмыс істеуде, оның міндеттерінің бірі ҮЕҰ-ға кеңестік-әдістемелік, заңгерлік, материалдық-техникалық көмектер көрсету болып табылады. Сонымен бірге Азаматтық Альянс талап етілген қызметтің бағыттары бойынша көшпелі оқыту семинар-тренингтерін, шеберлік-сыныптарын өткізіп отырады.
Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша азаматтық сектор дамуының ағымдағы жағдайы мен келешегін зерделеу мақсатында Талдау және болжау институты жыл сайын «Азаматтық қоғам институттарын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізіп отырады.
ҮЕҰ мен мемлекеттің бірлескен қызметі туралы бірқатар ақпараттық-әдістемелік материалдар шығарылды: «Как и зачем создаются стандарты услуг» брошюрасы (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жобаны іске асыру тәжірибесі); «Доступность жилья в Казахстане: результаты общественной экспертизы» брошюрасы; III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының «Электронное правительство региона: развитие электронных услуг» жинағы; Әлеуметтік қызметтерді көрсетудің үздік тәжірибелерінің жинағы; «Путеводитель по созданию е-акимата» брошюрасы; «Конкурентоспособная молодёжь – конкурентоспособный Казахстан» оқу құралы; азаматтардың аумақтарды басқаруға қатысу құқықтарын іске асырудағы үздік тәжірибелерінің жинағы; «Государственные органы и общественные организации: как повысить эффективность взаимодействия» оқу құралы; азаматтық білім беруді дамыту саласындағы зерттеу, өскелең ұрпақ бойында қазақстандық отансүйгіштік пен ұлттық бірлік сезімін қалыптастыру бойынша аналитикалық есеп; Қазақстанның даму стратегиясына концептуалдық ұсыныстар енгізетін жастар саясатының қазіргі замандағы жағдайы туралы аналитикалық есеп; «Барометр МСУ» аналитикалық есебі және басқалар.
ШҚО консультативтік-кеңестік органдары қызметінің тиімділігін бағалау аясында «ШҚО әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірге ШҚО консультативтік-кеңестік органдарына арналған әдістемелік құрал әзірлеу қолға алынды.
Өңіріміздің ҮЕҰ өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге ықыласты және оларды іске асыруға белсене қатысады.
Осылайша, ҮЕҰ-мен бірге 2006-2007 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының жастары», «Үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», «Шығыс Қазақстан облысында мәдениет және өнер мекемелерін дамытудың 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасы» облыстық бағдарламалары; Патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда.
Билік пен ҮЕҰ-ның сындарлы ынтымақтастығының бір мысалы «Жол картасы» бағдарламасы болып табылады, оны іске асыруға әртүрлі тендерлік комиссиялардың, қаражатты жұмсау үрдісі мен орындалған жұмыстардың сапасын бақылайтын жұмыс топтарының құрамында азаматтық сектор өкілдері енгізілді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын мониторингілеу және бағалау жөніндегі көптеген іс-шаралар ҮЕҰ-ның қатысуымен өтті.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ның тікелей қатысуымен келесі жобалар іске асырылды: 2006 жылға арналған ШҚО электрондық әкімдігін құру бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының аясында «Әкімдіктің қоғамға ұсынып отырған ақпаратының көлемін кеңейту мақсатында өңірдегі азаматтар мен ұйымдарға ақпарат ұсыну қажеттілігіне талдау жүргізу. е-әкімдік электрондық қызметтерінің тізбесін бекіту» жобасы; «ШҚО ішкі саясат департаменті» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Дом, в котором хочется жить» атты (ШҚО шағын аудандары мен ауылдарының әлеуметтік тартымдылығын қоғамдық сараптау) демография мәселелерін шешу жөніндегі жоба, 2006 жыл; «Өңірде ақпараттық коммуникативтік технологияларды дамыту мониторингін, ақпараттық теңсіздікті жою бойынша іс-шараларды жүргізу» жобасы; «е-әкімдіктерді құру бойынша іс-шараларды орындаудың тәуелсіз мониторингін жүргізу», 2007 жыл; «Жергілікті атқарушы органдардың орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен қарым-қатынасын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мақсатында олардың ақпараттық өзара әрекеттестігіне талдау жүргізу» жобасы, 2007 жыл; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ көрсететін әлеуметтік қызметтердің сапасын мониторингілеу мен бағалаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу, 2007 жыл; «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның тиімді өзара әрекеттестігі – рационалды әлеуметтік саясат» жобасы, 2008 жыл; «Жастар саясаты саласында қызметтер стандартын әзірлеу» жобасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша, 2008 жыл); «Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайына кешенді талдау жүргізу және оны дамыту стратегиясына ұсыныстар әзірлеу» (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша, 2008 жыл); «Бәсекеге қабілетті жастар» Қазақстан жастарының әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерінің сараптамасын жүргізу (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша, 2008 жыл); «Мемлекеттік органдардың Web-ресурстары тұрғындардың көзімен» (2009 жыл); «Еңбек нарығындағы бүгінгі құқықтық қорғалу – ертеңгі лайықты қарттық» (Қазақстандағы Еуропалық Комиссия Өкілдерінің қолдауымен, 2009-2011 ж.ж.); «Мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру құралы ретіндегі мемлекеттік қызметтердің сапасын бірігіп (қоғамдық) мониторингілеу» (2010-2012 ж.ж.)
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтер мен мемлекеттік бағдарламаларға монитринг жүргізуге «ЗУБР» ӘКФ белсенді қатысып жүр, олар сарапшы-аналитиктер, бағалаушылар ретінде Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірге жұмыс жасайды.
Мысалы Қазақстан Республикасындағы іске асырылып жатқан мынадай стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді:
- «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
- «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2001-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
- «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
- «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
- «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
- «Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы»;
- «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы»;
- «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-комуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы»;
- 2008-2010 жылдарға арналған «Жасыл Ел» бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы 2005-2007 жылдарға араналған бағдарламасы;
- 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл Ел» бағдарламасы және т.б.
Сондай-ақ, 2010 жылы Институтпен бірге Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының болжамды сызбасын әзірлеу аясында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының экономикалық әлеуетін бағалау бойынша жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, ынтымақтастық қол қойылған келісімдер және меморандумдар аясында жүзеге асырылуда.
Осылайша, 2010 жылы мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік және өндіруші компаниялар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында ШҚО-да өндіруші салалардың ашықтық бастамаларын іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылы мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік және өндіруші компаниялар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында өңірді тұрақты дамыту мәселелеріне қатысты ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
2011 жылдың мамырында «Матросово» Шығыс Қазақстан жастар орталығы» ҚБ Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның аясында Департамент ұйымға тұрақты түрде кеңестер береді және әдістемелік қолдау көрсетеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамту мониторингі бойынша «Десента» ҚҚ қолдаған жоба аясындағы өзара іс-қимыл айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Сонымен бірге, «БОТА» ҚҚ қолдаған балалар үйлерінің түлектері туралы жоба бойынша біріккен іс-шаралар әзірленіп іске асырылды.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың серіктестігін нығайтуға, жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Мұрағат |