Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу лицензиялау қызмет түріне жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялауды облыстың уәкілетті орган - «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі - атқарады. Лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай және Қазақстан Республикасының барлық аумағына беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2007 жылдың 6 шілдедегі № 574 Қаулысына сәйкес лицензия алу үшін келесі біліктілік талаптарына сай болуы қажет.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
2) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
3) аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандар мен бағдарламалық өнімдердің жиынтығын метрологиялық қамтамасыз етудің;
заңды тұлғаларда:
штатында жерге орналастыру саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде екі маманның;
жеке тұлғаларда:
жерге орналастыру саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуын қамтиды.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің өтініш берілген түрімен айналасу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
зауыттық нөмірлерді көрсете отырып аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтықтарының болуы туралы жалға алу шартының немесе теңгерім үзіндісінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
зауыттық нөмірлерді көрсете отырып аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
деректерді өңдеуге арналған меншікті бағдарламалық кешенге оны жалға алу шартының немесе автарлық куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық кешені бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды түгендеу туралы сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар мен бағдарламалық өнімдар сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
тиісті салада жұмыс өтілетін растайтын еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
жерге орналастыру саласында жоғары немесе орта арнайы білімі туралы дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Лицензияны беруден бас тарту
Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда, өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) қызмет түріне өтініш берілген жағдайда, қызметтің өтініш берілген түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің өтініш берілген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
Жеке және заңды тұлғаларға лицензияны қайта ресімдеу
Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғєаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Өтінішті қарау мерзімі
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті құжаттарды қоса өтініш ұсынылған күннен бастап береді.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап, он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап, он жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқауын береді.
Лицензиялық алым
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті лицензиялауға лицензиялық алым 10 айлық есеп көрсеткішті құрайды.
Лицензияның телнұсқауын беген кезде лицензиялық алым 10 АЕК.
Лицензияны қайта ресімдеуде кезде лицензиялық алым 1 АЕК.
|