5. Жер учаскелерін жария ету
«Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесi «Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес әзiрлендi және Заңға сәйкес жария етiлген жер учаскесiне құқықтарды ресiмдеу тәртiбiн регламенттейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу үшiн аудандар мен қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына объектінің орналасқан жерінде өтiнiш бередi.
Мыналар өтiнiшке қоса берiледi:
1) жер учаскесiнiң сыртқы шекараларын анықтау жөнiндегi материалдар;
2) жер учаскесiн жария ету туралы шешiмнiң көшiрмесi;
3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, салық төлеушiнiң куәлiгi, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi және олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар.
Жер учаскесінің сыртқы шекараларын анықтау жөніндегі материалды жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларды тарта отырып, жария ету субъектілері жасайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары учаске сызықтарының өлшемдері мен шектес учаскелердің иелері (шектес учаскенің иесі туралы деректер: тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлғаның атауы) көрсетілген тиісті схема (жоспар) жасай отырып, жеке қосалқы шаруашылығының (үй маңындағы учаске) жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін өздеріне тиесілі жер учаскесінің сыртқы шекараларын өздігімен анықтай алады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды. Ұсынылған құжаттарды қарау кезiнде жер учаскесiнiң көлемi және нысаналы мақсаты, оған қатысты ауыртпашылықтар мен шектеулер, оның бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi анықталады.
Жария етiлген жер учаскесi аумағының көлемi Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 50-бабында белгiленген нормалардан артық болған жағдайларда бүкiл жер учаскесiне құқығы уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану болып анықталады.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесiнде жер учаскесiне құқығы анықталады және тиiстi құжаттар жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты (жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беретiн акт немесе уақытша (ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге) өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретiн акт) дайындау үшiн мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға «МЕМЖЕРҒЫЛЫМ орталығы» ШҚ ЕМК жiберiледi.
Кәсiпорын материалдар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде құқықты куәландыратын құжатты дайындайды.
Құқықты куәландыратын құжатты дайындау кезiнде құжаттың графикалық бөлiгiнде мынадай мазмұндағы жазба жазылады: «cxeмa (жоспар) жер учаскесi иесiнiң (жер пайдаланушының) деректерi бойынша жасалды».
Кәсiпорын дайындалған құқықты куәландыратын құжатты тиiстi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жария ету субъектiсiне беру үшiн жiбередi.
Жеке тұрғын үй объектiлерiне арналған жер учаскелерiн жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтарына құқықты куәландыратын құжатты дайындау және беру өтеусiз негiзде жүргiзiледi.
Басқа жария ету субъектiлерiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау заңнамада белгiлеген тәртiппен бекiтiлген бағаларға сәйкес, өтеулi негiзде жүргiзiледi.
Облыс әкімдігінің кеңесінде мүлікті жария ету мәселесі қаралған, онда мекеме бастығы А.Насыров сөз сөйлеп түсініктеме жасады, ол 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 137-138 «Рудный Алтай» бұқаралық ақпарат басылымында жарияланған.
Бұдан басқа, облыс халқына жер учаскесiн жария ету мәселесін хабарлау мақсаты бойынша материалдар дайындалған, олар да 2006 жылғы 9 қыркүйектегі № 139 және 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 60 «Рудный Алтай» бұқаралық ақпарат басылымында жарияланған.
Жер телімін жария етуді оңайлату тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігі орталық өкілетті органның құзыреті шегінде «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүлікті жария ету процессімен кәсіпкерлерде туындайтын сұрақтар мен проблемалар» тақырыбына өткен «дөңгелек үстел» отырысының хаттамасына сәйкес төмендегіні хабарлайды.
Осы отырыста жер телімдерін жария етуге байланысты сұрақтар орын алғандықтан, ресми түсіндіру жіберуге ұсыныс берілген.
Жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды жасау рәсімі 2006 жылдың 10 қантарында № 1073 еңгізілген өзгерістермен Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2006 жылғы 19 шілдедегі № 688 қаулысымен бекітілген «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жер телімдеріне құқықтарды ресімдеу ережесімен ескертілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері аумағының көлемі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабында белгіленген нормалардың шегінде берілген жағдайда, жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау өтеусіз негізде жасалады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері аумағының көлемі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабында белгіленген нормалардан артық және де басқа мақсатты болған жағдайларда бүкіл жер теліміне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы болып анықталады.
Жария етілген жер теліміне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар дайындалып, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу комитеттерінде тіркелген соң жария ету субъектісінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 47 бапбының 3 тармағымен белгіленген тәртіппен жер телімін жеке меншікке сатып алуға құқығы бар.
Мысалға, егер тұлға жеке тұрғын үй құрылысы үшін көлемі 0,15 га жер телімін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығына жария етсе, кейін ол келесі жағдайларда: 0,10 га жер көлемі өтеусіз, ал 0,05 га - өтеулі негізінде (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50 бап) жергілікті орындаушы органға уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын жеке меншік құқығына ауыстыруды сұрауға құқығы бар.
Жер телімінің артық көлемінің (0,05 га) кадастрлық (бағалау) құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.2003 жылғы № 890 қаулысымен бекітілген жеке меншікке өтеулі негізде берілетін жер телімдері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес айқындалады.
Егер жер заңнамасына сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер телімдерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 26 бапбының 5 тармағына сәйкес азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.
Жер телімдерін бір санаттан басқасына ауыстыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту мүлікті жария ету комиссиясының құзыретіне жатпайды.
Ұсынылған құжаттарды қарау бойынша жер қатынастары бөлімдеріңде жер телімдеріне құқығы анықталып, сәйкестік құжаттар мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынға құжаттардың түскен күнінен он күн ішінде жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды (жер теліміне жеке меншік құқығы актісі немесе ұақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы актісі) дайындауға жіберіледі.
Жария етілген жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындау жерге орналастыру жұмыстарын орындауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалармен жер орналастыру жұмыстары (оның ішінде жер телімінің сыртқы шекарасын анықтау) орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілетін жер телімдерінің сыртқы шекараларын өз бетімен анықтай алып, телімнің шекараларының өлшемін және сыбайластарды сәйкестік схемада (жоспар) көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 2165-П бұйрығымен бар гараждардың сыртқы шекараларын анықтау ұқсас тәртіппен белгіленеді.
Бұның бәрі мүлікті жария ету рәсімін оңайлату, жер телімдеріне құжаттарды дайындаудың құнын арзандату және жария етудің акциясын тездету үшін жасалған.
|