Мемлекеттік қызметтер ХҚКО қызметтері Электрондық қызметтер Мемлекеттiк рәміздер Мемлекеттік сатып алулар Форум
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 65 ЖЫЛДАҒЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды дайындау мен өткізуЖОСПАРЫ

www.obd-memorial.ru Қорытындалған деректер банкі Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңде қайтыс болған және хабар-ошарсыз кеткен Отанды қорғаушылар туралы ақпараттан тұрады

 

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану  ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже)  облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне,  сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде,  мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға берілетін біржолғы материалдық көмекті төлеуге (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынының елдеріне, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Мәскеу және Астана қалаларында тамақтану және тұру, мерекелік іс-шараларға  қатысу үшін жол жүру шығыстарын төлеуге (бұдан әрі – Мәскеу және Астана қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол жүруді  қамтамасыз ету) 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін  айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге және Мәскеу, Астана қалаларындағы мерекелік іс-шараларға қатысу үшін жол жүруді  қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аударады.  

2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек төлеуге  берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді  пайдалану тәртібі

3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде  жүзеге асырылады:
бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия мен флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен  әскери қызметшілерге, азамат және Ұлы Отан соғыстарының  партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне – 65 000 теңге;
бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізушілеріне, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат, Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 65 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысына қатысу  майдандағы армия  бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттарда  зейнетақы тағайындау үшін  1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген қалаларда  қызмет өткерген, бұрынғы  КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 65 000 теңге;

Ұлы Отан  соғысы кезеңінде майдандағы армия  құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған  Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының  адамдарына, не тиісті кезеңдерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті  шарттарда  зейнетақы тағайындау үшін  1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына қосып есептелген  қалаларда болған адамдарға – 65 000 теңге;
Ұлы Отан  соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың  құрамына кірген әскери бөлімдердің,  штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және  юнга ретінде болған адамдарға – 65 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік  құрамалар  құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 65 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты,  Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен  авиацияның  ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының,  Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының  Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай  міндеттер атқарған  қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері  экипаждарының мүшелеріне – 25 000 теңге;
қоршаудағы кезеңде Ленинград каласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен   наградталған азаматтарға – 25 000 теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс  кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 25 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы,   жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан  мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 25 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы,   жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан   мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 25 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон  ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен  жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе  жарақат алуы салдарынан  мүгедек болып қалған адамдарға – 25 000 теңге;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде,  мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызмет өткерген, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен наградталған әскери қызметшілерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шыққандарға – 25 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) – 25 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың,  партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы  немесе  жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты  ауруға шалдығуы салдарынан  мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе  жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты  ауруға шалдығуы салдарынан  мүгедек болып қалған КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге отырмаған әйеліндеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
1944 жылғы 1 қаңтардан бастап 1951 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Украин ССР-і, Белорусь ССР-і, Литва ССР-і, Латвия ССР-і, Эстон  ССР-і аумақтарында әрекет еткен жойғыш батальондардың, халықты қорғау взводтары мен  жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе  жарақат алуы салдарынан  мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 25 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы  жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен  наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) адамдарға – 10 000 теңге.
Бір мезгілде бірнеше негіздеме бойынша біржолғы материалдық көмек алуға құқығы бар адамдарға біржолғы материалдық көмек олардың  таңдауына қарай бір негіздеме бойынша беріледі.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – Орталық филиалдары) 2010 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде қалалар мен аудандар бөлінісінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес  электронды және қағаз жеткізгіштерде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  Орталық филиалдарынан  әлеуметтік төлемдер алатын адамдардың тізімдерін,  2010 жылғы 1 шілдеге дейін – осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрған жері бойынша біржолғы материалдық көмекті алмаған, жаңадан келген адамдардың тізімдерін жібереді.
5. Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,  Республикалық ұлан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне қалалар мен аудандар бөлінісінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес электронды және қағаз жеткізгіштерде 2010 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімде осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көрсетілген органдарда есепте тұрған адамдардың, ал 2010 жылғы 1 шілдеге дейін – осы Ереженің   3-тармағында санамаланған, бұрынғы тұрған жері бойынша біржолғы материалдық көмекті алмаған, жаңадан келген адамдардың тізімдерін жібереді.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
осы Ереженің 4, 5-тармақтарына сәйкес ұсынылған  тізімдерді ескере отырып, біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады;
қалыптастырылған тізімдердің негізінде әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда не    «Қазпочта» акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен оларға біржолғы материалдық көмек төлеуді 2010 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде, ал 2010 жылғы 30 сәуірден кейін жаңадан келген, осы Ереженің 3-тармағында санамаланған, бұрынғы  тұрған жерінде біржолғы материалдық көмекті алмаған адамдарға – 2010 жылғы 31 шілдеге дейінгі  мерзімде жүзеге асырады.
7. Банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар  ұйымдардың, «Қазпочта» акционерлік қоғамының біржолғы материалдық көмек төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  жасалған  шарт негізінде  жүргізіледі.
8. Жергілікті атқарушы органдар Министрлікті 2010 жылғы 2 мамырға дейін біржолғы материалдық көмекті төлеу туралы, 2010 жылғы 2 тамызға дейін бұрынғы тұрған жерінде оны алмаған, жаңадан келгендерге біржолғы материалдық көмек төлеу туралы  хабардар етеді. Далее...

 

Өскемен қ. Семей қ. Риддер қ. Курчатов қ.
Абай ауданы Аягөз ауданы Бесқарағай ауданы Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы Жарма ауданы Зайсан ауданы Зырян ауданы
Катонқарағай ауданы Көкпекті ауданы Күршім ауданы Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы Үржар ауданы Шемонаиха ауданы