«Бала бақыты біздің қолымызда!» мерекесі Шығыс Қазақстан облысында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын жүзеге асыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу және интернаттық ұйымдарды деинституционализациялау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Қуан сәби» республикалық акциясы басталды.
Осы акция аясында Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 21 маусымда Өскемен қаласының Мектепке дейінгі балалар үйінің базасында «Бала бақыты біздің қолымызда!» мерекесін өткізді.
Іс-шараға балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, отбасыларға тәрбиеге, қорғаншылыққа, патронатқа берілген балалар, қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, асырап алуға үміткерлер, облыстың білім басқармасының, Өскемен қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдері, отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты. Кездесуге қатысқандардың жалпы саны 70 адамды құрады.
Патронаттық тәрбиеші Г.К.Саркисян және қорғаншы Г.Б.Ершимова мерекеге орай безендірілген залда, ықтиярлы, достық ахуалда асырап алуға кандидат ата-аналармен балар үйлерінен өз отбасыларына тәрбиелеуге балаларды алу туралы шешімге қалайша келгендері жөнінде әңгімелеп берді, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиелеу үдірісі кезінде туындайтын қызу пікірталастар туралы әңгімелер қатысушыларды бей-жай қалдырмады.
«Кейбір жағдайларда шешім қабылдау өте қиын болады. Менде екі ұл бар ғой, кез келген отбасындағыдай мақтау айтылатын, кейде қаталдық танытуға тура келетін сәттер болады» - дейді патронаттық тәрбиеші Гульнар Қайырғазықызы. «Бәрін бірге істейміз! Күлеміз де, жылаймыз да, басқаша болуы мүмкін емес, өйткені біз бір отбасымыз! Бұл менің балаларым!» - осы кезде Артур мен Витя аналарына жүгіріп келіп оны құшақтай алды. Балалардың қуанышты жүздері мен жайнаған көздерінен өз аналарын қаншалықты сүйетіндіктері, оның аялы алақанының қамқорлығын қажет ететіндіктері сөзсіз-ақ түсінікті болды. «Бізге кеңес беретін Отбасын қолдау орталығының мамандарына алғыс айтамын, олар азаматтарды балаларды қалай тәрбиелеу керектігін үйретуі үшін, балалардың кері қайтарылмауы үшін, оларды асырап алу туралы шешімге саналы түрде келуді үйретуі үшін осындай орталықтарды көптеп ашу керек».
Мереке барысында балалар шығармашылық табыстарымен бөлісті, өздерінің шығарған өлеңдерін оқып, салған суреттерін тамашалатты, ән айтып, би билеп, концерттік нөмірлер көрсетті, отбасы мен туған-туыстар туралы армандарымен бөлісті, ал мереке соңында шақырылған қонақтарға өздерінің символдық жүректерін сыйлады.
Мерекеге қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлық шығысқазақстандықтарға ата-аналық махаббаты мен қамқорлығын осыған мұқтаж балаларға сыйлауға шақырған үндеу жолдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Аталған шараны БАҚ ақпараттандыру, қоғам назарын жетімдік пен интернаттық ұйымдарды деинституционалдандыру мәселелерін шешуге тарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты (Қазақстан-Өскемен, 31 – арна, Қалкен ТВ телеарналары, «Дидар», «Рудный Алтай», «Устинка+», «Мой город», «Флэш», «Вестник Казцинка газеттері»).
|