|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКIМIНIҢ РЕСМИ САЙТЫ
AЙДАРЛАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI
|
||||||||
|
||||||||
Ауданда бұқаралық спорттың даму мүмкіншіліктері және оның жағдайы талқыға түсті2010 жылдың 10 наурызында аудандық әкімдіктің үлкен залында аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бастауымен «Ауданда бұқаралық спорттың даму мүмкіншіліктері және оның жағдайы туралы» тақырыпта дөңгелек стөл ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында халықтың денсаулығына және спорттың дамуына аса көңіл бөлінген. Аталған шара Елбасының Жолдауын жария ету мақсатында өткізілді. Дөңгелек стөлдың жұмысына аудан әкімі Т.Қасымов, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан»ХДП» АҚ аудандық филиалының төрағасы Б.Аргумбаев, облыстық мәслихаттың депутаты, «Е.Зәйтенов» ш/қ басшысы Е.Зәйтенов, аудандық мәслихаттың депутаттары, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бөлімшесінің атқарушы хатшысы Ф.Бельбеев (дөңгелек стөлдың модераторы), әкімдік бөлімшелерінің бастықтары, аудандық жалпы білім беретін мектептердің директорлары, ақсақалдар, ауылшаруашылық құрылымдарының, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, спорт жаттықтырушылары, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, жас отандықтар, қоғамдастық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жас спортшылар қатысты. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйледі, ол: «Жолдауды жүзеге асыру мақсатында ауданда бұқаралақ спорттық қозғалысты дамыту бағытында барлық қажетті шаралар қабылдануы керек, соның нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылуы қажет», - деді. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы А.Бычковский, білім бөлімінің спорт жөніндегі әдіскері Е.Әбдікәрімов, БЖСМ директоры Қ.Қайырбеков сөз сөйледі. Олар дөңгелек стөлге қатысушыларға облыстық және республикалық біріншіліктерде қол жеткізген жетістіктерді айта келіп, спортты, соның ішінде бұқаралық спортты дамытудағы бүгінгі мәселелерді ортаға салды. Аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының басшысы Ү.Эфендиев талқыланып отырған мәселені, соның ішінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосымша қаржы бөлу мәселесін аудандық мәслихат сессиясында қарау туралы ұсыныс жасады. Іс-шара соңында жас спортшыларды және спорттың дамуы мен жас ұрпаққа спорттық тәрбие беруге үлес қосып жүрген аудан тұрғындарын марапаттау салтанаты өтті.
|
||||||||
|
||||||||
| Copyright © 2005-2010 | ||||||||