|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКIМIНIҢ РЕСМИ САЙТЫ
AЙДАРЛАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI
|
||||||||
|
||||||||
|
Назар аударыңыздар! Облыстағы қолөнершілер үшін кредиттер! Қазақстандағы қолөнершілер бизнесін дамыту бағдарламасы Орталық Азиядағы Евразия Қоры іске асырылған «Шеврон» компаниясы «Қолөнерді дамыту, халықтық көркемділіктік кәсіпшілікті жаңғырту және қолөнершілерге кредит беру» бағдарламасына қаржылай көмек көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы қолөнершілер индустриясын жаңғырту. «Көмек» шағын кредит беру ұйымы ЖШС «Қолөнерді дамыту, халықтық көркемділіктік кәсіпшілікті жаңғырту және қолөнершілерге кредит беру» бағдарламасы бойынша шағын кредит беріледі. Қызмет көрсетілетін өңірлер – Қазақстанның шығыс өңірлері (Шығыс Қазақстан облысын шағын кредитпен қамту) ШҚО-ң қолөнершілеріне кредит беру үшін негізгі шарттар: Кредиттер басқа тұлғаларға кепілгер ретінде беріледі. Бастапқы қарыз сомасы 2 айға дейін 50 000-нан 100 000 теңгеге дейін. Сәтті кредит берілген жағдайда қарыздың сомасы 100 000 теңгеге дейін артуы мүмкін, мерзімі 4 ай. Аталған бағдарлама бойынша жоғарғы сома 200 000 теңгеге жетеді, ұзақ мерзімі 6 ай. Кепілзаттық қамсыздандыру талап етілмейді (кәсіпкерлік қызметкепатентті ұсыну немесе жұмыс орнынан анықтама қағазын немесе қолөнершілер қызметін растайтын басқа құжаттар). - ай сайынғы сыйақылық төлем бойынша қолөнершілерге кредит беру бағдарламасы бойынша пайыз мөлшерлемесі айына 1-1,5% құрайды және кезеңнің аяғында негізгі қарызды төлеу мүмкін немесе ай сайын кредитті өтеу (өтеу графигі бойынша). Кепілзаттық кредит беру: Кредит беру үдерісі әлеуеттік клиентпен сұхбаттасу, анализді талдау және қатысу, кредиттік комитет өтінімді қарастыру, шарттарға қол қою және кредит беру. Толық ақпаратты «Көмек» Шағын кредит ұйымына жүгініп, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Молодежный кенті 18 үй, 57 офис, 071600 индексі, 8 (72338) 27-835 тел/факс, e-mail: komek2008@rambler.ru, komek08@mail.ru электрондық мекенжайына немесе ШҚ ресурсты қолөнер орталығы Өскемен қаласы, Головкова көшесі, 29, +7(7232) 26-82-97 тел., dpi08@mail.ru электрондық мекенжайына хабарласуға болады.
|
||||||||
|
||||||||
| Copyright © 2005-2010 | ||||||||